Аманжол Г.Е., Талипова А.Е., Жусупбекова З.Д.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Ерте жастағы балаларға арналған логопедиялық ритмика

Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының диагностикалық әдісін әзірлеу және оның сөйлеу тілінің қалыптасу дәрежесімен байланысын, сөйлеу тілі дизонтогенезінің пайда болуының басқа да себептерін анықтау, және де оны логопедиялық ритмикамен түзетудің әдістерін әзірлеу заманауи логопедияның негізгі міндеті болып табылады.

Үш жастағы баланың моторлы дамуында байқалатын ерекшеліктер: жүргенде және тұрғандағы  тепе-теңдікті сақтау реакциясы жақсарады; бір қолына зат ұстап жүре алады; баспалдақпен көтеріледі (оң аяғы мен сол аяғын алмастырып, адымдап көтеріледі);  тепе-теңдігін сақтай отырып допты лақтырады, қағып алады; қасық пен шаңышқыны қолданып өз бетінше тамақ жеуді үйрене бастайды; балаларда дене тұрқы жайлы түсінік қалыптасады; заттарды көріп қабылдауда бір көзі басым үстемдік етеді, балалар заттарды көлемі, пішіні, түсі және өлшеміне қарай бөліп ажырата бастайды; екі бөлшектен құралған қиылған суреттерді құрастыра бастайды ( Бадалян Л.О. ) [1].

Балалардың сөйлеу тілінің дамуы құрамында күрделі буынды сөздердің болуымен ерекшеленеді, дауыссыз дыбыстар қатар келгенде олардың айтылуы бұрмаланады. Дыбыстардың айтылуы толығымен нормаға сәйкес болмайды: ызың және мұрын жолды үнді дыбыстар (сонорные) естілмейді, болмайды.  Жалғаулар жүйесі қолданыла бастайды, алғашында жиі кездесетіндер. Сөздік қоры тек қана тұрмыстық сөздермен ғана емес қаратпа және затқа бағалау мағынасын беретін сөздермен толығады. Балалар өздері жайлы бірінші жақта айтып, көп сұрақтар қоя бастайды. Мәтінді жақсы есте сақтап, сөзбе-сөз жеткізе алады. Өз сөздерімен еркін мазмұндау әлі де толық қалыптаспаған. Себеп-салдар байланысын анықтай бастайды, жеңіл сюжеттік суреттерді түсіне бастайды  ( Козырева Л.М.) [2].

2-3 жастағы балалардың моторлы дамуындағы бұзылыстар келесідей ерекшеліктермен сипатталдады: жүрген кезде балалар теп-теңдік сақтай алмайды, оларға қолдарына зат алып жүру қиын, кеңістікті бағдарлау олар үшін қиындық туғызады. Сөйлеу тілінің даму деңгейі бойынша 3 жастағы балалар үш топқа бөлінеді: даму деңгейі жоғары- 25%( бақылау тобы 28 баладан тұрады), орта деңгейлі 39,3% және төмен деңгейлі 35,7% (мәліметтер « Ерте жастағы балалардың моторлы дамуын және сөйлеу тілінің дамуын зерттеу » мақаласынан алынған ).

Бірінші топтағы балалардың сойлеу тілі онтогенезіне байланысты қалыпты деңгейде дамыған. Сөйлеу тілі орташа деңгейде дамыған  балалар сөйлегенде қарапайым екі сөзден құралған сөйлемдерді және жиі атаулы сөйлемдерді қолданады. Дыбысты айтуда кейбір дыбыстарды тастап кету, алмастыру, жуан дыбыстарды жіңішке қылып айту. Сөйлеу тілі төмен деңгейде дамыған балаларда сөйлеу тілін түсінбеу байқалады, сөздік қоры өте аз, көбінесе тұрмыстық және зат есімнен құралған сөздерді қолданады. Грамматикалық құрылым бұзылған. Зат есімдер көптік мағына бермейтін атау септігінде болады, етістіктер бастапқы формада қалады.  Әңгіме барысында балалар сөз бастаушы болмайды, сұрақ қоймайды, таныс ертегіні мазмұндау барысында қиналады. Салыстырмалы анализ кезінде моторлы және сөйлеу тілі функцияларының жағдайының нақты бір-біріне тәуелділігі байқалмайды. Моторлы және сөйлеу тілі бірдей дәрежеде жоғары дамыған балалар тобы бар. Олардың саны көп емес-21,4% . Алайда, моторлы дамуы сөйлеу тілі дамуының деңгейінен жоғарырақ болатын балалар да кездеседі(32,1%).  Сондай-ақ керісінше моторлы даму деңгейі сөйлеу тілінің даму деңгейінен төменірек болатын топтар да бар(28,6%). Және соңғы топты моторлы және сөйлеу тілінің дамуының деңгейлері бірдей төмен дәрежеде болатын балалар құрайды(17,9%). 

Ерте жастағы балалардың моторикасы мен сөйлеу тілінің бұзылысын түзету интегративті жол табуды талап етеді. Ал сол жолда логопедиялық жұмыс жүйесі, коррекциялық сабақтар, психикалық функцияларды дамыту сабақтары  және жалпы, ұсақ, артикуляциялық моториканы қалыптастыру бойынша логоритмикалық сабақтардың байланысы болуы керек.

Ерте жастағы балаларға логоритмикалық сабақтарды жүргізген дұрыс. Бұл жағдайда коррекциялық жұмыстың негізгі прициптерінің бірі- интегративті білім беру іске асады.  Логоритмикалық сабақтарды аптасына 2 рет барлық топпен күннің бірінші жартысында өткізген жөн. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты сабақ 15-20 минутқа созылады.  Материал балалардың қозғалыс және сөйлеу тілі мүмкіндіктеріне байланысты таңдап алынады.

Әр сабақ кіріспе жаттығуынан, жүруден, басталады.  Оны жалпы моториканы дамыту құралы ретінде пайдаланады. Курс аяқталғанша сабақтар солай басталады. Әр сабақ сайын жүрудің басқа күрделі түрлері қосылып отырады. Алдымен шеңбер бойымен жүру және сап түзіп жүру жалғыз, жұппен және топпен, қиын емес кедергілерді өтіп жүру жүргізіледі. Кейін қиынырақ жаттығулар енгізіледі: тізбекте бір адамнан жүру, темпін өзгертіп жүру, жүруді жүгірумен алмастырып өткізу. Мысалы, темпін өзгертіп жүру.( Музыка-Т.Ломова, «Ускоряя и замедляя»,размер2/4).

Бұлшық ет тонусын қалпына келтіру жаттығулары жүру мен сап түзіп жүруден кейін бірден өткізіледі. Бұл жаттығулар өз қимылдарын басқара білуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұлшық еттерге күш түсірудегі көп және аз түсінігі музыкадағы «қатты» және «ақырын» түсінігіне сәйкес келеді. Жаттығу орындау барысында қимылдардың сапалы орындалуына баса назар аударылады. Мысал реттінде мойын бұлшық етіне күш салу мен босаңсыту жаттығуын алуға болады. («холодно»-басын ішке қарай тарту, иықты көтеру; музыкалық сүйемелдеу 4\4 өлшемінде-баяу вальс «Под небом Парижа»).

Дем алуды дамытуға арналған жаттығулар дұрыс диафрагмалық демді ( дем шығарудың ұзақтығы, оның күші және жалғасу реті) қалыптастырады.  Мұрынмен және ауызбен дем шығаруды ажыратуға араналған дифференциалды дем шығару гимнастикаларын, дем алғанда шығаратын ауа ағынының ұзақтығын және күшін қалыптастыруға бағытталған дем алу жаттығуларын қолдануға болады. Мысалы, «Прогулка в цветочный магазин» жаттығуы. Музыкалық сүйемелдеудің күшті қарқыны кезінде мұрынмен дем алып, баяулағанда ауызбен демді шығару керек. Әр жаттығу 4 рет орындалады. ( ойын түріндегі жаттығулардың нұсқалары: «Погреем ручки»-ауыздан жылы дем шағарып «ха» деп дыбыстаймыз(с призвуком); «Дует сильный ветер»-алақанға ауыздан салқын дем шығару; «Цветы»- «ха» дыбысымен ауыздан ұзақ жылы дем шығару; «Лепестки»- «ф» дыбысымен ауыздан кенеттен қатты тез дем шығару).

Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар саусақ қимылдарын, олардың өзара қимылдауын, координациясын дамытады және артикуляциялық моториканың дамуына септігін тигізеді. Жаттығулар сөздің немесе музыканың сүйемелдеуімен орындалады, саусақ қимылдары мәтінге немесе музыканың күшейтілген бөлігіне сәйкес болады. Мысалы, «Гүл» жаттығуы. («Бар екен ғой гүлде»-қол білезігі қысылып, саусақтар баяу және жан-жаққа қимылдайды; «Барлығы төрт күлте»-атауы бірдей саусақтар кезекпен қосылады; «Жұлып алам дегенде»-жұдырықты жинау және ашу; «Ұшып кетті лезде»-қол білезігін сермеу).

Заттармен жаттығу қимылдың статикалық және динамикалық координациясын, мақсатты нақтылықты және қимыл пластикасын дамытады. Бұл жаттығулар ерте жастағы балалар үшін қиын. Қимылдар музыкамен немесе өлең жолдарымен орындала береді. Логопед материалды дауыстап айтып, сәйкес қимылдарды көрсетеді. Жатығуды үйрену мәтінді үйренумен бірге жүреді, алдымен бөліктерді баяу темппен, кейін тездетілген темппен үйретіледі. Әр түрлі заттарды пайдалануға болады-таяқтар, ленталар, обручь, доп, орамалдар. ( Мысалы, «Орамалды ары қарай бер».  Балалар шеңбер бойымен тұрады. Бір баланың қолында орамал болады. Музыканың қатты күшейтілген 2/4 бөлігінде көрші тұрған адамға бұрылып орамалды шеңбер бойымен ары қарай беру керек). Эмоционалды-ерікті аймақты дамытуға арналған жаттығулар қимылдың айқындығын және координациясын, эмоционалдықты, кереметті сезінуді, мимикалық моториканы дамытады, музыкамен орындалады. Мысалы, «Алаңқайдағы көбелектер»,музыкалық сүйемелдеу «Вальс цветов». ( Музыкамен сүйемелдеудің 1 бөлімінде-жеңіл биге арналған әуенге балалар көбелектің ұшқанын шеңбер бойымен немесе шашыраңқы көрсетеді. Музыка біткен соң балалар тоқтайды, логопед ең әдемі көбелекті таңдайды, ол жүргізуші болады. Музыканың 2 бөлімінде барлық балалар жүргізуші болған көбелектің барлық қимылдарын қайталайды) [3].

Ерте жастағы балалардың логоритмикалық сабақтарында орындайтын жаттығулары бұлшық ет тонусын реттеуге, қимылдың статикалық және динамикалық координациясын, ұсақ моторикасын дамытуға, қимылдың ауысуын, ритімді сезінуін дамытуға, фонациялық демнің дамуын, сөздік қорын байытуға және белсендіруге, сөйлеу тілін түсінуді дамытуға бағытталған.

 

                                Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.   Бадалян Л. О. Схема нормального психомоторного развития детей. Невропатология. М., «Академия» 2001.

2.   Козыревой Л. М. Показатели речевого развития детей третьего года жизни. Развитие речи ребенка. Дети от рождения до 5 лет, Ярославль, «Академия развития», 2001.

3.   http://logoprof.ru/logopedicheskaya-ritmika-dlya-detey-rannego-vozrasta