*119150*

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ табыстылығының психологиялық шарттары

 

Дарханова А.Ж. - оқытушы, ҚазМемҚызПУ, Алматы, ҚР

 

Салыстырушылар студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) төмендегідей негізгі сипаттамаларын бөліп көрсетеді:

1.                     СӨЖ табыстылығының психологиялық шарттары. Бұл –таңдаған мамандықтарына деген тұрақты қызығушылықтары мен олардың ерекшеліктерін игерудің келесі параметрлерден тұратын әдістемесін қалыптастыру:

-  білім беру үдерісінде оқытушылар мен студенттердің арасындағы өзара қарым-қатынас;

-  өзіндік жұмыс үшін тапсырмалардың қиындық деңгейлері;

-  студенттердің болашақ мамандықтарының қалыптасушы іс-әрекетіне кіріспе.

Адами іс-әрекеттің кез-келген түріне ұқсас психологиялық көзқарас тұрғысынан оқу әрекеті арнайы ерекшеліктері бар міндеттерді шешу үдерісін көрсетеді. Оқу тапсырмаларының ерекшелігі әрекеттің белгілі  тәсілдерін игерумен сипатталатын субъектіні өзгерту мақсатында жатыр, ал субъект әсерлесетін заттардың өзгеруіне қатысы болмайды. Осындай міндеттерді құру және шешудегі қажеттілік субъект алдында тек теориялық сипаттағы талдап қорытудың негізінде жатқан әсерлесу тәсілдерінен туады.

Оқу іс-әрекетін міндеттерді шешу үдерісі ретінде қарастыра отырып, олардың келесі бөліктерін анықтауға болады [1]. Біріншіден, оқу міндеттерін құру. Психологиядан (педагогикалық психология) белгілі - мақсат іс-әрекеттің бейнелеуші мотивтерінің мәнін нақтылау нәтижесінде пайда болады. Мұндай мотивтердің функцияларын игерілетін білім мазмұнына деген қызығушылық атқарады. Қызығушылықсыз оқу міндеттерін өз бетімен құру ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің қойған міндеттерін қабылдау да мүмкін емес. Сондықтан, студенттерді өз бетімен оқу іс-әрекетіне дайындау мақсатындағы оқыту осындай қызығушылықты қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек.

Екіншіден, міндеттерді шешудің оңтайлы тәсілдерін қолдану. Оқытушының басшылығымен жасалатын оқу іс-әрекеті мен өзіндік формалары арасында жеткіліксіз назар аударылатын негізгі айырмашылықтар кездеседі. Оқытушы студенттерді ұғымдардан әрекетке баулыған кезде әдістемелік тәсіл ғана күшіне ене алады. Ал, оқу материалдары және құралдарымен өз бетімен жұмыс арқылы ұғымдарды қалыптастыру туралы сөз қозғағанда, іс-әрекет шарттары бірден өзгереді. Мұндай шарттардың алғашқысы оқу ақпараттар көздеріне логикалық талдау жасау тәсілдерін қалыптастыру болып табылады. Әсіресе, студенттерді өзіндік жұмысқа дайындауға бағытталған және оқытудың маңызды міндеттерінің бірінен тұратын ғылыми ұғымдардың мазмұнынан қалыптасады.

Өзіндік оқу іс-әрекетіне өтудің екінші маңызды шарты оқу міндеттерін шешу тәсілдерін өнімді игеру және оқытушының белсенді әдіснамалық және әдістемелік қатысуынсыз мүмкін емес тәжірибелік жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

Үшіншіден, міндеттерді шешудің барысы мен нәтижелерін бақылау және бағалауды жүзеге асыру. Бақылау-бағалаушылық операцияларды қалыптастыру оқытушының әрекетін өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау тәсілдерін меңгеруінен бастау алады. 

2.       Пәндердің кәсіби бағдары.  Оқу-мазмұндық тезистердің білім тарапынан талас тудырмауы, шығармашылық кәсіби іс-әрекетке баулу, мамандықта тиімді тұлғалық өзара әсерлесу оқу жоспарларына сәйкес пәндік блоктарынан жалпы гуманитарлық мәдени білімдерінің мәнін назардан тыс қалдырмайды. Сонымен қатар, сол немесе басқа пәндердің бейінді тереңдігі болашақ кәсіби мамандардың көп сатыға бөлінуінің психологиялық заңдылықтарын ескеру керек: бакалаврлар, мамандар, магистрлер.    

3.  Студент уақытының шектеулі бюджеті. Біріншіден, оқытушы өзінің пәнінің уақытша көлемін қалыптастыруда студенттің жалпы қосынды жүктемесінің шамасын ескеруі қажет. Екіншіден, білім беру үдерісінің интенсификациясы студенттің семестрдегі бірқалыпты жұмысын азайту арқылы СӨЖ-ң өзгерімділігін болжайды [2-5].

 

Әдебиеттер:

1. Попов Ю.В., Подлеснов В.Н., Садовников В.И., Кучеров В.Г., Андросюк Е.Р. Практические аспекты реализации многоуровневой системы образования в техническом университете: Организация и технологии обучения. М., 1999. – 52 с., р. 3.1 Самостоятельная работа студентов С. 15-24. – Новые информационные технологии в образовании: Аналитические обзоры по основным направлениям развития высшего образования / НИИВО; Вып. 9.

2. В.П. Шишкин Планирование, организация и контроль внеаудиторной самостоятельной работы студентов. Ивановский государственный энергетический университет (ИГЭУ, г.Иваново).

3. Н.С.Заурбеков, Р.С. Досмухаметова, А. Ж.  Дарханова. Составление учебных планов по кредитной форме обучения. - VI международная научно-практич-еская конференция МАБ «Системы обеспечения качества бизнес образования в РК: инновационные подходы», 26-27 мая, Алматы, 2006 г.

4. Н.С.Заурбеков, Н.Б.Бралиева. Об информатизации экономического образования - Материалы международной научно-практической конференции «Прикладные аспекты информатики и математической экономики», Душанбе, 2008. – С. 211-216

5. Семашко П.В., Семашко А.В., Нижегородский государственный технический университет (НГТУ г. Н. Новгород). Организация самостоятельной работы студентов на старших курсах.