Таңжарықова А.В.
Филология ғылымдарының
кандидаты,
ҚРБҒМ
ҰАО
Мониторинг-маркетинг
бөлімінің
бастығы
Қазіргі қазақ әңгімесіндегі
үй архетипі
Қаламгер
Мәди Айымбетовтің «Қара шаңырақ»
әңгмесінің де негізгі тақырыбы – туған жер,
туған үй мәселесі.
Шығармадағы
фольклорлық сипатты екі тұрғыдан көрсетуге болады.
Оның ең бастысы – туған жерге қатысты. Жалпы жер
ұғымы – ежелден бергі түсінік (мифтік, тәңірлік)
бойынша, өзгермеудің, мәңгіліктің,
тұрақтылықтың символы. Яғни «туған жер»
әлемнің реттелген, игерілген, тәртіпке келтірілген,
кеңістігі (ата-бабалар қонысы, атамекен, атажұрт). Оның
сыртындағы «жат», «бөтен», кеңістік жауға тән
кеңістік иелерінің мекені (сиқырлық, зұлым, күштердің
мекені). Туған жердің тауы мен тасы, өзен суы бәрі
осындай киелі қасиетке ие. Тұтастай алғанда, адамның
кесір күштерден қорғанатын панасы, саясы дейтін
ұғымды жинақтайды.
«Әжемнің
маған түсіндіруінше, қара шаңырақ
аталуымыздың себебі – атам мен екеуінің бізбен бірге
тұратындығынан екен. Сәрсет көкем мен Бәтиса
жеңешем олардан тиесілі еншісін алып, бөлек үй болып кеткен,
яғни өздерінің шаңырағын көтерген»[1, 374].
Қазақтың
патриархалды үлкен отбасы қауымы ата-ана, балалар және
немерелерден тұрған. Кейде қауым мүшесіне
әкенің аға-інілері мен олардың әйелдері
және балалары, өлген туыстарының балалары да кіретін.
Мұндай отбасындағы адамдар саны 25-30 тіпті одан да көп
болатын кездері болған. Сөйтіп олар бірнеше үйленген
ұрпақтардан құралып, бір жерде тұрып, бірігіп
еңбек етеді, ішім-жемі, киімі де бір қазаннан ортақ
болған.
Үлкен патриархалды
отбасылардың экономикалық негізі қазақ-тарда мал болды.
Оны мүмкіндігінше бөлгізбеуге тырысты. Дүние-мүлікті
белу ата-ана олгеннен кейін немесе бір-екі баласының ер балалары коп
болып, олардың ер жеткендерін үйлендіру қажет бол-ганда гана
жасалатын.
Үлкен отбасыларда әкенің
рөлі өте жоғары болған. Жасы
үлкен информаторлардың айтуы бойынша қазіргі заманда
тәрбиенің бұзылуы әкенің рөлінің төмендеуінен дейді.
Жазушы осы
этникалық дәстүрді шығармасына негіз ете отырып,
ата-әже, немере ақырм-қатынасындағы табиғи
жалғастық, мейірім, сезім жылылығын алға тартады.
Егер
әңгіме сол жерде, яки қалада болған оқиғаны
баяндап, ешқандай ғажайыпты, тылсым ұғыммен
байланыстырмаса, ондай әңгімені топонимикалық аңыз деп
білу қажет. Мұндай әңгіменің басты нысанасы –
мекеннің атының қайдан пайда болғанын түсіндіру
емес, сол мекенде болған оқиғаны хабарлау, бірақ
сырттай қарағанда әңгімеші мекеннің атын
түсіндіріп отырған сияқты болып көрінеді.
Халықта: «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон
пішер», «ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген
мақалдар бар. Осы даналық сөздердің мәнісі:
баланың мінез-құлқының қалыптасуында
үйелмен тәрбиесі маңызды рөл атқаратындығын
тұжырымдаған.
Қазақ арасында патриархалдық-рулық
қатынастың негізінде қалыптасқан жеті атаға дейін
қыз алыспайтын экзогамиялық некенің негізінде туыстық
тектестіктің заңдылықтары қатаң
сақталған. Әрине, таптық қоғамдағы
бай мен кедейдің жіктелісі бұл тектестіктің тұнығын шайқалтып,
қайшылықтар тудырған, дегенмен күні бүгінге дейін
бұл қазақ арасындағы негізгі өмір сүру
заңдылықтарының бірі.
Демек, бүгінгі ұрпақтың арасындағы
қатыгездік, обал, сауап ұғымдарын еске алмаудың
өріс алып бара жатқандығын жазушы осы деталь арқылы
кәрі әжесінің қылығымен танытып өтеді.
Себебі отбасындағы әже-ана – ғасырлар бойы халық
тәрбиесінің наным-сенімінің құпиясын бойына
жинақтаған отбасының ұйытқысы.
Қазақ
арасындағы туыстық және жақындық
қатынастарға байланысты қалыптасқан жүйенің
соншалықты кеңдігі мен тұрақтылығы
қоғамның төменгі сатыдан жоғарғы
сатыға өтіп, өзгеріп отыруына байланысты семья да ылғи
жаңарып, өзгеріп отыратын болса, туыстық жүйе, керісінше,
мейлінше баяу дамып, тек семьяда болған келелі өзгерістерге
байланысты өзгереді.
Әжемнің
қасында жүруінің Гүлбан үшін есебі де жоқ
емес, шай үстінде әжемнің өзі ғана тәттілеп
тістеп отыратын өрік-мейіздерінің бір шеті оған да
молырақ ауысады.
Өзі
және ертекқұмар. Қасына жолап кетсең болды, ертек
айтып берші деп тұрып алады. Білетін азғантай ертегімді айта-айта
тауыстым. «Ертегім жок енді» десем, бәрін қайтадан айт дейді.
Қайтадан айтасың, тағы айтасың, тағы
қайталайсың, әбден жалықтырады. Ақыры
ертекқұмар Гүлбаннан қашып құтыласың.
Ал әжем оған ертек айтудан тіпті де жалықпайды.
Өрнектеп, түрлі-түсті етіп тоқитын шиіне
түрлі-түсті жүн орап отырып, «Ерте, ерте ертеде» деп ертек
шертеді.
Қай
халықта да жұбайлар отбасын құрған соң,
олар баласы болуын арман етеді. Себебі бала – өмірдің
жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың
тіреу-діңгегі. Сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз
үйде береке жоқ» деп ой топшылаған.
Жаңа
үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша
мән бермегенмен, жас келіннің аяқ басқаны,
мінез-құлқы, жүріс-тұрысы тәжірибелі
ененің көз қиығынан қалыс қалмайды.
Баласынан немере сүйіп, ұрпағын өсіруді
армандаған аналар келіні келе сала бала көтермесе, алаңдай
бастайды. Ал келіні көпкешікпей екіқабат болса, енесі келінін
ерекше қамқорлыққа алып аялайды. Сәбидің
дүниеге келуі, өсіп ержетуі, халықтық этиканы бойына
сіңіруі әжелердің назарында ұсталған. «Немерем
жаннан тәтті» дейтін әжелеріміздің мінез-қасиеттерін
автор осы әңгімеде әке мен немерелер арасындағы
жылылық, сүйіспеншілік сезімдер арқылы өрнектеген.
Шығарманың
өн бойына өріліп
отырған тағы бір желі автордың әке жайлы ой-көзқарасымен
байланысты. Ол кейіпкерінің өз тағдыр-талайы, отбасына
қарым-қатынас, сезімі арқылы бедерленген.
Қазақтағы
әке рөлінің биіктігі оның отбасы, жалпы әулет,
туған-туыс ішіндегі беделіне ұласқан. Ал, ол мәртебе
отбасындағы ұлдарға беріліп, ұл балалардан да отбасына,
әулетке деген жауапкершілік талап етілген. Көп балалы
отбасындағы үлкен ұл әкенің көмекші серігі
ғана емес, өзге отбасы мүшелеріне ықпалды
тұлға болған, барлық балалары онымен ақылдасып,
көпшілік жағдайда айтқанын екі етпеген. Өз алдына енші
алып, бөлек-бөлек тұратын ағайындылардың басын
үлкен үй «қара шаңырақ» мәртебесіндегі
әке үйінде жинап тұру да үлкеннің міндетіне
тиген. Бұл жөнінде Х.Арғынбаев:
«Үлкен
үйдің шаруасын әрбір отау иелері өзінікіндей санап, ол
үйден көмек дәмететін, жетпегені болса, алып тұратын.
Кенже бала қазақ дәстүрі бойынша әкенің
мұрагері есебінде әкесінен бөлінбейтін де, оның
шаңырағына, мал-мүлкіне ие болып қалатын», – дейді [2,
34]. Шығармада ұрпақ мәселесіне аса жауапкершілікпен
қараған халықтың көзқарасы көрінеді.
Әке мен ананың перзент жайлы кезектесе келетін толғаныстары
қазақ жан дүниесінің тереңіне бойлап, перзент
жайлы ұғымдарды кестелейді. «Балаң
– бауыр-етің» дейтін қазақтың перзентке,
ұрпағына деген сүйіспеншілігі мен
қамқорлығы жайлы ойлар әңгіменің
бүкіл сюжеттік жүйесіндегі негізгі арқау.
Қарт
кісілердің перзенттерін сағынған сезімін көру
үшін жазушы түс көрудің символикалық мәнін
пайдаланады. Бұл жөнінде зерттеуші Г.Пірәлиева:
«Адамның есі бүтін болмайтын
күйлері болады. Сондай
күйлердің бір түс көру. Ұйқы дегеніміз –
мерзімді демалыс, тыныс алыс.
Ұйықтаған адамда
сана не мүлдем болмайды, не кем болады... Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған
соң ұйқы сергек бола
бастайды, ұйқылы – ояу деген күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы
болып, түс көрсек керек.
Түс дегеніміз ояуда көретін нәрселеріміздің пернесі
болады. Түсімізде сол
пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз», – дейді [3, 271].
Шығарманы
оқып отырғанда үйдің адам өміріндегі маңызы
жайлы ежелден келе жатқан таным-түсініктердің бояуы
қалыңдай түседі. Фольклорлық түсініктегі үй
– тұтастай тұрғыда киелі мәнге ие, – дейтін
ұғым сақталған. «Әжем жаулығының
ұшымен көзінің жасын сүртіп тұрып:
«қасиетіңнен айналайын, қара шаңырақ» деп
күбірлейді.
Мен
Нұрғалымға енді жеңісті, масатты кейіппен караймын.
«Көрдің бе, Санат ағам келіншегін біздің үйге
әкеле жатыр, той біздікінде болады» дегенді оған үнсіз
ұқтырамын [4, 381].
Пайдаланған әдебиеттер
1.
М.Айымбетов «Нәзік жаңғырық». А, 2006 ж.
2.
Х.Арғынбаев «Қазақ халқындағы отбасы мен неке».
А, 1974 ж.
3.
Г.Пірәлиева «Көркем прозадағы психологизмнің кейбір
мәселелері». А, 2003 ж.