13. Международное право
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., Баетов Е.К., Сайдахмет Э.Б
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Каспий теңізі аймағы
өзінің жағрапиялық орналасуына қарай
бірқатар мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарына
тікелей әсер етуде. Әсіресе, бұрынғы Кеңестер
Одағының жойылуының нәтижесінде жаңа
тәуелсіз елдердің құрылуы бұл аймақта
геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруіне әкелді. Оның
негізгі мәні ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий
теңізі аймағы екі ғана мемлекеттің мүдделерімен
айқындалған болса, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
пайда болуы енді Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің
мүдделерінің тоғысуына әкелді. Сонымен бірге Каспий бассейніндегі
бай энергетикалық қор аймаққа таяу жатқан
елдермен қоса әлемнің жетекші елдерінің де
аймаққа деген қызығушылығын үдете
түсті. Өйткені мұнай – энергия көзі ретінде
қазіргі әлемдік экономика мен халықаралық
қатынастарда аса маңызды рөлге ие. Каспий мүмкіндігі
Еуропа мен оңтүстік-шығыс елдерінің нарығын
мұнай және газбен жабдықтауда маңызды
стратегиялық рөлге ие бола алатындығын көрсетеді. Шын
мәнінде Каспий жағалауы геосаяси тұрғыдан алғанда
аймақ ретінде Еуропа мен Азияның тоғысындағы
ауқымды аумақты білдіреді. Оған ең алдымен атап
кеткеніміздей Каспий жағалауындағы бес мемлекетті кіргіземіз.
Сонымен бірге Каспийге таяу
жатқан Солтүстік Кавказ, Кавказдың маңы мен
Орталық Азия кеңістігіндегі елдерді атауға болады. Бірқатар сарапшылар Өзбекстан мен Грузияны
да «каспийлік» республикалар қатарына жатқызғысы келеді.
Тіпті, Түркия 1997 жылы өзін каспийлік мемлекет екендігін
жариялаған болатын. Олай болса, Каспий теңізінің
байлығы мен стратегиялық маңыздылығы бірқатар
елдердің өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер
ететіні сөзсіз.
Жалпы, бүгінгі күнгі
геосаяси жағдайға орай, ең алдымен Каспийдің мәртебесін айқындау үшін
оның теңізге әлде көлге жатқызылуын айқындау
мәселесі туындады. Бұл жерде Каспийді жағрапиялық
тұрғыдан көл немесе теңіз деп айқындау емес,
ең алдымен оның БҰҰ-ның теңіз
құқығы жөніндегі Конвенцияларына
жатқызуға болады ма деген мәселені айқындау
қажеттілігі тұр. Яғни, Каспийдің теңіз болуы
және оның көлемінің үлкендігі де мәселені
шешуге негіз бола алмайды. Теңіздің көлге немесе теңізге
жатуын БҰҰ-ның теңіз құқығы
жөніндегі конвенциялары оның Әлемдік мұхиттарға
ашықтығымен байланыстырады. Осыған байланысты Каспийді
теңіз деуге болмайды. Бірақ бұл оның теңіз деген
мәртебесіне ие болуына кедергі емес. Ол үшін барлық каспийлік
мемлекеттердің келісімін алған жеткілікті. Ал, егер Каспийге
халықаралық деңгейдегі «теңіз» мәртебесі берілсе,
онда оған автоматты түрде БҰҰ-ның 1958 және
1982 жылдардағы континенталды қайран мен және теңіз
құқығы жөніндегі Конвенцияларының
құқығы таралады. Олай болған жағдайда
әр каспийлік мемлекет 12 мильдік аумақтық өңірге
және 200 мильдік экономикалық өңірге егеменді
құқықтары болады. Каспийдің ені 200 мильден
аспағандықтан, оны мемлекеттер арасында, орта сызық бойынша
тең бөлу қарастырылады. Бұл жағдайда, басқа
да мемлекеттердің кемелеріне жүзуге, белгіленген теңіз
үстіндегі әуе кеңістігінде ұшуға, теңіз
астымен коммуникациялық желілер мен мұнай, газ
құбырларын салуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын
және басқа да қызметтер атқару құқына
ие болары анық. Жалпы каспийлік жағалау мемлекеттерінің
ішінен «ашық теңіз» нұсқасын Ресей, Иран және
Түркменстан қолдады, әрине
шет мемлекеттер осы нұсқаға өте мүдделі.
Соған орай, Ресей Каспий теңізі кондоминиум негізінде ортақ
пайдаланыстағы теңіз болуы керек, яғни ол Каспийдің
табиғи ресурстары теңіздің түбіндегі минералды
ресурстарымен қоса барлығына таралу қажет дейді. Дегенмен де
Ресей Каспий теңізі тек жағалауда орналасқан
мемлекеттердің жабық теңізі деген ұстанымдар
ұсынып оның толықтай мәртебесі
анықталғанынша бұрынғы кеңес-иран шартын
басшылыққа алуды да ұсынады. Каспий мәселесінің
әлемдік деңгейдегі өзектілігі туралы 1998 жылы 28
қыркүйектегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясының 53 сессиясында Қазақстан Республикасының
сол кездегі Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев: «Каспий теңізінің
заңнамалық мәртебесі жөніндегі мәселені де
қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің
қатарына жатқызуға болады» деп атап көрсеткен еді.
Қазіргі кезеңде
Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы
істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс
тобының аясында келіссөздер өткізілуде. Каспий
теңізінің құқықтық
мәртебесінің мәселелері екі және үш жақты
пікір алмасуларда да келісілуде. Сонымен қатар, келіссөздерде
Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және
биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл да күн
тәртібінде белгіленген [1, 1].
Қазақстан
Республикасының Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесіне қатысты
ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы
жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің
әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты
жеке ережелерін қолдану болып табылады. Жағалаудағы
мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін
тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан
БҰҰ-ның көрсетілген Конвенциясының ережелеріне
сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау
аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды
ұсынады. Сонымен қатар осы аймақтарда тиісті режимдерді
анықтау қажет. Аумақтық теңіздің
сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет
барлық егеменді құқықтарды толығымен
пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Бұл
аумақтық тұтастық пен шекаралардың
мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша
кепілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Балық аулау мен
биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық
теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары
негізінде жүзеге асыру қажет. Осы мәселелер бойынша
келіссөздер Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы
істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс
тобының аясында өткізілуде. Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесінің
мәселелері екі және үш жақты консультацияларда да
келісілуде. Сонымен қатар, келіссөздерде Каспийдің
экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және
биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл
мәселелерін де шешкен жөн. Салалық халықаралық
шарттарды келісу үшін Тараптардың тиісті мемлекеттік
органдарының уәкілдері деңгейінде Каспий маңы мемлекеттері
сарапшыларының кездесулері өткізіліп тұрады. Солардың
біршамасына тоқтала кететін болсақ. Олар:
1998
жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді
құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий
теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін
ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 мамырында оған
Хаттама жасалды.
2001
жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27
ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен
Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін
шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан
Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама
жасалды.
2003 жылдың 4
қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын
қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол
қойылды.
2003 жылдың 14 мамырында Қазақстан,
Ресей және Әзербайжан арасында Каспий теңізі
түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу
сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды. Сонымен
қатар, Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері
Басшыларының Екі Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде және
2007 жылғы 16 қазанда) және Сыртқы істер
министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада,
2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда) болып
өтті.
Каспий теңізінің
жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында
Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының,
Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және
Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий
теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен
қол қойылған құжат. Бұл құжат
Каспийдің құқықтық
мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен
тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша,
сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің
халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері
(БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту,
ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау)
жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша
қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп
берді. Каспий жағалауы мемлекеттері Басшыларының кезекті Саммитін
дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде
Әзербайжан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды [2,
1].
28-інде Астанада ашылған «Каспий:
саясат, экономика, бизнес» халықаралық Каспий форумында
Қазақстанның Сыртқы істер вице-министрі Қайрат
Әбусейітов айтуынша, Каспий жағалауы аймағын дамыту
Қазақстанның экономикалық өсуінің
маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар, Каспий
қайраңын игеру - республиканың бір ғана мақсаты
емес. Қазақстан жағы, Каспийді игеру ең алдымен,
Қазақстанның экономикалық өсуінің
стратегиялық құрамдас бөлігі. Каспийдің
құқықтық мәртебесінің анықталуы
туралы мәселе тек Каспий жағалауы елдері үшін ғана
емес, аймақтағы жағдай Каспий энергиясын тұтынушы ірі
елдер үшін де маңызды рольге ие екенін және Каспийді игеру
жағалаудағы елдердің аймақтық мүддесінен
шығатынын атап көрсетті. Әбусейітовтың айтуынша, бұл
үрдіс Еуропа мен Азияның ғана емес, бүкіл
әлемнің энергетикалық қауіпсіздігі үшін
маңызды фактор болып табылады [3, 1].
Қасымжомарт Тоқаев
ҚР Cыртқы істер министрі қызметін атқарып жүрген
кезінде маусымның 9-ы күні Астанадағы
«Окан-Интерконтиненталь» қонақ үйінде өткен Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесі
туралы конвенцияны әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс
тобының отырысында Каспий мәселесінде бірінші кезекте,
теңіздің су айдынын аумақтарға бөліп, оның
режимдерін анықтау проблемасын шешу қажет. Өйткені, осы
мәселеде бір мәмілеге келу басқа проблемаларды шешуге
септігін тигізеді. Сондықтан, Қазақстан Каспий теңізін
халықаралық тәжірибеге сәйкес, аумақтық
теңіздерге, балық аулау аймақтары мен ашық
теңіздерге бөлуді ұсынады. Бірақ, мұндағы
аумақтық теңіздердің сыртқы шекаралары
мемлекеттік шекара болуы тиіс. Сонымен қатар, Каспий мәселесінде оның
теңіз түбін бөлу де маңызды шаруа екеніне
тоқталған Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан
жағы мұны жалпыға бірдей халықаралық
құқық нормаларына сәйкес, шекаралас
елдердің келісімдері негізінде жүзеге асыруды ұсынатынын
айтты. Осы қағиданың негізінде Қазақстан, Ресей
және Азербайжан теңіз түбін бөліскен болатын.
Соның арқасында теңіз түбін игеруге кеңінен жол
ашылды. Ең қолайлы шешім осы болмақ. Өйткені, Каспий
маңы мемлекеттерінің жағалау сызығының
ұзындығы мен орналасу реті әр түрлі
болғандықтан, теңіз түбін теңдей беске бөлу
мәселесінде бір келісімге келу қиын. Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны
әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобының Каспий жағалауы
мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары
деңгейіндегі 14-отырысына Ресей, Азербайжан, Иран және
Түркменстан елдерінің делегациялары қатысуда. Олар
бүгінгі келіссөздер барысында Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясын
баптары бойынша талқылауды жалғастырады [4, 1].
Каспий теңізіндегі
Қазақстанның мемлекеттік шекарасы Каспиймен шектесетін
барлық мемлекеттердің шекаралары арасындағы ең
ұзыны, ол 1700 шақырымнан артық. 2004 жылы
қазақстандық тарап Каспий теңізіндегі
қару-жараққа бақылау жасаудың бесжақты
тетігін құру, қару-жарақтың тұрақты
тепе-теңдігін орнату және оларды шектеу межесін белгілеу бастамасын
көтерді. Мұндай шаралар шиеленістердің алдын алудың
және мемлекеттеріміздің бейбіт ынтымақтастығын
дамытудың анағұрлым сенімді құралдардың
бірі.
Бүгінгі күні
теңіз жағалауы елдері алдында өзара іс-қимылдың
ұзақ мерзімді әрі құқықтық
іргетасын қалау тұрғысындағы маңызды міндеті
тұр. Оның ең басты
элементтердің бірі - теңіз
айдынының теңіз айдынының делимитация мәселесі. Каспийдің
құқықтық мәртебесін анықтау - жалпы
Каспий аймағындағы қауіпсіздік пен
тұрақтылықты нығайтудың маңызды
тұғырнамасы болып табылады. Бұл үшін Каспимен шекаралас
мемлекеттер ортақ шешімдер қабылдап, оны орындауды жеделдетіп,
ортақ күш-жігер біріктіру қажет.
Каспий мәселесінде бірінші
кезекте, теңіздің су айдынын аумақтарға бөліп,
оның режимдерін анықтау проблемасын шешу қажет. Себебі
бұл мәселе шекаралас мемлекеттердің бір мәмілеге келуін
шешіп алған жөн. Сондықтан, Қазақстан Каспий
теңізін халықаралық тәжірибеге сәйкес,
аумақтық теңіздерге, балық аулау аймақтары мен
ашық теңіздерге бөлу қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУДЫҢ
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АСТАРЫ http://www.group-global.org/ru/publication/view/2926
2.
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘРТЕБЕСІ http://tanim.ucoz.com/load/bilim_zh_ne_ylym/orsha_an_ortany_or_au_ehkologija/kaspij_te_izini_y_ty_m_rtebesi/6-1-0-62
3.
Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі - маңызды мәселе болып табылады. http://kz.government.kz/site/news/2004/04/news179
4.
ҚР Cыртқы істер министрі Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеуші жұмыс тобының
отырысына қатысты. http://kz.government.kz/site/news/2004/06/news056