*119760*

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТ ЖӘНЕ РЕСОЦИАЛИЗАЦИЯ ТҮСНІГІ

Шығыс Қазақстан аймақтық университеті

«Мәдени аралық қарым-қатынас және туризм» кафедрасының оқытушысы Мұратханова Айжан Мұратханқызы

 

1956 жылы Нью –Йорк психиатрі Д. А. Бруссель қылмыскерлердің психологиялық профилін ең бірінші болып құрастырған. (19;90).                       Психологиялық портрет адамның мінез –құлық белгілерін және де ішкі, психологиясын айқындайды. Оның ең негізгі функциясы – тұлға болып қалыптаспаған қылмыскердің пайда болуындағы іздестіру құралдары. Психологиялық портрет  білімдер базасымен сипатталмайды, негізінде жеткілікті білімдердің белгілерімен бейнеленеді. әрбір жағдайдағы қылмыстың ашылуы осы әдіс арқылы «жұмыс» жасайды. Тұлғаға қарсы қылмыстың күрделі ашылуларға қатысты болса, онда топтық жұмыста қолданады. Тағы бір күрделі шектелген мүмкіндіктерін қолдану айқын түрде көрінеді. Психологилық портрет әдісі мынадай жағдайларға байланысты қолданылады, оқиға болған жерде және құрбанның қылмыскер туралы ақпарат беруге жағдайы келмесе, оның эмоционалды жағдайы, психикасы, мінез –құлқының өшуі және т.б. жағдайлар.

   Қандай қылмыс болсада, онда психологилық дисфункцияның белгілерінің бақылануына байланысты қылмыскердің психологиялық профилін құрастыруға болады.

   Көбінде психологиялық профиль келесі бағалармен және суреттермен сипатталады: жасерекшелігіне және жынысына байланысты, жанұялық жағдайы, білім деңгейі, полиция қызметкерлерінің сұрақ алулары мен тексерулеріне байланысты сұраққа қалай жауап қайтаруы, жыныстық жетілуінің деңгейі, жағымсыз жағдай жасауы мүмкінбе? Осыладың барлығы күдіктенген адамға сәйкес келуі қылмыскерді табуға көмектеседі, сәйкес келмеуі  -кінәсіз адамға күдік туғызуы мүмкін. Бұған дейін нақты күдіктенуіші пайда болған жағдай да, оның психологилық моделін және бейнесін құруға мүмкіндік туады.

   Психологиялық  профиль бұл  - қылмыскерлерді іздестірудегі көптеген құралдардың бірі.

   Портрет бойынша іздестіру келесілермен сипатталады:

-                тұлға туралы жалпы сипаттама;

-                тұлғаның индивидуалды белгілері дағдысы, әдеті;

-                топтың жасерекшелігі;

-                тұрғылықты жері;

-                оқитын, жұмыс орыны;

-                білім деңгейі және кәсіби іс-әрекеті;

-                өз өміріндегі жағдайлар;

-                жанұя жағдайы және баласының болуы;

-                азаматтық борышын өтуге және спортқа, жұмысқа адамдарға деген қатынасы;

-                өткен өмірінде сотталғанба?

-                психологилық ауытқулардың болуы;

-                антропологилық және функционалдық сипаттамалары ( сыртқы бейнесі, дене тұрпаты, пантомимикасы).

   Барлық әдістемелерде психологиялық профиль бірдей құрастырылған. АҚШ-тың криминалистері психологилық профилдің екі техникасын құрастырған.

Криминалды индуктивті профиль. Профиль –бұл индивидтің арнайы көрсетілген жағдайы, эмоционалды реакция немесе әрекет тәсілінің қалыптасуы, мінез –құлық белгілерінің тұтастығы. Криминалды индкутивті профилді құрастыру үшін үш ақпарат алынуы қажет: таныс қылмыскерді арнайы немесе арнайы емес білу, массалық ақпараттар құралдарын  және практикалық тәжірибенің болуы. Криминалды индуктивті профиль өте қарапайым түрде болады, ол арнайы білмді қажет етпейді, профиль жеткілікті түрде тез құрылады.

Криминалды индуктивті профилдің құрылуы келесілермен сипатталынады: қылмыскердің қылмыс жасаған уақыты, ол қандай ортада пайда болды. Қылмыскерлер көбінде қоршаған ортада өзара әркеттесе отырып қылмыстарын жүзеге асырады, олардың мінез –құлықтары немесе мотивтері уақытқа байланысты өзгермейді.

Криминалды дедуктивті профиль. Криминалды дедуктивті профилдің құралуы –бұл процесте айғақтың болуы және де қылмыс болған орынның суреті, құрбан болған адамның соттық –медициналық сараптамасы, қылмыс болған орындағы қылмыскердің мінез –құлқы, психологиялық және демографиялық қырлары, мотиві және эмоционалды жағдайын сипатай келе криминалды дедуктивті профиль құрылады. Қылмыскердің таңбасы пайда болмайынша, кримминалды дедуктивті профиль нақты айғақ бола алмайды. Сонымен, психологиялық портрет адамның ішкі психологилық және де мінез –құлық белгілерін бейнелейді, сонымен қатар іздестіру құралы ретінде қолданылады.

   Ресоциализация латын тілінен аударғанда ре – қайталану, социализация –қоғам дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз индивидтің барлық өміріне қайта әлеуметтену. Сонымен ресоциализация қайта әлеуметтену деген мағынаны білдіреді. Ресоциализация индивидтің өмірлік құндылықтарында және нормасында, мақсат –бағдарында өзгерістердің пайда болуы.

   Адамның өмірлік цикл биографиясы –бұл өмірлік кезең, әрбір ғасырда адамдар бір –біріне ұқсамайтын, бөлек болып келеді: Жоғарғы оқу орнына түсу (студенттік өмір циклі), отбасы құру (жанұялық өмір) және т.б. Әлеуметтік рөлдерге қатысты, жаңа беделдің болуы, бұрынғы әдеттерден арылу, қоршаған орта, достық қатынастар әдеттегі өмір бейнесін өзгертеді. Әрбір жаңа сатыға көтерілген сайын, жаңа циклдер пайда бола бастайды, осындай өзгерістерге байлансты адамға көптеген нәрселерге үйренуге тура келеді. Бұл процесс екі сатыға бөліне отырып, үлкен атқа ие болады.

Өзінің қоғамдағы рөлдерінен және нормаларынан, құндылықтарынан қорқу және мұндағы мінез –құлық қырларынан қорқу десоциализация деп аталады. Яғни десоциализация дегеніміз –қоғамға әлеуметтене алмау немесе бейімделе алмау дегенді білдіреді. Келесі сатыда, өмірлік құндылықтарына және қоғамдағы рөлдеріне, нормаларына қайтадан бейімделу немесе бұрынғы мінез –құлықтарына айрбас жасау ресоциализация деп аталады.

   Десоциализация және ресоциализация –бір процестің екі жағы, әсіресе әлеуметтік өсу. Кішкентай балаларда немесе жеткіншектерде, индивид жанұяда, мектепте тәрбиеленеді де оларда дереу өзгерістер болмайды, кейбір адамдар төтенше жағдайға тап болғанда, десоциализация өте тереңге бойлап алады. Ол қайта қоғамға келгенде қоғамдағы рөлін және нормаларын, құндылықтарын, байлықтарын қайтарып алуға қабілетсіз болып келеді. Дәл осындай жағдайлармен соқтығысып қалатындардың көбі, түрмеде отырғандар, психиатриялық ауруханаға түскендер және әскери борыштарын өтеп жатқандардың ішінде де болуы мүмкін.

   Ресоциализация өте терең болу мүмкін. Бұрынғы өмірден жаңа өмір тәжірбиесіне көшу көптеген қиындықтар туғызады. Бостандықтан айырылғанда немесе соттлғандардың ресоциализация деген түсніктерін ашу. Қазіргі таңда түрмедегі адамдардың әлеуметтенуіне, яғни қоғамға оралғаннан кейінгі жағдайдын қарастыру жұмыстары жеткіліксіз түрде. 

   О. А. Пучков жазған әрбір адам автономды, адамдардың «сыртқы қозғалысы» заң шығарушылардың ойларына кіріп шықпайды, адамды әлеуметтендіру үшін жан –ақты қарастыруымыз керек деген: а) адамның ішкі негіздері «материалдың» болуы; б) адамдардың тұтастықтары мен жалпы арнайы қасиеттері; в) қоғамдағы институтардың және әлеуметтік құрылымдарын арнайы адамдар қатынасымен сипаттылуы. Сотталғандардың әлеуметтену мәселесіне көшетін болсақ,  қылмысты –орындаушы заңдардың көзқарастары бойынша антропологиялық сараптамаға байланысты ешқандай сындарды көтере алмайды. Осы уақытқа дейін қылмысты –орындаушы заңдар, адамның әлеуметтенуіне арнайы мақсатты қызығушылықтар көрсетпей отыр. Қазіргі жағдайда барлық жүйе бойынша, түзету мекемелерінде ресоциализация мақсат ретінде қалып отыр. Ресоциализация екі түснікте қаралады біріншісі ресоциализация әлеуметтік нормадағы интернализация: әлеуметтік құқық индивидтің ішінде пайда болады, көбінде бұл адамның өзінің қалауымен «Мен» бейнесінде болуында. Екіншісі әлеуметтік өзара әрекеттестік элементі ретінде қарастырады, бұл дегеніміз адамның қандай да бір жағдайға байланысты, қоғамға қайта әлеуметтенуі. Қайта әлеуметтену жағдайын қарастыруда бірнеше кезеңге бөлуге болады. Социализация деген сөздің алдына ре деген сөздің қосылуының бірнеше мағынасы бар: а) әркеттің қайталануы; б) кері жағымды әрекет немесе кері әрекет; б) біріншіге сәйкес қайталану деген мағынаны білдіреді. Ал сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне келетін болсақ, қоғамдағы рөлдерге арнайы түрде қайта бейімделу жатады. Әлеуметтенудің келесі әлеуметтік –психологиялық  механизмідерінің бөлінулері:

   Ресоциализация түснігі қазіргі біздің қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Дегенмен ресоциализация түснігі өте күрделі түснікті талап етпейді. Ресоциализация адамның қоғамдағы өмір жағдайына бейімделе алуын айтамыз. Сондықтанда, сотталғандардың ресоциализациясы әлеуметтенуге ұқсас болып келеді, тек қана кейбір өзгерістермен ғана сипатталады. Ресоциализация процесі әлеуметтік процестен тез ажыратылып кетпейді. Бостандықтан айырылғандардың, сотталғандардың ресоциализациясын былай деп атауға болады қайтадан әлеуметке оралу немесе екінші қайтара әлеуметтену, мұндағы жүретін процесс бейімделу болып табылады. Ресоциализация сандық және сапалық нәтижелі көрсеткіш бере алады деп айту қиынға түседі. Сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейінгі, қоғамға бейімделуі, жанұя құруы, жұмыс орынын табу, білім алуы бәрі бірдей бола беруі мүмкін емес. Сотталғандардың барлық процестерді игеруі тікелей заңға байлнысты болып келеді, яғни сотталғандардың ресоциализациясының нәтижелі болуы.

   Ресоциализацияның негізгі факторлары. Орындаушы мекеменің режимі өзімен бірге сотталушылардың міндетті ережелері мен қажетті шектеулерді орындау жүйесін құрайды. Режим сотталушылардың түзету мекемесінде еңбек іс -әрекеті мен өмірінің спецификалық ерекшелігімен байланысты, жазаны орындауда динамикалық стеротиптердің психологиялық өңделуінің  функциясын анықтайды.