ӘОЖ:574.24:371.83:57

 

Абдрасулова Қ.*, Жусупова Г.*, Раманова Л.*, Нургалиева А.А.**

 

* - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Биология» мамандығының магистранты

** - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Биология» мамандығының докторанты

 

Құзырлық және оның жоғары оқу орнында құзырлы тұлға тәрбиелеудегі маңызы

 

Құзырлық    бұл  алынған  білім  негізінде  әрекет  жасау   қабілеттілігі. БЕД- пен (білім, естелік, дағды) айырмашылығы,  құзырлық,  жан-жақты білімге  сүйене  отырып,  өз бетінше  әрекет  ету  тәжірбиесін  талап  етеді.

Құзырлық    бұл,  білім  мен  ептіліктің  әлеуметтік  тәжірбиеде  тіршілік етуі. Л.М.Долгова  құзырлық- бұл,  адамды  іс-әрекетке  кірістіру шарасы (оның  әлеуметтік  кесегі).  Құзырлықты  таныстыру  қызметі  түсіндіруші емес, біліктілікке  баға   беруші ретінде  қарастырылады.  Құзырлық жөніндегі  ұғым,  баға  беру  мен  біліктілік  жөніндегі  пікірді  өзгертеді. Жеке  адамның  ішкі  дүниесінде  бір  нәрсенің  болуы  маңызды  емес,  барды  қолдана  білу  мүмкіндігі  маңызды [1].

Құзырлық – бұл  бір  нәрсені  жақсы  немесе  тиімді  етіп  жасау  қабілеттілігі: қабілеттілік –  белгілі  бір  іс-қызметтерін  орындау  талаптарын   қанағаттандырады.  Құзырлық негізделген  білім  беру – ол  кез-келген  белгілі  бір  рольді,  мамандықты, карьераны  талап  ететін,  қарым-қатынасты,  тәртіпті,  дағдыны,  білімді, үйренуді  мақсат  тұтуды  сипаттау  болып  табылады.

Құзырлық – бұл  күнделікті  өмірде  нақты  жағдайларда  кездесетін әдеттегі  мәселелер  мен   тапсырмаларды   тиімді  шешуге  жағдай  жасайтын  ерекше   қабілеттілік. Жаңа эраның  психологиясы:  құзырлық  немесе  шарасыздық [2].

Қазіргі   ұғым  бойынша   құзырлық:

біріншіден,  соңғы  мақсаттарын  айна –қатесіз  көруі;

екіншіден, топ  ішінде  өз  ісін   шебер  ұйымдастыра  алуы  негізінде қойылған  мақсатқа  оңтайлы  жолмен  қол  жеткізе  білуден тұрады.

Құзырлық  – бұл  кәсіби, сауатты  пайымдау, баға  беру, пікір  айтуларға мүмкіндік  беретін  білімдер мен  ептіліктерді  игеру  іспеттес. Құзырлық  - жекеленген  интегралданған,  заттық,   құрал-саймандық ерекшеліктерінен  құраушылардан  тұратын  жүйедегі  қабілеттілік. Құзырлық – бұл  білімді  игеру  ғана  емес,  ол  сол  білімдерін  үздіксіз дамытып,  жаңартуға тырысу  және оны  нақты   жағдайларға   қолдана  білу, яғни   жедел  және  ұтымды   білімдерді  меңгеру, икемді  әдіс  пен    сын көзбен  қарай  білу  жүзінде  анағұрлым   ұшқыр  және  тиімді  шешімдерді таңдау  қабілетін  танытып,  жалғандарынан  бас тарту. Құзырлықты  анықтау – білімді  пайдалану  үшін  қажетті  ептілік, тәжірибе, теориялық   қолданбалы  даярлықтарды  қамтитын  білімдерден  тұрады [3].

Құзырлық пен  кәсіби  құзырлық  ұғымын  талқылауға  арналған  түрлі сараптамалар  барысында,  сондай-ақ,  олардың  құзырлық құрамының мұғалімнің  кәсіби  жетістігін  сипаттайтын  құзырлықтарының  бірі  ретінде  ақпараттық-коммуникациялық құзырлық соңғы кезде маңызды бір элемент болып қарастырылады.  Қоғамдағы  қазіргі  заманғы   өзгерістер  жоғарғы педагогикалық  білімнің  негізгі  парадигмасы қайта  қарауға  алып  келеді. Бүгінгі  күні  кәсіби  даярлық адамзаттың  мәдени  тәжірбиесін  әлеуметтік  ортада  өз  орнын  тапқан,  өз шығармашылығын   дамытуға  ұмтылатын,  болашақ  кәсіби   іс-әрекетінде  өзін-өзі  жетілдіруге, өзін-өзі  танып  білуге  бейім  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  процесі  ретінде   жиі  қарастырылып  келеді.  Болашақ  педагог- оқытушыны даярлау  сапасының   интегративті   көрсеткіші  болып, мұғалімнің  кәсіби құзырлығы  белгіленуі  мүмкін. Ол  оның  білімдері  мен  ептілігі дәрежесінде  анықталмаса  керек,  яғни,  нақты  бір  жағдайда  адамның  алған,  жинаған   тәжірибесін  толығымен   пайдалана  білу   мүмкіндігі[3].

Қазіргі  заманғы  ғылыми  зерттеулерде  «құзырлық»  ұғымы  кәсіптік,  әлеуметтік - педагогикалық,  әлеуметтік - психологиялық,   құқықтық  және басқа да сипаттағы  күрделі,  сыйымды  мағыналарды  біріктіре  білуімен, сондай-ақ:

- нақты  бір  пән  саласында,  нақты  бір  әрекетті  орындауға  керектігімен және тар  шеңберлі  білімі  мен  ойлау  қабілетін,  дағдыларын   қоса  алғанда  өз  ісіне   жауап  беру  керек  екенін  ұғынуы; 

- адамды  әрекетке  кірістіру  шарасы  түрінде,  бұл  ретте,  білім -  мәліметтер жиынтығы  ретінде  емес,   жағдайды  ойша   қайта  құру  құралы  ретінде;

- жеке  тұлғаның өзара байланысты қасиеттерінің (білімі, ептіліктерді, дағдыларды,  әрекет  ету  тәсілдері)  заттар мен  процестердің  белгілі  бір ортасына  қатысты  болатын  және  соларға  қатысты  сапалы  әрі  жемісті әрекет ету  үшін  керекті  жиынтық  екендігімен  түсіндіріледі.

Маманның  кәсіби  құзырлығы – жеке   тұлғаның   қабілеттерінің, қасиеттері  мен  ерекшеліктерінің, сол  сияқты, кез-келген  бір  салада  табысты  кәсіби  әрекет  ету  үшін   қажетті  білімдері  мен  тәжірбиелерінің  шоғырлану  жиынтығын  көрсетеді. (Л.И.Кобышева,  Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова,  Г.В.Мухаметзянова,  А.М.Новиков,  В.А.Сластенин, А.П.Тряпицына,  С.Н.Чистякова  және  тағы  басқалар). Зерттеушілер  маманды  кәсіби  тұрғыда  даярлаудың  келесі  құрамдас  бөліктерін  атап көрсетеді.

- кәсіби  түрде  өзін-өзі  анықтау  мен  таңдай  білу  әрекеті, яғни  ол,  сәтті кәсіби  іс-әрекетке   қол  жеткізу  шарттары  болып  табылуы  тиіс;

- кәсіби  бағыттылық, студенттің  мамандыққа  деген  сұранысы  және  мәнді  бағытын  көрсететін  кәсіби  іс - әрекетке  деген   психологиялық  бағдары  ретінде;

- кәсіби  даярлық,  студенттің  ғылыми -  теориялық,  психологиялық,  практикалық   дайындығын   сипаттайтын  күйі  ретінде.

Техникалық  білім  даму  сатысының  бұл   кезеңінде  ең  басты өндірістік  құндылық  ретінде  кәсіби  іс  санатының  орнын  құзырлық алмастырады.  Құзырлықты  бағалау  әдістері  мен  оның  құраушы   бөліктері  жөнінде  әзірге  бір  жақты  пікір  қалыптаспағанын  құзырлықты  зерттеу  мәселелеріне  қатысты  әдебиеттер  сараптамасы  көрсетіп  отыр.  Отандық   және  шет  елдік  зерттеушілердің  көзқарастары  мен  студент құзырлығы  деген  ұғымды  егжей - тегжейлі  қарастыра  келіп,  авторлар, құзырлыққа  баға  беру  жағдайында  бағдарламалық  және  алгоритмдік  жетілдірулер  негізінде  құрымдық   үлгі  ұсынған  болатын.  Мысалы, техникалық  жоғарғы  оқу   орындарындағы   студенттердің   құзырлығын бағалау  мен  өлшем  әдістерін  жетілдіру  мәселелеріне  арналған  еңбектер  топтамасының  жалғасы  болып   табылады [7].

Бүгінгі  таңда  студент  құзырлығының  дамуын  бақылайтын  және  бағалайтын  тиімді  жоба  нұсқасы  жасалған  жоқ. Ол  тікелей  құзырлық  деңгейін  өлшеудің   күрделілігінен.

Қазіргі  заманғы  қоғамның  шарттары  бойынша  мамандарды  даярлау  мәселесі  нәтижемен  тенденцияны есепке алу, ғылыми  білім  беруде  жеткілікті  іске  асады. Ол  ғылыми  зерттеулердің  мөлшерімен  түсіндіріледі. Әлеуметтік  болжам  бойынша  адамдық  өркениет сапалы жағдайға  өтуіне  сәйкес, оның  мінез - құлқы  бойынша  негізгі  азық - түлігі бойынша  еңбектің  ақпараттық  нәтижесі. Кәсіптік  даярлау  жүйесінде мұндай  өзекті  мәселені  қайта  өңдеу  студенттердің  ойлау  қабілетінің дамуына  әсер  етеді.

Түлектердің еңбек нарығында бәсекелестік жағдайлардың қамтамассыз  ету  қорытындысы  бойынша  қолданылады. Сол  себепті  білім беру  процесінде құзырлы мамандарды даярлау жоғары мектептің негізгі мәселелерінің бірі.

Жоғарғы  оқу  орындарындағы  болашақ  мамандарды  даярлау  жүйесінің тиімділігі, баға  көрсетілімдігі  қайта  өңделіп қарастырылуы болашақта бәскеге қабілетті мамандарды тәрбиелеуге ықпал  етеді.

 

 

 

 

 

 

 

Резюме

 

В данной статье раскрыто понятие компетентности, дана характеристика основных критериев компетентности. Наряду с этим выделена роль компетентности в формировании конкурентноспособного специалиста. Выделена роль информационных технологий в формировании компетентности.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Дүйсекенова  З.Қ. Бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен даму жолдары. // Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы. Респ. ғылыми-практ. конф. матер.- Атырау- 2008. -28-30б.

2.     Қасымова Ә.Қ. Жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында бір тұтас педагогикалық процесті техлогияландыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі //Педагогика мәселелері. Вопросы педагогики.- 2006.- №1. -26-29б.

3.     Қазақстан Республикасының  2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011.

4.     Бектенгалиева. Педагог кадрлардың білімін тарттыту- инновациялық тохнологияларды оқу үрдісіне  енгізудегі басты шарттардың бірі // Білім әлемінде.-  2006.-№4. -6-8б.

5.     Марданова Г. Құзыретті тұлға – қоғам талабы // Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы. Респ. ғылыми-практ. конф. матер.- Атырау- 2008.-76-78б.

6.     Хуторской А.В. Ключевые компетенции. Технология конструирования // Народное образование.- 2003.-№5.-24-26б.

7.     Құдайбергенова С. Құзырлылық нәтижеге бғытталған білім беру жүйесінің әдіснамалық негізі // Білім технологиялары.- 2006.-  №2.- 45-48б

8.     Равен Джон. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. – М., 2002. (англ. 1984).