*120092*

Жасөспірімдердің мінез- құлықтарының ерекшелігінің зерттелуі

Курбаналиев Б.У., Дуйсебаева А.Қ., Дуйсебаева Ж.Қ.

Университет «Сырдария»

 

Жасөспірімдік шақ – ең қызықты және күрделі кезең. Балалар жасөспірімдерге арналған кезде өзгерістерге өзгерістерге ұшырап ата- аналарына түсініксіз болып оларға көптеген қиындықтар туғызады. Жасөспірімдік кезең мінез- құлықтың өзін- өзі бағалау және өзін- өзі танудың өзгерілуі және қалыптасу кезеңі. Еркіндікке және ата-аналарынан тәуелсіздікке ұмтылуы әлеуметтік бейімдеу барысында қосымшм қиындықтар туғызады.

Жасөспірімдік шақтың тұлғалық қалыптасу мәселелері ұзақ жылдар бойы зерттеліп келеді. Авторлар жасөспірімдік шақтың әртүрлі жаңа өзгерістеріне тоқталып акцент жасайды.

Т. Т. Тәжібаев, Қ. Б. Жарықбаев, А. И. Сембаев, К. К. Құнантаева, Г. М. Храпченков, А. А. Калюжныйков, Ғ. Нұрғалиева, С. А. Ұзақбаева, Л. К. Керимов, Г. Ж. Меңлібекова және т.б. Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде тұлғаны тәрбиелеудің жалпы теориялық және әдістемелік ерекшеліктері педагогикалық- психологиялық тұрғыда толық сипатталған.

Тұлғаны қалыптастыру мәселелері философтардың ( Н. А. Бердяев, Б. С. Гершунский және т.б), психологтар ( П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Л. И. Божович, И. С.Кон, Д. Б. Эльконин, Ж. И. Намазбаева, А. А. Тынышбаева, К. А. Айдарбеков, А. У. Ескендірова және т.б. ) еңбектерінде де көрініс тапқан. В.М. Басов, Г. Н. Волков, Б. З. Вульфов, И. В. Дупровин, Н. И. Гудкина, И. Ю. Забродина, И. С. Кон, А. В. Ковалев, А. В. Мудрич, А. М. Прихожан және т.б. еңбектеріне талдау жасау жасөспірімдердің іскерлік және тұлғааралық қарым- қатынастардың тұлғаның, рефлекцияның, өзіндік дамудың негізі болатындығымен ерекшеленетіндігін дәлелдейді.

З. Фрейд адам мінез- құлқының қалыптасуына санасыз, жыныстық энергияға толы өмірде әсер етеді деп есептейді және ол тұлғаның дамуын анықтап, кезеңдік бөлудің критерийі қызметін атқаруы мүмкін.

М. Кле оқушылардың биологиялық, психикалық және әлеуметтік дамуын тарихи- мәдени тұрғыда кең түрде қарастырады. Жасөспірімдік шақтың психологиялық ерекшеліктері Л. С. Выгодскиийдің еңбектерінде қарастырылған. Ол адам жасын кезеңдерге бөлудің критерийі ретінде дамудағы нақты кезеңдерге тән психалық өзгерістерді қарастырады. Осы жастағы оқушылардың әрекеттерін талдау олардың нақты әлеуметтік мақұлданатын істерді орындау маңыздылығын түсінуге негізделген дербестікке талпынуын көрсетеді.

Зерттеу нәтижесі оқушылардағы келесі ерекшеліктерді атап өтуге мүмкіндік береді.

1.     Ересектер мен балаларға әртүрлі талап қойылуына байланысты туатын жасөспірімдік шақтың обьективті қиыншылықтары. Оқушылардың  қарсылығы мен бағынбалы бұрынғы қарым –қатынасты жаңа арнаға ауыстыру құралы болып табылады;

2.     Жыныстық  даму,бұл кезде оқушы өз бойындағы өзгерістерді күйзеліспен қабылдайды;

3.     Бұған дейін оқушының толық дербестігі байқалмауынан,оның қарым-қатынасы мен іс әрекетінің біршама тар шеңберде қалып қойылуы салдарынан бұл кезеңінде бұған дейін анық көрінбеген тәрбиедегі кемшіліктердің жинақталып қалуы;

4.     Қазіргі педагогикалық көз қарастар оқушыларға қатысты алшғанда агрессивті және оқушының мектеппен ересектерден шеттеуін болдырмау бағыттындағы міндеттерді шешуде тиімсіз.Сондықтан жасөспірімдік шақ баланың оқуға деген қызығушылығының төмендеуімен жалпы денсаулығының нашарлау кезеңі;мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтарының көбеюі мен осылардың салдарыннан негізінен балалардың көпшілігінің білім алудан бас тарту кезеңі болып қалып отыр.

Әдетте жасөспірімдік шақты ересектерден шектеу кезеңі деп атайды. Бұл өз қатарларының құндылықтары мен өлшемдеріне ерекше қараудан байқалады. Бұл кезеңде оқушының мінез-құлқы және негізгі тұлғааралық қатынас түрлері тұрақтанады және эмоционалдық-мазмұндық басымдығы анықталады.

Сонымен, жас шамасының әр кезеңінде тұлға дамуының әлеуметтік жағдайында өзгеріс болады, оқушылардың әлеуметтік переспективасы кеңейеді, олардың әлеуметтік көзқарасы күрделенеді және осылардың нәтижесінде тұлғаның өзін-өзі тануы жетіледі: қарым –қатынас басымдылығы өзгереді.

                   

 

Әдебиеттер

1.     Божович Л.И. Осебенности самосознания у подростков. // «Вопросы психологии», №17, 1995.

2.     Жарықбаева Қ. Психология. Алматы, 1991.

3.     Каган М.С. Особенности самосознания подростков. М. 1973.