Педагогика
Адизбаева
Д.Ж., Абдигапбарова А.И
Қазақ ұлттық
аграрлық университет, Алматы қ., Қазақстан
ТӨЗІМДІЛІК –
ӨРКЕНИЕТТІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ
Қазақстанды тұрақтылық
пен татулықтың ордасы деп есептейміз. Қоғамдағы
түрлі жағдайларға байланысты оған енді «толерантты ел»
деген ұғым қосылды. Саясатттанушылардың
анықтамасы бойынша, толеранттылық – бұл жергілікті
халықтың басқа ұлт өкілдеріне және
басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды
қудаламауының белгісі. Жалпы, толеранттылық өркениетті
қоғамға тән құбылыс. Осы
ұғымның баламасын төзімділік, шыдамдылық
сабырлылық деп те түсіндіретіндер бар.
Елбасының «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы -
биылғы жылғы Елбасы Жолдауының рухани жалғасы. Ұлттық
сананы жаңғыртуға
бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы
уақыт талабы. Сананы рухани
жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді де білікті
елдің шамасы жетеді. Елбасы рухани жаңғырудағы
ұлттық санаға баса назар аударып, бірнеше міндеттерді
айқындап берді.
Мұны
тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңызды
жетістігіміз десек артық емес. Қазақстандағы
полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің
үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз
жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс
мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт
өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін
жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай
ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері
қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан –
Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап,
алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел [1].
«Меніңше,
толеранттылық саяси тұрақтылықтан,
қоғамдық келісімнен, әлеуметтік түсінушіліктен,
елді басқаратын қатынастан, татулықтан, ұлтаралық
келісімнен және саяси этникалық-діни мәдени
толеранттылықтан тұрады. Міне, осы
құндылықтардың барлығы бірігіп, мемлекеттің
тұрақты дамуын және рухани-мәдени келбетін
қамтамасыз етеді» деді өз еңбегінде, [2]
Сайын Борбасов, саяси ғылымдар докторы, профессор. Рухани
жаңғыру – жеке тұлғаның ішкі әлемінің
жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Ал,
төзімділік – осы рухани жаңғырудағы басты құндылық.
Төзімділік
(толеранттылық) – адамның негізгі құндылығы. Толеранттылық латын тілінен аударғанда
tolerantia – шыдамдылық, өзге көзқарастарға,
мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік
таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе
алушылық деген мағынаны білдіреді.
Мемлекет
басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың:
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам» бағдарламалық мақаласы мен
«Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті
дәрісі қазіргі уақытта барша
қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы
аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт
кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық
қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған
болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне
сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын
нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің
қазақстандық табысқа қол жеткізудің
үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен
қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан
мазмұндауында да үлкен теориялық және
практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың
басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы.
Екіншісі – толеранттылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың
қауымдастығы [3].
«Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, өркениетіміздің
рухани жаңғыруына елдегі халықтың тұтастығы
мен татулығының ықпалы зор. Осы бірлігіміздің
арқасында тірлігімізбен бақытты да баянды өмір кешуіміз шаңырағымыз
шайқалмай, өзгелерден тайсалмай, өзге мемлекеттермен тең
әрі тұрақты ғұмырымызды баянды болғаны –
осы бірліктің арқасы. Әр отбасындағы тәлім
тәрбиенің, тату тәтті бүлдіршіндердің бір-бірімен
араласып ойнауы, Ұлыстың ұлы күндерін бірге тойлауы
осылардың бәрі ынтымақтастық пен
төзімділіктің арқасы.
Төзімділік Қазақстан үшін өте
қажет. Өйткені, еліміз Қазақстанда әртүрлі
ұлттың өкілдері тұрады. Сондықтан, мұнда
төзімділік, яғни, өзге ұлттың салт-дәстүрі
мен мәдениетін құрметтеуге төзімділік, өзге дінге
деген төзімділік өсіп келе жатқан жас буынның бойына
білім бере отырып тәрбиелеу аса қажет. Ондай төзімділік
болмаса, онда бүкіл тұтастыққа, жалпы
қазақстандық бірлікке қауіп төнуі мүмкін.
Алайда, кез-келген нәрсенің екінші жағы болатынын естен шығармайық.
Төзімділік танытамыз деп, соңғы он шақты жылдың
ішінде өзге елдерден көптеген жатжерлік, дәстүрлі емес
діни ағымдар келіп, діни қарым-қатынаста өзекті
мәселелер туындағаны, рас. Бірақ, қазіргі
жағдайда адамның өзінің фундаменталды
құндылықтарын, ар-ождан бостандықтарын ескермесек
болмайды. Бұл уақытша құбылыс халықтың
арасында біртіндеп іріктеледі.
Елімізде шешімі қиын мәселе сараланып,
өз орнын табды. Жалпы төзімділік танытқан дұрыс. Мұхтар Әуезовтің «төзімділік
жақсы қасиет, бірақ өмір бойы төзуге болмайды»
деген сөзі бар. Әрине,
төзімділіктің де кейбір жағдайда бұрыс жақтары
болады. Мысалы, өзінің құндылықтарын өзгеге
таңып, басқаға шыдамсыздық таныту сияқты
жағдайлар кездесуі мүмкін. Әрине, бұл жерде әркім
өз көзқарасына қарай қабылдайды.
Қорыта айтқанда, төзімділік
біздің ұлтымызға сіңген қасиет, ал енді осы
жақсылықты алдағы өсіп келе жатқан буынға
кемеріне толған күйінде апару. Сондықтан да
төзімділікке тәрбиелеуді білім берудің барлық
басқыштарында үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етуіміз
керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. «Төзімділік – өркениеттің өріндегі
қасиет». Астана, 2007.
3. Назарбаев
Н.Ә. «Қазақстан қоғамындағы толеранттылық және Қазақстан халқы Ассамблеясы» 24.10.2012ж..