Қарқаралы ауданы, Бүркітті
ауылының №20 Орта мектебі, КММ Қазақстан
Моншақпен кестелеу- қазақ
халқының қолөнерінің ерекше түрінің
бірі
Ертеде
халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен
әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ
халқының қолөнерінің өмірге келуі
халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына,
анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік
өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің
дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз
қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе
қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте
тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу,
өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен.
Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері
де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін
әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз
сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте»,
«Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп
атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр
халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи
ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты
өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Ең
алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның
атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен
шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет
елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя
құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді
түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек
өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы
мәлім бола бастады.
Қазіргі
кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта
жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге
жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер,
аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір
жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен
лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін
тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ
алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді
әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар
тоқу өте сәнді көрінеді.
Бисер
тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан
халық шығармашылығының және әшекей
бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден
бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар
жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш,
сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп
тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да
тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары
Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы
кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа
өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер
тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті,
шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр
адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде
есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу
керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың
да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда
болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда
болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен
әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын
Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда
Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп
Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан
үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі
селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның
ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына
араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай
ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек
дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл
Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған
бұйымдарды сатқан екен.
Кесте –
қазақ халқының қолөнерінің ерекше
түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне
заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі.
Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің,
суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді
әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін
көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар
сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін
көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және
кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу
үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте
тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды
және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер
дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі
дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан,
резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы
мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар –
жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар,
оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа
қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи,
жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп
түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ
қағаз. Калька түпнұсқа суреттің
көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті
сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз
пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік
қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар –
канва, тегіс боялған мата.
Еуропада
кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің
белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы
қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар,
жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол
жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де
ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен
сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа
кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте»,
«маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ
қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық
пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында,
әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі
мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің
тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз
айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз
маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп
қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Ш.Әбдуалиева
«Халық қолөнері»
2. «Мектептегі технология», «Технология в школе»
журналдары.