Млад. науч. сотрудник Оспангазиева Н.Б.

Институт Языкознания имени А.Байтурсынова, г. Алматы

 

АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ТІЛДЕГЕ ДЫБЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

 

Тілдің даму тарихы тұрғысынан келсек, тіл адам санасындағы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оптикалық құралдар арқылы визуалды дүниеге айналдырады. Сонда жазу тек қосалқы қызмет атқаратын құрал болып табылады. Алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тіл ауызша түрде өмір сүреді. Талай жүз жылыдықтар бойы басқа қатынастың түрін іздемейді. Сөйтіп, ойды жарыққа шығарудың және айналасына қатынас жасаудың жалғыз түрі ауызша сөйлеу ғана болады.

А.Байтұрсынұлы «Біздің заман – жазу заманы: жазу мен сөйлеу артық дәрежеге жеткен заман» деген.

Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы [1, 9]. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені ауызша сөйлеуді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді. Тілдің инвариантты, абстракт, күрделі құрылымдық деңгейге жетуіне әсер етеді: «Письма идентифицирует и дифференцирует то, что идентифицировано и дифференцировано в самом языке» [2, 11]. Соған сәйкес келетін синтаксистік құрылымдар, күрделі фразалық тұтастықтар жазудың негізінде пайда болады. Тілдің (әдеби тілдің) стильдік тармақтары сараланды, стиль нормаларының қалыптасуна әсер етті. Сөйтіп, жазу ауызша тілде елене бермейтін тілдің барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тілдің сұрыпталып, нормаланған, електен өткен құрылымын ғана таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтіндерді тілдік жүйеге жатқызады. Сондықтан ауызша сөйлеудегі еріндікті тілдік қалыпқа салу, яғни жазуға түсіру кез келген сауатты адамның қолынан келмейді. Адам күнделікті қарым-қатынас тілімен біреуге хат жазу мүмкіндігіне ие болғанымен, өзінің ойын жүйелі, толыққанды, мазмұнды етіп жазбаша жеткіжзуде қиындыққа тап болады. «В своем значении письма уступает только возникновению речи – важнейшему средству общения в пределах человеческого общества. У мнение писать – более специфическая черта человека, чем умение говарить но оно предпологает существование языка, по отношению к которому письмо является в некотором смысле усовершенствованием» [3, 34].

       Жазу тарихына байланысты кеңестік, шетелдік тіл білімінде  біраз еңбектер бар, атап айтқанда, В.А Истриннің «Возникновение и развитие письма» (М., 1965); «Развитие письма» (М.,1961); Д.Дирингердің «Алфавит» (М.,1963), И.Фридрихтің «История письма» (М.,1979); И.Е.Гельбтің «Опыт изучения письма» (М., 1982) т. б.

       Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікірлер әртүрлі: И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер сурет жазуын жазу емес деп нақтылайды да, семасиография, яғни логографиялық жазуды жазудың алдындағы саты деп көрсетеді. Бұған тарихқа дейінгі Египет пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір болуы (грекше graphein «жазу-сурет салу» дегенді білдіреді), шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларында бейнелі – символдық таңбалардың көп болуы, түрлі-түсті бояудың пайдаланылуы да себеп болады.

       И.Е.Гельб «жазу» ұғымына фонграфиялық жазу ғана сәйкесетінін айтқан. Афтордың топтастыруынша, фонографиялық жазу сөз-буын жазуын (шумер, египет, хэтт, қытай), буын жазуын (финикий, жапон) және әріп жазуы (грек, арамей, латын) қамтиды.

       Ауызша тіл дегеніміз ішкі сөйлеуді ауыз мүшелерінің қозғалысы арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір тілдік таңбаға кодталған, естілетін немесе айтылатын тілдік жүйе немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы.

       Жазба тіл ауызша тілдің мазмұн байлығын қаріп түрлерімен (курсив, бояулы, ашық), тыныс белгілерімен, азатжол, көп нүкте, лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің бет әлпетін суреттеумен береді. Жазба тіл санадағы түсінік, пайымдаулардың толыққанды ашылып берілуін қамтамасыз етеді. Ол ауызша сөйлеудің кем-кетігін толтырып, әлсіз жерлерін байытады. Ауызша сөйленген сөздің стенограммасын жасағанда, мәтінде босаралықтар қалатынын, логикалық желіні бұзбай сөйледі дегеннің өзінде, сөз ішінде едәуір жүйесіздіктер, бөтен элементтер жүретінін білеміз. Ондай мәтінді оқып жалпы ұғымын да парақтай алмай қалуға болады. Ал осы босаралықтарды жазба тіл бірліктерімен толықтырып, әңгімені ой логикасына сай жүйелесек, бүтін, толымды, мәтін аламыз. Өйткені біз жазған кезде сөздерді бүкіл мағынасымен өзіндік сяларымен бірге белгілейміз, ал оны айтқан кезде интонация, дауыс тембрі арқылы нақты мағналық реңкін бере аламыз. «Когда язык в письменном форме яснее, чем в произношении, это признак того, что на нем больше пишут, нежели говорять» [4, 496] деген Деррида.

       Біз бүгінгі таң тұрғысынан әдеби тіл деп жазба тілдің негізінде пайда болған, осыған орай жазба тілді де ауызша тілді де меңгерген адамның санасында болатын жүйелі, ұйымдасқан, стандарт тілдік құрылымды айтамыз.

Тіл тек дыбыс арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық (әлеуметтік) мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады.

Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.

Дыбыстық құбылыстар  сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден туады.

Протеза (грек. Prosthesis – алдында тұру) – сөздің алдында басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдынан жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лоқ-лоқ, лүп-лүп сияқты оншақты еліктеуіш болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дыбыстардан басталмайды.

Ы: лаж, лай, лас, лашын, лау («Ылау деп, үй деп дікілдеп» Абай), рас, рақ, рақат, разы, рай, рақмет, рақым, радио, разъезд, ранг, рапсодия, рация.

І: леген, лекер, леп, рәсуа, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регресс, редукция, рельс, республика, Рессей.

Ұ: рұқсат, рух, ру, Лұқпан, Роза.

Ү: Рүстем, рөл (роль).

Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, өз алдына буын болып тұрады. Сондықтан жазуда да жалғасып жүреді. Протезаны ескермеу өлеңге нұқсан болар еді.

Ылайла, ылай оймен тынғыңды (Абай).

Ырас десең ырас сөз мен айтайын («Бекболат» дастаны).

О, е бірер сөзде протеза болады: ораза (руза), орамал (румал), ережеп (раджап), орұс (русский).

Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері протезамен айтылады: (ы) станция, (ы) стакан, (ы) стаж, (ы) статус, (і) спектір, (і) спирт, (і) штепсель, (і) штрек, (і) шкив, (і) шпиль, (і) шприц.

Айтуда да жазуда да бірден бір протеза сақталған сөз – ол орыс сөзінің өзі: айтылуы – орұс. Мұны көненің көзі (реликт), тілдің табиғи сөзі десе де болады. Осылай және бір сақталған сөз – үстел. Айтылуы – үстел (стол). Алайда бұл сөз қазіргі тіл тұтынушылардың қолданылуында стол түрінде көбірек айтылып, жазылып та жүр. Мұның өзі тіл мәдениетіне мән бермеудің салдары екені айқын.

Әдебиет:

1.                     Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, 1992. –446 б.

2.                     И.А.Бодуэн де Куртенэ Избранные труды по общему языкознанию. Т 2. Москва, 1963 –384.

3.                     Ермеков Ә. Семантика слитных слов в казахской лексике. Афтореф. дисс. канд. фил. наук. Алматы, 1950.–9б; Жәркешова Г. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі біріккен сөздер. Афтореф. дисс. канд. фил. наук. Алматы, 1949.–6б;

4.                     Жак Дерридо. О грамматалогии. М.; 2000-511с.