Студент Жамаш Балжан, доктор PhD Нұржан
Д.Ж.
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
КЕЗІНДЕ АҚАУ КОДТАРЫН ОҚУ
1970-ші жылдары электронды отын бүрку
және оталдыру жүйелері пайда болуы дәстүрлі диагностика
«жүргізу стратегиясына» өзгеріс әкелді. Дәстүрлі
диагностика негізгі үш себеп бойынша жарамсыз болып қалды:
- Дәстүрлі әдіспен
диагностикалау жүргізгенде ЭББ басқа элементтерден ажыратылып,
әр элемент жеке-жеке тексерілетін, тексеріс барысында элементтерде дефект
табылмаса ЭББ-да ақау бар деп табылатын. Көп жағдайда
мұндай шешім орнысыз болды. Қызмет тұтынушысына мұндай
«жөндеу» барысы ұзаққа созылып, уақыт
жоғалтумен қатар қымбат тұратын ЭББ-н негізсіз
алмастырылудан қаражаттай шығынға ұшыраумен
аяқталатын;
- Автомобиль жүйелері күрделене
түсті, жүйені құрайтын элементтер арасындағы
байланыстар көбейді.
Техникалық қызмет маманы
әртүрлі автоөндірушілердің автомобиль модельдеріне
қатарлас қызмет көрсеткенде (мыс. nissan, crysler
-құрылғылары, ЭББ әртүрлі) ақпарат
тапшылығына тап болуына әбден мүмкін.
- Ескі автомобильдердің
электрөткізгіштері екі деңгейлі сигнал өткізумен
анықталды: массадағы және аккумуляторлық батареясындағы
кернеу деп. Қазіргі заманауи автомобильдерде (қарапайым) екі пар
электр өткізгіштен басқа тарамыс-тарамыс болған жекелей
өткізгіштер бірігіп буылған электр өткізгіштері
қолданылады. Оның бойымен сезгілерден, ЭББ-нан, атқарушы
механизмдердің өзарасында екілік (екілік дегеніміз-төменгі
және жоғарғы «мыс.: 0..0,4 және 4,5..5В» кернеуден
тұратын электр импульстер ағымы, ағым реттік немесе параллель
болады, осындай сигналдар ағымы логикалық деп-те аталады)
және аналогты сигналдарды жеткізеді.
Қазіргі кезде автомобиль бортында
орналасқан басқарудың заманауи микропроцессорлық
жүйесінде қандай да бір диагностикалық мүмкіншілігі
бар. Мұндай мүмкіншіліктерді іске асыратын программалар тұрақты
еске сақтау құрылғысында жазылған және
фондық тәртіпте борттық компьютермен орындалады. Компьютер
бірнеше программаны ереже бойынша алма-кезек орындайды. Екі программаны
орындағанда ереже келесідей болуы мүмкін. Программаның біреуі
негізгі екіншісі қосалқы болсын дейік. Компьютер негізгі
программаны орындаған кезде жүктемесі азайса сол кезде қосалқы
программаны орындайды. Негізгі программа басқару функцияларын іске
асырады.
Автомобильді қалыпты жағдайда,
яғни «штаттық» тәртіпте пайдаланған кезде
«борттық компьютер» электр және электрондық жүйелерді
және оның компоненттерін тестілейді. ЭББ-да шама нақты санмен
анықталады. Шама көрсеткішін сезгі анықтайды, онда сезгі
анықтаған көрсеткіш нақты шамаға сәйкес
келетінін тексеру қажет. Сезгінің дұрыс жұмыс істеуі
маңызды. Автомобильді пайдалану барысында сезгінің қызмет
атқару қабілеті өзгеруі мүмкін сондықтан
сезгінің жұмысқа жарамдылығы тестілеу арқылы
анықталып отырады (рациональділікке тексеру). Тест нәтижесінде
сезгі істен шыққаны анықталса онда сезгі көрсеткіші
резервті көрсеткішке алмастырылады. Яғни, сезгіден түсуі тиіс
көрсеткіш орнына оның қалыпты жұмыс істеп
тұрғандай көрсеткіштердің бірін ЭББ қойып,
қозғалтқыш жұмысын авариялык тәртіпте
жалғастыра береді. Мысалы, қозғалтқышты суытуға
пайдаланатын сұйықтықтың температурасын
анықтайтын сезгі істен шықты деп ЭББ анықтаса одан келіп
түскен көрсеткіш мәнін 80-ге ауыстырады,
сұйықтықтың 80 градус Цельций температурасы көп
жағдайда қозғалтқыштың штаттық
тәртіпте жұмыс істегенінде болатын көрсеткіш. ЭББ қозғалтқыштың
авариялық тәртіпте жұмыс істегендегі қолданған
көрсеткішті жадыға тіркеп жазады.
Жүргізуші ақау жайлы
автомобильдің бақылау-өлшеуіш панеліндегі «CHECK ENGINE»
бақылау лампасы жануынан (немесе жарықтандырғыш диодтың
жануынан) хабардар болады.
ЭББ-дағы микропроцессор айрықша
кодты КАМ (Keep Alive Memory) жадысына жазады. КАМ жадыда ақпарат
сақталу үшін оны жеке электр өткізгіш қорғаны бар
сымдар арқылы автомобиль аккумуляторына жалғайды немесе
ЭББ-ның ішіндегі платада орналасқан уақытылы
қуаттандырылатын шағын аккумуляторлық батареядан
жұмысына қажет электр тоғын алады.
Ақаулар туралы ақпаратты
сақтау үшін ақау анықталған кезде оның коды
жадыға жазылады да «CHECK ENGINE» бақылау лампасы жанып белгі
беретіні белгілі, бірақ оны қандай ақаудың кодымен
байланыстырамыз? ЭББ жобаланып жасалған кезде конструкторлық
ерекшеліктеріне сай жадыдағы кодты оқу жолы анықталады. Ақау
кодтары оқылып жеткізілу жолымен шартты түрде екіге бөлінеді:
«баяу» және «жылдам» деп.
Ақау коды оқылып «баяу»
әдіспен келесідей беріледі:
- ЭББ-да орналасқан жарық диоды
периодты өшіп-жану арқылы;
- Диагностикалық ұядағы (розеткадағы)
белгілі бір контакттерін (pin-пиндерін) өткізгішпен жалғау
қажет. Сол кезде «CHECK ENGINE» бақылау лампасы ақау
қодын периодты жылпылықтаумен бере бастайды;
- Жарық диодын немесе аналогты
вольтмерді диагностикалық ұядағы белгілі бір контакттеріге
қосу қажет, сонда жарық диодының жанып-сөнуі
арқылы (аналогты вольтомер көрсеткішінің ыршуынан) ақау
коды туралы ақпарат алынады.
«Баяу кодтар» визуальді
қабылдауға арналғандықтан оның жиілігі
төмен (шамамен 1 Гц), кешіп түскен ақпарат көлемі
азғана. Код жарықтың периодты жанып-сөну арқылы
түзелген сигналдар тізбегін құралады. Жарық
көмегімен берілген сигнал коды күрделі болуы мүмкін.
Баяу кодтар қарапайым, оны
қабылдау үшін қымбат диагностикалық
құралдардың қажеті жоқ. Жоғары жазып
кеткендей баяу код ақаудың себебі жайлы, жалпы жүйенің
жағдайы туралы аз ақпарат береді. Қанағат тұтарлық
ақпарат берілмеуі баяу кодтың кемшілігі. Сондықтан
қазір жасап шығарылатын автомобильдерде қолданылмайды.
Бірақ, мысалы, кейбір OBD-II стандартына сай келетін заманауи Chrysler
автомобиль модельдерінде борттық диагностикалау жүйелерінде
ақау кодтарының бір бөлігі жарық шамдарының
жарқылдауы бойынша жеткізіледі.
Жылдам код жай ғана ақау кодын
емес жалпы жүйе туралы ақпаратты ЭББ-ның жадысынан «бір іздік
интерфейс» («диагностикалық интерфейс») арқылы теріп
оқуға мүмкіндік береді. Интерфейс арқылы
оқылған ақпарат көлемді. Автомобиль зауытында
автомобильді жинағаннан кейін жүйелерінің жұмысын
реттеу үшін, кейінен автомобильді пайдаланғанда диагносттауда
диагностикалық интерфейс арқылы іске асады. Мұндай
қосылыстың бар болуы сканер немесе мототестер көмегімен
автомобильдің ішкі өткізгіштерін бұзбай сақтап
қалып, әртүрлі автомобильдің жүйелерінің
(қозғалтқыш, АБС, трансмиссия, аспа және т.б.)
жағдайы жайлы диагностикалық ақпарат алуға
мүмкіндік береді. Текст бойынша
жоғарғы жақта ақау кодтары қалайша
оқылатынын және жалпы диагностикалау жүйесі туралы
ақпарат бердік.
Заманауи автомобильдің ЭББ-ның
күрделінуі автомобильге қойылатын талаптардың
жоғарлауымен түсіндіруге болады. Егер сезгі
қадағалайтын шама көрсеткіші дұрыс анықталмаса,
яғни, сезгі анықтаған көрсеткіш нақты
шамаға сай болмаса, бірақ-та, қадағаланатын шама
көрсеткіші өзіне тән аралықта өзгерсе онда сезгі
дұрыс жұмыс істемейді деп біржақты қорытынды жасау
мүмкін емес. Дұрыс қызмет жасамайтын сезгі көрсеткіші
басқару функциясын іске асыратын ЭББ-ның микропроцессоры орындап
жатқан алгоритімге (программаға) дерек ретінде берілсе
сәйкесінше басқару жүргізілгенде қателіктер орын алады.
Ақауды табу үшін күдікті сезгіні ажырату қажет. Осы
кезде ЭББ-гы ақау кодын жадыға жазады да, сезгіден келіп
түсуі тиіс сигнал (көрсеткіш) орнына резервтік сигнал жазылады.
Мысалы, «массалы ауа шығысы» (отын мен ауаны қоспасын дайындау
үшін қажет) сезгісін ажыратқанда ЭББ-гы одан түсуі тиіс
сигналды резервті көрсеткішпен алмастырады. Резервті көрсеткіш
мәні қозғалтқыштың дроссель
қалқанның тұрысының (ашық, жабық,
жартылай ашық) бұрышын және иінді біліктің айналу
жиілігін ескеріліп анықталады. Осы кезде (массалық ауа сезгісін
ажыратқанда) қозғалтқыш жұмысы жақсарса
сезгі істен шыққаны анық болғаны.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Борц А.Д., Закин Я.Х., Иванов Ю.В. Диагностика
технического состояния автомобиля. М.: Транспорт, 1979. – 160 с.
2. Жердицкий Н.Т., Русаков В.З., Голованов А.А. Автосервис и
фирменное обслуживание автомобилей: Учебное пособие. – Новочеркасск: Изд. ЮРГТУ
(НПИ), 2003. – 123 с.
3. Арзамаскина Н. Маленький аспект большого
Интернета. // АБС. Автомобиль и сервис, 2000. – № 8. – С. 42-13.
5. Яковлев В.Ф. Диагностика электронных
систем автомобиля. М.: СОЛОН-Пресс, 2005 – 272 с.