КОЛЛЕДЖДЕРДІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ БАСТЫ ӘРІ МАҢЫЗДЫ КОМПОНЕНТІ: МАРКЕТИНГТІК МЕНЕДЖМЕНТ

 

Таджибаева Айнур Ягшыкуловна

Ағылшын тілі оқытушысы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы

 

Маркетингті басқару, стратегиялық басқарудағы маркетингтік қызметті ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар мен іс-əрекеттер жиынтығын білдіреді. Колледждерде маркетингті басқару келесі рəсімдерді қамтуы керек:

1.     Колледждің нарықтық мүмкіндіктерін сараптау (білім беру қызметі нарығын маркетингтік зерттеу; колледж қызмет ететін маркетингтік орта; білім беру қызметінің жеке тұтынушылар нарығы; білім беру қызметінің кооперативті тұтынушылардың нарығы).

2.     Аталған колледждің мақсатты нарығын таңдау (білім беру қызметіне сұраныс көлемін анықтау; білім беру қызмет нарығын бөлшектеу; білім беру қызметі нарығында жайғастыру).

3.     Колледжде маркетинг кешенін əзірлеу (маркетингті басқарудың ұйымдасқан құрылымын құру; білім беру қызметін əзірлеу; білім беру қызметінің бағасын анықтау; білім беру қызметін жылжыту үшін технологияны əзірлеу).

4.     Маркетинг іс-шараларының тиімді орындалуын қамтамасыз ету (маркетингтік іс-шараларды жоспарлау; маркетингтік іс-шаралардың орындалуын қадағалау; маркетингтік қызметті жедел реттеу).

Маркетингтік қызметті ұйымдастыру құрамына кіретіндер: маркетингті басқарудың ұйымдасқан құрылымын құру; тиісті біліктілігі бар маркетологтарды жұмысқа қабылдау; маркетологтардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау; маркетинг қызметінің ұйымдағы өзге құрылымдық бөлімдермен тиімді жұмыс жасауы.

Бірнеше филиалдар желісіне ие жоғарғы маманданған білім беру мекемесі үшін маркетингті функционалды өнімді ұйымдастырған құрылымдық басқару (ҰҚБ) тиімді болады. Осындай ҰҚБ колледждің басты функционалдық маркетингтік қызметі колледждің кейбір ортақ маркетингтік мақсаттары мен міндеттерін əзірлеп, үйлестіреді.

Кез-келген колледж — өндіріс, коммерциялық жəне өзге құрылымдар сияқты нарықтық қарым- қатынас субъектісі. Оның негізгі тауарлары — білім беру қызметі мен ғылыми-техникалық зерттеулер.  Олар бəсеке қысымын көреді, жарнаманы жəне оны елде жəне шетелде жүзеге асыратын сенімді жолдарды қажет етеді. Ал ең соңғы мақсат — ұжым мүшелерінің тұрмыстық, əлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мен оқу үдерісінің материалды деңгейін қамтамасыз етуге пайдаланылатын пайда мен қоғамың зияткерлік əлеуетін жоғарылату (1-сур.).

КОЛЛЕДЖ

Сурет 4. Колледж нарықтық қатынас субъектісі ретінде

Колледж маркетингі — бұл білім беру қызметінің, ғылыми-техникалық өнім мен қызметтің бейінді нарықтағы, сонымен қатар еңбек нарығында жоо мақсатына жетуіне бағытталған қызмет.

Колледж қызметінде маркетингті пайдалану:

ü колледж нарықтық бағытына ықпал етеді; оның даму стратегиясының қалыптасуына көмектеседі;

ü колледж имиджін қолдайды;

ü нарықтағы колледж жағдайын бағалауға жəрдемдеседі;

ü нарықтағы колледж орнын күшейтуге көмектеседі;

ü колледж мақсатты тұтынушы топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Колледждің маркетинг қызметінің негізгі бағыттары болып келесілер табылады:

ü еңбек нарығын, əр мамандық бойынша сұранысты зерттеу, білім беру қызметі нарығында мамандықтар құрылысы мен мазмұнының өзгеру тенденциясы;

ü сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашу;

ü қоғам жəне мемлекет қажеттіліктерін зерттеу;

ü колледждің бəсекеге қабілеттілігін қолдау.

Көптеген қазақстандық колледждерде маркетинг қызметі белгілі бір көлемде жүзеге асады, бірақ көп жағдайда ол үлестірілген жəне жүйесіз сипатқа ие болып келеді. Қазіргі таңда көптеген ЖОО қоғаммен байланыс бөлімдері, жарнама бөлімдері мен көрме қызметін ұйымдастыратын бөлімдер бар. Бірақ бұл — нарық жағдайында əрбір колледждің орындауға тиіс минималды қызметтерінің жиынтығы. Бұл қызметтер колледж маркетинг қызметінің тек бөлшегі ғана болып табылады жəне колледж  тауары мен қызметін жылжыту бағытымен ғана байланысты. Барлық колледжішілік қызметтің осындай бағыты, яғни маркетингтік зерттеулер мен колледждер  нарықта қажетті қызмет пен тауарды қалыпастыру нəтижелерін зерттеу байланысы, оларды нарықта жайғастыру мəселесі

Мысал ретінде шетелдік тəжірибені қарастырайық. Мысалы, АҚШ колледждерінде  маркетинг бөлімдерін құрудың көп тəжірибелері бар. Бұл елдің жоғары оқу орны жүйесінің ерекшелігімен сипатталады: коммерциялық негіз, мөлдірлік, көп ұлттылық, сенімділік пен абырой. Ең үлгілі мысалдарының бірі — Сиэтл орталық колледжінің құрылымдық басқаруы. Колледж құрылымында маркетинг жəне коммуникация бөлімдері құрылған. Ол колледжде коммуникация мен маркетингтік басқаруды қамтамасыз ететін негізгі құрылым болып саналады. Маркетинг жəне коммуникация бөлімі колледждің стратегиялық жəне тактикалық жұмыс жоспарын əзірлейді жəне оларды өзге құрылымдар мен серіктестерге жеткізеді.

Бұл құрылымның сəтті жұмысы оның қызметкерлерінің кəсібилігі мен креативтілігіне, жоғары нəтижеге жетуге негізделген. Маркетинг жəне коммуникация бөлімі бұқаралық ақпарат құралдары, басылым, ғаламтор, бейнематериал жəне т.б. көмегімен жұмыс жасап, түрлі аудиторияны қамтитын колледждің ішкі, сыртқы байланысы (коммуникация) үшін жауап беретін бірнеше арнайы қосымша бөлімдерден тұрады.

Əрі қарай Австралия колледждерінің маркетингтік басқаруына талдау жасай отыра, келесіні айтуға болады: мұнда колледждердің ішкі жəне сыртқы ақпаратын басқаруға көп көңіл бөлінеді, яғни ақпаратты алуға, өңдеуге, бөлуге, тұтынуды бақылауға баса назар аударады. Осы іс-шараның мақсаты — колледж құрылымында ақпараттың өту үдерісін жетілдіру жəне оны тиімді пайдалану.

Демек, қазіргі кездегі білімнің даму үдерісі колледждерді маркетинг құрылымын құруға мəжбүрлейді жəне олардың тиімді қызмет етуі үшін барлық жағдайды жасайды. Шетелдік оқу орындары тəжірибесі негізінде шетелдік колледждердің маркетингтік басқару маманданған деңгейде жəне негізгі қызметі бір-біріне ұқсас болатын бірнеше құрылымдарға бөлінген болып келеді:

ü корпоративтік жəне кіріс ақпаратты басқару, оны пайдалануды бақылау; жарнамалық қызмет (басылымдар, ғаламтор-сайт жəне т.б.);

ü оқу орнының фирмалық стилін жəне символын жасау; білім бағдарламаларын жылжыту;

ü бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау;

ü оқу орнының конференциялары мен семинарларын қамтамасыз ету жəне ұйымдастыру;

ü маркетингтік зерттеулер жүргізу;

ü фото мұрағаты мен қорларын жасау, кей кездері бейнетүсірілім мен фотосессия ұйымдастыру.

Оқу орнының қызметін маркетингтік басқарудың ерекшелігі бойынша келесідей қорытынды жасауға болады. Көптеген оқу орындарында қызметін маркетингтік басқарумен айналысатын жеке құрылымдар бар: маркетинг қызметі, маркетинг жəне коммуникация бөлімдері, əкімшілік жəне маркетингтік құрылымдар, сыртқы жəне ішкі коммуникация бойынша бөлімдер жəне т.б.

Негізінен, маркетинг бөлімі құрамына брендті басқару бойынша арнайы құрылымдар кіреді. Олар оның құрылу, жылжу жəне жөндеу жұмыстарымен айналысады. Медиажоспарлау (жеке құрылым немесе маркетинг бөлімі құрылымы ретінде) қызметкерлері бөлімінің штаттық құрамына колледж ішінде, аймақта, елде жəне шет елде басылыммен, ғаламтор-сайттарға ақпараттар жəне т.б. даярлаумен айналысатын маманданған тілшілер кіреді. Колледждерде  əр маркетинг бөлімінің қызметі үшін жеке құрылымдар құру тəжірибесі кең таралған. Мысалы, бір колледждің маркетинг бөлімі құрамына келесілер кіреді: жаңалықтар бөлімі, медиарелиз бөлімі, іс-шаралар өткізу мен ұйымдастыру бөлімі, басылым бөлімі, жарнама жəне медиажоспарлау бөлімі.

Əрбір нəтиже көрсеткіші үшін өлшем бірлігі мен əдісі көрсетіледі (өлшеу регламентін де көрсеткен жөн болады). Бизнес-үдерісті басқару үшін нəтиже көрсеткішінің əрбіреуіне мақсатты мағына беріледі жəне өлшеу регламентіне сай мақсатты мағынаға жетуді бағалау мақсатында ағымдағы нəтиже көрсеткіштерінің мағынасына мониторинг жасайды.

 

Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep

 

1.     Арсеньев Д.Г., Алексанков А.М. жəне т.б. Жоо бағдарламалардың халықаралық білім беру қызметіндегі маркетингі: Оқу құралы. // Ред. А.М.Алексанков. — СПб.: Политехн. ун-ті баспасы, — 105 б.

2.     Нoвикoв Д.A. Тeopия упpaвлeния opгaнизaциoнными cиcтeмaми. — М.: МПCИ, 2005. — C.584.

3.     Жaкeнoвa Б.Қ., Тәмпішeвa Қ.Б., Мaқcaтoвa Л.М. Мeнeджмeнт нeгіздepі. Acтaнa-2007.

4.     http://seattlecentral.edu/