Ахметова Гауhар Еркінқызы № 64 ЖББОМ

қазақ тілі мен  әдебиет орыс мектебінде

 

Оқушылардың мәтін арқылы тілін дамыту.

 

Тәуелсіз Қазақстан өміріндегі жаңару үрдісі адам факторы маңызын күшейтумен қоса қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәнінің артыру да әкелді. Тіл атаулы, оның ішінде, мемлекетік тіл - қазақ тілі байлығы да елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің терең ойлары мен шексіз сезімдерін еркін білдіруіне мүмкіндік береді.

Қазақстан  Республикасының «Білім туралы»Заңында мемлекеттік тілді оқыту міндеттілігі қазақ тілі мәртебесінің маңызын аша түсті. Қазақ тілі пәні оқушының жеке тұлға ретіндегі рухани байлығы мен мәдениеттілігін, біліктілігі мен білімділігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру мақсатына бағыттайды.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін  оқытудағы негізі мақсат-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, яғни коммуникативтік қарым-қатынасты жүзеге асыру, тәрбиелік мақсаттарды назарда ұстау.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде оқушылар мәтіндегі оқудың түрлерімен таныс. Олар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, жылдам оқу, сұрак-жауап, аударма. Бұлар бір-бірімен байланысты. Мәтінді дұрыс оқи алмаған оқушы дұрыс оны түсініп те оқи алмайды. Оқушы оқығанына түсінбесе, дұрыс оқу дағдысы да бұзылады. Ал мәнерлеп оқу түсініп, ұрыс, тізбектен оқу дағдылармен тығыз байланысты. Мәтінді түсініп оқыған оқушы дұрыс та, жылдам да, мәнерлеп те оқи алатын болады. Мәтінді оқу оны дауыстап, іштей оқу әдістерімен іске асады. Жоғары сынып оқушылары мәтінді көбнесе, іштей оқиды. Ал мәтіндегі мазмұнымен алғаш танысқанда, дауыстап оқылады.

Мектепте қазақ тілі сабағында мәтіннмен жүйелі жұмыс жүргізу-сөз үйрену, дұрыс оқу, қатесіз жазу, сөйлем құрау, сөздік қорын байыту секілді алуан түрлі мәселелерге байланысты. Оқулықтағы әңгімелер, ережелер, өлең, мақал, жұмбақ, суретпен жұмыс үлгілерінің бәрінде мәтінмен жұмыс істеудің элементтері бар. Оқушылар мәтінді тек оқып, аударып қана қоймайды, оның мазмұның айтып дағдыпанады. Мәтіннің мазмұның оқушылар алғаш сөзбе-сөз, кейін еркін айтып үйренеді, мәтін бойынша қойылатын сұрақтар осы талапқа орай қарастырылады. Ең  алдымен оқушыларды түсініп оқуға дағдыландыру яғни мәтіннін мазмұның жете ұғынып, оны  жүйелі  дұрыс айтып бере алуы қажет. Оқушылардың мұндай дәрежеге жете алуы, әсіресе, олардын сөз қорының, грамматикалық тұлғаларды қаншалықты меңгергендігіне байланысты. Әрбір жаңа сөз, сөз тіркестері, қысқа сөйлем, мақал, нақыл сөз, анықтама, т.б. дүниелерді жаттап алу үшін жаңа сөздердің мағнасына түсініп алу, сөз тұлғасына  (қалай жасалғандығына) көңіл аудару, орыс тіліндегі баламасымен (мүмкін болған жағдайда) салыстыру, жатталатын материалды дауыстап бірнеше рет   қайталап айту, әрі оның орфоэпиясына (айтылуына) көніл аудару, жаңа сөз, сөз тіркестерінің дұрыс жазылуын (орфографиясына) қадағалау   (дәптерге, тақтаға жазу жолымен), түбірлес сөздерді ажырата білуге дағдылану, жатталатын дүниелерді үнемі қайталап отыру қажет. Сондықтан мәтіндегі мағынасы белгісіз сөздер түсіндіріліп, грамматикалық тұлғаларға жаттықтыру ісі үздіксіз жүргізіледі. Оқушылар мәтіннің мазмұнына жете түсініп оқуға дағдылануы қажет, мәтінді оқымас бұрын жаңа сөздермен мәтін ішіндегі  сөздік  бойынша танысады. Онда кездесетін таныс емес сөздер, грамматикалық тұлғалар мәтінде оқудан бұрын түсіндіріледі. Оқу сабағында сөйлемдегі сөздер және сөйлемдер арасындағы байланыс анықталып көрсетіледі, мәтіндегі мазмұнына байланысты сұрақтар қойылады.

Мәтін бойынша берілген жаңа сөздер сабақтың мақсатына қарай түрлі жолмен түсіндіріледі; дұрыс сөйлеу дағдысына жаттықтыру, жеке сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, сөздік қорын байыту. Осыған орай, мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді, сұрақ-жауап,  суреттер, жаттығулар, әңгімелеу, әңгіме айту жолдарымен үйретеді.

Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет (қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне  аударма жұмысы, сұрақтарға жауап беру, әр сөйлемге сұрақ қоя білу, мәтіндегі жаңа сөздерді ажыратуға жаттығу, жеке сөз, сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастыру, т.б.).

Өтілген сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасымен тексергенде, суретпен жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұрақ қойғанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн.

Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру мәтін бойынша берілген тапсырмалар мазмұнының сан алуандылығы да көп көмек жасайды, олар мәтінен жан –жақты жұмыс жасауға үйренеді. Ал мәтіндерді салыстыра оқыту оқушылардың ойлауын, пайымдауын, тілдік әрекеттерін, оны жеткізе алу қаблеттерін дамытуға бірден бір ықпал етеді. Сол себепте оқу дағдыларын қалыптастырудың, мәтінмен жұмыс жасаудың немесе қарапайым талдау жасауға үйретудің әдістемелік жолдарын тілді пайдалана білген жөн.

Сондықтан орыс тілді мектепте қазақ тілін үйретудің негізі мақсаты; қатысымдық әдіс арқылы басқа ұлт оқушыларына қазақша дұрыс сөйлеудің нормаларын үйрету, қазақ тілінде қарым –қатынас жасай алуға дағдыландыру, іс жүзінде қолдана білу, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгеру. Сабақта оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындайды; сұрақтарға жауап береді, мазмұндайды, әңгімелейді, жоспар құрастырады, сөздік қорлары жақсы деңгейде болғанымен мектеп түлектері ауызекі сөйлеуді көп қиналады.

Сондықтан басқа ұлт оқушыларына қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Бұл міндетті мәтін арқылы атқарады. Грамматика мәтінмен бірге беріледі. Тілді оқытудың алғашқы кезеңінен бастап соңғы кезіне дейін мәтін ұзақ сабақта қолданылатын болғандықтан, ол сөйлеудің дұрыс үлгісін есте сақталуына мүмкіндік беретін дидактикалық материал. Әдіскерлердің пікірлері бойынша мәтін –сөйлеу дағдысын қалыптастыру құралы.

Сабақтарымызда мәтінмен жұмыс жасау әдістемесін жетілдіруге, оқушылардың ауызша тілін дамытуға көп қоңіл бөлеміз. Тіл үйретудің  алғашқы кезінде көлемі шағын, мазмұны күрделі емес арнайы құрастырылған мәтіндер арқылы жұмыс істеу тиімді болмақ.

Мәтінде тілдің барлық деңгейіне қатысты тілдік тұлғалардың бәрі орын алады. Сондықтан, ол арқылы тілдің фонетикасын, лексикасын, граматикасын оқытуға болады. Ал түрлі деңгейдегі тілдік тұлғалардың түйісетін орны мәтін болғандықтан, тіл оқытуда мәтінді дұрыс пайдаланған жөн.

Оқулық мәтіндерінде тілдік қатынастың барлық түрлері үйретіледі. Ол мәтінді талдау әрекетімен бірге әңгімелесу арқылы сөйлеу әрекетіне, сұрақ –жауап арқылы тілдесім әрекетіне, мазмұндама  жазғызу арқылы жазу әрекетіне үйретіледі.

Сөз соңында айтарым, білім беру жұмысын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру мұғалімнен ойлылықты, парасаттылықты, білімдікті, шығармашылықты талап етеді.

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1. Ж.Адамбаева. Мұғалімдерге көмек, Алматы, 2005 .

2. К.Оналбаева, Ж.Адамбаева. Әдістемелік нұсқау, Алматы «Рауан», 2006

3. К.Сығаева, Мәтін арқылы тіл дамыту жолдары, Алматы, 2004 .

4. А.Зейнулина, С.Абенова  «Сабақта мәтіндерді  коммуникативтік мақсат үшін  қолдану) қазақ  тілі орыс мектебінде», 2001. № 3.

5. А.Ағманова, Екінші тілді оқытқандағы мәтіннің ақпараттық және мотивациялық қызметі, Алматы, Филология сериясы. 2001

6. М.Қожабаев, «Практикалық қазақ тілі сабақтарына мәтінмен жұмысты ұйымдастыру» Қазақ  тілі орыс мектебінде. 2006