ӘОЖ 37.013.43

Қазақтың әдеп пен салт-дәстүр жүйесінің баланың ұлттық мәдениетін қалыптастыруда алатын орны

 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті

А.У. Губайдуллин, А.Т. Ақылбаева, К.К. Толегенова, Д.А. Мусакулова,

 

Резюме

В данной статье педагогическая проблема формирования у детей национальной культуры рассматривается сквозь призму приобщения их к основам традиций и обычаев казахского народа

Summary

In this article, the pedagogical problem of the formation of the children of the national culture among the pupils is viewed through the prism of familiarizing them with the foundations of the traditions and customs of the gazag people

 

Әдеп, немесе әдептілік – бұл қай жастағы адам болсын әдепті болу, оны сақтау ұлттық тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбиеберу істе қалптасқан қағида, тәрбиелілік жолы бар, ерекше қасиетті тәлімдік дәстүрі. С. Қалиев айтқандай: «Ол қоғамда қалыптасқан адамдардың қарым-қатынас тәртібін, салт-жораларын, өзін-өзі ұстау үлгісін білдіреді. Қазіргі кезле адал ниеттілік, қайырымдық, риясыздық тапшылығы адамдардан жылы қарым-қатынасты қажет етеді».[1] Мұны баланың ұлттық мәдениетін қалыптастыру жолында әдеп пен әдептілікті адамгершікпен байланыстыра отырып, мысалы А. Нүсіпоқасұлы мен Ә. Жаппарұлы педагогикалық теориясында адам баласының бойынамынадай қасиеттерін тәрбиелеуге «күш салады:

1.        Адал да арлы, әділ де турашыл, батыл да батыр, іскер де еңбекшіл, мейірлі де шапағатты болу, тылсым сырлар мен сырлы сөздерді түсіне алатын тамаша қасиет қалыптастыру;

2.        Зейін-зердесі мен ой өрісі кең болу, тапқырлық пен таланыттылық, қажырлылық пен қайсарлық қасиеті болу;

3.        Жан баласына жамандық жасамайтын, жігері берік, қиындыққа жасамайтын, дәулет қонса тасымайтын, дүниеге ой көзімен (біздің пікірімізше «оң көзімен» шығар) қарайтын ұстамдылық қасиеті болу;

4.        Ақыл-білімі мол, бірталай өнер-білімнен хабары бар, табиғат дүниесінің қыры мен сырына қанық, сегіз қырлы, бір сырлы болу;

5.        Замаңға сай өз көзқарасы мен таным-түсінігін, жан дүниесін үнемі жаңалап, заманға сәйкесе алға басатын, іскерлік, ісшеңдік қасиеті болу;

Кішіпейіл, ашық-жарқын болу; түрлі жаман іс-қимылдардан өз бойын аулақ ұстайтын, кіршіксіз, таза-пәк қасиетті адам болу.»[2] Біздің ойымызша, осы аталған бала тәрбиесіне тереңсіңіретін қасиеттері, әрине кішкентайыннан бастап, балаларды адалдықка, адамгершіліққе жетелеп, қарапайым, еңбекшіл ж.т.б. болуға дағдыландырады.

Қазақстанымыздың түкпір-түкпіріндегі облыстарындағы халықтардың салты, атап айтқанда құда түсу рәсімі, келін түсірудегі жөн-жосықтары, бір-бірімен қарым-қатынастарының өзінде үлкен айырмашылық бар т.с.с.

Ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас бөлшектері болып саналады да, дәстүр – сұрыпталып, өмір өткелінен өтіп, тұрмыста тұрақты-орын алған синтездік формасы деп қарастырамыз.[3] Ал әдет-ғұрыпты салттың синонимі деп есптеуіміз қажет.

Ұлттық салт-дәстүрлері және олардың ұлттық педагогикалық тәлім-тәрбие беру жүйесінде алатын орны, олардың бала тұлғасының ұлттық мәдениетінің қалыптасуында алатын орны туралы көптеген педагогтар пікірлерін айтқан. Жарықбаев Қ.Б. балаларға берілетін ұлттық тәлім-тәрбиесінің мақсаты мен міндетіне деген үстем көзқарасты білдіретін халық тәжірибесінің эмпирикалық педагогикалық білім саласы ретінде қарастырады.[4] С.Қ. Қалиев ұлттық, халықтық педагогика бірнеше ғасыр бойы эмпирикалық негізінде жалғасып келе жатқан, жас тәрбиесіндегі ұлттық озық салт-дәстүрлердің жиынтығы деп тұжырымдаған.[5] Ұлттық шығармашылық туындылар өзінде халықтың толық жетілген адам тұлғасы туралы түсініктерді айқын қалыптасты, мұндай адам «ақыл», «қайырымдылық», «еңбексүйгіштік» дегеен даналық үштағаны арқылы дамуы тиіс.

Осы жөнінде, мысалы А.А. Қалыбекова - халық тәрбиесі тәжірибеге және қалыптасқан дәстүрлерге сүйенген, сүйеніп те келеді деп айтқан. Кез келген халық тәрбиешісі этикалық немесе әлдебір басқа ағарту ісімен ешқашан да арнайы шұғылданбаған. Ол мұның бәрін үйрете немесе көрсете отырып, іс-әрекет барысында атқарған. Халық тәрбиешілері тіпті балаларға ертегі айтып, жұмбақ жасыра отырып та жеке тәрбие мақсаттары жөнінде және халықтың ауызша шығармашылығының белгілі бір туындысының мүмкіндігі жөнінде бас қатырмаған шығар, бірақ олар балаларды не қызықтырса, не пайдалы болса, соны айтуға ұмтылғаны даусыз.[6]

Бала бойында ұлттық мәдениеті - қазақ этикалық тәрбиесінің кешенді құралы ретінде К.Ж. Қожахметова халықтық педагогика идеяларының төмендегідей элементтерін этноәлеуметтік тұрғыда көрсетті:

-            қазақтың қарым-қатынас формасы ретінде ұлттық этикет әуел бастан этноәлеуметтік, рөлдік бағдармен байланысты, сондықтан этноәлеуметтік рөлдерді жақсы меңгерген адам кез келген ортада өзін жақсы ұстай алады, яғни ол қарым-қатынастық тұрғыда сөйлесу мен жүріс-тұрыс жөнін біледі, яғни этноәлеуметтік рөлі – өз алдына мінез-құлық пен қарым-қатынас ережелерінің кешені, осы этноәлеуметтік рөлді меңгерген адамның жазылмаған визит карточкасы;

-            әрбір адам – тұылғаннан бастап этнос мүшесі;

-            этнос өқілі ретіндегі әрбір адамның үш туысқандық байланыс саласы болады: әкесі жағынан туыстары, шешесі жағынан туыстары және күйеуі (әйелі) жағынан туыстары.

Бұл тұрғыда, ұлттық мәдениеттің көрсеткіштері - әдеп ережелері, білім-білікті, мінез-құлықтағы құндылық бағдарды нақты жүзеге асыру тәсілдерін көрсетеді.[7]

Қазақ халқының қайсысын алсақ та жастарға берер тәрбиелік ықпалы ерекше. Жоғарыда көрсетілген салт-дәстүр топтарындағы әрбір дәстүрді сақтай отырып біз жастарды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, этикалық жоғары талғампаздыққа, ойшылдыққа, имандылыққа және т.б. көптеген ізгі қасиеттерге жетелейміз.

Ұлттық мәдениетін қалыптастыратын салт-дәстүрлері – ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үдеріс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.[8]

Ұлттық мәдениетінің адамгершілік тәрбиесі мен әдепті мінез-құлқының ерекшеліктерін С.Қ. Қалиев:

-            балаларға көшпелі малшылық негіздерін үйретуді, еңбексүйгіштікке, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеуді, ру намысын, отанды қорғау, жауынгерлік батылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді, шаққан тегінің тарихын білуге, ата-бабаларды, әке-шешені құрметтеуге, халықтық салт-дәстүрлерін сақтауға, үлкендерді сыйлауға, қонақжайлылыққа, көршілерді ерекше құрметтеуге, туысқандық сезімге тәрбиелеуді жатқызады;

-            қазақтардың ұлттық психологиясының гносеологиялық тұрғыдағы, яғни қоршаған ортаны қабылдаудағы ерекшеліктерімен, т.б. байланыстарды жатқызады;

-            қазақ халқының ана тіліне қатысты түсінігінен көрініс табады. Қазақтар сөз өнерін, тілді, тапқырлықты, өткір тілділікті, суырыпсалмалық қабілетті жоғары бағалаған. Мұны қазақтың мақал-мәтелдерінен жақсы байқауға болады;

-            қазақ халқының ұлттық психологиясының көшпелі мал шаруашылығына байланысты ерекшеліктерін көрсетеді.[9]

Салт-дәстүр адамдар арасындағы қатынастар түрлерін, ұлттық мәдени болмысын көрсету және тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды түрін көрсетеді.

Қорыта келе, әр ұлттың өзінің даму көрсеткіштері мен белгілері бар. Сол қатарында басты белгілерінінің бірі – ұлттық мәдениеттілігін байқату. Ал бұл зерттеу мазмұнында салт-дәстүр қалай адамдар арасындағы қатынастар түрлерінің негізін құрайтынын туралы айтатын болсақ, Н. Камалованың айтқандай, «Қазақ қарым-қатынас мәдениетін өзгелермен байланыс жасау, өзара сыйластық таныту, қонақ күту сияқты дәстүрлі әрекеттерден танылады. Солардың ішінде қазіргі мемлекетаралық қарым-қатынастарда ұлттық сипатты танытатындары көші-қон және қонақжайлық қарым-қатынастық мәдениет».[10] Осы оймен негізделе біз, адамдар арасы қарым-қатынастық мәдениетінің арқасында әр халыққа тән, ерекше, өзгеше де салт-дәстүрлерінің қалыптасуы бар себебін (қалыптастырушы фактор ретінде) айтсақ та болады. Десек, көптеген ұлттардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бар. Олар - ұлттық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығын, ұлтаралық қарым-қатынастар негізінде, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері айқын танылады деп тұжырымдаймыз. Сонымен қатар салт-дәстүр қалып-сенген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеуіне бірге, олардың озықтары одан әрі дамып, жаңғыра түседі, тозықтары қолданыстан қалып, ұмыт бола береді деген ой туындайды.

 

Әдебиеттер

1.        Тәрбие хрестоматиясы. –«Ғылым» ғылыми баспа орталығы. Құраст. С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева. Алматы, 2001. –45 бет.

2.        Ағаш бесіктен жер бесікке дейін. 2-кітап. (Халықтық дәстүр тәрбиесі) –Алматы: «Өнер», 2011. -21 бет.

3.        Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика: Оқулық. –Астана: Фолиант, 2007. –63 бет.

4.        Жарикбаев К.Б. Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане :автореф. на соискание науч. степени д.п.н. –Киев, 1982. -511 с.

5.        Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. –Алматы: Рауан, 1998. -128 бет.

6.        Қалыбекова А. Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы. –Алматы: БАУР, 2011. –30 бет.

7.        Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. –Алматы: Ғылым, 1998. -317 с.

8.        Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика: Оқулық. –Астана: Фолиант, 2007. –62 бет.

9.        Қалиев С.Қ. Этнопедагогиканың қоғамдық ғылымдармен байланысы //ГПО Хабаршысы. –Алматы. -6 бет.

10.    Қазақтың мәнін жоймас құндылығы: Монография/ Н. Камалова. -2-бас. –Алматы: «Нұрай Принт Сервис» ЖШС, 2014. -57 бет.