Педагогические науки/Современные методы преподавания
Тулеубекова С.О., Оспанова Б.М.
«№1 гимназия» КММ, Қарағанды
Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ
ХХІ ғасырда
білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түбегейлі
өзгерту кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Өйткені
қазіргі кезеңдегі ақпараттардың толассыз ағыны
оқушыларға әрі қарай ауыр соғатыны анық.
Сондықтан да педагогтардың қазіргі таңдағы басты
міндеті – білімді
үйіп-төгіп беру емес, берген білімді өз бетінше тиімді игеру
үшін оқушыларды қажет құралдармен
жарақтандыру. Оқу машығының, яғни
«оқығанды тоқи білудің» барлық
құралдары оқушының біліктілік қоржынында
сақталуы тиіс. Аталған құзырлылық мәселесі
барлық педагогикалық тұжырымдамаларда
қарастырылған, дегенмен оған педагогикалық біліктілікте
және Еуропалық біліктілік жүйесінде (2006ж.) айрықша
ден қойылған. Еуропа кеңістігіндегі білім беруде ортақ
бөлгіш болып саналатын Еуропалық біліктілік жүйесінде
(2006ж.) Оқу машығы құзырлығы мынадай сипатта
берілген.Анықтамасы: «Оқу машығы» – бұл оқумен
шұғылдану қабілеті және оқудағы
табандылық. Мотивация мен сенім (өзіне сенімділік) жеке
біліктіліктің шешуші шарты болып саналады.Алған білім мен
өмірлік тәжірибелерді қолдануға ынталы болу,
оқуға мүмкіндік табуға және біліміңді
өмірдің түрлі жағдайларында қолдануға
ұмтылыс жасау – бұлар әрдайым оң жолға бастайтын
бағдаршам іспетті. «Мәңгілік Елді жалпыұлттық
идея етіп бағдарлап, оны Қазақстан халқын біріктіруші
күшке, таусылмас қуат көзіне айналдырғандықтан»,
осы идеяны жүзеге асырудың тетігі не болмақ, білім беру
ісінде қандай ұстанымдарды басшылыққа алуымыз керек
деген сұрақтар туындайды.
«Тәуелсіз Қазақстан елі
– мәңгілік» деп айта
бергеннен мәңгі болып қала бермейді. Мәңгілік ел
болып қалудың тетіктері Елбасының Қазақстан
халқына арнаған Жолдауларында, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
бағдарламасында, «Ұлт жоспары –100 қадам» реформасында
анық айтылған.
Енді біздің
алдымызда, білім беру ісінің қызметкерлерінің алдында,
жастарды саналы түрде «Мәңгілік Ел болып қалу» идеясына
бағыттаудың басты ұстанымдарын айқындап, оларды
жүзеге асыру міндеттері тұр.
Қазақстан – өзін
әлемдік қоғамдастықта сеніммен таныта алған жас
ел, сондықтан алдына биік мақсаттар қоюы заңды.
Ағымдағы жылда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жариялаған «Мемлекет дамуындағы нақты 100
қадам» стратегиялық ұлттық жоспарымен таныстыру
барысында еліміздің жақын жылдар арасындағы дамуындағы
басты бағыттарды атап көрсетті. Білім әрқашан ел
экономикасының артуын және бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық саласы әрі
ресурсы болып қала бермек. Сондықтан бәсекеге төтеп
беруді көздейтін әлемнің барлық елдері, ең
бірінші, білім беру саласын дамытуға тырысады. Қазақстандықтар
үшін орны ерекше құжат болып табылатын «100 нақты қадам»
Ұлттық жоспарында білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған қадамдар
қарастырылған. Соның ішінде 12 жылдық білім беруді
кезең-кезеңімен енгізу, функционалды сауаттылықты дамыту
мақсатында білім беру стандарттарын жаңарту, жоғары мектептер
мен жоғары оқу орындарында көп тілділік білім берудің
жаңа моделін енгізу және тағы басқа мәселелер
көтерілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту, өз бетінше ізденіс, сыни баға беру мен сараптама жасау
дағдыларын қалыптастыруды көздейтін білім беру мазмұнын
жаңартуға көшуді жүзеге асыру арқылы білім беру
сапасын арттыруды, яғни «білетін
адамнан» «шығармашылық тұрғыдан ойлана алатын,
өзін-өзі дамыта алатын адамға» ауысуды мақсат етіп
қойып отыр. Мектептегі білім беру жүйесіндегі әлемдік
тенденцияның негізгі бағыты дәстүрлі репродуктивті оқыту тәсілінен жаңа конструктивті құзырлылық білім беру моделіне көшу болып отыр.
Қазіргі
педагогика баланың оқуға, өзінің танымдық
қуатын ашуға, жаңа білімді алуға үнемі
талпынуға үйренуіне бағытталған. Оқу
процесінің табысты болуы мұғалімнің балалармен,
балалардың бір-бірімен, әр баланың мұғаліммен,
оқушының ұжыммен өзара қарым - қатынасына
байланысты.
Оқыту
әдістемесі деп біз нені
түсінеміз?
Бұл –
оқушының өзіндік ойлау қабілеттері мен
қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беретін
мұғалімнің оқушылармен жүйелі жұмыс
тәсілі, білімді және ептілікті меңгеруі, оны тәжірибеде
қолдана білуі.
Интерактивті
оқыту оқушының санасына ғана әсер етіп
қоймайды, олардың сезіміне, еркіне (әрекетіне,
дағдысына) жағымды әсер етеді. Ғалымдардың
зерттеуі де интерактивті тәсілдер арқылы оқушының
оқу материалдарын жылдам меңгеретіндігін дәлелдеген.
Оқытудың интерактивті тәсілдері мынандай міндеттерді шешуге
көмектеседі:
- Әрбір оқушының оқу материалын меңгеру
үрдісіне белсенді араласуы;
- Танымдық мотивациясын арттыру;
- Табысты қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру (бірін-бірі
тыңдай білу, сөйлесім құра білу, түсіністікпен
сұрақтар қоя білу);
-
Өзіндік оқу қызметінде дағдыларын дамыту:
жетекші және аралық тапсырмаларды анықтау, өз
таңдауының нәтижесін алдын-ала қарастыра білу, оны
объективті бағалау;
- Лидерлік қасиетін тәрбиелеу;
- Топпен және топ ішінде жұмыс
істей алу;
- Біріккен
және жеке қызметте жетістіктерге жету үшін жауапкершілікті
сезіну. Көптеген әдістердің атауының шартты түрде
екендігін де айта кеткен жөн. Бір ғана атау бірнеше мазмұнды
белгілеу үшін жиі қолданылса, керісінше бір ғана әдіс
түрлі атаулармен кездеседі.
-
Шығармашылық тапсырмалар.
- Шағын топтармен
жұмыс.
- Ойындар
(рөлдік, іскери, білімдік).
- Сергітулер .
- Мәселелерді
шешу және талқылау (жобалау әдісі, пікірсайыс, зерттеу).
- Жаңа
материалды үйрену және бекіту (оқушы мұғалім
рөлінде, көрнекі құралдармен жұмыс,
практикалық сабақтар).
- Әлеуметтік
жобалар (жарыстар, спектакльдер, қойылымдар, көрмелер).
-
Қоғамдық ресурстарды пайдалану (мамандарды шақыру,
саяхаттар).
Оқушыларды
оқу топтарына бөлудің бірнеше тәсілдері бар. Топ
мүшелерінің тізімін алдын ала анықтап, іліп қоюға
болады. Оқушыларды топқа бөлудің ең
қарапайым жолы – «бір», «екі»
сандарымен санату. Бір санын атағандар бірінші топты, екі санын
атағандар екінші топты құрайды.
Қажетті
уақыт бойы топ құрамының тұрақты
сақталуы оқушылардың топпен жұмыс істеуде жетістікке
жету шеберліктерін шыңдайды. Интерактивті оқытуда
тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Ал топ
құрамының ауысуы барлық оқушыларға әр
түрлі адамдармен жұмыс істеуге және оларды тануға
мүмкіндік береді. Топты құра отырып, мынандай
жағдайларға көңіл бөліңіз: оқушылардың
топтық жұмысты орындауға білімі мен іскерліктерінің
жететіндігіне көз жеткізіңіз.
Интерактивті
оқыту – танымдық
әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол нақты және болжанған мақсаттарды
көздейді. Интерактивті оқытудың мәнісі – оқу үдерісін барлық
оқушыларды практикалық тұрғыда таным үдерісіне
жұмылдыратындай етіп ұйымдастыруда. Бұл
оқушылардың жаңа білім алып қана қоймай,
танымдық әрекеттерін дамытуға мүмкіндік
туғызатындай бір-біріне тілектестік, бірін-бірі өзара қолдау
жағдайында өтеді және бірлесу мен
ынтымақтастықтың аса жоғары формасына айналады.
Оқушылардың табысқа жетуінің шарттары:
1.Айналасындағылардың
тілектестігі: оқушылардың жайғасуы, бір - біріне
күлімдеп, достық қатынаста болуы, тапсырманың орындалуы
мен күтілетін нәтижеге деген қызығушылық –
осының бәрі психологиялық қыспақты жойып,
сәтсіздік қорқынышын азайтып, субьектінің белсенділігін
арттырады. 2.Субьектінің белсенділігін «Бұл бізге өте қажет,
өйткені...», «Бұл сен үшін өте маңызды,
өйткені...» деген сөздермен арттырып отыру керек. Оқушы
әрекетінің маңыздылығын баса айту
тұлғаның өзіндік мәнін арттырып, өз
күшіне деген сенімін туғызады.
3.
Қорқынышты сейілту –
бұл табысқа жетуді көздейтін және
сәтсіздіктен қорқатын әрбір оқушы үшін
ең қажетті әрекет. Сондықтан педагог «Бұл онша
қиын емес... Тіпті жүзеге аспаса да ештеңе етпейді, біз
басқа тәсілдерді іздейміз...» немесе «Біз бәріміз саған
көмектесеміз» дегенді айтып отыруы керек.
4.«Жасырын
нұсқау» – бұл әрекет етудің басқаша
түрі, яғни адамға бүркеме көмек көрсету.
Мұнда оқушы толықтай өзінің ресурстарына
сүйене отырып, ешқандай көмексіз жұмыс істеуге
үйренуі тиіс. Тәжірибесі, икемі болмағандықтан
алғашында істей алмауы да мүмкін. Педагог мұндай
жағдайда: «Есіңде ме, әрине, мынадан бастау керек...», «Мына
жағынан кіріскен ыңғайлы...» немесе «Мұнде ең
бастысы... » деген сөздермен қолдау көрсетеді. Жасырын
нұсқау оқушы санасына елес береді, ол өз
әрекетінің барысына қажетті картинаны көреді. Аталмыш елес
субьектінің өзіндік қадам жасауына негіз болады.
5. Достық
жағымды берік қатынас –
бұл адамның әлі ашылмаған жақсы
жақтарының айналасындағылар арқылы ашылуына негіз
болады. Мысалы; «Сендей ақылды (күшті) адамның қолынан
бәрі келеді» деген сияқты сөздермен
қасындағылардың демеу көрсетуі.
6 .«Жеке ерекшелік»:
бұл операция «Тек сенің ғана қолыңнан келеді....,
біз саған ғана үлкен сенім артамыз» деген сөздер
арқылы субьектінің жауапкершілігін арттырып, тез әрекет
етуіне ықпал етеді.
7.Педагогикалық
иландыру – тәрбиеленушіні сендіру, нандыру тәсілі. Бұл
көп жағдайда бүтіндей педагогикалық шеберлікке
байланысты.
8 .
Педагогикалық операция жүйесі бала әрекетінің
нәтижесін бағалаумен аяқталады. Ол баланың жеткен
табысына қаншалықты қуанғанын анықтайды.
Бағалау тұтастай емес, нақты болуы керек. «Маған
көбірек ұнағаны, сенің...», «Әсіресе саған
орайы келгені...», «Мына көрініс таңқалдырды...» деген
мадақтаулар арқылы әр оқушының жетістігін жеке
дара бағалаған дұрыс.
Интерактивті
оқыту технологиясы орыс мектептерінде қазақ тілін
оқытуда коммуникативтік-танымдық құзіреттілігін дамыту
бағытын ұсынады. Қазақ тілін интерактивті оқыту
субъектілерінің бір-бірімен ынтымақтастық
қарым-қатынаста, бір бағытта бірлесе отырып өнімді
еңбектенуі, эмоционалдық және рухани
құндылықтарының үндесуі негізінде сипатталады.
Тіл үйретудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда,
интерактивті оқыту технологиясында мұғалім мен оқушы
арасындағы оқу әрекеті кезектесіп ұйымдастырылады:
мұғалім белсенділігі қазақ тілін үйренуші
оқушының белсенділігіне орын береді. Мұғалім тарапынан
ұсынылатын деңгейлік тапсырмалар олардың бастамасы үшін
жағдай жасаушы болады.
Тіл үйрету
сабақтарында интерактивті қатысым жасауға
бағытталған жеке, жұптық және топтық
жұмыс түрлері ұйымдастырылады, интерактивті ойындар
қолданылады, түрлі ақпараттармен шығармашылық
жұмыс жасайды. Интерактивті оқыту технологиясы
мұғалімнің жоспарлы ұйымдасқан жетекшілігі
арқылы тіл үйренушілердің тілдік бірліктерді меңгеріп,
оны тілдік коммуникацияда орынды қолдана білу нәтижесін
жетілдіреді. Бұл оқушылардың сөйлеу мәдениетін
жетілдіріп, тілді меңгерудің қиындығын жеңілдетуге
көмектеседі. Оқушылардың тілді меңгеру қабілеті
әр түрлі. Сондықтан
мұғалім жеке деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. Топтық
әрекетте артта қалмас үшін тілді жоғары деңгейде
меңгерген оқушылар білімі төмен достарына көмектеседі.
Интерактивті оқыту технологиясы тілді меңгеруді бірігіп шешуді
үйретеді. Сонымен қатар оқушылардың бір-бірімен
достық қарым - қатынаста болуын қамтамасыз етеді.
Қазақ тілін интерактивті оқыту технологиясының
дидактикалық, психологиялық талаптар негізінде ұйымдастырылуы
мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Н. Назарбаев «Мемлекет дамуындағы нақты 100 қадам»
стратегиялық ұлттық жоспары Астана, 2015
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық
іс-қимыл жоспары Астана, 2012
3. «Об особенностях преподавания основ наук в организациях РК в 2015-2016 у.г»
Инструктивно- методическое письмо
Астана, 2015
4. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы «Мәңгілік ел» Астана , 2014 жылғы
5. Л.В. Занков Дамыта оқу
жүйесі.
6. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта
оқыту технологиясы.
7. Еуропалық біліктілік жүйесі Алматы, 2006