Бас киімнің бас түрі
мен бет-әлпетімен өзара композициялық байланысы
Омарбекова М.Т., доц.,
т.ғ.к., Байұзақова Г.С., магистр, Бекбергенова Н., магистрант
Бас киімнің сызықтары мен пішіндерінің тіреу болатын
үстіңгі қабат пен бастың композициялық
үйлесімділігінің сызықтарымен өзара әрекеттігін
байқайық.
Бастың үстіңгі
қабаты бас киімнен арнайы көлемді талап
етеді.Ұқсастық принципі бойынша жасалған ол
бастың көлемін қайталай отырып, оны жауып тұратын
болады, оларға орымылдар, тоқылған қалпақ,
таңғыштар, шлем және басқалары жатады. Мұндай бас
киімдер, оның пішіндері бірінші пайдалану қажеттілігін
қамтамасыз етеді. Эстетикалық қажеттіліктер мата
құрылымымен, оның түсімен және басқаларымен
қамтамасыз етіледі. Қарама-қайшылық принципі бойынша
жасалған бас киім әжептеуір көледі болады, оның пішіні
мен пропорциясын, костюмнің негізгі бөлігінің пішіні мен
пропорциясымен пальто, көйлек және тағы да басқа
мүсін сипатымен және бастың сипатымен: оның жалпы
көлемімен, ми мен бет бөлігінің пішінімен-салыстыра отырып
өлшеу керек. Едәуір көлем бас киімде эстетикалық немесе
символикалық қызметтің басымдылығымен байланысты болуы
мүмкін (символикалық қызметтің басым болуына
ұлттық костюмдегі бас киім ғана барды, ХХ
ғасырдағы ақ сүйектер костюмнің бас кимінде
эстетикалық қызмет үстем болды).
Нюанс принципі бойынша жасалған бас киім көлемі жағынан
бастап үлкен болады (1-сурет). Бұл принцип бойынша қазіргі
заманғы бас киім жасалады. Оның көлемінің бастың
көлеміне оңтайлы қатынасы 2:3 қатынасымен
көрінеді, бірақ1:3,3:4,3:5 қатынастары да қолданылады.
Көбінде, мұнда бас киімге бір уақытта пайдалану және
эстетикалық қызмет атқаруы тиіс костюм бөлігіне деген
қазіргі заманғы қатынас байқалады. Егер, бастың
құрылымдық белбеуі бас киімнің жағдайын
анықтайтын координат болып табылса, онда оны дәл қолдану-бас
киім баста тұра «қондырылған» деген мағынаны білдіреді,
ұзын сызықтан кішкене (нюансты)
1 сурет. Бас киім пішінінің, бас пішінімен
көлемдік және
геометриялық пішін көрінісі
ауытқу-бас киім
сәл қырына қарай жылжыған, енді сызықтан кішкене
ауытқу-артқа, алға жылжыған, ал әдуір
қарама-қайшы ауытқу-бас киім желкеге қарай
жылжыған немесе бастың ең төбесінде «орналасқан»
немесе құлаққа қарай жылжыған деген
мағынаны білдіреді. Оған қоса, бас киімнің
құрылымдық білдеулермен үйлесуі әр түрлі
болуы мүмкін; біреуімен ұқсас болуы (мысалы, бастың
айналу сызығын қайталау), басқасымен,
қарама-қайшылықта (ұзын немесе енді сызығымен
немесе бірден екеуімен де)болады. Бұл бас киімнің көлемін
асимметриялық өлшеуге алып келеді. Бас киімнің жағдайын
нақты анықталуы жобалаудың келесі сатысында (масштабты
пропорцияны анықтағаннан кейін),костюмның жалпы
жүйесінде оның эстетикалық дыбысталуы
«қаланғанда», жіктеледі. Нақты адамның бет
әлпетімен бас пішінімен өзара әрекеттесе отырып, олармен
бірге бағына отырып, бас киім адамның бейнелік сипаттамасына еркеше
назар аударады, осыған орай, оның өзіндік қасиеті
ерекше анық шыға бастайды.
Бас киімнің бұл көңілге қонымды
маңыздылығы бас киімнің пішіні мен сызығының бас
пішіні мен бет әлпетімен байланысы арқылы композициялық
түрде жіктелуі. Адамның қабылдауына сай,
қабылданған нысаннің шеткі нүктелері арасындағы
тәуелділікті арнау тән, киімдердің сызығында,
оның иық белбеуінде, бас сызығында, бас киімнің
сызызықтарының жалғасын, дамуын көру табиғи болып
табылады. Бас киімнің сызықтарының тәуелділігі
бастың және оның беткі бөлігінің
тұрақты және бейімделгіш сызықтарымен орнатылады.
Егер бас киім сызығын және бет-әлпет сызығын ойша
созатын болсақ, онда олар паралельді болуға немесе
қиылысуға ұмтылатынын байқауға болады. Егер
елестетілген қиылысу
нүктесі дәл мұрын тұсында немесе желкеге жақын
орналасса, онда бас киім бетке «пайдасыз түседі». Сызықтардың
паралельдігі бетке ресми рең береді.
Бас киімнің сызықтарының бас және беттің
тұрақты сызықтарымен үйлесімділігі, бас киім
сипатының түр сипатына жүйелілігі сәйкестігін
қамтамасыз етеді. Сондықтан, өнеркәсіп өндірісі
үшін, бас киімдерді жобалау кезінде берілген, адамдар түріне
тұрақты болып келетін бұл сызықтардың сипатын ескеру керек, оның үстіне,
тұрмыстық бас киімдер үшін, бас киім сызығының
бет сызығыиен тұрақтысына нюанстық қатынасына
негізделген шешімі оңтайлы болып табылады, ал ұқсастық
немесе қарама-қайшылық түрдің сипатты
ерекшелігіне көңіл аударып,күшейтетін болады.