Отбасылық қарым-қатынас
А.В.Таңжарықова
Филология
ғылымдарының кандидаты
Халықта:
«Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер», «ұяда
не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мақалдар бар. Осы
даналық сөздердің мәнісі: баланың
мінез-құлқының қалыптасуында үйелмен
тәрбиесі маңызды рөл атқаратындығын
тұжырымдаған.
Қазақ
арасында патриархалдық-рулық қатынастың негізінде
қалыптасқан жеті атаға дейін қыз алыспайтын
экзогамиялық некенің негізінде туыстық тектестіктің
заңдылықтары қатаң сақталған. Әрине,
таптық қоғамдағы бай мен кедейдің жіктелісі бұл тектестіктің
тұнығын шайқалтып, қайшылықтар тудырған,
дегенмен күні бүгінге дейін бұл қазақ
арасындағы негізгі өмір сүру
заңдылықтарының бірі.
Демек,
бүгінгі ұрпақтың арасындағы қатыгездік,
обал, сауап ұғымдарын еске алмаудың өріс алып бара
жатқандығын жазушы осы деталь арқылы кәрі
әжесінің қылығымен танытып өтеді. Себебі
отбасындағы әже-ана – ғасырлар бойы халық
тәрбиесінің наным-сенімінің құпиясын бойына
жинақтаған отбасының ұйытқысы.
Қазақ
арасындағы туыстық және жақындық
қатынастарға байланысты қалыптасқан жүйенің
соншалықты кеңдігі мен тұрақтылығы
қоғамның төменгі сатыдан жоғарғы
сатыға өтіп, өзгеріп отыруына байланысты семья да ылғи
жаңарып, өзгеріп отыратын болса, туыстық жүйе, керісінше,
мейлінше баяу дамып, тек семьяда болған келелі өзгерістерге
байланысты өзгереді.
Әжемнің қасында
жүруінің Гүлбан үшін есебі де жоқ емес, шай
үстінде әжемнің өзі ғана тәттілеп тістеп
отыратын өрік-мейіздерінің бір шеті оған да молырақ
ауысады.
Өзі және
ертекқұмар. Қасына жолап кетсең болды, ертек айтып
берші деп тұрып алады. Білетін азғантай ертегімді айта-айта
тауыстым. «Ертегім жок енді» десем, бәрін қайтадан айт дейді.
Қайтадан айтасың, тағы айтасың, тағы
қайталайсың, әбден жалықтырады. Ақыры ертекқұмар
Гүлбаннан қашып құтыласың. Ал әжем
оған ертек айтудан тіпті де жалықпайды. Өрнектеп,
түрлі-түсті етіп тоқитын шиіне түрлі-түсті
жүн орап отырып, «Ерте, ерте ертеде» деп ертек шертеді.
Қай халықта да
жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын
арман етеді. Себебі бала – өмірдің жалғасы, отбасының
жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі.
Сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке
жоқ» деп ой топшылаған.
Жаңа үйленген жастар
алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермегенмен, жас
келіннің аяқ басқаны, мінез-құлқы,
жүріс-тұрысы тәжірибелі ененің көз
қиығынан қалыс қалмайды. Баласынан немере сүйіп,
ұрпағын өсіруді армандаған аналар келіні келе сала бала
көтермесе, алаңдай бастайды. Ал келіні көпкешікпей
екіқабат болса, енесі келінін ерекше қамқорлыққа
алып аялайды. Сәбидің дүниеге келуі, өсіп ержетуі,
халықтық этиканы бойына сіңіруі әжелердің
назарында ұсталған. «Немерем жаннан тәтті» дейтін әжелеріміздің
мінез-қасиеттерін автор осы әңгімеде әке мен немерелер
арасындағы жылылық, сүйіспеншілік сезімдер арқылы
өрнектеген.
Шығарманың өн
бойына өріліп отырған
тағы бір желі автордың әке жайлы ой-көзқарасымен
байланысты. Ол кейіпкерінің өз тағдыр-талайы, отбасына
қарым-қатынас, сезімі арқылы бедерленген.
Қазақтағы
әке рөлінің биіктігі оның отбасы, жалпы әулет,
туған-туыс ішіндегі беделіне ұласқан. Ал, ол мәртебе
отбасындағы ұлдарға беріліп, ұл балалардан да отбасына,
әулетке деген жауапкершілік талап етілген. Көп балалы отбасындағы
үлкен ұл әкенің көмекші серігі ғана емес,
өзге отбасы мүшелеріне ықпалды тұлға
болған, барлық балалары онымен ақылдасып, көпшілік
жағдайда айтқанын екі етпеген. Өз алдына енші алып,
бөлек-бөлек тұратын ағайындылардың басын үлкен
үй «қара шаңырақ» мәртебесіндегі әке
үйінде жинап тұру да үлкеннің міндетіне тиген.
Бұл жөнінде Х.Арғынбаев:
«Үлкен үйдің
шаруасын әрбір отау иелері өзінікіндей санап, ол үйден
көмек дәмететін, жетпегені болса, алып тұратын. Кенже бала
қазақ дәстүрі бойынша әкенің мұрагері
есебінде әкесінен бөлінбейтін де, оның
шаңырағына, мал-мүлкіне ие болып қалатын», – дейді [2,
34]. Шығармада ұрпақ мәселесіне аса жауапкершілікпен
қараған халықтың көзқарасы көрінеді.
Әке мен ананың перзент жайлы кезектесе келетін толғаныстары
қазақ жан дүниесінің тереңіне бойлап, перзент
жайлы ұғымдарды кестелейді. «Балаң
– бауыр-етің» дейтін қазақтың перзентке,
ұрпағына деген сүйіспеншілігі мен
қамқорлығы жайлы ойлар әңгіменің
бүкіл сюжеттік жүйесіндегі негізгі арқау.
Қарт кісілердің
перзенттерін сағынған сезімін көру үшін жазушы
түс көрудің символикалық мәнін пайдаланады.
Бұл жөнінде зерттеуші Г.Пірәлиева: «Адамның есі
бүтін болмайтын күйлері
болады. Сондай күйлердің
бір түс көру. Ұйқы дегеніміз – мерзімді демалыс, тыныс
алыс. Ұйықтаған
адамда сана не мүлдем болмайды,
не кем болады... Шырт
ұйқыда жатқанда адам
түк сезбейді. Бірер
ұйықтап алған соң ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы – ояу
деген күйге келеді. Сондай кезде
санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін
нәрселеріміздің
пернесі болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз», – дейді [3, 271].
Орталыққа
атамның не үшін бара жатқанын білемін. Папамдардың
хабарласпай кеткеніне екі жұмадан асып кеткен. Дөңбелге
келіп-кетіп жүрген зоотехник, управ сияқты бірен-саран адамнан
естіген орталық басының жалпы амандығы атам мен әжемді
канағаттандырмайды. Оның үстіне әжем
орталықтағы үйден хабар болмай кетсе, түс көргіш
болып алады. Әжем бүгін таңертеңгісін шай үстінде
атама:
– Мұсақұл
үйдің төбесіне шығып жүр түсімде.
Мұсақұлжан-ай, не қарап жүрсің десем,
нардың тайлағы келмей калды, соны қарайын деп едім дейді.
Өзінің қабағы салыңқы, – деп, түсінде
папамды әлгіндей жағдайда көргенін уайымға беріле
отырып айтып берді. Атам калың қабақтарын түксите
түсіп, шайын сораптап, үндемейді. Яғни әжемнің
айтқан түсі оған да әсер еткені. Ол шайды
күндегідей көп ішпей, шыны аяғын төңкеріп, бетін
сипап орнынан тұрып кеткен.
Шығарманы оқып
отырғанда үйдің адам өміріндегі маңызы жайлы
ежелден келе жатқан таным-түсініктердің бояуы
қалыңдай түседі. Фольклорлық түсініктегі үй
– тұтастай тұрғыда киелі мәнге ие, – дейтін
ұғым сақталған. Әжем жаулығының
ұшымен көзінің жасын сүртіп тұрып:
«қасиетіңнен айналайын, қара шаңырақ» деп
күбірлейді.
Мен Нұрғалымға
енді жеңісті, масатты кейіппен караймын. «Көрдің бе, Санат
ағам келіншегін біздің үйге әкеле жатыр, той біздікінде
болады» дегенді оған үнсіз ұқтырамын [4, 381].
Ал жазушы Болат
Қанатбаевтың «Ескі жұрт» әңгімесінде туған
жер, ескі қоныс жайлы ұғымдар ана образымен тұтасып та
алынған. Дәстүрлі дүниетанымдағы
жер ұғымы – фольклорлық танымның түрлі
кезеңдерін бойына жинақтаған. Кеңістік жайлы мифтік
ұғымдар бойынша, Жер – орталық нүкте. Адамға
игілік беруші, күш-қуат қайнары, өткен
ата-бабалардың мекені. Сондықтан табиғат
құбылыстарының құдайы ішінде Жер-су
құдайы маңызды рөл атқарған. Жер-Ана ретінде
қамқоршы ғана емес, қаһарына қарсы келсе,
жауыздық әкелетін күш ретінде де сипатталады. Сондықтан
жерге қатысты көп тыйымдар қалыптасқан.
Шығарманың
пейзаждық суреттермен басталуында Әуезов стилінің әсері
байқалады. Қара күз. Қара сүр аспан. Теңіз
үстінен ертенді-кеш қара қошқыл шуда бұлттар
аласапыран кешіп жатады.
Жаға бойының оты
әлдеқашан күйіп кеткен, сынып сыпырындыға
айналған. Қымыздықтың жидегі қызарып
толысқан, жапырағы қауышып, ызғырық желмен
ызыңдап, жағымсыз ән салады. Ұлы теңіздің
көкшіл-жасыл тұңғиық түсі оңып,
қара барқын қалың бояуға малынып, ауыр
тартқан.
Қүңіренісі де
өзгеше. Жаздағыдай көбік шашқан көңілді,
арынды күйі жоқ. Тынысын тереңнен алып толқыны
күдірейіп төңкеріле тұтас келеді де, жағадағы
қожыр-қожыр жартастарды солқ еткізіп, ыңырана,
ышқына соғады. Ішін тартып сұрлана қалады да,
күңіреніп барып, қайта күрсінеді. Жартасты
жағалаудан әріректе осының бәріне жоғарыдан
қарап, қара тастан өрілген маяк тұр. Толқын
оған да жетіп, қара қошқыл шалап басқан табан
тасына көбігін шашып қайтады. Одан әрі күн етіп
күнсіген, сәні кетіп сәңкиген балық
қа-былдау пункті. Бұл кезде ол жағадан алыс,
қаңырап қалған, етегін толқын шаймайды, төбесін
шулатып шағала ұшпайды. Абажадай үлкен қақпасы
ызғырық жел қаттырақ соғып өтсе,
шиқ-шиқ етіп ойбайлап қояды. Табиғаттың
қатқыл, сұрқай суреті болашақтағы баяндалар
оқиғаның сыр-сипатын аңғартқандай.
Жарға құлап
кетердей сұғындыра салған қоңыр үйде
Ұлбосын кемпір бүкшеңдеп, күн көріс қамымен
шойын пешке отжағып, әлденелерді қоңырсытып жатыр.
Күзгі суық сүйегінен өтіп, сырқыратып жібергесін
отжақпауға лажы қалмаған. Сәлден соң
үй іші жылынды. Беліне орап алған түбіт шәлісін енді
иығына жамылды. Тон үстінде тұмсығын бауырына
тығып, бұйығып жатқан тарғыл мысық үй
жылынған соң орнынан тұрып, рақаттана керіліп,
төтті есінеп алды да, сып етіп терезе жақтауына қарғып
шықты. Сонан соң пырылдап-сырылдап «Алласына» сыйынып, «дәрет
ала» бастады [4, 21].
Шығармадағы басты
фольклорлық сипат үй архетипінің шеберлікпен бейнеленуінен де
көрінеді. Себебі, бұл жазушы шеберлігі арқасында жалғыз
басты ананың өткен өміріне, туған жұртына,
туған үйіне деген адалдығы адам жанына тереңдей
бойлататын психологизмнің бір амалына айналған.
Жалғыздық пен
қарттықтың азабын тартқан ана тағдырын
суреттейтін автор тілінің шырайлығы баурайды. Кейуана
тірлігінің тірегі – аруаққа деген сенім. Шамасы келмесе де
жұма сайын иіс шығарып, шекпен пісіріп аруақтарды риза етуді
парыз санайды.
«Бүгін күн жұма
екен-ау. Иіс нан пісіріп, Өткіл шалға құран
оқытайыншы. Шал байғұс пен қарашықтарымның
басына бүгін шүберек байлап қайтқаным дұрыс
болар», – деп кемпір ішінен күбірледі де, орнынан сүйектері
сытыр-сытыр етіп зорға көтеріліп, шай аяқты жиыстыруға
кірісті [4, 23].
Кәрілік меңдеген
жалғызлікті жанға осы істің қаншалықты ауыр
тигенін тәптіштей суреттеу арқылы автор көне
наным-сенімнің қиналғанда сүйеніш,
қысылғанда демеу болатынын көркемдік детальға
сидырған.
Итпен мысықты ғана
серік етіп қаңырап қалған ауылда ата жұртын
қимай қалып қойған қарттар тағдыры
шығармадағы Өткіл шал мен Ұлбосын, Ұштап кемпір
тағдырлары арқылы сипатталған. Олардың арман,
үміті арқылы қазақ қарияларының
бойындағы төзімділік, сабыр мен тіршілікке деген сенім күші
өрнектелген. Демек, психологиялық тұрғыда
тәжірибеге сүйене отырып, келешек ғұмыр елесін жеке
бастың ерекшелігіне қатыстырып, қиял құнарымен
болжау жасайды. Үміт факторы адам болмысының басты әлеуметтік
тегершігіне сақталған. Жер басқан пенденің арманына
көне алмай, тілек қанаты қайырылған күйіне автор
жиі назар аударып, себептің салдарын іздестіреді: «Адамның кейіп «дүние
шіркін-ай» – деп өлмегі екі көздің бірінен күткен
достығы қастық боп шығып, әмсе жер соға
бергендігінен. Әйтпесе, жасындағы алланың
дүниесінің қысы, жазы, күні, түні өзгерген
емес!».
Пайдаланған
әдебиеттер
1. Х.Арғынбаев
«Қазақ халқындағы отбасы мен неке». А, 1974 ж.
2. Г.Пірәлиева
«Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері». А,
2003 ж.
3. Б.Қанатбаев
«Мезгіл әуендері». А, 2007 ж.