Шилібек К.,
Құдайқұл Б., Қошқарбай Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚҰрылыс машиналары ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН БЕЙІМДЕЛУ ПІШІНІНІҢ
атқаратын ролі
Транспорттық құрылыс пен
құрылыстың басқа салаларында жер жұмыстарының
жалпы көлемінің белгілі бір меншікті салмағын көлемі
жағынан аз жұмыстар мен ыңғайсыз жағдайларда
орындалатын жұмыстар құрайды. Құрылыстың ыңғайсыз
жағдайлары деп, еңбек өнімділігін төмендетуге
әкеліп соғатын жағдайларды жатқызамыз. Мысалы, темір
жолдың екінші жолдарының құрылысы кезінде ойдымдарды,
көпірлерге және басқа құұрылыс нысандарына
келетін жолдарды кеңейту, электроберіліс желілері бар, жер асты
коммуникацияларға жақын жерлерде және құрылыс
алаңдарының өлшемдері шектеулі қала
құрылыстарында жұмыс істеу және т.б. Аталған
жағдайлар жер қазғыш машиналардың өнімділігін
төмендетумен қатар олардың қолдану мүмкіндіктерін
де анағұрлым шектейді. Алдын-ала қопсытуды қажет
ететін, берік топырақтарды
қазу кезінде орындалатын жер жұмыстарының еңбексыйымдылығы
жоғары және қымбат тұратын жұмыстар болып
табылады.
Қазіргі уақытта берік
топырақтарды алдын-ала қопсыту және оларды тасымалдауға
дайындау үшін әртүрлі әдістер мен механикаландыру
құралдары қолданылады. Қазылатын топырақтың
физикалық-механикалық қасиеттері осы әдістерді
таңдау кезінде шешуші факторлар болып табылады.
Транспорттық -
комуникациялық нысандарды салу мен пайдаланудағы негізгі
жұмыстар құрылыс және пайдалану жұмыстары болып
бөлінеді. Бұл нысандардағы құрылыс
жұмыстары оның сипаты сияқты жүргізу түрі мен
көлемдерінің жағдайлары бойынша үлкен әртүрлілігімен
ерекшеленеді.
Пайдалану жұмыстары
құбырөткізгіш және канализация жүйелерін,
каналдар, автомобиль жолдарын жөндеуге және қалыпты
ұстауға бағытталған. Автомобиль жолдарының
құрылысы қолдану мен оларда жерқазғыш
техникаларды пайдалануды дұрыс таңдау үшін, сол сияқты
оларды қолданып тиімділікті жоғарылатуды анықтауға
көп әртүрлілігімен ерекшеленетін топырақтардың
негізгі физикалық-механикалық сипаттамаларына көп мән
береді. Жер қазғыш машинамен қазылатын топырақтық
берктілік тобы динамикалық тығыздық өлшегіштің
соққылар санымен анықталады (ЖолҒЗИ
соққышы) және бұл әдіс 17343 ГОСТ-мен
регламенттелген профессор А.Н.Зеленин ұсынған. Жер
қазғыш машиналардың техникалық талаптарын жасаған
кезде және жұмыс жабдықтары мен жұмыс
құралдарының жаңа түрлерін жасау мен
қолдануда алғашқы мәліметтерін анықтау кезінде,
осы машиналардың техникалық мүмкіндіктерін толығымен
пайдалануға мүмкіндік бере алатын, жер ғимараттарының
параметрлері мен машиналардың параметрлері арасындағы өзара
байланыс ескерілуі керек.
Өндіріс
жұмыстарының ұзақтығын азайту, қол
жұмыстарын қысқарту, еңбексиымдылығын
төмендету жер жұмыстарының технологиясын жетілдірудің
маңызды мәселесі болып табылады. Бұл мәселелерді
орындау үшін, соңғы жылдары жасалған және сериялы
өндірісте игерілген жаңа машиналар мен аспалы жабдықтарды
ең көп пайдаланып, технологиялық үдерістерін
жүргізу ұсынылады. Жер жұмыстары өндірісінің
технологиясын жетілдірудің алдағы жолдары алмастырмалы машиналармен
салыстырғанда жылдық жұмыс бойынша жоғары
көрсеткіштері бар жұмыс құралдары мен аспалы ауысымды
жабдықтарының жаңа түрлерімен қамтылған
жаңа машиналардың артықшылығының тиімді
пайдалануымен тығыз байланысты. Осылардың көмегімен
нақты жер құрылыстарын жүргізу машиналардың аз
санымен және қол еңбегінсіз орындалуына қол жеткізу
қажет.
Механикаландырудың
жаңа құралдарын қолданудың тиімділігі нақты
нысандар үшін жер жұмыстарының өндірісінің
кешендік - механикаландырылған үдерістерін жасаумен анықталады.
Технологиялық мүмкіндіктерге сәйкес, кешенге кіретін
құралдар уақыт пен дәйектілік бойынша
технологиялық әрекеттермен келісілуі керек.
Технологиялық
факторлар әсер ететін жағдайдың қарастырылған
үш факторларының (бұзу нысаны мен құрылыс
материал ретінде қабылданатын, жер құрылыстары, жер
жұмыстары және топырақтар) қайсысы бейімделгіш
жұмыс құралын жасауға тікелей жағдай жасайтын
жұмыс құралының конструкциясын бөліп
көрсетуге болады:
-
өзгеретін геометриялық
параметрлі жұмыс құралының геометриялық
әртүрлі параметрлерімен жер құрылымдарын жасау;
-
бір немесе бірнеше жұмыс
түрлерін орындау, мысалы, қазу және тегістеу, қопсыту
және қазу, қазу және даналық заттарды ұстау
және т.б.
-
бір немесе бірнеше функцияларды
біріктіретін жұмыс құралдары;
-
түріне байланысты жер
құрылымдарын өңдеу, кесу бөлігі өзгермелі
пішінді жұмыс жабдығы немесе барлық құралдары
өзгеретін топырақ жағдайына жұмыс
құралының немесе оның бөлшегінің
бейімделуі.
Әдебиет:
1. Жер
жұмыстарына арналған машиналар. Д.П.Волков
жалпы ред. М., 1992, 448 б.
2. 2002
ж. Қазақстан Республикасындағы құрылыс. /
Статистикалық жинақ. Алматы, 2003,
96 б.
3.
Дегтярев
А.П., Рейш А.К. және Руденский С.И. Жер жұмыстарының кешенді
механикасы. М.,1987, 335
б.