Педагогика. Современные методы педагогики
ҚАЗАҚ ТІЛІ
САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сванкулова Айгул
Кудайбергеновна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№108
жалпы білім беретін мектебі
Алматы
қаласы, Қазақстан
Республикасы
«Интерактив» деген сөз ағылшынның «inter-act»
- өзара әрекет ету деген сөзінен шыққан.
Яғни интеракция- жеке индивидтердің, топтың,
жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек
әсер етуі.
Интерактивті оқыту - бұл
таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы.
Оқытудың бұл формасы алдына нақты және
бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының
бірі- оқу процесінің өнімділігін арттыратын білімгердің
ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы
жағдай тудыру.
«Интерактивті
оқыту» 1990 жылдары
интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. «Интеракция» термині
әлеуметтік психологияда да бар.
Онда кейбір ғалымдар адамдардың өзара бірлескен әрекеті
деп көрсетсе, кейбіреулер қарым-қатынастың бір
түрі деп біледі. Әдіскер ғалымдар «интеракция»
ұғымын жан-жақты саралай келе, оны жүйе ретінде
төмендегіше сипаттайды:
-екі не одан да көп қатысушының
біріккен әрекеттерін талдаудың бірлігі болып табылатын
дидактикалық жүйе;
-ұжымдық (топтық) іс-әрекет;
-әрекет
нәтижесіне рөлдік жауапкершілік;
-басқа тұлғамен субъектілік
байланыс;
-тұлға әрекетінің басқа
мүшелердің қасиеттеріне тәуелді болуы және
оларға ықпалы.
Оқытудың интерактивті моделін
қолдану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік
ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді.
Интерактивті оқыту кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра
білу қабілеті де көрінеді. Интерактивті әдістермен
сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші,
серіктес рөлін атқарады. Оқытушы жаңа біліммен бірге
оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі оқушылар белсенділігімен алмастырылып, оның
міндеті оқушыларға белсенділікті қамтамасыз ететін
оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.
Интерактивті әдістерді өз орнымен
пайдалана білген жағдайда ғана оның тиімділігі мол. Сол
себепті әдіскер мамандар интерактивті әдістерді мынадай рқыту
үрдісінде пайдалануды ұсынады:
1) аудиториядағы
дәстүрлі курстарда;
2) мультимедиялық сыныптардағы дәстүрлі
курстарда;
3) СД немесе интернет көмегімен өз бетімен
оқуда.
Аудиториялық
сабақтарда оқытудың
интерактивті формаларын қолдану үшін төмендегідей
мақсат қою шарт:
-белгілі бір жұмыс түрін орындауда
практикалық дағдыны қалыптастыру;
-көрнекі құралдар мен есте
жақсы қалатын материалдарды пайдалана отырып оқыту;
-белгілі бір мәселені шешуде білімгерлер
ұжымының қатысуын қамтамасыз ету;
-тест көмегімен
аралық аттестациядан өткізу.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу
үшін төмендегідей интербелсенді
формалар қолданылады:
1. Компьютерді қашықтықтан басқару
бағдарламасы;
2.Интерактивті тұсаукесер. Оларға бейнероликтер, анимациялар,
дыбыстық сүйемелдеулер жатады;.
3. Интерактивті саяхат. Сабақ тақырыбы бойынша қажет
материалдармен таныстыратын интернет ресурстарына саяхат жасау;
4. Кейс-технологияларын пайдалану. (СD,DVD дискілеріне
білімгерлердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға
арналған тапсырмалар мен үлестірме материалдарды жазу).
5. Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін
бағалау;
6. Аудио және бейнеконференция өткізу;
Конференцияның бұл түрін
«дөңгелек үстел», «Миға шабуыл», «дебат», «фокус-топ»
және т.б. оқыту формаларын қолдану арқылы
ұйымдастыруға болады. «Пікірлер шегі» әдісі-
бұл әдіс танымдық міндеттерді өз бетінше талдау
және тұжырымдау қабілетін қамтиды. «Дөңгелек
үстел» әдісі- оқытуда бұл әдіс әр
түрлі ғылыми аспектілерде әр түрлі маман иелерін
қатыстыра отырып, теориялық проблемаларды меңгерудің
тиімділігін арттыруда қолданылады. «Дискуссия» -
даулы мәселелерді қызу түрде талқылау үстінде
қатысушылардың әр түрлі көзқарасы
көрінетін әдіс. «Ажурлы ара»- оқушылар
оқытылған ақпаратты бір-біріне мұғалім ретінде беретін әдіс. «Миға
шабуыл» - белгілі бір проблеманың коллективтік талқылануы,
топтық генерацияландыру әдісі. «Дебаттар» -
өз көзқарасын жүйелі түрде бнруге, өзін
қолдауға керекті нақты фактілер мен дәлелдерді
табуға үйрететін тиімді құралдардың бірі.
Осы формада өткен сабақты аудио және
бейнетаспаға жазу арқылы оны келесі сабақтарды талдауда
алғашқы сараптама материалы
ретінде пайдалану аса тиімді саналады.
7. Фокус-топтық пікірталастар өткізу. Интерактивті
оқытудың бұл түрінің ерекшелігі:
мәліметтердің жеткіліктілігі, оларды алудың өзіндік
айырмашылықтарының болуы, мәселені шешудегі тереңдік,
дербестік. Басты артықшылығы нәтижелерді әртүрлі
мақсатта (оқу, іскерлік, әкімшілік) бірнеше рет
қолднуға болады, сонымен қатар білімгерлер мен шағын
топтағы тыңдаушылар эмоциональдық
қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік алады.
8. Оқу үрдісін іскерлік ойын түрінде
ұйымдастыру. Рөлдік ойындар өмірдегі түрлі
жағдаяттарды модельдейтіндіктен, оның қолданыс аясы тек
білімгерлермен жұмысты ғана қамтып қоймай, сонымен
қатар мамандардың біліктілігін көтеруде де қолданылады.
Интерактивті оқыту жеке білімгермен
жұмыс,топпен жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
Мәселен, қазақ тілі сабағында интерактивті
әдістерді қолдану кезінде оқушыларды топқа бөліп, оларды белсенді
әрекет етуге, бірін-бірі қолдау,толықтыру арқылы
сұхбат құруға үйретуге болады.Екі
оқушының сұхбатына
үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы
болуы да мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан, ол
сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі
оқушының сұхбатында айтылмаған тақырыпқа
қатысты тың дерегімен қатыса алады.
Сонымен қатар бұл әдіспен
өткізілген сабақта мұғалім әр оқушыға
жеке көңіл бөле алады. Себебі, әрбір
оқушының жеке өзіне ғана бөлінген тапсырмасы
болады. Мұнда әрбір оқушы
өз жұмысының нәтижелі болуын көздейді.
Сөйте тұра, олар жұп болып, топ болып жұмыс
істейтіндіктен, бірлескен әрекеттерінің жеткілікті болуын да
мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен оқушылар
озат оқушылардан кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан
көмек алса, ал озат оқушылар топтық әрекетте артта
қалмау үшін сабақты нашар білетін, не білімі төмен
оқушыларға көмек
береді. Осылайша интерактивті әдіс - оқушыларға
мәселені бірігіп шешуді үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу
әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді.
Интерактивті әдіс барысында олар мәселені бірігіп шешіп қана
қоймай, бірлесуге, ұйымдасуға бейімделе отырып, оқып
үйренуге тырысады.
Интерактивті әдісте, мұғалім
ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді
де оқушы белсенділігі арта түседі.
Интеракция кезінде мұғалім
жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз
мүмкіндігін шектеп, онда оқушының белсенді болуына
жағдай жасайды. Мқғалімнің интеракция кезіндегі әрекет жүйесін төмендегіше
бөлуге болады: Олар: мақсат қою, жұмысты жоспарлау,
тапсырманы бөлу, оқушы әрекетін бақылау және
бағалау. Оқыту кезіндегі топтар сабақ өтуге
қолайлы шағын оқушылар
санынан (3-5) тұрады және мұғалімнің
алдына қойған мақсатына сай құрылады. Топтық
жұмыс диалогтық түрде де, монологтық түрде
де іске асуы мүмкін.
Интерактивті
оқытудың мақсаты- оқу процесінің барлық сатысында
бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушыларды жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып,
топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз
міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ
нәтижеге қол жнткізуге ұмтылдыру. Серіктестікке, бірігіп
жұмыс істеуге және жаңалықтар ашуға
арналған осындай әдістер
мұғалім мен
оқушыларды жақындатып,
оқуға деген қызығушылығын арттырады, сабақ
үстіндегі енжарлықтан арылтады. Бір сөзбен айтқанда,
интерактивті әдістерді өз шеберлігімен ұштастырып,
сабақтарында тиімді пайдалана білген мұғалім оқу
үрдісінде көп жетістіктерге
жетері сөзсіз.