Әскербекова Айгүл

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ЭНЕРГИЯНЫҢ БАЛАМА КӨЗДЕРІ ЖАРҚЫН

БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Жаңартылатын энергия көздері – табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энер­гия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтық және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңар­тыл­ған энергия көздері – қазіргі заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және қолжетімді. Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті бүгін  болсын, болашақта болсын жердің барлық халқының энергия тұтыну көлемінен едәуір артады. ХХІ ғасырда күн энергетикасының өсу жылдамдығы тіпті қарқынды даму үстіндегі компьютерлік технологиялар тәрізді салалардан да әлдеқайда жоғары болады. Дастүрлі отын көздерінің шектен тыс пайдаланылуы мен оларды жаққан кездегі қоршаған ортаға тигізер зияны ескерсек  дәстүрлі емес қалпына келетін жылу көздері мен екінші реттегі энерия көздеріне қызығушылықтын артқаны байқалады.Жапонияда “70 000 фотоэлектрлік шатыр­лар” үкіметтік бағдарламасы үйлердің шатыр­ларын­да орнатылатын күн батареяларын өндірушілерге салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар ұсынады. 1997 жылы осындай 9400 жүйе орнатылыпты,  ал 2000 жылы олардың саны 70 мыңнан асып түскен. Жапонияда шатыры күн батареясымен жабдықталған үй құнының 20 пайызына дейін мемлекеттен өтелетін ережелер қолданысқа енген.  Германияда бастапқысында – 1000, ал екінші кезеңде 2250 үйдің шатырларын фотоэлектрлік қондырғылармен жабдықтау жөніндегі жобалар бірте-бірте іске асырылды.  2000 жылдан бастап Германияда құнын 2 млрд. АҚШ долларына бағалауға болатын жаңа “100 мың шатырдағы фотовольтаика”  бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Қазақстан күн энергиясы деңгейі бойынша әлем елдерінде ең аз  “қамтамасыз” етілген елдердің бірі болып табылады.  Бізде жел энергиясын пайдаланудың үлкен мүмкіндіктері бар.  Біздің  шағын  өзендерге гидроэлектр стансасы құрылысын салуға да болады. Сондықтан Үкімет шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, баламалы энергия көздерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Елбасы сондай-ақ Үкіметке халық­аралық тәжірибелерді есепке алу арқылы Қазақстанда экологиялық салық енгізу жөнінде ұсыныс дайындау қажеттігін ескертті. Осыған байланысты  Шетелдік  инвесторлар кеңесі мүшелерінен тиісті заң жобаларын дайындауға қатысуды өтінді.  Фраунхофер күн энергиясы институты индустриалды және дамушы елдерде тиімді энергия үнемдеуге қажетті технологияларды зерттеумен айналысады

Күн машинасы: күн  машинасы Тойота Приус, Solar Toyota Prius. Күн батареясымен жұмыс жасайтын көлік қуты 250 Ватт, машнаның жоғарғы бөлігінде орналасқан жүз километрге  2-3 литр бензин пайдаланады  жай көлікке қарағанда 3,5-4,5 литр "обычного Приуса".  Қазіргі кезде энергияның ба­ла­малы түрін іздестіруге көңіл бөліп жа­тырмыз.

Қазіргі таңда, біз оңтүстік-шығыс Еуропа сияқты елдердің жаңа нарығына кіру және платформаларды кеңейту арқылы өзіміздің негізгі электр энергиясын өндіру бизнесін әрі қарай дамытумен қатар, жел энергиясы, климаттың өзгеруі және баламалық энергияның басқа да салалары сияқты бизнестің жаңа бағыттарын іске қосуды қолға алған.

Жел энерге­ти­касы саласындағы көшбасшылар – Германия, Испания, АҚШ, Дания, Голландия және Индия елдері болып есептеледі. Жел энергетикасы әлемнің 80-нен астам елінде энергетикалық кешеннің едәуір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, шағын су энергетикасында Қы­тай көшбасшы болып табылады,  мұнда жұ­мыс істеп тұрған 90 мың. Қазақстандағы шағын өзендер энергия ресурстарының үлкен қорына ие. Тек Алматы облысы бойынша ол 2 млрд. кВт. сағ. астамды құрайды. Қазақстанның бірінші жел атласы дегеніміз - таңдап алған жердегі желдің  жылдық орташа жылдамдығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін  интерактивті  карта. Соның арқасында электр қуатын алу үшін елдің түрлі өңірлерінде желдің қуатын пайдалану мүмкіндігін анықтауға болады". Жел атласына сәйкес,  Қазақстан аумағының  50  мың шаршы метрден астам аумағында айтарлықтай жел әлеуеті бар,  оны теориялық тұрғыда жылына 900 мың Гега Ватт - сағат электр қуатын алу үшін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта жел энергетикасын пайда­лану­ды Қазақстан аумағында жүзеге асыру жобалары қарастырылуда. Қазақстандағы шағын өзендер энергия ресурстарының үлкен қорына ие. Тек Алматы облысы бойынша ол 2 млрд. кВт. сағ. астамды құрайды. Желге байланысты көрсеткіштері де өзгертуге жатпайды. Біз осы арада тағы бір қуат көзі туралыайтып кетуге болады. Ол – құбыр энергетикасы.  Бұл енді еш жерде жоқ. Құбыр энергетикасы бойынша ауаның қысымы жоғары аймақтарды ауаның қысымы төмен аймақтармен құбыр арқылы жалғасақ, құбырда өте қуатты, бір бағытта ағатын жасанды жел өзені пайда болады. Жаңағы құбырдың өн бойына әр қашықтықта генераторлар орналастырсақ, өте арзан, өте көп қуат алар едік. Мәселен,  қазір Алматыдағы электр қуатының бір киловаты 8 теңгеден асса,  құбырдан алынатын қуаттың бір киловаты 5-ақ тиын болар еді.  Сонда 8 теңге мен 5 тиынның арасы 160 есе.  Қазақстанда осындай жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Өйткені жер жағдайы жақсы. Жаңа энергия көздерін дамыту үшін еліміз­де заңдық негіз жасалды. Стратегиялық бағдар­лама бойынша күтілетін нәтижелерге көз сал­сақ, Қазақстанда балама энергия көздерін пай­далану үлесін 2012 жылға қарай 0,05 пайызға,  2018 жылға қарай 1 пайызға,  2024 жылға қарай 5 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үлесін (ірі су электр стансаларын есепке алмастан) 2024 жылға қарай жылына қуаты 3000 МВт және 10 млрд. кВт. сағатқа дейін арттыру жоспарланған.Сондай-ақ 2024 жылға қарай барынша тиімді аграрлық технологияларды елдің ауылдық аумақтарының кемінде 35 пайызына тарату мәселесі де қарастырылған.Электр энергиясын өндіру үшін жаңарты­латын энергия көздерін пайдалану саласында мемлекеттік реттеу экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын өндірудегі үлесін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Жаңартылатын энергия көздері – табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энер­гия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтық және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады.  Жаңар­тыл­ған энергия көздері – қазіргі заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және қолжетімді болады. Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті қазір болсын, болашақта болсын жердің барлық халқының энергия тұтыну көлемінен едәуір артады.

Электр энергиясын пайдаланбай қазіргі өмірді көз алдымызға елестету мүмкін емес, техниканың тез дамуы жағдайларында оған деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Сонымен бipre, техникалық,  прогрестің қоршаған ортаның ластануымен қоса жүретінін ұмытпағанымыз жөн. Осыған байланысты, экологиялық, таза энергия көздері туралы мәселе аса маңызды бола түсуде. Энергетиканы дамытудьң жаңа жолдары осындай көздерді іздестіруге және дамытуға бағытталған. Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының энергетикалық, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін отынды үнемдеуге,  халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған. Жасырын емес, қазір әлемде қуат тапшылығы сезіле бастады. Ал енді Қазақстандағы мұнай мен газдың қоры 15-20 жылдан аспайды. Қалған газ бен мұнайды өндіру экономикалық жағынан тиімсіз болмақ. Біріншіден, біздің мұнай аса тереңдікте жатыр, екіншіден, сапасы төмен. Оны өндіруге жұмсалған шығын өтелмейді. Сол себепті басқа қуат көздерін қарастыруға тура келетін күн де алыс емес энергияның балама көздері қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін болады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясы 2005ж  25-26 беттер

2. Казақсттанның ұлттық сөздік кітабы

3. Мұқашева А.Р «Жалпы жер тану» 2005 ж

4.Архангельскии М.Н «Курс физики и энергетики» 1975 ж 62-65 беттер

5. hppt//: Google.kz