Магистрант Шокатаева Роза Сериковна
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ
МАМАННЫҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Соңғы кезде қазіргі білім жүйесінде
талай өзгерістер байқалады: Европалық білім деңгейіне
теңелу, Болон үдерісінің негізгі шешімдерін қабылдау.
Қазіргі білім жүйесінің бағдары
қоғамның бәсекеге түсетін, білімді кәсіби
мәдениеті жоғары маманда дайындау. Бүгінгі күнде
оқу мекемелері білім, компетенция, дағдыларды талап ететін
бұрынғы шеңберінен шығып, болашақ
мамандардың кілттік құзіреттілігін дамытуға назар
аударуда. Ол үшін оның қызметтік сауатының деңгейін
көтеру қажет. Білімгер маман қоғамның қай
саласында да жұмыс атқарып, өзін іскер, жан-жақты
дамыған, өнегелі адам ретінде көрсете алады, яғни
бүгінгі күнде тек қана іскерлік қасиеттерді,
кәсіби білімдерді дамытумен шектелмей, адамгершілік қасиеттерді де
дамыту жөн. Сондықтан да біздің мақаламызда
болашақ мамандардың кәсіби мәдениетін жолдарын қарастыру мақсатын
көздедік.
Болашақ маманның кәсіби
мәдениетінің деңгейін дамыту, оны адамгершілікке
баулудың бастапқы тәсілі – кілттік құзіреттілікті
қалыптастыру, себебі осы көлемді ұғымда болашақ
маманның қасиеттері аталған. Университеттердің
Европалық ассоциативтік қауымдастығы болашақ
маманның компетенциялық моделін құрып, оның
құрамындағы негізгі екі компоненттерді көрсеткен: жалпы
құзіреттілік, арнайы құзіреттілік: Болон үдерісі
кілттік компетенцияның құрамындағы кәсіптік,
әлеуметтік, әдістік, тұлғалық компетенцияларды
көрсетті [1]. Кәсіптік құзыреттік білімдер мен
дағдылардың жиынтығы деп қарастырылады. Қалтаева
Г.К. кәсіптік компетенцияның құрамындағы
тұлғалық, педагогикалық, инженерлік компоненттерге
назар аударады [2]. Х. Шэпер кәсіптік құзыреттің
құрамындағы келесі құрылымдарды атайды: 1)
кәсіптік салада қажетті арнайы құзыреттілік; 2)
іскерлік компетенция; 3) әдістемелік компетенция (ұйымдастыру), аналитикалық
қабілеттіктері, уақытты үнемдеу қасиеті; 4)
әлеуметтік компетенция (басқа біреумен қауышуы,
коммуникативтік қабілеттілігі, соқтығыстардың
менеджменті); 5) өзіндік құзыреттілік (тәртіпті
сақтау, жауапкершілікте қасиетті дамыту); 6) білімдерді
қолдану компетенциясы; 7) қоғамдық, экологиялық
үрдістер туралы құзыреттік болу, жұмыстық
нәтижесінің табиғатқа жасайтын әсерін білу [1].
Біздің ойымызша, кәсіптік
құзыреттіліктің құрамы күрделілеу, себебі
оның құрамына мәдени компетенцияны ендіру қажет. Қазіргі кәсіпкер
жаһандану кезінде өзін мәдениетін, жан-жақты
қасиеттерін, соның ішінде адамгершілік қасиеттерін
дамытқан, өнегелі адам болу керек, себебі ол жұмыс бабымен
үнемі басқа адамдармен қауышады, іскерлік
қатынастарға кіреді, шет елдерге іс-сапар жасап, шетелдік
кәсіпкерлермен іскерлдік қарым-қатынастарда болады.
Сондықтан да болашақ маман ең алдымен өзінің
мәдениеттік деңгейін көтеріп, жағымды
мінез-құлқын, қауышу қабілеттіктерін, нормативтік
талаптарды орындау қасиеттерін дамытады.
Барлық қауымдастықтарда
мәдениетінің негізгі стандарттары бар. Оларға зерттеушілер
келесі құндылықтарды жатқызады: 1)
салт-дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар,
ритуалдар; 2) күнделікті-тұрмыстық мәдениет; 3)
бейвербалдық тәсілдер; 4)көркем әдебиет; 5)
әлемнің тілдік суреті [3]. Мәдениеттің стандарттарына
моральды-этикалық нормалары, қауышу ұстанымдарын да жатқызуға
болады, себебі, олардың мәдениетке қатынасы
бар.Ғалымдар құндылықтардың екі тобын атайды: 1)
бірінші топқа зияткерлік, көркем, діни
шығармашылықтың өнімдері, архитектуралық
құрылымдар, қолөнерінің ерекше көзге
түсетін бұйымдары, археологиялық, этнографиялық
раритеттер жатқызылады; 2) екінші топқа
әдет-ғұрыптар, мінез-құлықтық
стереотиптер, бағалар, интерпретациялар кіреді [4]. Осы топқа
моральды-этикалық құндылықтарды да кірістіруге болады.
Этикалық құндылықтар әлемнің
құндылықты бейнесінің бастапқы фрагментінің
бірі. Олардың негізінде жоғарғы, ата-бабадан,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырған
ұстанымдар, ережелер жатыр. Олардың ішінде «жақсылық»,
«жамандық», «қайырымдылық», «парыз», «әділеттік», «ар»,
«намыс» түсініктері бар. Іргелі ұлттық
құндылықтар адамдардың өзінің өмірлік
іс-әрекеттерінің мәні, мақсаты туралы жүйеленген
ой-пікірлер, білімдер болады. Олар өз құрамында
адамдардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесі, өз
тіршілігінің мәні туралы тұжырымдамаларды сақтайды.
Жоғарғы іргелі құндылықтардың негізінде
адамның мінез-сипатының модельдері құрылады. Жеке
тұлға Жоғарғы құндылықтарды өз
санасында ақыл-ойдан өткізіп, сезіну арқылы өзі
үшін жеке құндылықтардың жүйесін
құрылуы барысында оларға өз қатынасын білдіріп,
бағалылық пайымдауларды меңгереді. Олардың ішінде
адамның «жақсы-жаман» «сыпайылық», «іскерлік»,
«еңбекқорлық», т.б. құндылықтарға
өзінің құндылықтық жағымды,
жағымсыз қатынасын білдіреді. Осындай
құндылықтарды игеру үшін жеке тұлға
коммуникациялық тәсілді пайдаланды, себебі фразеологизм,
мақал-мәтелдердің мазмұнында халықтық
менталитетіне байланысты құндылықты тұжырымдар
бейнеленген, қараңыз: адал еңбегімен арқылы табыс табу
(earn an honest penny earn one`s salt), алдымен іс, сонан соң
ойын-күлкі, сауық (business before pleasure).
Еңбек, іс арқылы адам белгілі нәтижеге
жетеді, жұмысты жақсы істеу керек: Work against time (жұмысты
тез бітіруге тырысу керек) жұмысқа жанын беріп, жақсы істеу
қажет (work body and soul); жұмысты ақ тер, қара тер
аққанша істеу (work one`s guts out), еңбек пен бақыт
егіз; еңбекпен ер өседі, егізден төл өседі; еңбек
ширатады; өмір үйретеді. Қазақ, ағылшын, орыс
қоғамдарда жалқау адамдарды жақтырмайды, олардың
еңбекке деген жағымсыз көзқарасы сөгіледі,
қараңыз: never put off till tomorrow what you can today
(бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырма), they must hunger in
winter that not will work summer (кім жазда жұмыс істемесе, сол
қыста аш болады).
Жұмыс істеген адамды мадақтау керек.
Жұмыскер адам сый, құрметке ие болады, қараңыз:
еңбек етсең емерсің; ер еңбегіне бір тойсын; ексең
егін, ішерсің тегін; қолы қимылдағанның аузы
қимылдар;еңбегіне қарай өнбегі; еңбек ет те,
міндет ет; не ексең, соны орарсың; еңбек ерлікке жеткізер,
ерлік елдікке жеткізер; еңбек – ширатады, өмір – үйретеді;
кетпен шауып өлген жоқ, кемтаршылық қөргем жоқ;
еңбекпен ер өседі,мал егізденген төл өседі; еріншек
егіншіден елгезек масақшы озыпты; еріншектің ертеңі
таусылмас; үйі жыртық тамшы жейді, жалқау тантық
қамшы жейді, жалқаудың соры – байлығы; жалқау
байымас, сұғанақ семірмес. Қазақ тіліндегі
фразеологизмдер де еңбекке жағымды көзқарасты
көрсетеді: еңбегі жанды; еңбегі қайтты; еңбегін
сауды; еңбеккүн қойды; еңбекке баулыды.
Кәсіптік құндылықтардың
біреуі - кәсіптік таптауырлар (стереотиптер). Кәсіптік
таптауырларды біз әлеуметтік мәдени таңбаланған лингвоменталдық
кешеннің бірлігі деп есептейміз. Ол арқылы этностың,
қоғамның талай ғасырлар бойы жадысында жинақты
түрде сақталынған еңбек, іс, еңбек
мәдениеті, іскер адамның мінез-сипаты туралы ақпарат,
әлеуметтік, этникалық, этикалық мәлімет, белгілі бір
дәрежеде ұйымдастырылған тәжірибе жеткізіледі.
Мәселен, тәртіп туралы тұжырымдамалар, қазақ,
орыс, неміс қоғамдарында көп айтылады. Мысалы: әдет - әдет емес, жөн -
әдет; тәрбиелі кісі, қант қосқан жармадай,
тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай; әдепсіз бала ауыздықсыз
атпен тең; ақылды қария жазып қойған хатпен
тең; құрмет етсең, құрмет
көрерсің; әдептің не екенін әдепсізді
көргенде ұғарсың және т.б.
Орыс қауымында «ұқыптылық»
әдеті халықтың санасында жоғарғы орында
тұрмайды, бірақ тәртіпті сақтау керек талабына назар
аударылады. На все есть свой порядок,
огурец и тот порядок любит: Тәртіпті сақтамау
тәртіпсіздікке соқтырады, сондықтан да «Порядок дела не
портит, порядок – душа» -дейді халық. Тәртіп – күш, ол
уақытты үнемдейді: Тәртіпті адам өзіне өзі сенімді;
тоқ байсалды болады: где порядок там и удача.
Неміс қоғамында тәртіпті сақтау
талабы салт-дәстүрлік норма. Сондықтан да М.
Веатхерфордтың пайымдауынша, «Германияда уақыт және
кеңістік қатал тәртіп талабына бағынышты. Осы
идеалға Германияда бәрі де сәйкестендірілген: семьядағы
өмір, бизнес, үкімет, бос уақыт, мектеп өмірі.
Әйел өз үйін ұқыпты ұстап, балаларын
тәртіпке үйретеді. Мұғалімнің кабинеті, жалпы
барлық адамның өмірі талапқа сай болу керек,
тәртіпке салыну керек (in Оrdnung). Сондықтан да, Ordnung – Германия
туралы қалыптасқан стереотиптердің бір бөлігі [5,
c.185].
Келесі кәсіптік стереотип – іс туралы
ұғымдық ақпаратты жүзеге асырады. Бұндай
стереотиптер әр қауымда әртүрлі жағымды,
жағымсыз көзқарасты көрсетеді, мәселен, орыс
халқы «іс» ұғымын «жұмыспен»: (сидеть без дела), міндеттерімен (не мое, а ваше дело), мақсатпен (дело укрепления во всем
мире), жағдаятпен (как дела?), соттық іспен (возбуждено дело, подшить дело) байланыстырады. Нарық
заманында іскерлік қарым-қатынастар жүзеге асырылып, «іс»
сөзінің мағынасын өзгертуге ықпал жасайды.
Сондықтан да іскер адамның стереотиптерінде келесі қасиеттер
туралы ақпаратты табуға болады: өз
сөзіне берік болу, сөзін мұқият ұстау; жауапты
болу, жауапкершілікті алу т.б. Іскер адам ұқыпты,
тыңғылықты, жігерлі болу керек. Іскерлік
қарым-қатынаста өз пікірін дәлелдеп, ұтымды
дәйектер келтіру керек. Осындай іскер адамның қасиеттері
ағылшын фразеологизмдерде бейнеленген, қараңыз: punctuality is the politeness of Kings; rake
in the money (ақшаны күреп алу); put smb. right (істі нақтылау, аяққа қою).
Іскер адам байсалды, салмақты, өзін-өзі ұстай алатын
адам, қараңыз: to keep one`s shirton keen a firm hand on; iron hand.
Кәсіпкер адам іскерлік
қарым-қатынастардың, іскерлік қауышудың
мәдениетін жете білу керек. Сондықтан да қауышу постулаттарын
да игеру керек, себебі сол ережелер арқылы адамдар өзара
қауышуын реттейді. Сол постулаттарға Дж. Лич, Г.Грайс [6]
келесілерді жатқызады: тақырыптан басқа жаққа
ауып кетпе, ойыңды қысқа, бірақ нұсқа
айтуды біл; сыпайы бол, өзіңді көп мақтамай,
басқаны мақтауды біл, т.б. Дж. Лич өзінің
сыпайылықты, сыпайы мінезді қалыптастыратын ережелерінде келесі
максималарды атайды:
- мәдениетті, ізетті болу максимасы; басқалардың
уақытын үнемдеуді білу;
- мадақтау максимасы: басқаларды көп
сөкпеңіз, қайта мақтауды біліңіз;
- қарапайымдылық максимасы:
өзіңізді көп мақтамаңыз, қайта
көбірек жамандаңыз;
- келісім максимасы: соқтығысты
азайтыңыз, басқа адамға жақсы көңіл
көрсетіп, келісімге келіңіз.
Қорыта айтқанда, кәсіпкердің
мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселенің бірі.
Оны шешу үшін кәсіпкерлердің мінез-сипатын,
құзіреттілігін, мәдени құндылықтарын
зерттеу қажет. Бір мақалада оның бәрін сипаттау мүмкін
емес. Бұл мақалада кәсіпкер болашақ маманның
мәдениетінің кейбір қасиеттері сипатталды, оларды қалыптастыру
коммуникациялық жолы (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер
арқылы өнегелікке назар аудару, стереотиптердегі ақпаратты
игеру) қарастырылды.
Әдебиеттер:
1. Болонский процесс: результаты обучения и
компетентностный подход. - Астана: Исследовательский центр проблем качества
подготовки специалистов, Независимое Казахстанское агенство по обеспечению
качества образования (НКАОКО), 2010.
2. Калтаева Г.К. Педагогические
проблемы модели формирования педагогической компетентности инженеров-педагогов
//Материалы международной конференци «Наука и образование в XXI
веке, динамика развития в Евразийском пространстве».
-Павлодар, 2006.
3. Текст как явление культуры. -Новосибирск,1989.
4. Садохин А.П. Теория и практика межкультурной
коммуникаци. -М; ЮНИТИ, 2004.
5. Weatherford Jack. Deutche Kultur, american betractet. -Berlin, 1978.
6. Грайс Г.П. Речевое общение и логика //Новое в зарубежной лингвистике. Вып.16.
Лингвистическая прагматика. -М.: Прогресс,1985.