Балтабаева Г.С.
Ф.ғ.к.
Қыздар Мемлекеттік педагогикалық
университеті, Қазақстан
Прозалық туындылардағы ұлттық идея көріністері
Несіпбек
Дәутайұлы қазақтың қабырғалы
қаламгері, соңғы кезде прозаның кіші жанрына жиі қалам тартып жүр.
Жазушының «Айғыркісі» [1, 235
б]. атты
көлемді әңгімесі ұлттық идеяның алтын
қазығын айналшақтап шықпай қоюымен, қазақтықтың жаратылысын
сүйіп жазуымен де дараланып тұрған әңгіме.
Ғадетте
қазақ «кісікиік» деп айтады, ендеше мынау
құлаққа тосын естілетін «Айғыркісі»
автордың өз олжасы, өз дүниетанымы. Жылқы культі бұл
әңгіменің жаны. Жылқы бар жерде ұлттық рух
асқақтайды. Жылқы мінсе қазақ қалыбын
сақтайды.Жаяу қазақ – жартылай қазақ,
қазақтығын жоғалтуға шақ
қалғандай қиналады. Атақты Жаяу Мұсаның
әні соның куәсі. Әңгіменің сюжетіде бір әулеттің
өмір сүру пәлсәпасы арқылы ұлттық
идеяның түп негізі, қайнар көзі ашылады.
Есқұл
шал ескіше өмір сүреді, құлынды бие байлайды,
қымызын ішеді. Жайлау бар жерде
мал өсіп-өнеді.
Мал –
қазақтың тіршілік көзі. «Қойнауда суы
мөлдіреген жылға бар. Айналасы көкорай шалғын.
Соған биесін таң азанға дейін жайып алады. Кешелері
колхоздың жылқысын талай жыл бағып, талай күндерін
түн күзетіп өткізіп, түзге түнеуге дені ауып
қалған адам емес пе, көкорайы көз жауын алатын
қойнаудың тымық түндегі кәусар ауасын сіміріп
жатудың өзі пейіш», – деп басталатын әңгіме ә
дегеннен кеңдікке үйіріп әкете жөнеледі.
Кеңідікке құштарлықтың өзі
қазақы философия. Түз адамы Есқұл далаға
түнеуді сүйеді.
«Құдайдың
пенделерінің кез келгенінің кеудесінде осындай бір төбесінде
жарық сәулесі қалың қойнау болса ғой,
шіркін, дейді. Кез келгенінде», – бұл Есқұл шалдың
дүниеге көзқарасы; қазақтығы. Ал
әңгімедегі зұлымдық тарататын кейіпкер – Бұлди.
Бұлди – мещан, нағыз тоғышар,
дүниеқоңыз,осы заманғы бай. Байлығын қай
сордан тапса да Бұлдиға бәрі бір. Ол ағасы
Есқұлдың мынау кеңдік туралы сөзін күлкі
қылады, жұлдызды түнді Бұлди қайтсын.
Есқұл
енді кенеттен есіне ескіні түсірді, бір ойды бір ой қозғайды.
« Аң-таң. Әлгі... Кісі
сенетін нәрсе ме? Сонау, сонау бала кезінде бір қария
бұған «Әй,балам, дүниені білгің келе ме,
дүниені білгің келсе, дүниенің кісі сенетіні көп,
сенбейтіні аз» деп еді» Есқұлдың ендігі ойы ашаршылықтан,
соғыстан соңғы күйзелістен енді шыққан
елдің қуаншылықтан еңсесі түсті. Әулиеге
жүгіңді ел.
Әулие елдің тілеуін тілеп,
өзі сол жолда құрбан болғанын Есқұл
өз көзімен көлді. «Әулинің қаракөк
көзінің мөлтілінен жалғыз түйір жас
сорғалып түсті. Рақымшылығыңа жаным
құрбан, жаратқан!»
Әулиенің аузынан ұшқан жалын (ол енді оның
жаны шығар) көкте бұлт болып оратылды, ол бұлттың
соңы селге айналады.
Әулие- қария отырған
жерінде о дүниелік болып кеткенін ел көзімен көрді.
Байқасаңыз, жылқы – құдайдың
құдіреті – әулие – ел
ырзығы деген
ұғымдар бұл әңгімеде түйдектеліп
тұр.
Автор осы бір қасиетті
ұғымдарды кезекте, біртұтас беруі әсте тегін емес –
бұл қазақты ел қылып сақтауға ұлы
қызмет ететін ұлттық идеяның алтын
қазығы.
Жігіттің
әкесі Бұлди осы мезгілсіз қазаның айыпкері. Бұлди
– бір түрлі қызық есім, әсіресе ер адамға
жараспайды. Кемпірдің аты сияқты.«Құдайы бергенде
әйелі де өзіне сай келген нағыз жер төсер
пысықтың өзі болып шыққанын көрмейсің
бе» - автор Бұлдиды «жер-тесер» деп отыр. Қап тесер тышқандай
ұрының бір түрі, елді жеп байыған, ыңғайын
келтірген ауылдың алыпсатары. Бұлди сол имансыздығы
үшін зорға дегенде көрген жалғыз ұлдан айырылды.
Бұл әңгіменің моральдық түйіні. «Бұлди байлыққа сол кезде
бата бастаған. Ақшаның буы жаман екен. Жаман болғанда
біреудің байлығынан біреу қарадай ығып тұратын
болып шықты» -жазушы қазіргі өмір шындығын тап басып
айтып отыр. Ежелгі нудейлер сияқты алтын баспаққа табыну заманы
енді туды. Дүниені ақша билейді.
Қазақ идеясын автор осы
тәрізді трагедиялық қалыпта беруді хош көрген. Ең
асылың балаң, яғни ұрпағың, жылқы –
сол ұрпағыңның айнымас рухы мен жаны, жылқыдан
біртіндеп айырылған қазақ сол рухтан қоса айырылады.
Жазушының көкейін тескен осы ой.
Жылқының
қасиеті жүрегінде болса, қазақтың қасиеті
де сол жүрегіне қонған өлеңінде. Жылқы мен
қазақ бұл әңгімеде – синоним бір символға
айналған, Бұлди үшін жылқы да ақша, онда
бұл байшікеште басқа миссия жоқ тәрізді.
Қып-қызыл ақша. Ал әңгімедегі Жалғас
ұлттық идеяны жүрегінде сақтаушы халықтың
өз ұлы болып кейіптелуі тағы заңды. «– Қазақ түгел
қалаға көшіп кетпейді ғой көке. Ауылсыз да
қазақ бола ма? Қазақ дегеніміз, дала мен ауыл емес пе.
Өзім солай ойлаймын, - деген сосын.» Жалғас әкесі
Бұлдидың алыпсатарлық бизнесін жалғастырғысы
келмейді. Ол немере ағасы Есқұлға сырын айтады, расы,
бұл оның арманы: «Мен жаңа ауыл саламын, көке».
Жалғастың бұл сөзі ненің нышаны? Жылқыны
құрту – қазақты ұлт есебінде құрту
деген астарлы ойға жетектейді.
Шындық өмір басқаша шешеді, сірә, енді артқа
тарих дөңгелегі айналмасы анық. Өкінішті
болғанымен солай. Ауылдың күні батып
барады.Урбандалу қазақты еңсеріп келеді.
Жалғастың беймезгіл қазасы осы ойға нұсқап
тұр. Әңгімеде бір эпизод бар. Бұл әрине,
жазушының Айғыркісінің бағасын асыру үшін
өзі ойлап тапқан әсірелеуі, гипербола.
Сол ауылда бір жас келін босана алмай қиналғанда бір адам сенбес
жайт болады. «Есік ары қарай шалқасынан ашылған үйге
жарты денесіне дейін кіріп кеткен айғыр кісінегенінен
құлақ тұнып, сонымен бір мезгілде шар еткен бала даусы
да шықты». Қазақтың ұлттық санасы ғой
бұл. Батыр туса эпос пен ертегіде, оның атыда қоса тумаушы ма
еді.
«Құдайдың
құдіреті мына айғырың да кісі екен ғой» деп
қалмай ма,» - бұл бір шалдың аузынан оқыс
шыққан сөз. Содан жылқы Айғыркісі атанды.
Автордың негізгі сүйгені де осынау жылқы жануары
тәрізденеді. Жалғас – оның серігі.
Айғыркісінің бейнесін
дәріптеу үшін жазушы әңгімеде тағы бір
гиперболаға барған. Жалғас төбеден құлап
мертігіп жатқанда, үйірін үйіріп әкеп, иесінің
тілеуін тілейді. «О, құдайдың құдіреті жиырма шақты
бие түгел құлын тастап кетіпті». «Үйірімен таң
атқанша Жалғастың тілеуін тіледі, амандығына
құлындарын құрбан етіп кетті...». Бұл
әрине, сендірмейді. Жылқыны кісі, адам қылуды автор
мақсат тұтқан соң солай.
«...адамның
құрбандық қасиеті жылқыға ауған ба,
адамдағы кісілік айғырға қалай көшкен? Адамы
көп, киелісі аз кез бе, бұлардың сүріп жүрген
ғұмыр – дәуірі» - бұл риторикалық сауал
автордың толғанысы. Айғырды кісіге балау әңгімеде
жиі ұшырасады. «Үркектемейді. Жөнсіз секектемейді.
Жүріс, тұрысы кербез, бекзада кейіп. Сірә, текті.».
Әңгімедегі ұлының
антиподы әкесі. Жалғас пен Бұлди екеуі екі түрлі
қалып. Ол ұлына уағыз айтады: «баяғы деген
өткен-кеткен сүйегі қурап қалған нәрсе.
Қайта келмейді. Бүгінмен бол. Кімде дәулет бар, бүгін
соныкі. Дәулет сөйлейді, дәулет ұтады, дәулет
озады. Дәулетің бар ма, ештеңені көктегі
Құдайдан да, жердегі адамнан да сұрамайсың.
Түгел, пішту!» Есқұлға Жалғас әкесінің
бұл сөзін жеткізді. Бұл бір Бұлдидың емес,
қазіргі заманғы көкейін ақша тесіп, санасын
тұрмыс билеген миллиондаған қазақтың сөзі.
Ұлттық жаратылысын жатсынған, жат тұлыпқа
емінген, қоғам шындығын нақ осы деп кесіп-пішкен
қазақтың шындығы осы. Авторлық концепция да осы.
Есқұлға Бұлди немере іні. Жаны түршікті бұл
сөзден. Бірақ жазушы мұның бір Бұлдиға
ғана тән дүниетаным емес екенін жүрегі қан жылап
пайымдайды. Бұлдилар көбейіп барады, ішкен, жегеннен арыға
барғысы да жоқ. Содан болар, жазушының көркемдік жан
әлеміндегі мынау тосын құбылыс: «Жылқы баласын адам
моласына әкеп, аза тұтқызды». Бұлди – дәулетіне
сеніп, Құдайға да тәуелді емеспін деп
шалқақтап жүргенде, жалғыз ұлдан айырылды.
Себебі, Бұлады деп есептейді жазушы.
Айғыркісі Жалғастың
моласына келіп өледі. «Кенет құлағына дауыс:
өмірлерің осылай өте берсе, сендер Жалғастан,
«Айғыркісіден» ғана емес, тұтас өздеріңнен
айырыласындар түбі, - дейді. – Жақсы үміт –
арманның иесі мен киесін
сақтай алмаған жұртың көретіні –
ақырзаман!» Бұл жазушының жан дауысы.
Ұлттық идея – әрі жан
дауысы, екеуі қат-қабат орамдалу арқылы берілген.
Айғыркісінің өлуі де
мистикалық құбылыс ала келеді, жазушы ақыр аяғына
шейін гиперболаны сақтауға мүдделі: «Мамырдың
күнінде ауылды аққар басып қалыпты. Беті
мұздақ. «Сұмдық-ай! – дескен жұрт, -
Мұндайды көрген кім бар? Үсік ұрды
биылғымыздың бәрін. Бұ несі?!..»
Әңгіменің
соңы осылай аяқталады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Несіпбек Дәутайұлы. Айғыркісі.Екі томдық
таңдамалы шығармалары. –Алматы: Ан Арыс. 2008.Т.1. –272 б.