ӘОЖ 37.013.43

Бастауыш сынып оқушыларының қазақ салт-дәстүр негізінде ұлттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-теориялық негіздері

 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті

А.У. Губайдуллин, К.К. Толегенова, Д.А. Мусакулова, Н.Б. Бексеитов, Г.Т. Атемова

 

Резюме

В данной статье теоретико-педагогическая проблема формирования у учащихся начальных классов национальной культуры рассматривается сквозь призму приобщения их к основам традиций и обычаев казахского народа

Summary

In this article, the theoretical and pedagogical problem of the formation of the primary school students of the national culture among the pupils is viewed through the prism of familiarizing them with the foundations of the traditions and customs of the gazag people

 

Қай ғасырда болмасын, келешек ұрпақтарының ұлттық тәрбиелеу мәселесі қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі және де, ондаған жылдар көлемінде, тәуелсіз Қазақстанының даму үрдісінде бірінші қатарындағы мақсат болып табылатыны анықтан анық көрінетіні рас. Бүгінгі таңдағы демократиялық қоғам құрылу, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарды жаңғыру үрдісінде және жаңа серпіліс беру қажеттігі мемлекеттік мүддесіне айналып отыр. Зерттеу контекстінде педагог-зерттеушілердің назары ұлттық рухани-мәдени ерекшеліктеріне аударылды, яғни ұлттық, халықтық өмір шындығы, мәдени өрлеу мен ұлттық мәдениетінің ғылыми-педагогикалық мәселелері шешілмей, қазақ ұлттық мәдени өмірін өз деңгейінде қалыптастыру мүмкін емес. Бұл дегеніміз, Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтқандай - «Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесінді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау»[1], «Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа замаңға жалғастыруымыз қажеттігін» өзекті проблема күйінде атап көрсетуі рухани жаңғыру мақсаттарының бірі. [2]

Халықтың тәлім-тәрбиелі ұлттық дәстүрі оның ертегілер, жырлар, алуан түрлі күйлер, әндер, ұлттық шығармалар арқылы таралып келген, яғни халықтың кең байтақ даласының бала-азамат тәрбиелеу ұлттық мәдени мұрамызда көрініс тапқан.

Жаңа ұлттық тәрбие беру талабына сай мектептік тұтас педагогикалық үрдісінде ұлттық салт-дәстүрді пайдалану мол тәжірибе осы күнге дейін әлі де толыққанды түрде қалыптаспаған. Негізгі факторы – қазіргі бастауыш мектептік аясында жас ұрпаққа берілетін қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық өнерін, дәстүрлерін меңгертетін, бастауыш сынып оқушылар бойына дарыту, ұлттық мәдениетін, қадір-қасиетін қалыптастыру үдерістің жетіспеушілігі. Ал осы мәселе қазіргі қоғамдық дамуында өзекті проблематикасында орын алуда, өйткені еліміз үшін балалардың өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айрықша маңызды болып табылады.

«Ұлттық мәдениет» пен «этномәдениет» - синоним. Н.К. Камалова айтуынша: «Этномәдениет ұрпақтан ұрпаққа ауысып, дәстүрлі тұрғылары қайталана отырып және замануи талаптарға сай өрбиді.[3]  Дәстүрлі этномәдениет сабақтастығын сақтаған көне мәдениет үлгілерін сақтауға және насихаттауға арналса, замануи мәдениет үлгілері бүгінгі күні өз орынын тауып сұранысқа ие болған, өзге халықтармен байланыс жасау нәтижесінде және жаңа ағымдар мен технологиялар ықпалымен жасалған материалдық және рухани туындылар. Ол өзгерістер ғылыми мен техникалық, мәдени қарым-қатынастар дамуына байланысты этностық, елдік ой-сана шындалып, рухани өмірдегі ұстанымдар негізінде пайда болып отырады. Ол өзгерістер ұлттық мәдениеттің мазмұны мен формаларының дамуына ықпал етеді.» және де мынадай пікір қосады – «Ұлттық мәдениет бірқалыпты болып тұра бермейді. Сол халық мекендейтін мемлекеттің жан-жақты дамуына, өзге мемлекеттермен байланыс жасау арқылы өзара ықпалды өзгеруі мүмкін».[4] Бұл айтылған сөзі бойынша былай десек те болады, әр мемлеккеттік дамуында, нақтырақ айтқанда рухани, мәдени саласында тапқы рөлін атқаратын отбасылық ортадан бастап, бастауыш мектепте жалғасып кететін – жас ұрпақтардың ұлттық салт-дәстүрлері негізінде ұлттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады, өйткені қазіргі мемлекеттік жағдайда балалардың ұлттық-мәдени тәрбие мәселесіне тікелей байланысты дәстүрлі рухани-ұлттық құндылықтарға негізделген мәдениет үлгілеріне сүйенетін мектептік аясында жаңа этнопедагогикалық білім үлгісін жасау үрдісінде бүкіл қоғамды қатыстыра отырып рухани, ұлттық, жалпыадамзат құндылықтарға негізделген, А.С. Макаренко айтқандай «Дәстүрлерді тәрбиелеу, оларды сақтау...»[5] деген үлгісін жасау және тәрбие беру мәселесін алға қоятын мектептік этнопедагогикалық жүйесін іске асыру тенденциясы – бүгінгі заманның аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Бастауыш мектептің мүддесіне қарай, шынайы ұлтық санасы бар тұлға болып қалыптастыру үрдісінде қазақ ұлттық тәлім-тәрбиесі мен ұлттық салт-дәстүрлер мұрасын пайдалана білу – бүгінгі мектеп жүйесіндегі педагогикалық маңызды ғылыми саласы болып табылады.

Жаңа ұлттық тәрбие беру талабына сай мектептік тұтас педагогикалық үдерісінде ұлттық салт-дәстүрлер пайдалану бойынша мол тәжірибе осы күнге дейін әлі де толыққанды түрде қалыптаспаған. Бұл жерде негізгі ролін ойнайтын факторы – қазіргі бастауыш мектептік аясында жас ұрпаққа берілетін қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық өнерін, дәстүрлерін меңгертетін, оларды бастауыш сынып оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мәдениетін, қадір-қасиетін қалыптастыру үдерістің жетіспеушілігі. Сондықтан бұл мәселе қазіргі қоғамдық дамуында өзекті проблематикасында орын алуда, өйткені еліміз үшін балалардың өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айрықша маңызды болып табылады.

Қазақ ұлттық салт-дәстүрлер ғасырлар бойы дамып, ұрпақтар бойына ұлттық-мәдени тәрбиенің басты құрал ретінде, қазіргі заманда этнопедагогикалық ғылымының басты мәселелерінің бірі болып табылады.

Салт-дәстүрдегі озық тәлімдік мөлшер болмыс тіршілікпен, отбасылық тыныс пен ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, дамып және сабақтастық арқылы ұрпақтан келесі ұрпақтарға жалғасып жетіп отырған және де ол өмір өрісін бала тәрбиелеумен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған қазақ даланың жазылмаған қағида болған. Бұл жөнінде, мысалы Т. Ғабитов былай дейді: «Адамдық қауымдастықта бұл «әдептік реттеу» болып табылады».[6] Басқашалап айтқанда, ұлттық тәрбие балаларға болмыстық тәжірибесінен халықтың наным-сенімдер жүйеленіп, ұлттық әдебі мен өмірлік тәжірибе беру мақсатында сабақтасып жалғасқан. Қазақ ұлттың тәрбиелілік мағынасы бар ой-толғаныстары, немесе бесік жыры мен батырлық эпостар сияқтыларда, немесе ертегілер мен халықтық мақал-мәтелдер мен аңыздарда, иә немесе шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп кездесетін. Мұндағы бала тәрбиесінің түбірі – руханилық, адамгершілік, имандылық, діни, еңбек, ұлттық әсемділігі және отбасылық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Мәдениет белгісі - «дәстүр» сөзінің мағынасына келе, С. Кенжеахметұлының қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы еңбегінде – «Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.» пікірі айтылған.[7] Олай болса, зерттеумізде жас баланы ұлттық мәдени жағынан тәрбиелеу мәселесінде «Халықтық дәстүр тәрбиесін алған әрбір азаматтың адамгершілігі асқақ, білімі терең, көз аясы кең болады. Сүйіспеншілік пен кегі айқын, обал-сауап, ақ-қара, адал-арам түсінігі терең болып, ержеткенде білімі мол; ақыл-парасаты жоңары; Отанына, халқына атақ-даңқ әперетін үлгілі, өнегелі азамат болып жетіледі.» дейді А. Нүсіпоқасұлы. Сонда, жас балалардың тәрбиесінде ұлттық мәдениеті туралы айтсақ, оның басты белгілері - «...адамгершілік, қарым-қатынас, ар-ұят, мейірімділік, ізгілік, адалдық, әдеп-иба, жомарттық, еңбек сүйгіштік»[8] сияқты қасиеттерді ескергеніміз жөн. Осыдан айта келе, дәстүр - ұлтты рухтандыратын, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаты деп тұжырымдасақ та болады, яғни дәстүр – жалпы халықтық. Олай деуге себеп – оның өзі әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, әр халқының тұрмыстық-әлеуметтік, мінездік-психологиялық, рухани-мәдени басқа да тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты. Дәстүрлердің тағы да бір сипаты – тұрақтылығында. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, орнықтылығымен ерекшеленеді.

«Ұлттық» ұғымы кең мағынада, жеке этникалық топтарға тән және бірқатар біріктірілген қауымдарға тән болатын жоғары қатардағы әлеуметтік-этникалық ұғымын білдіреді. «Ұлттық» ұғымы мемлекет, этникалық қауымның өмір сүруінің сипаты мен жағдайларын көрсететін қатынастары, оның тұйық саяси, құқықтық, әлеуметтік-мәдени жүйесі бар этносаралық және ұлтаралық қатынастары туралы сөз болған жағдайда қолданылады.[9] Ал, «мәдениет» ұғымын қоғамдық, әлеуметтік өмір көрсеткіші ретінде тәрбие мен рухани дамуы мағыналарына сай болатын болса,[10] сонда «Ұлттық мәдениеті» ұғымын былай деп тұжырымдауға болады – қай ұлттың болмасын мәдениетінің дәрежесі сол ұлттың әдеп, әдет-ғұрпына байланысты, егер салт-дәстүр ұлттың мәдени жағдайын күнделікті тұрмыста, әлеуметтік жағдайда көрсете алса соның ұлттық психологиясын тәрбиелеуде бағалы сипат алса, мұның қажетті шаруа екендігі даусыз.

Салт-дәстүрдің мәнін көптеген ғалым-педагогтар қарастырған. Мысалы, Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллин қазақтың салтындағы намаз оқу мен ораза тұтудың адам денсаулығына, ой тазалығына және тәрбиелік қалыптасуына  үлкен әсері бар екендігін аса назар аударған болатын.[11]

Ұлттық тәрбие беру тәжірибемен негізделген, ғалымдар: С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова, С. Кенжеахметұлы, К.Б. Жарықбаев, Г.И. Дәуренбеков, А.А. Қалыбекова т.б. салт-дәстүрлерінің астары тұнып тұрған тәрбие екендігін өз зерттеулерінде дәлелдеген.

Көптеген педагогикалық еңбектерде әдет-ғұрып ұғымдарына төмендегіше анықтамалар берілген, мысалы:

Әдет – бұл, адамның қажетіне айналып кеткен дағдылы әрекет ретінде саналады. «Әдет» сөзі (орысшалап айтқанда) навык, обычай, привычка», яғни ептілік пен салт мағынасына ие, ал «әдет-ғұрпы – обряд (рәсім), обычай, традиция» (дәстүр), «дәстүр – традиция, обычай» деп түсіндіріледі.[12] Бұл жөнінде С. Кенжеахметұлының этнопедагогикалық теориясында - «...адамдарда әр түрлі әдет болады. Мысалы: біреу түсте ұйықтауды немесе құлағын шұқып отыруды әдетке айналдырады. Енді біреу өсек, өтірік айтуды, арыз жазуды немесе ұрлық қылуды әдет қылады» мақаланы келтіре отырып, оны халықтық ұғымында «әдет» деп айтады. «...Әдеттің жақсы да, жаман да түрлері бар. Жоғарыда айтылған сөз оның жақсысынан үйренуге, жаманынан жиренуге шақырады. Әдет те халықпен бірге жасап келе жатқан ұлттық ғұрпымыздың бір түріне жатады».[13] Тәрбие үрдісінде әдетті қалыптастырудың негізгі жолы біздің ойымызша – балалардың күнделікті жаттықтыру болып келеді. Осы мәселесі жөнінде, мысалы А.С. Макаренко[14] тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байытудың ерекше маңызына тоқтала келе, «балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек» екендігін айтады.

 

Әдебиеттер

1.        «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол». Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2014 жылғы 11 қараша). //Оңтүстік Қазақстан. 13 қараша, 2014. № 171 (19790)

2.        Н. Назарбаев. Туған ел – тірегім. –Алматы: Рауан, 2001. -14 бет.

3.        Қазақтың мәнін жоймас құндылығы: Монография/ Н. Камалова. -2-бас. –Алматы: «Нұрай Принт Сервис» ЖШС, 2014. -6,7 бет.

4.        Қазақтың мәнін жоймас құндылығы: Монография/ Н. Камалова. -2-бас. –Алматы: «Нұрай Принт Сервис» ЖШС, 2014. -6 бет.

5.        Макаренко А.С. Воспитание гражданина /Сост. Р.М. Бескина, М.Д. Виноградова. –М.: Просвещение, 1988. С. 248.

6.        Ғабитов Т. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. –Алматы, Раритет, 2013. -122 бет.

7.        Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. –Алматы, Атамұра, 2010. – 137 бет.

8.        Ағаш бесіктен жер бесікке дейін. 2-кітап. (Халықтық дәстүр тәрбиесі) –Алматы: «Өнер», 2011. -3 бет.

9.        Қожахметова К.Ж. Этнопедагогика. Оқу құралы. –Алматы: Қарасай, 2012. –57 бет.

10.    Энциклопедический словарь по культурологии. /Под общей редакцией д.филос.н., профессора А.А. Радугина. –Москва: Центр, 1997. –С. 209-210.

11.    К. Ергөбеков, Сәбит Мұқанов тағлымы. Алматы, 1989 Муканов М.С. Казахская юрта. –Алма-Ата, 1981 Сейфуллин С. Өлеңдер мен поэмалар //Бес томдық шығармалар жинағы. –Т. 1 –Алматы: Жазушы, 1986. –90-91 беттер.

12.    Нурланова К.Ш. Символика мира в традиционном искусстве казахов. //Кочевники. Эстетика. –Алматы, 1993 -142 бет.

13.    Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. –Алматы, Атамұра, 2010. –138 бет.

14.    Макаренко А.С. Соч. В 7 т-х. V т., М., 1958. -С. 435.