Мектеп
жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие
берудің тиімділігі.
Тапенова Гулмира Саматовна
Тохметова Ляззат Тишбековна
Қазахстан. Қарағанды. КММ «Шапағат» балалар
үйі
Энциклопедиялық сөздіктерде «эстетика»
термині жан-жақты қарастырылып, оның адамның сезімдік
қабылдауының көрінісі ретіндегі мәні терең
ашылған. Жалпы «эстетика» термині ежелгі гректің «aijsgavnomas» -
«сезу», «aijsghtikov» - «сезіммен қабылданатын» деген сөздерінен
шығады. Оның негізгі мәні – нәтижесінде адам
өзінің қоршаған ортаға қатынасын
рухани-сезімдік дәрежеде сезінетін адамның болмысқа
шығармашылық және сезімдік қатынасын
меңгерудің тәжірибесін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәжірибе адам баласына
өте ерте замандардан тән болды, оның алғашқы
көрінісі архаикалық адамның протоэстетикалық
практикасынан көрінеді. Яғни олардың өз тұрмысын
әрлендіру үшін жасаған, қазіргі кезде біз өнер
саласына жатқызатын феномендер оның алғашқы
көрінісі болып
табылады.
Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік
құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем
мәдениет арқылы, халықтар
мен дәуірдің әлемдік көркем
құндылықтары арқылы, ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы
қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі
кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын
өнер құралдары арқылы анағұрлым
жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет,
әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес
шығармашылық қызметімен әлемдік
құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын,
ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде
және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы
және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс
қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды
тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты
жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін
қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне
тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді
және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,
өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда
әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле
қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша
мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте
шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну
үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән
саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды
әдеміліктің объективтілік критерийлерімен қаруландырады.
Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.
Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау
қырағылығы, ықыластылық,
қамқорлық баланың эстетикалық дамуының
негізі болады.
Адамдардық эстетикалық сезімдері
олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті
көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін
байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары
рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның
әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік
және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны
түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен
мінез-құлқы
айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы
көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке
бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын
толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен
алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін,
қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен
көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық
талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары
жетіле бастағанын көрсетеді.
Материалистік эстетика - эстетикалық
тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір
мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның
ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді
зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Ал, тәрбиенің теориясы болса,
эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық
қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстстика - болмыста
жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып,
адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне
алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста
әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.
Саздық қабілет шығармашылық
кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдағы
саздық шығармашылықтың әр түрі саз
жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің
ең қиын сабақтарының өзі жеңіл әрі
қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен
қатар, сабақтарды және түрлі іс-әрекеттерді
дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен:
саз сабағының өзін түрлі басқа сабақтармен,
іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және
балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру
шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап
етеді.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
үшін бағдарламаға сай еңбектенуде,
қазақтың халық өнерін және жаңа заман
бағытындағы өнер негіздерін ұстана отырып,
шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.
Баланың бойындағы әдемілікке,
әсемдікке іңкәрлігін (инстинкт) оятып, табиғат
сұлулығын сезіне білу қасиетін арттыруда экология
тақырыбы таптырмайтын құрал. Айдаладағы орман,
өзен – көл, тау – тас, жайқалған жасыл желек,
құстардың сайраған дауысы – осылардың бәрі
балалардың ой – қиялын, әдемілікті көре білу
қасиетін дамытады, талғамын қалыптастырады. Мәселен,
ежелгі грек аңыздарында айтылғандай, Марстың
жорыққа киетін дулығасына кептер ұя
салғандықтан, ол соғысқа аттануды кейінге
қалдырған көрінеді. Ықылым заманнан бері әдемі де
сүйкімді құс – кептердің бейбітшілік жаршысы саналуы,
әдемілік символы – аққу, ұлар, ақ
қарлығаш – бақыттың бастамасы, игіліктің иесі
ретінде бағалануы баланың жан дүниесін байытады.
Адамзат өмірінде, әсіресе
бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен тойлардың ерекше
әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны
мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене
қатысып, мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес
бағалау шеберлігіне үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды
балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек
қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат
боларлықтай етіп өткізудің мәні зор.
Мектепке дейінгі ұйымдағы саз
жетекшісінің негізгі мақсатының бірі - бұл
баланың сазға деген қызығушылығын ояту.
Бұл, қызығу құбылысының табиғаты
өте күрделі. Қызығуды ояту іс- әрекетке
жағымды эмоциялық талпыныс тудыру, сазды тану, саздық ойлау,
сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту. Саздық қабілет
шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі
ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр
түрі саз жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Кәсіпқой талантты саз жетекшісінің
ең қиын сабақтарының өзі жеңіл әрі
қызықты өтуі тиіс. Дәстүрлі жұмыстармен
қатар, сабақтарды және түрлі іс-әрекеттерді
дәстүрден тыс етіп ұйымдастыруға болады. Мәселен:
саз сабағының өзін түрлі басқа сабақтармен,
іс-әрекеттерін байланыстыра отырып өткізу және
балалардың бойында саздық кейіпкерлендіру
шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап
етеді.
Балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай
еңбектенуде, қазақтың халық өнерін
және жаңа заман бағытындағы өнер негіздерін ұстана
отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру
қажет.
Баланың бойындағы әдемілікке,
әсемдікке іңкәрлігін (инстинкт) оятып, табиғат
сұлулығын сезіне білу қасиетін арттыруда экология
тақырыбы таптырмайтын құрал. Айдаладағы орман,
өзен – көл, тау – тас, жайқалған жасыл желек,
құстардың сайраған дауысы – осылардың бәрі
балалардың ой – қиялын, әдемілікті көре білу
қасиетін дамытады, талғамын қалыптастырады. В.А.
Сухомлинский: « Табиғат әдемілігі бала жанының
тазалығын тәрбиелеу мен жан дүниесін дамытуда үлкен
орын алады,» - деген болатын. Осы сынды оқыту мазмұнындағы
шығармаларды экологиялық тәрбиеге тірек ету –
педагогтың басты міндеті.
Халықтық тәрбие хатқа
түскен ереже күйінде емес, тәжірибелік негізінде
жұрттың этникалық мінезінде қалыптасады. Болашақ
ұрпақты табиғат сырын ұғып – түсініп,
онымен жақын қарым – қатынаста болуға тәрбиелеуге
ерекше мән берген ата – бабаларымыз өмірдің өзінен
қалыптасқан кейбір салт – дәстүрлерді елеп – екшеп,
жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендіріп отырған.
Халық даналығынан туған «Орман – жер
сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал
қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер
бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық
рухын қалыптастырады.