Атырау облысы Мақат ауданындағы топырақ қабатының  экологиялық жағдайы

Тауова Нурсулу Рауловна

г. Атырау, Республика Казахстан

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің биология мамандығының 1-курс магистранты

 

      Атырау облысы Қазақстан Республикасының негізгі мұнай өңдеуші аудандарының қатарына жатады және өте жоғары өнеркәсіптік шамасы бар. Тауар өнімін шығаруда облыстағы өнеркәсіп үлесі жалпы елмен салыстырғанда жоғары.

            Өнеркәсіптік кәсіпорындары көмір, мұнай, ілеспе газ, хромдалған кендерді өңдеумен, болаттың әр түрлі өндірісімен, ферроқорытпалармен, автокөліктерге, ауыл шаруашылық машиналарына қосымша бөлшектері, құрал-жабдықтары, кальций карбиді, хром қышқылы мен хромдалған ангидрид, бояғыш заттар, минералды тыңайтқыштарды өндірумен айналысады. Облыста жылу- және электр энергиясын өңдеу жүзеге асырылады.

            Өнеркәсіптік кәсіпорын өнімінің құндық көрінісі әрі қарай қайта өңделуге арналған, тауарларды жүзеге асыру үшін арналған өнімдердің; өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстардың өнім құны болып есептеледі.

            2012 ж. қаңтар-қараша айларында 1 873 826 млн. теңге көлемінде өнеркәсіп өнімдері шығарылған. Тау кен өнеркәсібінде 1 698 600 млн. теңге көлемінде өнім шығарылды, өңделетіндері – 159 328 млн.теңге; электр энергия, газ бен су өндірісінде – 15 898 млн.теңге.

 

 Кесте 1- Өнеркәсіп саласы бойынша пайыздық көрсеткіштері

 

Сала

2012 ж. қаңтар-желтоқсан 2011ж. қаңтар-желтоқсанға %-бен

2010ж. қаңтар-желтоқсан 2008ж. қаңтар-желтоқсанға %-бен

Өнеркәсіп

101,0

99,6

Тау кен өнеркәсібі

101,2

99,7

Өңдеуші

98,1

81,7

Электр энергия, газ және су өндірісі мен бөлісі

101,5

98,2

Ауыл шаруашылығы

101,4

101,0

Құрылыс

14,4

-

Бөлшек сауда

93,0

92,4

 

     Климаттық аудандастыру бойынша «Шығыс Мақат» кен орын қызметінің территориясы тез континенттік климатқа жатады.

     Бұл территорияға жазғытұрым мезгілде жоғары қызу шарттары және суық аязды қыс мезгілі тән келеді.

     Ауаның орташа айлық температура көрсеткіші қаңтар айында 8-ден 13ºС-қа дейін ауытқиды, түнде -25ºС-қа дейін төмендейді, ал күндіз 4ºС-қа дейін көтеріледі. Жалпы нормадан ауытқыған суық қыс мезгілдерінде -30ºС-қа дейін барады, ал нормадан ауытқыған жылы күндері – кенеттен жылымық +5-15ºС дейін.

     Шығыс Мақат кен орнындағы тұтынушылық ұңғымалардың құрылысы жобасын жүзеге асырумен байланысты, топырақ қабаты мен жалпы топыраққа әсер ететін антропогендік факторлардың сипаттамасы берілген.

            Табиғи топырақ қабатының бұзылу сипаты экожүйенің белгілі бір әсерге ішкі төзімділігі де, сыртқы жүктемесінің де түрі және ауырлығымен анықталады.

            Антропогендік әсер ету факторлары екі үлкен топқа бөлінеді:

·        физикалық;

·        химиялық.

            Физикалық факторлардың үлкен деңгейдегі әсері топырақ қабатына механикалық әсерімен сипатталады (автотранспорт қозғалысы, бұрғы алаңының құрылысы мен оны жабдықтау, бұрғылауыш құрал-жабдықтарын монтаж және демонтаждау, ұңғымаларды бұрғылау).    

    Химиялық әсер ету факторларына мыналарды жатқызуға болады: ластаушы заттардың бұрғы ағынды суларымен, бұрғы қоқыстарымен, шаруашылық тұрмыстық ағындарымен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарымен, ЖЖМ апатты төгіндісі кезінде, мұнайдың мүмкін болатын төгіндісі кезінде, ұңғымаларды сынақтан өткізген уақыттағы жер қабатының суларымен бірге топырақ экожүйелеріне келіп қосылуы.

            Топырақтың ластануы

            Мұнай-химиялық ластануы топырақ қабатының мұнай шикізатымен толуы және битум қабаттарының түзілуімен қоса жүреді. Мұнай көмірсулар мен жоғары молекулалық смолалық-асфальтендік заттарынан құралады, олар топырақ қабатына сіңіп, генетикалық қабатының трансформациясы мен гудронизациясына әкеледі.

     Мұнайдың ластаушы токсинді заттары көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, күкіртті сутек, азот оксиді мен көмірсулар, фенол, аммиак пен басқа да минералды тұздары. Олар өсімдіктердің өсуі мен дамуына белгілі бір әсер береді. Сонымен қатар, мұнай шикізатында канцерогенді полициклды көмірсулар болады (нафталан, аценафтен, флюорен, фенанрен, пирен, хризен және бензопирен).

            Топырақтың мұнаймен ластануы кезінде жер беті гумус (қарашірік) жиегі осындай құрама заттардың басым бөлігін ұстап қалатын, кешенді геохимиялық фильтр (барьер, бөгет) қызметін атқарады. Мұнда мұнайдың битумдық және парафиндік бөлшектері толығымен ұсталынады. Топырақ қабатына мұнайдың жеңіл фракциялары мен күшті минералданған жер асты сулары терең енеді.

            Мұнай геохимиялық процестердің жай қадамдарымен анаэробты күйінен топырақ қабатына келіп, аэрациялы ортаның жаңа сапалы жағдайына түседі.

            Топырақ қабатындағы мұнайдың өзгеруі, оның деградациясы бір-бірімен байланысты үш негізгі факторлардың әсерінен жүреді – физикалық, химиялық және микробиологиялық.

            Физикалық процестер жеңіл фракциялардың булануына, көмірсулармен ластанған қабаттың бірінші ореолы шегінен шайылуы мен таралуына әкеледі. Бұл мұнайдың токсинділігі мен мөлшерінің елеулі деңгейге кемуіне ықпал етеді.

            Алайда бұл процесс өздігінен тазару дегенді білдірмейді, өйткені мұнай өнімдері минералданбайды, ал көршілес ландшафтыларға таралады да, оларды ластайды.

     Химиялық процестер суда жақсы еритін қосылыстар, асфальтты-смола заттары мен органикалық еріткіштерде ерімейтін оксикериттер мен гуминокерит секілді заттардың түзілуіне әкеледі, яғни топырақ қабатындағы битум тәріздес затшалары гумификацияланады. Бұл процесс үлкен немесе жай жылдамдықпен қайтарымды жүреді.

            Көмірсулардың биологиялық ыдырау процесі, ең алдымен, энергиялық алмасуда көмірсулы субстраттарды тотықтыра алатын қабілеті бар көмірсутекті тотықтырғыш микроағзалармен қамтамасыз етіледі.

       Мұнаймен шартты түрде ластанған топырақ қабатында микроағзалардың басым тобының саны мен белсенділігі арта түседі.

       Сонымен бірге топырақ қабатындағы мұнайдың терең қышқылдануы жүреді.

       Оңтүстік аудандарында микроағзалардың белсенділігі солтүстік аудандарымен салыстырғанда жоғары, бұл мұнай өнімдерінің ыдырау жылдамдығы территорияның гидротермиялық жағдайына тәуелді екендігін көрсетеді.

            10.04.2010ж. №332/10 келісімге сәйкес, «СБП ҚазМұнайГаз бұрғылау» ЖШС территориясында 31 тамыз айында топырақ қабатына мониторинг жұмыстары жүргізілген.

            Бұл мониторинг «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалды, ал іріктеу жұмыстары Мақат ауданындағы 1 нүктесінен жүргізілген:

·        Шығыс Мақат.

            Осы жұмыстардың мақсаты мұнай кен орнын тұтыну кезінде әсер ету аумағындағы қоршаған ортаны талдау және бағалау болып табылады, бұл оның жағдайын қадағалауға, сондай-ақ табиғатқа зиянды әсерін алдын алу шараларын өз уақытында жүзеге асыруға және де оны қорғауға мүмкіндік береді.

            Топырақ қабатынан 1 үлгісі іріктелді. Келесідей талдау жұмыстары жүргізілді:

7. рН, хлоридтер, сульфаттар.

8. Мұнай өнімдері (м/ө).

9. Ауыр металлдарды анықтау: мыс (Cu), мырыш (Zn), қорғасын (Pb), кадмий (Cd).

Нәтижелері 1- кестеде көрсетілген.

 

 Кесте 1-Топырақ қабатын талдау нәтижелері

 

№ р/н

Топырақ үлгісін іріктеу объектілері

Үлгінің көлемі

рН

хлоридтер

сульфаттар

Мұнай өнімдері

Cd

Pb

Zn

Cu

%

мг/кг

1

Шығыс Мақат

500гр

8,0

0,14

0,0

668

0

0

6,5

1,9

 

            Үлгілерді іріктеу 8 ингредиенттері бойынша жүргізілген: рН, хлоридтер, сульфаттар, мұнай өнімдері, мыс (Cu), мырыш (Zn), қорғасын (Pb), кадмий (Cd).

            «СПБ ҚазМұнайГазбұрғылау» ЖШС территориясындағы топырақ сапасына жүргізілген экологиялық мониторинг анализі көрсеткендей, барлық топырақ үлгілерінде Pb, Cd жоқ. Қалған металлдардың құрамы жеткілікті шамада болады.

            Cu мөлшері 1,9мг/кг.

            Zn мөлшері 6,5мг/кг.

            Хлоридтердің құрамы 0,14%

            Сульфаттардың             0,0004%.

            Мұнай өнімдерінің құрамы 668мг/кг. м/ө ШРМ жоқ.

            Тәжірибе жүзінде (экологиялық талдау жұмыстары мен олардың нәтижелерін бағалау кезінде) топырақтағы мұнай өнімдерінің (м/ө) жалпы құрамы үшін ресми түрде белгіленген ШРМ мөлшері жоқтығынан, топырақтағы МӨ үшін мақсатты түрде қабылданған, 1000мг/кг тең шекті мөлшері қолданылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер: