ҚАЗАҚСТАНДА,КЕДЕЙШІЛІК ДЕҢГЕЙІ,КЕДЕЙ ТҰРМЫСТЫ ХАЛЫҚ ҮЛЕСІ

Бердешова Нұржамал Саулебековна,Сұлтанова Нұрсауле                                                   Жұмамұратқызы-оқытушы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты М.Сапарбаев атындағы

     Қазақстанда кедейшілік мәселесін көтеріп, оның зерттелуіне үлес қоскан Европа Қауіпсіздігі, Азия Даму Банкі (АДБ) сияқты ұйымдар. Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі - табысы немесе тұтыну әдетте күңкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген (кедей шілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік әлеуметтік құрылымын анықтауда кедей топтардың ауқымдарын сараптаудың екі қасиеті бар . Біріншіден, күнкөріс адамға белгілі  бір  ең төменгі деңгейде  қажет  тауарлар  мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлерімен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс қолдану түрлі елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халық үлесі «күнкөріс деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен» анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, Қазақстанда «азақ-түлік кедейшілігінің» деңгейі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі [1]. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау,жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін қолданады.

1997 жылғы адам даму туралы баяндамада кедейшілікті адам әлеуметінің даму контексінде қарау ұсынылды, бұл тұрғыдағы кедейшілік адам дамуы үшін базалық мүмкіндіктердің болмауымен және оның таңдау шектеулілігімен анықталады, олар: ұзақ, салауатты және баянды өмір сүруге , лайықты тұрмыс деңгейін иеленуге, жеке қадір-қасиет сезіміне қысым жасаусыз еркіндіктен ләззат алуға, өзгелердің тарапынан сый-құрметке бөленуге шамаларының жоқтығы [2]. Проблемаға адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарау кедейшілікті көп аспектті әлеуметтік құбылыс ретінде пайымдауға мүмкіндік береді.

      Индустриялық дамыған елдерде салыстырмалы ерте жаста өлуі мүмкін адамдар өлесі есепке алынады, бұл орайда белгілі бір жылда қалыптасқан өлім деңгейі бойынша 60 жасқа дейін өмір сүрмейтіндер ескеріледі. Адамның білім әлемінен қол үзушілігі нұсқаулықтарды түсіну мен сауалнамаларды толтыруға кабілетсіз функционалды сауатсыз ересек халықтың үлесімен анықталады. Адамдардьщ тұрмыс деңгейінің баламасыздығы елдегі орта есеппен жан басына шаққандағы 50 пайыздық деңгейден төмен табыстағы тұрғын халық үлесінің сондай-ақ он екі ай және одан көп уақыт жұмыссыз жүрген экономикалық белсенді халық үлесінің көрсеткіштерімен өлшенеді.

 ХЖИ - 1 және ХЖИ - 2 сәйкестігіне қарай дамушы және дамыған елдердегі кедейшіліктерді сипаттайтын статистикалық көрсеткіштерді көрсетеді және Қазақстан үшін толық жарамды емес. Осыған байланысты адам дамуы туралы 2000 жылғы Қазақстандық ересектер есепте халықтың кедейшілік индексі ХКИ - 3 енгізілді [3]. Адамды ұзақ өмір сүру мүмкіндігінен айыруды сараптау үшін ХКИ - 3 есептеу кезінде «60 жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың пайыздық үлесі» көрсеткіші пайдалынылады тиісті білім алу мүмкіндігінен айыру мүмкіндігі ретінде оқу мен қамтылмаған 16 жастағы жастардың пайыздың үлесі көрсеткіші пайдаланылды оның себебі, республикадағы балалар 6-7 жастағы мектепке барады және орта білім алу үшін 11 жылдық оқу кезеңінде 16 жастағы жастардың басым көпшілігі оқуды жалғастыруы тиіс екендігін күту керек . Алайда жасөспірімдердің 9 сыныптан кейін оқуды тастап кетуі сирек емес. Одан әрі, ХКИ - 3 есептеу кезінде «күнкөріс төменгі деңгейде тұтыну жасайтын халықтың пайыздық үлесінің» көрсеткіші пайдаланылды, өйткені осы мезетте халық табыстарының деңгейі анық сараптау мүмкін емес ХКИ - 3 есептеуте қолданылатын соңғы көрсеткіш - экономикалық белсенді жаппай бұқара халықтың арасындағы жұмыссыздардың пайыздық үлесі, адам дамуы көзқарасы тұрғысынан кедейшілікке баға беру мен маниторинг жасау кезінде тұтасқатардағы көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін.   

Кедейшілік маниторингінің негізгі индикаторлары олар қоғамдағы кедейшілікпен теңсіздіктің әркелкі аспекттерін сипаттайды кедейшілік көрсеткіштерінің көпшілігі қазір мың жылдық табалдырығындағы даму саласындағы мақсаттары мен міндеттері ретінде белгілі.

Әдебиеттер:

1 .А.Айталиев. Ұлттану - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. 2.Т.Бурбаев.Ұлт менталитеті. - Астана 2001

5.Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы I том.