Кизамбаева Жулдыз Кошбаевна

 магистрант  Казахский университет технологий и бизнеса

 

 

Аймақтың дамуының стратегиялық жоспарын қалыптастырудың әдістері мен құралдары

 

Қазіргі таңда аймақтың экономикалық дамуын басқарудың ең айрықша  құралдары болып стратегиялық жоспарлау және аймақтық маркетинг табылады.

Стратегиялық жоспарлау және стратегиялық басқару – қазіргі заманғы менеджменттің сенімді әдісі. Cтратегиялық жоспарлауды тек өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспортта ғана емес, сондай-ақ адам қызметтерінің басқа түрлерінде де қолдану мүмкіндігі бар, сонымен қатар,олкоммерциялық қызметте, жоғары оқу орындарының жұмысында, ғылыми-зерттеу институттарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және де коммерциялық емес ұйымдардаүлкен жетістіктермен қолданылады. Негізгі нәтижелі  стратегиялық жоспарлауды аймақтың дамуын басқаруда қолдану болып табылады.

ҚР аймақтарының тиісті бейімделуін немесе стратегиялық жоспарлаудың барлық процедураларын жоспарлауда қолдану (сурет1.1)көрсетілген.

Дамытудың мақсаттарын анықтау

 
                              

Аймақтың даму потенциалын талдау

 
                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1.1. Аймақтың даму стратегиясын жоспарлау циклдары

ЕСКЕРТУ – Дерек көзі: Разработка стратегии территориального саморазвития / Регион: ресурсы местного саморазвития: А.Л. Гапоненко Спецкурс. Вып. 8 / Науч.ред. Ю.Н. Алексеев, Б.Е. Шнеилев.-М.: Изд. БСГ,1999-с. 17-38

Стратегиялық жоспарлау тек қана аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенді  даму бағдарламаларын дайындауда ғана емес, сондай-ақ аймақтар мен қалаларда бейдағдарыстық шараларды жүзеге асыруда, масштабтық инфрақұрылымдық жобаларды басқаруда және аймақтардың басқа да даму бағыттарында қолданылады. Сөйтіп орындалмаған аймақтық артықшылық қалыптасады. Негізгі күш жаңа жергілікті басымдылыққа, яғни нарықтық инфрақұрылымның дамуы және қатынас жолы; қауіпсіздік (жеке және бизнестік); институттар, бизнесті қолдаушылар және маман кадрлар; инвестицияға жағымды  жағдай жасауға жұмсалады.

Аймақтық дамудың қазіргі маңызды факторы – бар сапалы инфрақұрылымдық байланыс - аймақтық компьютерлік желілердің қазіргі қатынас жолы, ғаламторға еркін кіру.

Бүгінгі аймақтық  артықшылықтың аса маңызды сатысы қауіпсіздік (жеке және бизнес жүргізу қауіпсіздігі ). Қауіпсіздіктің төменгі деңгейінде аймаққа стратегиялық инвесторлар тартуға болмайды.

Қазақстандық аймақтардың экономикалық дамуына тән мәселелер бұл аймаққа тек экономикалық уәкілдерді тарту ғана емес, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды дамыту, құрылыс және тұрғын үйді жаңарту, жерді пайдалануды реттеу, жұмысбастылықты жоғары дәрежеде ұстау, керекті экологиялық мәселелерді шешу. 

А.П.Гапоненко анықтамасы бойынша, аймақтың экономикалық даму стратегиясын жоспарлау циклдарын келесідей түрде көрсетуге болады [11]:

1.     Дамытудың мақсаттарын анықтау;

2.     Аймақтың сыртқы даму ортасын талдау;

3.     Аймақтың күшті және әлсіз жақтарын анықтау;

4.     Жаңа жергілікті артықшылық жасалуы және барларын қолдану;

5.     Даму концепциясын дайындау;

6.     Нақты әрекеттерге жоспар дайындау және стратегиялардың жүзеге асырылуы;

7.     Тиімділік және нәтижеліліктің талдауы, мақсаттар және олардың табысының әдістерін түзету.

Аймақтық дамытудың мақсаттарын анықтауда аймаққа қаржылық құралдар, жергілікті орталықтардан алынған, өтемге немесе басқа қарыздарға жай ғана жұмсауға болатындардан гөрі, айталық, даму мақсаттарының айқын құрастырылған, стандарттық талаптар өлшемдерін қанағаттандыратын, қол жетерлік, уақытында хабарланған және қайшылықсыз жүйесі әлдеқайда көбірек пайда әкелуі мүмкін.

Әдетте жалпы және нақты мақсаттармен міндеттерді бөліп көрсетеді. Жалпы мақсаттар аймақтың қажетті даму жағдайын нақтыланған уақытта айқындауы қажет, айқын және қысқаша болуы керек. Оларды өндіруге барлығын, кім олардың табысы бойынша жұмыс істейді: әкімшілік қызметкерлерін, кәсіпкерлерді, халықты, барлық мүдделі тұлғалардытарту керек. Әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары баспасөзде және iскер топтарының арасында талқылауларды талап етеді. Даму мақсаттарын тұжырымдау үшін экономикалық кеңесшілерді, жергілікті жоғары оқу орындарының қызметкерлерін, жергілікті банк қызметшiлерін және т.б.  тарту маңызды.

Аймақтық дамудың жалпы мақсаттары, сол аймақтың қажет сапа деңгейлерiнің тұру ортасын мiнездейдi, сондай-ақ экономикалық дамудың сандық және  сапалық бағдарларын қалыптастырады. Тұжырымдамаға сәйкес адамға маңызды бұру, мемлекеттің негізгі саясатын жүзеге асыру, лайықты өмір талаптарын жасауға бағытталған, әлеуметтік өмірлік талап стандартын орнату, тиімділік көрсеткіштері және өлшемі аймақта қол жетерліктей болуы керек.  Мақсаттар бірлестіктер туралы сандық және сапалық мәліметтерге, жеткiлiктi икемді және  өзгеруге ерiксiз  тәуелді өзгермелі саяси бағдар  және алынған аралық нәтижелерге сүйенуі керек.

Осылай сапалы мақсатты көрсету жеткiлiксiз «өсуді ынталандыру», сондықтан қандай өсу туралы,-халықтың өсуі, кәсіпорындар саны, ондағы жұмыспен қамтылған қызметкерлер, сату көлемінің өсуі, барлық заңды тұлғалардың кірістерінің немесе жергілікті өндірістің өсуі, сауда немесе басқа бір салалардыңсөз болатыны белгісіз. Басқа мысалдар артық жалпы терминдерді қолдану: бизнес ортаны жақсарту; жұмыссыздықты төмендету; тұрғындардың экономикалық әл-ауқатын көтеру.

Мақсатты анықтау біршама толығырақ және сандық айқын. Олар даму көрсеткіштерін және әлеуметтік-экономикалық стандартты жұмыс істеуіне барлық тіршілік әрекетінің инфрақұрылымын ұстау қажет.

Жалпы мақсаттар біршама нақты өзгереді, толығырақ сандық бағдар және сәйкес белгі береді, оның көмегімен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын  қадағалауға болады. Егер де жалпы мақсаттарды өлшемді әрі нақты етіп  өзгертуге болмаса, онда бұл жүйелік шараларды осы мақсаттарға қарай жылжу мүмкін еместігін білдіреді. Нақты мақсаттар мынадай сұрақтарға жауап береді: не пайда болу керек; нақты кіммен; қайда және қашан; қандай сапалы нәтижелер еру керек?

Аймақтың сыртқы даму ортасын талдаукезеңінде сыртқы жағдайға талдау жасалады, аймақтық дамудың жайлы және жайсыз факторлары байқалады (географиялық, экологиялық, демографиялық, ресурстық, тарихи және т.б.), сыртқы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктермен қауіптерге жүйелік талдау жүргізіледі.

Сыртқы ресурстардыаймақтың экономикалық дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және институционалды, сандық және сапалық талдау арқылы (қаржылық, адами, табиғи, институционалды) аймақтық экономикалық уәкілдер әрекетімен анықталады және бағаланады, басты әлеуметтік-экономикалық параметрлер сыртқы ортамен (аймақтық ішкі өнім өзгерісі (АІӨ), инвестициялық жағдай, әртүрлі тәуекелдер, инфляция, экономикалық өсу келешегі), салыстырмалы талдау өткізіледі, ұқсас аймақтардың экономикалық дамуы, аймақтық бенчмаркинг (басқа аймақтар мен қалалардың мақсатты озық тәжірибе ауысуы) сыртқы факторларымен айқындалады.

Аймақтың күшті және әлсіз жақтарын анықтаубарысындааймақтардың өткен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалар нәтижелерінің жүзеге асуы бағаланады, табыстармен күйзелістердің себептері айқындалады.

Ол үшін аймақтар ресурсының объективті деректері талданады:

- адами ресурстар (халықтың жас құрылымы, ұлттыққұрамы, көші қон, халықтыңөсу факторы, білім, жұмыс істейтіндердің басқа да қызметтерінің кәсіби құрамы, жұмыссыздық деңгейі және динамикасы, кірістер, еңбекақы деңгейі, халықтың жан басына шаққандағы АІӨ, еңбек өнімділігі, физикалық және психологиялық денсаулық деңгейі және динамикасы, өмірдің ұзақтығы);

- табиғи ресурстар (жерді пайдалану, табиғи кендердің болуы,  рекреациялық ресурстар, тарихи және табиғи нәрселер);

- экономикалық ресурстар (жергілікті экономиканыңқұрылымы: тез дамитын өндірістің басым салалары; жекешелендіру; жерге меншік; қоғамдық және жеке инвестициялар; муниципалдық қызметтер құрамы мен көлемі; инфрақұрылым; көлік және байланыс; шағын кәсіпкерліктің даму сатысы; аймақтық кәсіпорындардың «экспорттық» қызметі).

Қазіргі жағдайда, аймақтардың көбінісінде әлеуметтік-экономикалық дамудың постиндустриалдық тенденциясы көрінгенде, аймақтық басымдылықты тек материалдық өнімдер өндірісінде ғана  емес, сондай-ақ қызмет саласында анықтау керек. Аймақ басқа аймақтарға қызметтерді «экспорттауды» үйрену керек. Қызмет өндірісі ресурстарды тартуға, әл-ауқатылыққа, сондай-ақ, өндірістің материалдық құндылығына көмектесуі мүмкін. Қазіргі жағдайда қаржылық, сақтық, консультациялық, аудиттық, байланыс қызметі, информатика, білім, медициналық қызметтер-экономикалық белсенділіктің  барлық түрлері аймақтық дамуға мүмкіндік береді.

Жаңа жергілікті артықшылық жасалуы жәнеаймақтағы барбасымдылықты қолдану стратегиялық жоспарлау шеңберінде қарастырылады (орналастыру, негізгі нарыққа жақындығы, демографиялық ерекшеліктері, инфрақұрылымның жетілгендігі). Бәсекеге қабілеттілік факторы сол аймақты басқасынан айырушы, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің жаңа мүмкін факторлары икемді экономикалық дамуды басқаруды  қалыптастыру үрдісінде байқалады.

Даму концепциясын дайындау сатысында аймақтың әлеуметтік -экономикалық даму мақсатының ақырғы нәтижелері, осы дамудың факторы және құрылымы, сонымен қатар  дамудың басқару әдістері жасалады. Нәтижелер аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа үрдісімен, жергілікті және қазіргі Қазақстан экономикасының даму сатысының ерекшеліктерімен жасалады. Тұжырымдама негізі балама стратегиялар дайындау және олардың бағалануын құрайды, аймақтың дамуының басым бағытын білу, даму ресурстарын талдау, осы аймақтың бәсекелік артықшылығын табу болып табылады.

Нақты әрекеттерге жоспар дайындау және стратегиялардың жүзеге асырылуы кезеңінде аймақтың әлеуметтік-экономикалықдамутұжырымдамасының негізінде нақты әркеттер жоспары, сонымен қоса  оны шешудегі міндеттерімен мерзімі, жауапты тұлғалардың, күтілетін нәтиже, қаржыландыру көзі және көлемі, аралық бақылау әдістері және кері байланыс, болжалды нәтиже мен мүмкін жоспар және бағдарламалар салдарын жүзеге асыру жасалады.

         Аймақ дамуының стратегиялық жоспары келесілер болып табылады:

-аймақтық меншікті, соның ішінде, жер және табиғи ресурстар-зонаға бөлуді дамытудағы болжалды шаралар, геоақпараттық жүйе, тұрмыс-коммуналдық салада энергиясақтауыш технологиялар, тұрғын үй сақтандыру және меншік құқығын басқару;

-аймақтық дамуды қосымша қаржыландыру көздерін, бюджеттік және бюджеттік емес құралдарды тұтыну  тиімділігін көтеру шараларымен қоса, әкімшілік жұмыстарының барлық бағыттарында  бақылау тиімділігін, аймақтық қаржылық ағын шараларын басқару бойынша, жобалық қаржыландыру дамуын, аймақтық кепілдік қорларын жасау, дүниежүзілік қаржыландыру көздерін тарту, салықтық негіз дамуын, кәсіпорындардың құрылымын қайта қарау жолдарын қалыптастыру;

-шағын кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша-жобалық қаржыландыру дамуын конкурстық және үлестік негізде, лизингтік компаниялар, кепілдік қорлар, аймақта шағын инновациялық кәсіпорындар құру, аймақтың нарықтық инфрақұрылымын дамыту, шағын бизнесті ақпараттық қолдау, оқыту  және тренинг, салыстырмалы төмен, бірақ толықтай жиналатын салықтар белгілеу, қылмыстық және заңды монополиялардан қорғау, бәсекелестікті ынталандыру, бизнестің заңсыз түрлерімен және мемлекеттік аппаратта жемқорлықпен күресу, халықтың жинағын қаржы-банктік жүйеге және ақырында  нақты инвестицияға тарту, тиімді жекешелендіру, жер реформасы, заң шығаруды жетілдіру, кемшіліктерді және қарама- қарсылықты жою;

-жаңа қағидат бойынша шаруашылықты, экономикалық және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру және дамыту, әкімшілік-командалық жүйені бұзуымен байланысты шығындалған және аймақтарды «егемендендіру»;

- тұрғын үй коммуналдық шаруашылық реформаларының жүзеге асырылуы, қалалық шаруашылықта бәсекелестіктің дамуы;

-аймақтың маркетингі және оның «ілгерілеуі» тәртіпті түсіндіру, аймақта жаңа бизнес ашумен байланысты, аймақ туралы стратегиялық ақпаратпен ақпараттық ашықтық жолымен барлық мүдделі тұлғаларды қамтамасыз ету, аймақтық дамудың сауда өндірістік палата үйлестік әрекеті (СӨП) және жергілікті банктермен, жаппай ақпарат құралдарын пайдалану, болашақ туралы нақты көрініс қалыптастыру, сонымен қоса экономиканың жағымды үлгісін және оның жасалу жолдарын, аймаққа жаңа экономикалық уәкілдерді, ең әуелі стратегиялық инвесторларды тарту үшін коммерциялық маркетинг әдістерін қолдану.

Тиімділік және нәтижеліліктің талдауы, мақсаттар және олардың табысыныңәдістерін түзетудеаймақты дамытудағымақсатты стратегиялық басқару бар жұмыс бағдарламасының әрекетін ғана емес, сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақты бақылау, осы бақылауды аймақтық дамудың белгі және мақсаттарымен  салыстыру, шараларға кірісу нәтижелілігімен тиімділігін бағалауды болжайды.

Аймақтың стратегиялық даму жоспары әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасауға негіз болып табылады. Мұндай бағдарламалар адам қызметінің негізгі саласы бойынша мемлекеттік реттеуде және нарықтық қатынастарда  жасалады. Бағдарламалар мақсатты жобалар және оны  жүзеге асыру кезеңдерінен тұрады [12].

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мынандай қорытындыға келуге болады:

1)                     аймақтағы шаруашылық қызметті активизациялау үшін мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерінің кешенін қолдану қажет: экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік, ұйымдастырушылық, құқықтық, құрылымдық, экологиялық. Бұл жерде оларды кешенді қолданудың үлкен нәтиже беретіндігін ескеру қажет. Олар бір бірін өзара толықтырып отыра алады.

2)                     Кез-келген аймақтың экономикасын тұрақты дамыту үшін арнайы институционалды жағдайлар қалыптастыру қажет. Олардың қатарына нормативтік заң базасы, қолайлы инвестициялық климат қалыптастырумен қатар, аймақтық рыноктың инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік және қоғамдық-жеке серіктестіктің жаңа формаларын тарату, ақпараттық қамсыздандыру жүйесін модернизациялау, аймақтық инвестициялық-инновациялық менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістері мен технологияларын енгізу де жатады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы //Астана қаңтар, 2012 жыл.

2.     Қазақстан Республикасының 2002-2006 жж. аймақтық саясат тұжырымдамасы. 2001 жыл 7 желтоқсандағы ҚР-сы Үкіметінің Қаулысы. № 1598 //САПП ҚР,№ 45-46, 2001.

3.     Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы. 2006 жыл 28 тамыздағы ҚР-сы Президентінің                               № 167 бұйрығы.

4.     ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы // Казахстанская правда, №21, 30 қаңтар,2010 ж.  ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауы // Казахстанская правда, 30 қаңтар, 2011 ж.

5.     Коллективная монография Института экономики и КН МОН РК «Новый Казахстан в меняющемся мире: стратегия экономикой трансформации и путь к лидерству»./Под ред. О. Сабдена.- Алм: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-288с.

6.     Региональная стратегия устойчивого социально-экономического роста /Под.ред. А.И. Татаркина.- Екатеринбург: Изд-во УрО РАН,1998.-638 с.

7.     Региональная экономика/ Под ред. Т.Г. Морозовой.- Москва.1993г.

8.     Лившиц А.Я., Новиков А.В., Смирнягин Л.В. Региональная стратегия. Регион: экономика и социология, 1994,№3.