Экономические науки/8. Математические методы в экономике

Абатов Н.Т.

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы, ф-м.ғ.к, доцент

 

«Гистограмма» инструментін пайдалану ерекшеліктері.

 

Microsoft Excel электрондық кестесінің «Анализ данных» қосымшасының «Гистограмма» инструменті бірдей шамамен интервалдары бар интервалдық вариациялық  қатарларды құрастыру үшін, сонымен қатар қалыптасқан үлестірім қатары үшін гистограмма және кумулята графиктерін анықтау үшін пайдаланады. «Гистограмма» инструменті келесі амалдарды іске асырады: Стерджесс формуласы арқылы интервал санын есептейді; интервал шамасын (өлшемін) есептейді; интервалдардың төмеңгі шектерін анықтайды; шамаларына сәйкес интервалдық вариациялық қатарды құрастырады; жиіліктерді және интервалдардың жинақталған жиіліктерін есептейді; қалыптасқан үлестірім қатары үшін жиіліктер гистограммасын және жинақталған жиілік кумулятасын құрастырады; вариациялық қатар үшін нәтижелік кестені анықтайды. «Гистограмма» режимінде қалыптасқан терминдермен және вариациялық қатарлар үшін пайдаланатын терминдер арасында айырмашылықтар бар. 1 кестеде терминдердің сәйкес келуі келтірілген.

1 кесте – «Гистограмма» инструменті терминологиясының статистикалық мінездемесі

 

«Гистограмма» инструментінің термині

Статистикада пайдаланатын термин

Карман

Вариациялық қатардың интервалдары

Интервал карманов

Өсу ретімен келтірілген интервалдардың жоғары шектері орналасқан ұяшықтар диапазоны

Интегральный процент

Пайызбен анықталған жинақталған жиілік көрсеткіші

 

«Гистограмма» инструменті екі режимде жұмыс жасай алады: өлшемі бір шамаға тең, вариациялық қатардың интервалдарын автоматты түрде қалыптастыру режимі; шектері пайдаланушымен анықталған, вариациялық қатардың интервалдарын қалыптастыру режимі.

«Гистограмма» инструментің іске қосу іс-әрекеттер тізбегі: «Данные» мәзірі «Анализ данных» командасы«Гистограмма» инструменті – ОК. Орташа айлық еңбекақы көрсеткіші негізінде қалыптасқан вариациялық қатарын мысал ретінде келтіріп, «Гистограмма» инструментінің жұмыс тәртібін қарастырайық. Қатарды құрастыру үшін қажетті бастапқы деректерді А1:А21 ұяшықтар диапазонына енгіземіз (1 сурет).

 

1 Сурет Бастапқы деректер

 

2 суретте «Гистограмма» инструментің пайдалану нәтижесі көрсетілген.

 

2 Сурет – «Гистограмма» инструментінің жұмыс нәтижесі

Нәтижелік кесте келесі бағаналардан тұрады:

- интервалдардың шектері  – «Карман» атты бағанасында келтірілген;

- интервалдардың жиіліктеріекінші бағанада;

- жинақталған жиіліктер – «Интегральный %» атты бағанада.

«Гистограмма» инструменті арқылы қалыптасқан кестені статистикада пайдаланатын түрге келтіру керек. Бұл жағдайда 1 кестеде берілген терминдердің сәйкес келуіне назар аудару.

Нәтижесінде байқалып отырған жиынтықтың статистикада қалыпты түрде көрсетілетін үлестірімнің интервалдық вариациялық қатарын анықтаймыз (3 сурет).

 

3 Сурет– Интервалдық вариациялық қатар

 

 

Әдебиет:

 

1.       Елисеева, И. И. Юзбашев М.М. Общая теория статистики: учебник /И. И. Елисеева; под ред. И. И. Елисеевой. – 5-е изд., перераб. и доп. – М.:Финансы и статистика, 2004.

2.       Практикум по статистике: учеб. пособие для вузов / под ред. В. М. Симчеры; ВЗВЭИ. – М. : Финстатинформ, 1999.

3.       Козлов, А. Ю., Пакет анализа MS Excel в экономико-статистических расчетах: учеб. пособие для вузов / А. Ю. Козлов, В. Ф. Шишов ; под ред. проф. В. С. Мхитаряна. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.