Болтаева С.Ж.

                                                                                                   PhD докторанты

«Философия және тарих»

кафедрасының аға оқытушысы

 

                           Инновациялық экономика және білім

          Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жаңаша өсу жолдарының тың белес­терге көтерілуінде инновациялық экономиканы нығайтудың жаңа міндеттері, ғылым мен білімнің стратегиялық қадамдары, мемлекет басқарудың эволюциялық жүйелері көзделген. Олар – өңірлерді дамыту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, электронды үкіметті дамыту, заң жүйелерін жаңғырту, адам капиталының сапалы өсуіне қол жеткізу, тағы басқа да серпінді стратегиялық жетістіктер. Осы бағыттардың бәрінің де алға өрлеуде маңызы өте зор.

       Осы уақыттарда нақты страте­гия­лық болашақ айқындалып, инновациялық бағдарламалар әзірленді. Экономиканың шикі­заттық емес секторларына, осы са­лалардағы инвесторлар мен жа­ңашылдарға қолдау көрсетілуде. Шағын және орта кәсіпкерлерге, ірі өндірістік кешендердің, ин­но­вациялық жобалардың әдістері мен тетіктерінің бүкіл желісі қамтылуда.

Осындай өрлеуді жүзеге асы­ру­да өңір басшыларының алдында бірнеше күрделі де құн­ды міндеттер, болжамдар мен ба­ламалардың болуы уақыт талабы. Жедел сипатта жүзеге асы­ратын міндеттерді, жүйелі түрде атқаратын жұмыстарды оңтайландыру, біліктіліктің, білім­ді­ліктің, қабілеттіліктің белгісі. Өңірлерді инновациялық ғылыми бағытта мемлекеттік деңгейде зерттеу, жобаларды бизнеспен тығыз байланыстыра отырып орындау, инновациялық жаңа экономиканың дамуы бүгінде өте өткір де өмірлік мәселе. Әрбір өңір қандай өндіріспен нақты айналысуы қажет, олардың қандай өңірлік артықшылықтары бар, инфрақұрылымдары мен еңбек ресурстарының деңгейі – міне, осылар айқындалуы қажет.

       Экономика өз-өзінен дамымайды, оны дамытатын адам ка­пи­талының деңгейі, сапасы мен әлеуметтік белсенділігі. Сон­дықтан адам капиталына мән беру, қолдау бүгінде инновациялық эко­номикаға талпынған көптеген елдердің өзекті мәселесіне айналуда.

       Инновация жаңа экономиканы жаңғыртудың, өсудің тың бастамасы. Инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруда өмірлік, өндірістік салалық идея­лардың, ғылым мен білім са­ла­ларының рөлі айрықша. Ин­но­вациялық жаңа ғылым мен білім экономиканы жаңғыртуға ықпал жасаумен бірге, мамандарға жаңа инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыруға да әсерін тигізеді. Қазіргі әлемде ғылымның жетіс­тік­тері мен озық технологияларды жаңаша ұйымдастыру мен басқару әдістерін өндіріске батыл енгізу күн тәртібінде бірінші кезекте тұр. Инновациялық даму деген тек қана жаңа технология мен техниканы сырттан сатып алу емес, сол техникамен өндіріс өнімділігін, сапасын көтеретін, алға апаратын, жүйелі басқаратын білікті, білімді мамандарды қажетінше дайындау.

        Қазіргі кезең білектің емес, білімнің заманы. Жастары білімді елдің жүзі жарық, болашағы жар­қын. Елімізде сапалы, білімді мамандардың әлі де аз екенін мойындап, заман сұранысына жауап беретін жаңа буын кадрларын даярлау қажет. Инновациялық жүйені тиімді пайдалануға көптеген жаңа идеялар мен әзірленімдер ұсына алатын білікті мамандар ғана экономиканы алға бастыра алады.

       Қазақстанда ғылыми-техни­ка­лық, технологиялық прогрестің стратегиясы мен тактикасын жа­сау, олардың инновациялық қажеттілігін өзекті сұраныс ретінде қарастыру, барлық ғылыми-тех­никалық, технологиялық бағыт­тарды анықтап, бір жүйеге келтіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Инновациялық жаңа эконо­ми­каның стратегиялық бағыттарының жоғары қарқыны осы үдеріске қатысушыларды мына міндетті шарттармен қамтамассыз еткенде ғана іске аспақ. Олар: жаңа әлемдік рынокқа сәйкес жүйелі білім, озық технология, өңірлік өндіріс пен қызметке салынған инвестиция нәтижелері, меншік құқығын қорғау заңнамалары, инновациялық жаңа ағымдарды тиімді қолдануда бәсекелестік шеңберін кеңейтудің нақты мін­деттері, инновациялық жаңа жүйелер қызметін атқаруда қар­жы­лық, материалдық, табиғи және еңбек ресурстарының ерек­шеліктерін, ұтымдылығын және қолдану нәтижелерін қарастыру, т.б. Интеллектология ғылымының тұжырымы бойынша, стратег менеджерлер ғана «ақылды экономиканы» жүзеге асырып, болашақ экономикалық қауіп-қатерлер мен жетістіктерді алдын ала болжай алады.

       Өңірлерді дамыту, бұл бү­гін­де маңызды бағыт. Әр өңірдің табиғи өзіндік ерекшеліктерін, экономикалық мүмкіндіктерін, тауарға деген ішкі және сыртқы сұраныстарды ескере отырып жүргізілуі тиіс бұл орайдағы барлық жұмыстар.

       Қазақстан әлемдегі елдер арасында бәсекеге төтеп беретін, ин­но­вациялық экономикасы тұрақты да­мыған, білікті, білімді мамандары бар, мемлекетті жаңаша бас­қа­ру­да ерекше ойшыл басшылары бар ел болуы тиіс.

       Ұлы Әл-Фараби «Тәрбиесіз бе­рілген білім қауіпті» деген екен. Білім беру жүйесі патриотизм, адамгершілік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани даму, заңға бағынушылық сияқты құндылықтармен астаса жүруі тиіс. Жас мамандарымыздың бойы­на адами құндылықтарды сіңіре білсек, ұстаздық еңбегіміздің ақталғаны деп білемін.

      Әрине, ұзақ мерзімді стратегия­ны болжау, әлемде болып жатқан құбылыстарды, мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайларын сараптау, жаңа экономиканың қандай сипатта басқарылуы, қандай өнім шығару, халықтың әлеуметтік өрлеу жағ­дайы, жаңа инновацияның жаңа экономикаға тиетін әсері, ғылым-білім жүйелерінің, шетел тәжірибелерінің тек тиімді бағыт­тарын ғана пайдалану, міне, осының барлығын сараптай келіп, мүмкіндігімізді, келешек жолымызды, алатын белестеріміздің қан­дай болу қажеттілігін ой еле­гі­нен өткізгеннен кейін ғана анық­талатыны, өте күрделі процесс екені белгілі.

       

Соңғы жылдары әлемдік экономи­ка­да білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материал­дық игіліктерді жасау көп жағдайда ғы­лымның жалпы деңгейі мен техни­ка­ның прогресіне немесе осы ғылы­мның өндірісте қолданылуына тәуелді.

      Дамыған елдердің экономикасын қа­­зіргі уақытта индустрияланудан кейінгі ақпараттық немесе білім эконо­ми­касы, болмаса қызмет көрсету техно­ло­гиялық экономикасы деп анықтайды. Басқа да анықтамалар бар, бірақ, бас­ты­сы, қазіргі экономиканың мықты ин­но­ва­циялық құ­рам­дас бөлігі бар. Со­н­дықтан, егер біз әлем­дік экономикаға тең түрде ық­пал­дас­қымыз келсе, егер жаһанданудың та­лап­тарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделгіміз келсе, онда өзіміздің да­муы­мыз­да бұдан әрі қарай да тек табиғи ре­сурс­тарға иек арт­пауымыз керек. Қа­зақ­стан­ның эко­но­микалық өсудің және бәсекеге қа­бі­леттілікті күшейтудің стра­те­гиялық фак­торы ретіндегі айтар­лық­тай ғы­лы­ми және білім беру әлеуеті бар. Оны ада­ми интеллектінің, ғылыми-тех­ни­­ка­лық нәти­желердің жетістіктерін өмір­ге келтірудің арнасы болып табыла­тын инновациялар арқылы нарықтық эконо­микада қозға­лыс­қа келтіруге бола­ды. Қазіргі экономикада инновациясыз бір­де-бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес.

       Әр ел өз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық эко­но­микада өз тетігін табады. Қазақ­стан­ның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема­ти­калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-өрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жа­сау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инно­вациялық экономикаға көшуінің алғы­шарттары болып табылады.

      Қазақстан тарихи көлемдегі алға секіру алдында тұр, оның алдында тауар­лардың, қызметтердің, еңбек ресурс­тары­ның, капиталдың, заманауи идеялар мен технологиялардың әлемдік рыногының бөлінбес және динамикалы бөлшегі болу міндеті тұр. Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі «білім эконо­микасы» негіздерін қалыптастыру, жа­ңа технологияларды қолдану, инно­ва­ция­лық экономиканы дамыту болып та­былады. Ол үшін меншікті, адами ка­питалды дамыту, елдің интеллек­туал­дық әлеуетін нығайту талап етіледі. Бұл ғылым мен білім беру ісінің ал­дына үлкен міндеттерді қояды, олар­ды дамытуда радикалды өзгерістерді талап етеді.

     Университеттік ғылым алдына да үл­кен міндеттер қойылды. Жоғары оқу орын­дарын ғылыми зерттеулерге белсенді тарту үшін жоо, ҒЗИ мен ғылыми орталықтар арасында бірыңғай ғылыми желі құрылады, сонымен бірге, грант­тар­ды алу үшін конкурс шарттарының тең­ді­гі қамтамасыз етілген. Ұлттық ғы­лы­ми-инновациялық жүйенің орта­лы­ғы Астана қаласында ашылған Жаң­а университет (Nazarbayev University) бола­ды. Оның базасында Қазақстан­ның ірі уни­вер­ситет­терінің қосылуы­мен зерттеу ор­та­лық­тарының, ұлттық зертханалар­дың желісі, инжинирингтік, жобалық-құ­растыру­шы­лық бюросы жа­са­латын болады.

      Басты міндеттердің бірі қолданбалы зерттеулердің, талдамалар мен иннова­циялардың нәтижелерін экономиканың нақты секторлары қажеттілігіне бағ­дар­лау болып табылады. Маңызды эле­мент өнеркәсіп тапсырыстары бо­йын­ша ғылыми-технологиялық бағдар­ла­ма­лар аясында зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру және бірге қаржы­ландыру, сонымен қатар, қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-құ­рас­тырушылық талдамалар мен инжинирингтік жұмыстарды жүргізуге шағын және орта бизнес субъектілерін тарту болады.

      Ғылыми инфрақұрылымды дамыту технологиялық және инновациялық құ­рамдас бөліктер мүмкіндіктерінің ке­ңей­тілуімен байланыстырылады. Атал­ған мақсатқа жету үшін ғылыми-зерт­теу және инжинирингтік ұйымдардың да­муына мемлекеттік қолдау көрсету белгіленген. Жетекші университеттер жа­нын­да бизнеспен бірлесе отырып, жаңа ғылыми-зерттеу құрылымдары, мыса­лы, институттар, зертханалар мен R&D орталықтары ашылатын болады. Бұл қолданбалы зерттеулер мен өнер­кәсіп тапсырыстары бойынша талда­ма­ларға профессорлық-оқытушылық құ­рамды, докторанттар мен студенттерді тартуға және іс жүзінде ғылымның, бі­лім­нің және өндірістің ықпалдасу қа­ғи­датын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ірі университеттер, ғылыми орталы­қ­тар, кәсіпорындар, отандық және шетелдік инвесторлар және басқа да инно­ва­циялық өндіріс пен технология трансфертімен айналысатын құрылымдар арасындағы байланыстардың дамуы үл­кен мәнге ие. Мұнда инновациялық кластерлер жасауға негізгі зейін қо­йылатын болады.

        Нәтижесінде білім беру мекемелерінде инновациялық қызметті айтар­лық­тай белсендіруге қол жеткізілетін бо­лады, ғылымның, білім беру мен өн­дірістің ықпалдасуы сапалы жаңа деңгейге көтеріледі.