право/9. Гражданское  право.

 

ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Н.Ж. Сарсенбеков

Маш-13-3 тобының студенті А. Таңатар

Маш-13-3 тобының студенті Х. Аждаров

        Маш-13-3 тобының студенті М. Бейсен

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес авторлық құқықты иелену

 

Халқымыздың көл-көсір көңіліндей шетсіз де, шексіз дархан даламыз, тарихи- мәдени жәдігерлерге кенде емес. Тылмысы тереңге тартып, көркі-көз арбайтын кесене, күмбездер, бағзы заманның зар мұңын бойына жиған балбал  тастар, қозы жауырын жебелер мен әшекейлі көзелер көненің көзі ғана емес, халқымыздың теңдесі жоқ рухани байлығы,  ұлттық  мұрасы. Кезінде осынау  мол байлықтың, мінсіз мұраның нақты иелері – авторы болғаны даусыз. Тәуелсіз еліміз тәй-тәй  басқан алғашқы қадамынан бастап-ақ адамзаттың ақыл – ойының рухани асыл  қазыналарды көздің қарашығындай қорғауға, қадір қасиетін кемітпей, қорын молайта түсуге бағытталған бірқатар игі шараларды жүзеге  асыруда.

Мақаладағы негізгі мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрғыдан қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге жалпы авторлық құқық тұрғысынан мән беретін болсақ, ол тіпті әлемдік деңгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отыр. Осы мәселелердің өзектілігін мына мән жайлардан  байқап білуге болады. XXI ғасырдың басында ғылыми техникалық прогресстің өте  қарқынды ілгерілеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектілері мен субъктілерін өмірге алып келуде, соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар  болсақ, құқықтық тұрғыдан әліде өз шешімін таппай отыр.

Осы мәселелерге жете мән берер болсақ авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес.

Авторлық құқықтың негізгі субъектісі ең алдымен туындыны өзінің пайда болуына себеп болған тұлғалар табылады. Авторлық құқықтың  негізгі субъектілері болып белгілі бір туындының авторы болып табылады. Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады.Қазақстандық заңнаманаға сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды Қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқық мирас қорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық әр түрлі заңды фактілерге байланысты-туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен т.б. туындайды.

Автор - туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тұлға.  (Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 4-бабы).

Г.Ф. Шершенивичтің ойынша авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады, мұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады.  Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г.Ф. Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы активті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктермен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды. Сондай-ақ, авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады (авторлар). Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына, денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т.б. байланысты емес.

Егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса, шетел азаматтарының Қазақстандық авторлық субъектісі болуы мүмкін. Шетел авторларының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол Қазақстан Республикасының бекіткен келісімдердің күшінде және онымен бекітілген шектерде ғана Қахазстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.

Авторлық құқықтарды жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да иеленеді. Егер заңды тұлғалар туындыны тудырушылардың құқық мирасқорлары болып табылса, онда олар ҚР заңнамасы бойынша заңды тұлғалар ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқықтарын қорғай алады. Онда олардың авторлық құқықтарды алып жүруілерінде күмән болмайды. Заңды тұлғалар автормен шарт бойынша жеке авторлық өкілеттерге ие бола алады. Авторлық құқықтар заңды тұлғаларға өсиеті бойынша да берілуі мүмкін. Осы жағдайлардың барлығында да заңды тұлғалар туындыны шығармалардың иеленушілері болып табылады. Өйткені, туынды заңда көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаға өттеді.

Авторлық - бұл шексіз мерзімдегі құқық. Автордың мәртебесі туындыны жарияландағына, оны жариялау уақытына қарамастан, сондай-ақ объектімен жұмыс жасау аяқталғанына қарамастан тәуелді болып табылмайды.

Жалпы, авторлық құқық дәрежесі аса маңызды мәселе. Ал авторлық құқықтық субъектілеріне  қатысты  мәселелерге келетін болсақ, Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіруді әлі де болса қажет деп білеміз.

 

М.ю.н. Мусаева Ж.Т. «Формирование правовой культуры в системе профессиональной подготовки студентов». Aktualni vymozenosti vedy-2014. Dil 5. Ekonomicke vedy Administrativa.  Praha. Publishing House «Education and Sciense» s.r.o. –S. 5-7.