ӘОЖ 373.3:316.7

Бастауыш сынып оқушыларының қазақ салт-дәстүрлер негізінде ұлттық мәдениетін қалыптастырудың озық әдістемені пайдалану жолдары

 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы. М. Әуезов атындағы ОҚМУ

А.У. Губайдуллин, А.Р. Алтынбекова, Н.Б. Бексеитов, Г.Т. Атемова

 

Резюме

В данной статье рассматриваются некоторые пути использования педагогической методики в процессе формирования у учащихся начальных классов национальной культуры на основе традиций и обычаев казахского народа

Summary

This article considered some ways of using pedagogical methodology in the process of formation of primary school students of national culture based on the traditions and customs of the gazag people

 

Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру саласында жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттары қызу талқылануда. Білім берудің базалық компоненттері мен мемлекеттік стандарт мазмұнында[1] жаңа әдістемені ендіру, ал оны толықтыратындар: оқу-тәрбие үрдісін модульдеу жүйесі; білім алудағы диалогтық қатынас, дамыта оқыту мен білім беру жүйесін кіріктіру идеясы негізінде іске асыруға болады.

Кіріктірілген білімнің әлем және адам туралы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға әсері зор. Кіріктірілген әдістеме дегеніміз, бұл - жаңашыл педагогикалық әдістеме. Жаңа педагогикалық методика қатарына ұжымдық ойлау, әрекеті (К.Я. Вазина)[2], ұжымдық оқыту тәсілі[3](В.К. Дьяченко), ұжымдық шығармашылық әрекет[4](И.П. Иванов), дамыта оқыту әдістері[5,6,7] (В.В. Давыдов, Д. Эльконин, Н.П. Беспалько В.П. т.б.), саралап, деңгейлеп оқыту[8,9,10] (В.В. Фирсов, В.М. Монахов, Ж.Д. Қараев), проблемалық оқыту әдістері[11] (М.И. Махмутов) жатқызуға болады.

Педагогикалық әдістемелік - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттернің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр поэзицияда басқаларына әсер етіп, ең соңында оқушының дамуына әсер еткен жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды[12].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, методикаларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл мұғалімдерге педагогикалық үрдісті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.[13] Қазіргі заман талабы: мұғалім оқушыға тек қана жаңа білім беріп қоймайды, оқушыға соны игеріп, ізденіп, талап, пікір таластыру деңгейіне жеткізу арқылы оның даму үстінде болғанын қалайды. Қазіргі білім әдістемесінде мұғалім оқушыға неғұрлым сенімділік білдіреді, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіндік шығармашылық деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды.

Қазіргі білім методикасында тұлга ретінде мұғалім педагогикалық шеберліктен және педагогикалық техникадан калыптасады.[14]

Шабыттандырушы стиль көбінесе интуитивтік және этико-интуитивтік мұғалімдері тән. Бұл  стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім сабақтың қорытындысына емес, материалды түсіндіруге және балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.

Жақсы жағымды жақтары: мұғалімнің сыныптың көңіл күйін сезе білуі, оқушылардың жан дүниесін түсінуді, олармен тең қарым-қатынас құра білуі. Мұндай мұғалімдердің негізгі ерекшелігі өз пәнін жетік меңгеруі, әдістемелік әдіс-тәсілдерге байлығы, сөйлеу әрекеттерінің күштілігі болып келеді.

Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орында сөзсіз, ұстаздық қызметтің қортындысы оқушылардың тәрбиелілігі мен білімімен кешендесіп, өмірде бағыт бағдар алуға көмектеседі. Осы дәрежеге оқушыларды шебер мұғалім жетектейді, ал оның жеке басына қандай қасиеттер тән?

Руханикалық қазақтардың қасиетін - мейірімділікті, адамгершілікті және жанқиярлықты біріктірсе, халықтық қауымдықты, дәстүрлік және ашық жарқындық, мемлекеттік, отансүйгіштік мен күшті мемлекеттік биліктің қажеттілігін мойындауды білдіреді.

Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында тәрбиеші болып табылады.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойылып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте методиканың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды және білім беру методикасын сарқа пайдалану қажет.

Ұлттық салт-дәстүрлерін оқыту тәсілдерін, мысалы дүниетану сабағында мына төмендегідей үлгісі бойынша қолдануға болады:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ұлттықсалт-дәстүрлерімен таныстырып, халықтардың қалыптасуы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, ұлттар мен нәсілдер туралы түсінік беру.

Тәрбиелілік: оқушыларға халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазына екендігін ұғындыра отырып, оларды адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың халықтар, ұлттар, нәсілдер туралы түсініктерін ғылыми және адамгершілік негізде дамытуға ықпал ету. Осы мақсатта олардың ойлау, танып қызметін дамыту сұрақтары пайдаланылады.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Әңгімелесу, ауызша баяндау, әңгімелеп айту, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлар картасы; «Азаматтың алғашқы қонысы және нәсілдік шоғырлану» сызба карта; Нәсілдер   өкілдерінің (монғолоид, еуропоид, негроид) мүсіндері; Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне арналған альбом, түрлі карторчкалар.

Сабақтың барысы:

1.        Ұйымдастыру кезеңі;

2.        Үй тапсырмасын сұрау;

3.        Өткен сабақты қорытындылау.;

4.        Жаңа оқу материалын түсіндіру.

Сабақтың ұйымдастыру сатысынан кейін үй тапсырмасы сұралады. Сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Тақырып мәтіннің соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалар негізінде әрі қосымша сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімі бағаланады. Оларға қосымша жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар тексеріледі. Дәптерге салған тастан жасалған ежелгі еңбек құралдары мен хайуанаттар (қырғыш, кескіш, тескіш, аю бейнелі тас балға, бұлан бейнелі тас балға) суреттері тексеріліп, бағаланады. Өткен сабаққа қорытынды жасалады.

Жаңа сабақты оқып-уйрену.

Баяндау жоспары:

1.        Этнография дегеніміз не?

2.        Ата мұраң-асыл қазынаң.

3.        Халықтардың калыптасуы туралы

4.        Ұлттар мен нәсілдер.

Жаңа сабақ археология ғылымы адамзат тарихын қандай негізде зерттейтінін айтудан басталады, одан әрі этнография, этнографиялық зерттеу тәсілдері туралы түсінік беріледі.

Жоспардағы екінші мәселе бойынша әр халықтың кәсібіне, наным-сеніміне дүние-танымыпа байланысты салт-дәстүрлі мен әдет-ғұрыптары қалыптасатындығы және олардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып халықтық сипат алағындығы айтылады. Сондықтан да салт-дәстүрдің әрбір ұлт пен халықтың өткенін зерттеп, оқып-үйренуде маңызы зор екендігі түсіндіріледі.

Оқушыларға халқымыздың қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін білесіздер? деген сұрақ қойылады. Оқушылар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер атауларды тақтаға жазады және дәптерлеріне конспект жасайды.

Топпен жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, әрқайсысына бір салт-дәстүрге түсінік беру тапсырылады.

Карточкадағы сұрақтар:

№1

Асар дәстүрінің мәнін түсіндір.

Ол қай халықтарда кездеседі?

№2

Бесік тойы, тұсау кесу дәстүрлерімен таныстыр.

№»3

Наурыз тойы туралы не білесіз?

Оны өздерің қалай тойлайсыңдар?

Үшінші мәселе бойынша халықтардың қалыптасу заңдылықтарының жүйесі туралы түсінік беріледі.

Төртінші мәселеде ұлт дегеніміз шаруашылығы, тілі, қоныстанған жері, мәдениеті меи тұрмысы ортақ адамдардың тарихи қалыптасқаи бірлігі екендігі түсіндіріледі.

Өзіндік жұмыс кезеңі.

Оқушыларға «Ұлттар мен нәсілдер» тақырыпшасынан ұлттың негізгі белгілері туралы мәтінді тауып оқып, жұмыс дәптеріндегі 3-тапсырмада берілген тірек сызба толтыру ұсынылады.

Тапсырманы орындап болғаннан соң тақтаға ілінген плакаттағы тірек сызбаны оқушылармен бірлесіп толтырған дұрыс:

ортақ тілдің болуы

атамекеннің болуы

ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуы

Осылайша олардың түсініктері пысықталады.

Жер шарындағы адамдардың нәсілге бөлінуінің себептері түсіндіріліп, әрбір нәсілдің өзіндік ерекшеліктері, оған әсер еткен жағдайлар айтылады.

әсілдер өкілдерінің мүсіндері, сызба-карта пайдаланылады).

Жаңа сөздер тақтаға жазылып, оларды оқушылар дәптеріне көшіреді:

этнография                                        монголоид

нәсіл                                                     еуропеоид

нәсілшілдік                                          негроид

Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Бекіту сұрақтары.

1.     Этнография деген не? Этнографтар деп кімдерді айтамыз? Олар салт-дәстурлерді қалай зерттейді?

2.     Алғашқы қауым қоғамдағы адамдардың бірлестіктерін ата. Олар қалай калыптасқан?

3.     Халықтар қалай қалыптасады? Олардың тайпа мен тайпа одақтарынан қандай айырмашылықтары бар?

4.     Ұлт деген не? Оның негізгі белгілерінатандар.

5.     Қандай нәсілдер бар? Олар қалай қалыптасады. Нәсілшілдер не дейді? Олардың қателіктері неде?

Картамен жұмыс.

Сызба-карта негізінде жарты шарлар картасынан адамзаттың алғашқы қонысы және нәсілдік шоғырлануды көрсету сияқты тапсырмалар орындалады.

Сабақ корытындыланып, оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: Этнография негіздері тақырыбын оқып, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындау;

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды (1,2,4) орындау;

«Адамзаттың алғашқы қонысы және нәсілдік шоғырлану» сызба-картамен өзіндік жұмыс.

Сонымен қатар тарих сабағында ел-жұрттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, өтті-кетті көне шежіресін, тарихын, қоғамның даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың сан алуан, қасиеттері мен құпияларын білетін, дүниеге, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көнбелерін ой-көзімен тани алатын, қыр-сырлы мінезқұлықтарды айтқызбай-ақ тап басатын, ғылым-біліммен хабардар, кемел пікірлерін шешен мілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар қазақ халқының би-шешендерін тақырыпқа қосуға болады:

Сабақтың мақсаты: оқушыларға би-шешендердің өмірі, қызметі. адам құқығын қорғаудағы ролі туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Би-шешендердің әділ төрелік бергендігін, нақты құжаттармен дәлелдей отырып, білімдерін, көзқарастарын одан әрі дамыту. Осы мақсатта оларды ойландыратын сұрақтар қойып, әңгімслесу.

Тәрбиелік: Би-шешендердің тапқырлығы, әділ шешім қолданғандығы. ел тағдырын ойлағандығы т.б. туралы әңгімелегенді тартыпды материалдар арқылы оқушылардың тәрбиелігін одан әрі жетілдіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілігі: Кітаптар, сызбалар, плакаттар, буклет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

II.    Жаңа сабақтың жоспары.

а) Билердің өмірбаяны, қоғамдағы қызметі

ә) Билер жайлы аңыз әңгімелер

б) «Жеті жарғы» заңы

III.  Сызба бойынша түсіндіру.

IV.  Сахналық көрініс. (Қазыбек бидің екі әйел дауын шешуі туралы).

V.   Мақал-мәтелдер жарысы.

VI. Ребус –   «Билер».

VII. Билерге   бийланысты   оқушыларға   өзара   сұрақтар   қойғызып, жауаптарын талқылау

VIII.       Қорытынды.

Қазіргі білім беру саласындағы ұлттық салт-дәстүрлерді оқытудың педагогикалық методикаларын меңгермейінше сауатты мәдени тұлғамүмкін емес. Жаңа педагогикалық методиканымеңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, ұлтжандылық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

Мақсатымыз жеке тұлғаны ұлттық салт-дәстүрдегі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану және құралдарды қолдану арқылы тұлғаны дамыту.

Осы арада «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегендей әдіс-амалдарды пайдаланып, нақтылы ақпараттаушы техникалық құралдар арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін, ұйымдастырып, ой-өрісін жетілдіріп, оларды жоғары коммуникативтік желілерге шығару арқылы нәтижеге жету. Нәтиже-дамыған мәдени, ұлтжанды тұлға.

Сайып келгенде мәселе: ұлттық білім сапасын арттыру. Бүгінгі мектеп-адамның мәдени-әлеуметтік тұрпатып сомдайтын, сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеретін, ұлттың азаматтық тұғырын табуға жетелейтін орын.

 

Әдебиеттер

1.        Вазина, К.Я. Природно-рефлексивная технология саморазвития человека / К.Я. Вазина. – Москва : государственный университет печати, 2002. – 145 с.

2.        Дьяченко Виталий Кузьмич. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе учебной работы. Книга для учителя" — Москва, "Просвещение", 1991. -192 с.

3.        Иванов И. П. Коллективное творческое воспитание  // Семья и школа. — 1989. — № 8.

4.        Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. — М., 1986

5.        Д.Б.Эльконин. Психология игры. — Педагогика, 1976. — 304 с.

6.        Беспалько  В.П. Слагаемые педагогической технологий. –М.: «Педагогика»,1989. –С.21-38.

7.        Фирсов В.В Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения.-М: -1984

8.        Монахов, В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса, – Волгоград: Перемена, 1995. –152 с.

9.        Қараев, Ж. А. Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері [Текст] / Ж. А. Қараев, Ж. У. Кобдикова // Оқыту-тәрбиелеу технологиясы. - 2007.-№4. - С. 4-6

10.    Махмутов, М. И. Организация проблемного обучения в школе [Текст] : кн. для учителей / М. И. Махмутов. - М. : Пpосвещение, 1977. - 240 с.

11.    Курбанов Ш.Э. Совершенствование воспитателей и просветителей деятельности, повышения духовно-нравственного потенциала подрастающих поколений. Методическая разработка. Т.: ТЭИС, 1999. 1,85 п.л.

12.    Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: «Педагогика». 1989. -С. 208.

13.    Об утверждении Государственной программы развития образования Республики Казахстан на 2011 - 2020 годы Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118 "Казахстанская правда" от 14.12.2010 г., № 338 (26399)

14.    Сериков В.В. Образование и личность. Теория и практика проектирования педагогических систем. – М.: Издательская корпорация «Логос». 1999. – 272 с.