ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Маханов Ғалымжан Кажданбекович

Бадекова Қаракөз Жаиловна

Тажина Арайлым Мұхтаровна

 

Қарағанды Мемлекеттік медициналық университетінің оқытушылары

 

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы экономикадағы және әлеуметтік жағдайлардағы оң өзгерістермен едәуір жетістіктер еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруді, информатика пәнін оқытуға компютерлік технологияның мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланып, сабақтың сапасын көтеруді талап етуде. Қазіргі нарықтық экономика, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену адамзат баласының білімді тереңірек меңгеруіне, алған теориялық білімдерін күнделікті тұрмыста, қызметте, өмірде дұрыс қолдана алуына ерекше назар аудару керек екендігін мойындатып отыр.

Ғылым мен білімге айрықша маңыз берілуде, өйткені елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деген болатын». Білім негізі мектепте қаланатындығы белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз озық елдердің шаңын жұтуға тиісті емеспіз, біз солармен терезесі тең ел болуымыз қажет» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы «XXI ғасырды Ақпараттандыру ғасыры» деп атағандығы баршамызға белгілі.

Сондықтан да оқушыға және мектеп мұғалімдеріне қойылатын талапты, мектептің оқу жүйесін ұйымдастыру мәселелерін жаңаша үлгіде қайта ұйымдастыруды қолға алу керек [1].

Қазіргі жаңаша қоғам ЭЕМ мүмкіндіктерінің өте жылдам дамуы мен ақпараттық технологиялардың барлық салаларда кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді. Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты мәселелерге көзқарастар  түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Осы жағдайлар жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісретіне де қатысты болып, білім берудің классикалық принциптерінен бас тартпай білім беру жолдары мен әдістерін сапалы өзгерту мүмкіндіктерін туғызады. Мұндай мүмкіндіктердің бірін HTML тілін айтуға болады. Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей  отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің  Apranet компьютерлік жүйесі болып саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан [2].

Енді өзімнің тақырыбым жайлы айта кеткен жөн. «Информатика сабақтарында интерактивті оқыту құралдарын қолдану». Әлемнің 60-тан аса мемлекеті мен 1,5 млн оқушылары Promethean ағылшын фирмасынан шыққан ACTIVboard интерактивті тақтасы бар интерактивті сыныпта білім алады. Бұл компания әр оқытушының сабағы қызықты өтуін қамтамасыз етуге тырысады. Интерактивті сыныпта оқытушы сабағын нәтижелі түрде өткізе алады, ал оқушылар сабақты сапалы ұғынады. Оқу процессі кезінде оқушылар сабақты жақсы меңгереді, есте сақтайды, бұл білімнің сапасының жоғары болуына әкеледі. Интерактивті технологияның көмегімен сіз қандай пәнді үйренсеңізде оқу процесінің шыңына шыға аласыз [3].

ACTIVboard интерактивті тақтасы оқытушылар мен оқушыларға оқу құралдамен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. ACTIVboard  интерактивті тақтасы ACTIVstudio бағдарламалық қамтамасыздандырумен бірігіп жұмыс істейді. Сонымен қатар ACTIVote тестілеу жүйесімен және ACTIVslate өткізгішсіз панелімен жұмыс істейді. Бұл аудиторияны активтеуге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта - лекторға баяндамашыларға экранды және маркелі тақтаны біріктіріп қолдануға мүмкіндік беретңн құрылғы. Интерактивті тақта алдымен компьютерге жалғанады. Интерактивті тақтаға кескіндер экрандағыдай проекцияланады.

Интерактивті тақта – барлық сыныптағы оқушыларды оқыту үшін бағалы құрал. Мұғалімге жаңа материалды қызықты және тартымды түсіндіруіне көмектесетін визуальды ресурс. Ол мұғылімдердің және оны толық үйрену интерактивті тақтаны қолдвнылғандығына немесе қолданылмағандығына тәуелсіз болады. Бірақ кейбір жағдайларда интерактивті тақта өте жақсы көмекші болады, мысалы оқушылар алшынған информацияны қайталай келгенде, яғни оқытудың индуктивті әдісінде.

Мұғалім тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, материалды әр түрде классификациялауына; обьектілерді жылжытуға, түстермен жұмыс жасауға – кейін кішігірім топтарда өздігінен жұмыс істей алатын оқушылар процесіне үйренуіне болады. Кейде өздерінің пікірлерін білдірулері және жұмысты ары қарай жалғастыруға бағыт беру үшін оқушылардың назарын тақтаға қайта аударуға болады.

Жалпы оқушылыр мен мұғалімдердің пікірінше, материалды қарапайым аудиторядан гөрі интеракивті тақтамен бірге жүргізілген сабақты ұғыну әлдеқайда қызықты, әрі ұтымды [4].

Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олардың назары тақтада болады.

Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Әрине, барлық қажетті бағдарламалармен компьютерде отырып жұмыс жасауға болады, сондай-ақ, экранның көлемі жұмыс жасауда барлық оқушылардың қатысуына мүмкіншілік бермейді., Бірақ, сіз сол материладарды интерактивтік тақта арқылы көрсете отырып, сыныптағы оқушылардың зейінін аудара аласыз.

SMART тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен толықтыруға болады, тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да игеруге болады. Мұғалім, кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғалмай оқушыларға қарап тұрып, компьютерлік қосымшаларды, сонымен бірге оқушыладың үлкен экранда және интерактивтік тақтада берілген сол көріністі көретінін бақылай алады.

Мұғалімдердің жұмысын жеңілдететін, тапсырмаларға үлкен интерактивті пен көрнекілік беретін, сондай-ақ, барлық мүмкіндіктегі тақырыптар мен пәндер бойынша анимациялық роликтер, үлкен коллекциялы суреттер ұсына отырып компания  SMART Teshnologies арнайы бағдарлама жасады. Сабақ барысында сіз веб-сайттар мен кез-келген қосымшалардан да жазу жаза алсыз, оларды да әрдайым сақтай да аласыз, олар сізге қажет болуы мүмкін.

SMART қамтамасыз етілген арнайы бағдарлама қолдан жазылған жазбаны, терілген жазба тексіне айналдыруға немесе экран клавиатурасының көмегімен жазбаны қосуға, аудио-видео жазбалармен, текстер мен объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Көрнекілік материалдар оқушыларға алған білімдерін ұғынуға және қорытуға көмектеседі. Мұғалім SMART Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаның көмегімен түсіндірмелі схемалар мен диаграммаларды оңай жасай алады, интерактивтік тақтада көрсетілген тартымды көріністерге зейіні ауған оқушылар да, сабақ барысындағы тапсырмаларға белсенді қатысады.

SMART Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаны пайдалануда, балар да өздерінің ойларын өте жақсы жеткізе алады, бақылау барысында оладың ойларының өскенін байқауға болады.

Мұғалім оқушылардың айтқан ұсыныстарының барлығын жаза отырып, сабағын «мыйға шабуыл» жасаудан бастауға болады, содан кейін, әр түрлі фиргураларды қолдана және объектілердің арасында байланыс туғыза отырып, ақпараттарды құрылымға келтіреді, одан кейін қажетті көшірмелер жасап түсініктемелерді қосуға болады.

Осы бағдарлама коллекциясының көмегімен 2000 суреттерден де көбірек материалдарды тез жүйеге келтіруге, әңгіме сюжеттерін құрастыруға, ғылыми әдіс қосуға, табиғаттағы су айналымын схема түрінде көрсетуге немесе өлең жазуға болады. Схемалар да орналасқан суреттерді, тақтаның үстіне оңай ауыстырып орналастыруға болады, оладың бейнелеріне саусақпен тигізгенде оқушылар сағат тілін айналдыруы мүмкін, бұрыштарды өлшей немесе мүмкіндікті санай алады.

SMART Ideas бағдарламасы көпдеңгейлі схемалар жасауға сондай-ақ, видео көріністер және сілтеме жасалған файлдарға қосуға мүмкіндік береді. Материалдар нақты құрылғанда ғана, үлкен көлемді ақпараттар түсіну үшін қолайлы келеді.

Компьютерлік класстар үшін компания SMART Teshnologies арнайы SynshronEyes бағдарламасын ұсынады. Осы бағдарлама арқылы, мұғалім компьютердің алдында отырып, өз мониторінен барлық оқушылардың копьютерлерінің экрандарын көре отырып және олардың тапсырманы қалай орындағандарын бақылай алады.

Оқушылар енді мұғалімнің қастарына келуін күтпей-ақ, өз сұрақтарын орындарында отырып мұғалімнің компьютеріне жібере алады. Қажет болса мұғалім оқушылардың компьютерлерінің клавиатурасын және экранын, сонымен қатар, интернетке немесе белгілі қосымшаларға кіру қолайлылығын жеңіл бекітіп тастайды. Бұл бағдарлама сауалнамалар мен тестерді тез жасауды, жіберуді және тексеруді қамтамасыз етеді.

Интерактивті тақта SMART board мүмкіндіктен шектелген балалар үшін арналған. Ыңғайлы тірек тақтаны керекті деңгейге көтеруге және түсіруге қойылған, яғни, файл ашу үшін немесе оған жазу үшін қолыңның ұшын тигізсе болғаны. Сонымен бірге, бұл құрылғы балалардың жалпы талқылау барысында өзара өздігінен әрекет етуіне және бірігіп жұмыс жасауына көмектеседі. Балалар қарым-қатынас жасаудан қорқуды қояды. Интерактивті тақта оқушыларға дәстүрлі шектеуліктен тысқа шығуына көмектеседі.

Интерактивті тақта бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жасауда, психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін, білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.

Интерактивті тақта SMART екі типті болады: тікелей және кері проекциялы.

Тікелей проекциялы тақтамен жұмыс жасау үшін арнайы орындықта немесе арнайы қондырғыда орнатылған проекторлар қолданылады. 

Жақында SMART Techologies Inc компаниясы SMART Board 600 тікелей проекциялы интерактивті тақтаның түрін шығаруда.

Жаңа сериялы тақталардың ерекшелігі экранның пішіні көлемді, қазір оның диагоналы 77 немесе (195,6 см.).

Жүйені жақсартуға, модернизациялауға арналған қажетті аксессуарларды қосуға арналған қосымша разъемдар жалғанған. Осы аксессуарларға System On-lain құрылғысы жатуы мүмкін. Оны тек қана пернетақтаның бір батырмасын басу арқылы компьютерді, интерактивті тақтаны және проекторды (төбеге орналасқан болса да) іске қосуға болады.

Сонымен қатар SMART Board 600 сериялы проекциясы мультимедиялы ресурстарды кеңінен пайдалануға мол мүмкіндігі бар аудиожүйелермен қамтылған. 15 Ватт колонкаларын тақтаға немесе қабырғаға орнатуға болады. Интерактивті тақтаны және колонканы компьютерге қосу үшін бір ғана USB – кабелі қажет. Интерактивті тақтаның 600 сериясы алдыңғыларындағыдай тоққа қосу жүйелерінсізде жұмыс істей алады. Мұнда Bluetooth (USB – 2.0) стандартты технологиясы қолданылады.

SMART Board 600 проекциясының жетілдірілген қондырғысы арнайы фиксаторлармен қамтамасыз етілген, яғни интерактивті тақтаны қозғалмай мықты ұстап тұруына, құлап қалмауына септігін тигізеді.

Доңғалақтарының үлкеюі мықты және сенімді болуға алып келеді. Олардың көмегімен интерактивті тақтаны бір орыннан екінші бір орынға оңай тасымалдауға болады. Ал тақтаның биіктігін өлшеу механизмін шкалалардың көмегімен іске асыруға болады.

Интерактивті тақтада сенсорлы технология екі түрлі тәсілмен іске асады. Резистивті сенсорлы интерактивті тақта экран бетіндегі арнай белгілерді басу арқылы оның қызметін жүзеге асыратын екі жұқа қабатты тоқ жүйелерінен тұрады. Олардың қандай да бір бөлшектері не жоғалып, не сынып қалмайды және төзімді келгендіктен, осындай тақталар мектептерде өте қолайлы.

DVIT (Digital Vision Touch) технологиялары кішкентай сандық видеокамералармен қолданылады, оларға қол тигізуді есептейтін және экранның бұрыш-бұрыштарында орналасқан камералары бар.

Интерактивті тақтаның биіктігін оқушылардың бойына қарай реттеуге болатындықтан, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда технологиялық және инновациялық оқыту әдіс-тәсілдері бәріне қолайлы.[4]

Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.

Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.

Тұжырымдарды және абстраксиялы идеяларды түсіндіруде мұғалімдер үшін таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап тақылай алады [5].

Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді.

Материалдарды пайдалануда шығармашылық подходта интерактивтік тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды [6].

Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және  интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт кетпейді. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады.

Интерактивті SMART тақтасы барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуалды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады [7].

Әрине интерактивті SMART тақтасын тиімді пайдалану үшін оқытушыларға жағдай кеңінен жасай отырып және оқытушының сабаққа даярлануына, интерактивті тақтамен жұмыс істеуде өзара тәжірибелерді жинақтауға уақыт қажет.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады: интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Оқытушылар сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуге толық мүмкіндік бар. Әрине ең алдымен оқытушылар арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды [8].

Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға болады.

Жоғарыда аталғандай интерактивті тақта компьютер дисплейі, яғни, компьютердегінің бәрін SMART тақтасында көрсетуге болады [9].

Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда:

-       презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;

-       мәтін редакторлары;

-       CD-ROM-дар;

-       интернет;

-       көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);

-       видеофайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, VHS видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);

-       дыбыстық файлдар (басқада мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі;

-       интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;

-       әр түрлі пәндерге қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету [10].

Мұғалімдерге экранда қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға, барлық идеяларды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда, әр түрлі түстер интерактивті тақтаға қолайлы. Мысалға, географиялық картамен жұмыс істеуде немесе адам ағзасындағы асқорыту жүйесінің схемасын көрсетуде [11].

Әлемнің 60-тан аса мемлекеті мен 1,5 млн оқушылары Promethean ағылшын фирмасынан шыққан ACTIVboard  интерактивті тақтасы бар интерактивті сыныпта білім алады. Бұл компания әр оқытушының сабағы қызықты өтуін қамтамасыз  етуге тырысады. Интерактивті сыныпта оқытушы сабағын нәтижелі түрде өткізе алады, ал оқушылар сабақты сапалы ұғынады. Оқу процессі кезінде оқушылар сабақты жақсы меңгереді, есте сақтайды, бұл білімнің сапасының жоғары болуына әкеледі. Интерактивті технологияның көмегімен сіз қандай пәнді үйренсеңізде оқу процесінің шыңына шыға аласыз.

ACTIVboard  интерактивті тақтасы оқытушылар мен оқушыларға оқу құралдамен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. ACTIVboard интерактивті тақтасы ACTIVstudio бағдарламалық қамтамасыздандырумен бірігіп жұмыс істейді. Сонымен қатар ACTIVote тестілеу жүйесімен және ACTIVslate өткізгішсіз панелімен жұмыс істейді. Бұл аудиторияны активтеуге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта - лекторға баяндамашыларға экранды және маркелі тақтаны біріктіріп қолдануға мүмкіндік беретңн құрылғы. Интерактивті тақта алдымен компьютерге жалғанады. Интерактивті тақтаға кескіндер экрандағыдай проекцияланады.

Интерактивті тақта – барлық сыныптағы оқушыларды оқыту үшін бағалы құрал. Мұғалімге жаңа материалды қызықты және тартымды түсіндіруіне көмектесетін визуальды ресурс. Ол мұғылімдердің және оны толық үйрену интерактивті тақтаны қолдвнылғандығына немесе қолданылмағандығына тәуелсіз болады. Бірақ кейбір жағдайларда интерактивті  тақта өте жақсы көмекші болады, мысалы оқушылар алшынған информацияны қайталай келгенде, яғни оқытудың индуктивті әдісінде.

Жалпы оқушылыр мен мұғалімдердің пікірінше, материалды қарапайым аудиторядан гөрі интеракивті тақтамен бірге жүргізілген сабақты ұғыну әлдеқайда қызықты, әрі ұтымды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1     /«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында ». Ел президентінің халыққа жолдауы, Астана – 2006 ж.

2     Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 ж.

3     http://www.interactiv.kz/

4     http://www.smartboard.com.ua/ru/practice/16.htm

5     http://www.activboard.ru/

6     http://interactiv.kz/learning/activstudio.php

7     http://partavl.ru/interwrite_board

8     http://www.classic-s.ru/?id_razd=28

9     http://www.m-port.ru/catalog-documents/interaktivnaja-doska-s-proektorom.html

10 http://lj.mhi.edu.mhost.ru/news/719-interaktivnaja-doska-instrument-sovremennogo.html

11 http://gomulina.narod.ru/Interactiv_Board.doc