Педагогические науки
Ф-м.ғ.к., доцент қ.а Иманбаев Қ.С., аға
оқытушы Тұрғынбаева А.А., аға оқытушы Айтуғанова
Ж.Т.
Алматы Технологиялық Университеті, Алматы
қаласы, Қазақстан, aliza1979@mail.ru
СҰЛБАТЕХНИКА
ПӘНІНЕН ДӘРІС ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе
Сұлбатехника пәнінен дәрістік сабақты өткізу, тәжірибелік
мәні бар пән ретінде оқытудың мақсаты болып
табылады. Осы мақсатты орындау үшін:
·
Микроэлектроника
мен Сұлбатехниканың қысқаша даму тарихы;
·
Сандық
интегралдық микросұлбалардың
негізгі параметрлері және
шартты белгілену жүйесі, классификациясы;
·
Есептеу жүйелері мен желілерін
ұйымдастыру принциптері;
·
Логикалық функция және олардың
түрленуi;
·
Компьютердің
логикалық негіздері, элементтер жəне функционалды түйіндер;
·
Қорыту
механизімінің басқаратын ережелер жиынтығы. Комбинациялық логикалық
сұлбалар;
·
Комбинациялық сұлбалар;
·
Қазіргі
Pentium процессорлары
жұмысының негізгі
принциптері;
·
Көпсатылы
жады концепциясы;
·
Микропроцессорлық
жүйелердің құрылымдары. Микропроцессорларды өзара
түйіндесу тәсілдері;
·
Логикалық вентильдер.
Сұлбатехника пәнінің
мақсатын және орынын ескере
отырып, жалпылама түсініктер дәрісі, тағайындалған дәріс,
ағымдағы дәріс, шолу дәрісі және тұжырым дәрісі
деп бөлуге болады[1].
Зерттеу объектілері мен әдістері
Ақпараттық, мәселелік, визуалды, бинарлы, арнайы
арандату, конференция, консультация дәріс
өткізу әдістері қолданылады.
Нәтижелер және оларды талдау
Сұлбатехника пәнінен дәріс өткізу әдісіне байланысты
келесідей бөледі:
·
ақпараттық. Осы әдіс түсіндіру - көрнектілік
баяндау әдісін пайдаланады және жоғары мектепте көп
қолданылады. Сұлбатехника
пәні, объектісі және құрамдас бөліктері
тақырыбына қолдануға болады.
·
мәселелік.
Осы әдіс арқылы баяндалғанда мәселелік
сұрақтар, есептер, әр түрлі жағдайлар
қолданылады. Таным үрдістері ғылыми ізденіс, диалог, талдау
және әр түрлі көзқарасты салыстыру арқылы
іске асырылады. Жартылай откізгішті
электронды құрылғылар, дискретті электроника және цифрлық техниканың даму
кезеңдері тақырыптарына қолдануға болады.
·
визуалды. Осы әдіс материалды техникалық оқыту
құрылғылары, аудио және видео техникалар,
мультимедиалық технологиялар және материалды қысқаша
түсіндіру арқылы іске асырады. Цифрлық сұлбатехниканың
негізгі технологиялары және олардың ерекшелігі, интегралдық
микросұлбалар.және т.б. тақырыптарына қолдануға болады.
·
бинарлы (дәріс-диалог).
Осы әдіс материалды екі оқытушының диалогы түрінде,
мысалы екі ғалымның, екі ғылыми бағытта жұмыс
істейтін ғалымдардың пікір таласы. Сұлбатехника пәні, объектісі және
құрамдас бөліктері тақырыбына қолдануға
болады.
·
арнайы арандату. Осы әдіс алдын-ала оқушының білетін
материалының бір бөлігінен әдейі қате жіберу
арқылы немесе берілетін материалдың дәлдігі дұрыс
болмауы мүмкін ақпаратпен жұмыс істету арқылы
дәріс тыңдату. Дәріс соңында қателер
көрсетіледі және қатемен жұмыс істетіледі.
·
конференция. Осы әдістің түрі
ғылыми-зертханалық сабақта студенттердің ғылыми
жобалармен және студенттерге алдын ала қойылған
мәселелік бойынша пікірлер айту. Сандық
логикалық сұлба мысалы, (WorkBench бағдарламасында сумматор,
дешифратор, триггер (D,T,RS,JK т.б.), мультиплексор
құрылғыларының сұлбасын талдау тақырыптарын қолдануға болады.
·
консультация.
Осы әдісте сұрақ-жауап немесе сұрақ, жауап
және пікірталас күйінде баяндалады.
Барлық
белгілі оқу тәсілдері мен құралдарын толық
қолдану, студенттің сабаққа табысты дайындалуына
көмек береді, себебі оқу дәрісін ұйымдастыру үшін
дайын жоспар қолданылады. Оқу дәріс әдісін
ұйымдастыру төменде көрсетілген.[3]
Оқу дәріс әдістемесін ұйымдастыру:
I. Дәріс тақырыбы. Тақырыпты
таңдау негізі.
1. Толық курс
жүйсіндегі тақырыптың алатын орны және мағанасы.
2. Оқулықтарды
таңдау (оқытушы және студент үшін ұсынылатын
әдебиеттер).
II.Дәрісті ұйымдастыру
түрі.
1. Дәрісхана(тыңдаушылардың
дайындық мінездемесі мен деңгейі).
2. Дәріс
мақсаты (ойластыру, барлық пәндік мазмұнды біріктіретін
дәріс негізгі ойы).
3. Негізгі ойластыруды
ұйымдастыратын, дәріс мақсаты:
а) есеп құрамы
және тізбегі; б) есеп мінездемесі (ақпараттық,
аналитикалық, жүйелендірілген, мәселелік); в) көрсетілген
есепті шығару үшін студенттерге қажетті құралдар
(категориялары, кескіндеу жүйелері, функционалдық,
генетикалық, жүйелік, ықтималдық, байланыстыратын
салдарлары).
4. Дәріс
қалпын ұйымдастыру: а) монологтік сөйлем; б) аудиовизуалдық
құралдарға сүйенетін монолог; в) эвристикалық кездесу элементерімен монолог; г) эвристикалық кездесу.
III. Дәріс мазмұны.
1. Дәріс
құрамының жоспары мен конспектісі.
2. Бүтіндікті,
жүйелікті, тізбектілікті, мүмкіндікті, көркемдікті,
дәлелденетіндікті қамтамасыз
ететін оқу құралдары мен
дидактикалық
мәселелер.
IV.Оқытушының дәріс процесіндегі
бүтіндік кескіні.
1. Дәріс
құрамындағы әр-бір бөлімдегі есептерді
шығару жолындағы оқытушы мен студент арасындағы келісім
формалары.
2. Сөйлемдегі тілдік форма (лексика, грамматика, стилистика).
3. Оқытушының аудиториямен эмоционалды-кескінді, вербалды емес қарым-қатынас жасау
құралдары.[3]
Қорытынды
Сұлбатехника пәнінде дәріс құрылымы бойынша
үш бөліктен тұратыны қарастырылған: кіріспе,
негізгі және қорытынды бөлігі. Кіріспе бөлігінде
дәріс тақырыбы, жоспары және есебі қойылады,
әдебиеттер (негізгі және қосымша) айтылады, өтілген
материалдармен байланыстырып, теоретикалық және тәжірибелік
мәнін ашып көрсету керек. Негізгі бөлікте негізгі
ойының көмегімен мәселенің
мағынасын ашып, байланыстарды белгілеп, жағдайға байланысты
бағалап, мәселенің болашағын болжайды. Ал
қорытынды бөлігінде дәріс қорытындылап, негізі
қысқаша қайталанып және түйінделеді.
Әдебиеттер:
1. Исаев
С.Ә., Мүсіралиев Ж.А., Қожамқұлова Ж.Ж. Сұлбатехника.
Алматы-2008.
2. Карлащук В.И. Электронная лаборатория
на IBM PC. Программа Electronics Workbench и ее применение. – М.: Солон,
1999.- 512 с.
3. Фрике К. Вводный курс цифровой
электроники. М.: Техносфера, 2003.-432с.
4. Миловзоров В.П. Элементы
информационных систем. М.: Высш. шк., 1989.- 440 с.
5. Ефимов И.Е. Основы микроэлектроники.
Уч. Для вузов, М.: Высшая школа. 2000,
384с.