Молдaбек Қ.-п.ғ.д., проф., Қәрім
А.Н.,Сейдуллаева А.А.,Яким Б.Е.,
Оңтүстiк
қaзaқстaн педaгогикaлық университетi, Шымкент қ.,
Қaзaқстaн
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯДА
КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫЛУ
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалануы
қоғамдық
тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге
асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту процесін
технологияландырудың қажеттігінен туып отыр.
Осыған орай,
соңғы кезде оқытудың әр түрлі
педагогикалық технологиялары
жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.
Атап айтқанда , академик В.М. Монаховтың оқыту технологиясы
жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық
тәсілі[30].
Профессор Ж.А. Қараевтың
жұмыстарында еліміздің
көптеген мектептерінде қолданылып жүрген:
-оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;
- білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру
Принциптеріне
негізделген жаңа педагогикалық
компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда
қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие
процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде
енгізетін болсақ, онда:
- білімді демократияландыруға және ізгілендіруге;
- оқыту сапасын арттыруға;
- басқару тиімділігін жетілдіруге;
- оқушылардың дамуына бақылау
жасауға;
- оған сәйкес бағалауға болатыны
дәлелденіп отыр[19].
Бұл жағдайда педагогикалық технология- компьютерлік
техниканың тиімді пайдаланылуына
мүмкіндік туғызады.
Сондықтан да , бірқатар
мектептерде жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік
–сынақ жұмыстарымыздың
басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа
педагогикалық техналогиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз-
тәжірибеде жүзеге асырылатын, (В.П. Беспалько), белгілі бір педагогикалық
жүйенің жобасы [4].
Бұл
жерде: Әдістемелік жүйе {Мақсат ,мазмұн, әдіс,
сабақ түрі, құралдар}Дпр
{Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.} Тқ
Қайда:
Мақсат- өздігінен
білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр
оқытудағы мазмұнды,
әдісті, сабақтың түрін, құралдарын
жаңа мақсатқа сай өзгеруін талап етеді.
Тқ –оқушының танымдық қызметі; Ол
төмендегі іс-әрекеттерден тұрады
Әбн
- әрекеттің
бағдарлық негіздері (өткен материалдар);
Оә - орындаушылық
әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Түз.ж. –түзету
әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Бә -бақылау әрекеттері (бақылау
жұмыстары);
Басқ . –педагогтік басқару, болашақта
(жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін -өзі
басқарады)
Жалпы , педагогика
ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып
табылғандықтан бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің
басты компоненті- оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ бұл мақсат -
өздігіне дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны
қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс -әрекеті белгілі
бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Жаңа мақсат
оқытудың әдістемелік
жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының)
олардың өзара байланыстағы қалыптармен
өзгерулерін талап етеді.
Осы талапты
орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп
санаймыз.
1.Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың
өздігінен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін
талап етеді. Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмысына
пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен
айырмашылығы бар. Демек , біздің
жағдайымыздағы «оқыту
әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы-мұғалім» деген
өзара тығыз байланыстағы қатынасты
қарастырады. Бұл
жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
2. Жаңаша
оқытудың негізгі түрлері
болып, оқытудың дербес
және топтық түрлері
табылады. Оқытудың бұл
түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне
сүйене отырып өз беделі мен
қадір-қасиет сезімін
дамыту.
Оқытудың фронтальды
түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және
түзету енгізуде ғана пайдалынылады.
3.Жаңа технологияның
жаңа мақсаты бойынша
«оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол –оқыту
құралдарына деген көзқарасты да өзгеруді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары
оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай құралдар
болуы керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
1. Таубаева Ш. Т.
, Лактмонова С.Н. , Педагогическая инновация как теория и
практика нововедений в системе образавания : научный фонд и
перспективы развитие . /Книга 1/-
Алматы: Научно – издательский центр «Ғылым » 2001.
7.
Мұхамбетов С.Қ. Педагогика
.Ақтөбе, 2001.
8. Педогогика .
Дәріс құралы . Алматы: «Нұрлы әлем », 2003,
/Абай атындағы қазақ
ұлттық Педагогикалық Университеті/ .
9.Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А.
Педагогика . – Алматы : Дарын , 2004.
10. Қоянбаев
Ж. Б. , Қоянбаев Р. М.
Педагогика , -Алматы ,2000.
11.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа
педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.
12. Ахметова А. К. Принципы технологий и содержание
образовательной программы . –
Алматы , 1995.
13. Инновационное обучение : Стартегия и практика . / Под
. ред. В.Я. Ляудие. – М. , 1994.