А.Байтұрсынов пен    Қ.Жұбановтың   қосымшаларды  жіктеу   саласындағы  өзіндік  ерекшеліктері .

Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік                университетінің аға оқытушысы , филология  магистрі

          Қазақ  тіліндегі  сөздерді  тұлғасына  қарай  беске  бөліп,ең   алғаш

1)    түбір  сөз

2)    туынды  сөз

3)    қос  сөз

4)    қосалқы  сөз

5)    қосымшалар  деген  терминдерді  таңған  ғалым -Ахмет  Байтұрсынов.

Ғалым  өзінің  «Тіл-құрал» оқулығының   1 жылға  арналған  бөлімінде  қосымшаларға  төмендегідей  анықтама  береді : «Қосымшалар  дегеніміз  сөз  емес , сөзге  жалғанатын  буындар ; бұлар  да  өз  алдына  мағына  да  жоқ ,басқа  сөзге  жалғанбай  бөлек  айтылмайды  да . Сондықтан  бұлар  қосымшалар  деп  аталады. Қосымшалар  екі  түрлі : біреулері  жалғанған  сөздің  тұлғасын  ғана  өзгертіп, мағынасын  өзгертпейді, екіншілері  жалғанған  сөзінің  тұлғасын   да, ішкі  мағынасын  да  өзгертеді,  сондықтан  бастапқы  қосымшалар  тысқары  жалғаулар   я  тікелей   жалғау  деп  аталады : екінші  қосымшалар  ішкергі  жалғаулар  я  тікелей  жұрнақ   деп  бөледі».

         Ескерту.  Жалғау  аз,  жұрнақ  көп .Жалғау   түбір  сөзде  де,  туынды  сөзде  де  болады. Жұрнақ  түбір  сөзге  жоқ  туынды  сөзде  ғана  болады.Түсінікті  болу   үшін  мысал  : «жылқы» деген  сөзді, «шы», «ның», деген  қосымшаларды келтірейік. Жылқы  деген  сөзге  «шы» қосымшасы  да, «ның» қосымшасын  да  қосып   байқайық : қайсысы  жұрнақ  болып  шығар  екен, жылқы–жылқышы; жылқы-жылқының. «Жылқышы» дегенге   сөздің  бастапқы  мағынасы  да  тұлғасы  да  өзгерілді . «Жылқышы» деген  сөз  енді  мал  табының  есімін  көрсетпейді ,адам  табының  есімін  көрсетеді. «Жылқының» дегенде  сөздің  тұлғасы  өзгерілді, мағынасы  өзгерген  жоқ ; «жылқының» деген  сөз  бәрі  бір  мал  табының  есімін  көрсетіп  тұр. Айтылғаннан  енді  мәлім  болды: «шы»  қосымша  жұрнақ  екендігі, «ның» қосымша  жалғау  екендігі. А.Байтұрсынов  жалғаулар  мен  жұрнақтардың  жазылуының   жалпы  ережелеріне  тоқталып: «жалғаулар  түбір  сөзге  де , туынды  сөзге  де   қосылып  жазылады» .Жалғауда  «т» мен  «д»  дыбыстары  дүдәмал  болса , «т» жазылмай , «д» жазылады .Жұрнақтар  (түбір  сөздің ) барша  сөзге  қосылып  жазылады .Жұрнақ  ішіндегі  дүдәмал  естілетін  дыбыстар  естілген  қалпынша  жазылады , жұрнақтар  түбір  сөздің ,жалғаулар  түбір   һәм  туынды  сөздің  аяқ  дыбысының   түріне  қарай өзгертіліп   жалғасады .

        Қазақ  тілі  түрік  тілінің  бір   тарауы, дүниедегі  жұрттың   тілі  негізінде  үшке  бөлінеді : 1) түбіршік  тіл , 2) жалғамалы  тіл ,3) қопармалы  тіл. Түбіршік  тіл  түпкі  қалпынан  өзгерілмей  жұмсалады ,мәселен ,қытай ,жапон  тілдері .Жалғамалы  тіл  -  сөздің  аяғына  жалғау  қосылып  өзгертілетін  тіл ,мәселен ,түрік ,дин (пик) тілдері .Қопармалы  тіл –сөз  түбірімен  қопарылып ,өзгертілетін  тіл ,мәселен : орыс  тілі ,араб  тілі. Біздің  қазақ  тілі  түркі  тілдің  бір  тарауы  болғандықтан ,жалғамалы  тіл .Қазақ  сөзінің  түбірі  өзгерілмей ,аяғына  жалғау  қосылып  өзгеріледі ,жалғау  екі  түрлі : бірі  сөздің  тұлғасын  өзгертсе  де ,ішкі  мағынасын  өзгертпейді ;екіншісі  сөздің  тұлғасын  да   мағынасын  да  өзгертеді .Сондықтан  бастапқысы  тысқарғы ,соңғысы  ішкерлі  жалғау  деп  аталады  [1.18].

Құдайберген  Жұбановтың   сөз  тұлғаларына  байланыстыөзіндік  пікірлері  болғанға  ұқсайды .Ғалым  сөз  тұлғаларын  өз  ішінен  алтыға   бөлген :

1)    Түбір  сөз

2)    Қосымшалы  сөз

3)    Кіріккен  сөз

4)    Қиюлы  сөз

5)    Қосалқы  сөз

Сөздің  бір  қалыпты  тұрмайтын ,бір  сөздің  өзі  бірде  тура ,бірде  бұрма  күйде  болып ,өзгеріп, түрленіп  отыратынын  бұрыннан  да  білуші  едік.

Ауылдың  алды  айдын  көл,

Айдын  көлде  шағала ,

Айдын  көлді  жағала  -  дегенде  көл  деген  сөз  үш  рет  келген ,бірақ  бұл  үшеуінде  үш  түрлі :бірінші  жолда –көл  түрінде ,екінші  жолда  -көлде  түрінде ,үшінші  жолда  - көлді  түрінде[2.25].Сөздің  сыртқы  көрінісінің  түрленуін  атаған .Сөз  тұлғасының  түрленуі , я  сөздің  түпкі  мағынасына   жаңа   мағына   үстеу   үшін   ғана   керек , я  болмаса   сол  сөзді   басқа   бір  сөзбен  байланыстыру  үшін  керек .Ғалым  қосымшаны  2 түрге  бөлген: бір  түрі өзі  жалғанған  сөзді  басқа  бір  сөзбен  қиындау   үшін  керек ; екінші  түрі  өзі  жалғанған  сөздің  түп  мағынасына   жаңа мағына  үстеу  үшін  керек .Бір  сөзді  басқа  сөзбен  қиындастыру  үшін  жалғанатын  қосымшаны  жалғау  деп  атаған.Мысалы: көлді  дегендегі  - ді  қосымшасы  көл  сөзін жағала  деген  сөзбен  қиылыстыру  үшін  тұр .Осындай ,сөздің   түп  мағынасына  үстеме  мағына   қосатын  қосымшаны  үстеу  деп  атаған .Түбір  сөзге  жалғау  қосылса ,жалғаулы  сөз  болады .Көл –де ,көл –ді  дегендер  жалғаулы  сөздерТүбір  сөзге   үстеу  қосылса ,үстеулі   сөз болады .Көлшік  деген  үстеулі  сөз  деп, Қ.Жұбанов «жұрнақ» деген   терминнің  орнына  «үстеу» деген  терминді  қолданған . Мысалы: көлшік  дегендегі  көл  сөзіне жалғанған – шік  қосымшасы  бұл  сөзді  басқа  сөзбен  қиындау үшін  емес, көл  сөзіне  жаңа  мағына  үстеу   үшін  тұр, үстеу  көп  болады да, жалғау  аз  болады. Үстеу  мен  жалғаудың  түбірде  екеуі  де  жалғанса  үстеу  бұрын  келеді  де, ең  соңынан   жалғау  келеді .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Балақаев М.Б., Есенов Қ.М., Жанпейісов Е.Н., Оралбаева Н.О. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, «Ғылым», 1989 ж 4 6.

2.     Исаев С. «Қазақтілі» Алматы, «Қайнар» 1998ж, 32 б.

3.     Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.Алматы, «Анатілі», 1992ж, 181 б.

4.     Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттелулер. Алматы, «Ғылым», 1966ж, 150 6.