Батыс Қазақстан облысы, Орал  қаласы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің

ІІ деңгей бойынша сертификатталған

 І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова Гульфайруз Ғайноллақызы

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - нәтижелі білім берудің негізі

     Ұстаз дегеннің өзі – биік атауға тең. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!» - деп ұлы данышпан Абай атамыз айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі – адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы. Осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр, ойлы, халқының салт – дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, сүйетін, бүгінгі заман талабы – жан – жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.

     Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қажет етеді. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпес. Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-

тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. «Мұғалім-өзі де оқуы керек...» - деп  П. Ф. Каптеров айтқан еді. Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады. [2]

     Бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету –мұғалімнің өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді. Мұғалімнің шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Жаңашылдық шығармашылық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда,

ынтымақтастықта  дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.

     Педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінің кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді қамтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандықтан, оның мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялық іс – әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жаңашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның  жан – жақты  білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. [3]

     Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа

сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде

жасалып жатқан реформалардың қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

      Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі.

            Мұғалімнің  кәсіби шеберлігі 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі:

1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).

2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай

туғызу).

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)

      Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру. [4]

      Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру.Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта жаңашыл тың идеялары мен түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

·                    Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс ұйымдастыра алатын;

·                    Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

·                    Жаңаша ой жүйесін меңгеретін ;

·                    Оқушылармен ынтымақтастықта бола білетін;

·                    Еңбекқор, білімді, шыншыл бола білетін;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктеріөсіп келе жатқан оқушыны жан-жақты байыту. Инновациялық білімді, дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялармен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін  жеке тұлға екендігіне ерекше  мән беруіміз керек.  Қазіргі оқушы:

·                    Дүниетаным қабілеті жоғары;

·                    Дарынды, өнерпаз;

·                    Ізденімпаз, талапты;

·                    Өз алдына мақсат қоя білу керек;

    Қазіргі оқытудың жаңаша  технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап  етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне – өзі баға беру деңгейі артып, өзін – өзі  анықтап, үздіксіз өзін -өзі дамытуға деген қажеттілік туады. [3]

     Әр адамның өзін – өзі  жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым –қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз. Мұғалімнің  шығармашылық  әрекетін  жоғарылататын кәсіби – тұлғалық  дамуды жеделдететін рефлексивтік үрдістерде көрінетін тұлғаның кәсіби сапасы. Ол маманның өз тәжірибесін талдау арқылы дамуды ынталандыратын жаңа кәсіби этолондар мен стандарттарды белгілеудегі ролін арттырады. Рефлексиялық қабілеттері дамыған мұғалімде оған деген тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне – өзі  сұрақ беруден бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл мұғалімнің шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі – одан өзіне қатысты белсенді позицияны таңдауды талап ететін рефлексиялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді.  Мұғалімнің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе алу, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білу сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім үшін білім мазмұнын, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, оқушылар ұжымының артықшылықтарын, соған сәйкес оқуды ұйымдастырудың формалары мен тактикалары жайлы ақпараттарды есінде ұстау қажет.      Сонымен қатар оларды дер кезінде еске түсіріп қажетіне жарата алу оның басты құндылықтарының бірі болып табылады. Кез келген жаңалық ең алдымен адамның қиялында пайда болатындықтан шығармашылық әлеуеттің құрамдас бөлігінің бірі – фантазия. Бұған дейін белгілі фактілерге қатысты жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан оның көркемдік және ғылыми-танымдық құндылығы орасан зор. Қиялдаудан туындаған шығармашылық белсенділік едәуір шамада ішкі ниеттерге, жекелей дарындылыққа және адамның қызметі үрдісінде қалыптасатын даралық тәжірибесіне байланысты. Фантазия арқылы адамның есінде сақталған қабылдау, елес бейнелері қайтадан өңделіп, сұрыпталып, жаңартылып, солардың негізінде мида жаңа бейнелер жасалады. Фантазия-педагогикалық актінің құрамдас бөлігі. Ол жаңа жоспарлар, бағдарламалар, технологиялар, т.б. жасауда, оны жүзеге асыруда іске қосылады. Нәтиженің қолдай болатынын болжау, бұрынғы елес-бейнелерді өзгертіп бір-біріне қосып, қайтадан бейнелеу арқылы, оқытуда жаңа жолдар табуға көмектеседі. Фантазия арқылы көрнекті ақын, педагог, психолог Мағжан Жұмабаев «Мылқау өмірге үн, сақау өмірге тіл беретін», жоқты бар, ар барды гүлді, көрікті қылатын, бізді асыға аяқ бастырып тәңірмен тілдестіретін сол фантазия» - деген. Шығармашылық әрекет жоғары әлеуметтік қажеттіліктерден туатындықтан оның нәтижесіне қарай қанағаттану немесе қанағаттанбау  реакцияларын бастан өткізеді. Бұл эмоциямен тығыз байланысты. Эмоция – толғану, сезім, көңіл-күй деген мағына береді. Эмоцияның жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Эмоциясыз, сезімсіз ізденушілік болмайды. Жақсылық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын-ала жасалған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады.

        Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына, бастайды. Ол адамның жоғары белсенділігінен, әрекеттің өнімділігімен, шығармашылықтың шаттығын сезінумен «құштарлық» пен эмоциялық ойға шолумен ұштасады. Шығармашылық үрдістің санадан тыс тәрізді болып көрінуі шығармашылықтың өзінің барынша саналығының нәтижесі, сананың ерекше айқындылығының, ойлар мен бейнелердің өзінше бір үлгіде айшықтана көрінуінің, естің, зейіннің, идеяны орындауға бағытталған құлшыныс пен ерік-жігердің жемісі. Шабытты шақтарында адам бойындағы бар күш жігермен әрекет етеді. Шығармашылық әлеует ұғымының құрамалары ретіндегі адамның тұлғалық сапаларының: еркіндік, шешімділік, тәуекелшілдік, тапқырлық, өнертапқыштықтың алатын орны ерекше. Адамның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алу, педагогикалық догмалардан еркін тұлға ғана тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойнына ала алады. Еркін адам өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы болғандықтан өзгелерді қайталамай, жаңаша тың жолдармен жүреді. Дәл осы сапа шығармашыл мұғалім үшін аса маңызды. Шешімділік – адамның өз бетімен жауапты шешімдер қабылдауға және іс-әрекетке оларды бұлжытпай жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барудың және бірнеше баламадан біреуін таңдаудың қажеттілігін туындатады. Осы кезде шешімділіктің маңызы зор. Сол қабылданған шешім үшін жауапкершілікті өзіне батыл алуды, іс-қимылдың дер кезінде болуын оны тез орындай білуді білдіреді. Шығармашылық әлеует-шығармашылық әрекетке негіз бола отырып, шешімді әрекеттің  орын алуын қамтамасыз етеді. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің құрамына оның кәсіби мәнді сапаларын жатқыза отырып, олардың бастылары ретінде: шеберлік, импровизация мен интуицияны атап өтеміз. [2]

      Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизация  жасай алуы жатады. Педагогикалық импровизация дегеніміз-мұғалімнің алдын-ала жоспарланбаған тосыннан пайда болған педагогикалық мәселені шешу үшін өзінің білік,  дағдысы мен іскерлігін шығармашылықпен іске қосуы. Педагогикалық импровизация  мұғалімнің шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына әсер етуші фактор. Өйткені импровизация кезінде мұғалімнің ішкі күштері мен қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын алады. Дәл осы жағдайда шығармашылық туады да әлеуеттің дамуына мүмкіндік жасалады. Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір басты мәселе – мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында  тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Педагогикалық әртістік тек әрекетте педагогикалық білім, білік, дағдыны тиімді пайдаланып қою ғана емес, тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін эмоцияналдық-бейнелік тетіктер жүйесі арқылы педагогикалық міндеттерді шешу барысында көркемдік логиканы пайдалану. Педагогика ғылым ретінде ой мен сезімдерді дамытады, адамның құндылық негіздерін  бекітеді. Ол педагогикалық үрдістің руханилығын арттырады, оның мазмұны мен формаларын адамсергіткіштік пен мейірімін қанықтырады, шығармашылық, шеберлік сияқты педагогикалық кәсібиліктің жаңа сапасы арқылы жасампаздыққа жеткізеді. Шығармашылық әрекет жоғары әлеуметтік қажеттіліктерден туатындықтан, сол қажеттіліктерді жүзеге асыру арқылы мұғалімнің құзіреттілігі қалыптасады. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін – өзі  жан – жақты  дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі-бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

  Пайдаланған  әдебиеттер:

1. Р.Қоянбаев «Педагогика» Алматы,1997ж

2.К.С.Құдайбергенова «Құзырлық амалының негізгі ұғымдары»  Алматы,2007ж

3.Қазіргі заманғы мұғалім.\\ Қазақстан мектебі. 2003ж. №6

4. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.\\Білім әлемі.Алматы, 2004ж. №6