ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ІСТЕРДІ ҚАРАУДЫҢ КЕЙБІР ІС ЖҮРГІЗУ АСПЕКТІЛЕРІ

Есенаманова М., Дюсенова З

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Сот практикасына талдау түрлі заң бұзушылықтар, құқыққа қарсы әрекеттің (әрекетсіздіктің) салдарынан зиян келтіру азаматтар мен заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін бұзуда неғұрлым кеғ тараған жағдай екенін көрсетеді.

Зиянды өтету азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің деликттік түріне жатады, яғни ол шарттардан және міндеттемелік құқықтан туындамайды. АК жеке 47-тарауында келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелерді реттейтін нормалар берілген. Олар міндеттемелік құқық бөліміне енгізілмеген. Сонымен қатар, талапты деликтіден және шарттың бар болған кезде беру мүмкіндігі заң әдебиетінде дұрыс көрсетілген. Шарттық және деликттік жауаптылық арасындағы айырмашылық шарт және келтірілген зияннан міндеттемелер туындайтын заңды фактілерге негізделген.

Шарттық жауаптылық борышкер мен кредит берушілер арасындағы арақатысты құқықтық қатынасқа сүйенеді, не мәміледен туындайтын міндеттің бұзылуы үшін белгіленеді. Алайда бұл әрдайым міндеттемелік құқықтық қатынастың заңды қатысушысының алдындағы жауаптылық. Деликттік жауаптылыққа керісінше, нақты тұлғаның қандай да болсын міндеті туындамайды. Ол абсолюттік құқыққа: азаматтардың меншік құқығына, өміріне, денсаулығына қол сұғатын рұқсаттар берілмейтін әрекеттің жасалу фактісіне негізделеді /1/.

В.Т.Смирновтың, А.А.Cобчактың деликтілер туралы нормалары жөніндегі пікірлерң бойынша шарт болған кезде қылмыспен келтірілген зиян өтелуі тиіс. Қылмыстық құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қауіпті әрекет жасауға тыйым салынған қылмысты жасаған тұлға ең алдымен заң тыйым салған әрекеттерді жасамау міндетін бұзады. Осының салдаврынан жәбірленушінің субъективті құқықтарын бұзу және оған зиян келтіру шарттық емес деликттік жауаптылыққа әкеп соғады /2/.

Қолданыстағы заң бойынша зиян келтірілген тұлға өзінің бұзылған құқықтарын түрлі құқықтық тәсілдермен қалпына келтіре алады. Мысалы, кінәлі тарапқа шарт бойынша міндеттемені тиісті түрде орындау және шығындардың орнын толтыру талаптарымен, еңбек құқықтық қатыныстары салдарынан зиянның орнын толтыруды талап етуге және тағы басқа да тәсілдермен қалпына келтіре алады. Алайда мұндай негіздердің туындауы үшін келтірілген зиянның өтелуіне әкеп соғатын міндеттемелер басталғанға дейін шарт жасасуы қажет және келтірілген шығындардың шарттық міндеттемелердің тиісті түрде орындалмауына байланысты болғанын дәлелдеуі қажет. Мысалы, еңбек құқығының нормаларын қолдану үшңн жұмыс берушімен алдын ала белгілі бір еңбек қатынастарын жасау қажет. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянды өтеу үшін сот зиянның нақты табиғат пайдалану процесінде келтірілгенін және тағы басқа жағдайларын анықтауы қажет.

Деликттік міндеттеме жәбірленушінің құқықтарын барлық жағдайларда, зиян қандай да болсын құқықтық қатынастан тыс келтірілген кезде (шарттық немесе өзге де міндеттемелік), сондай-ақ зиян толық өтелмеген кезде де қорғайды деген С.Е.Донцов пен В.В.Глянцевтің қорытындылары дұрыс деп есептеледі /3/.

Зиян келтірген адамның мінез-құлқы нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне қайшы келетін мұндай мінез-құлықты құқыққа қарсы деп тануға негіз болып табылады. Бұл ретте зиян құқықтың қандай нормалары бойынша: азаматтық құқықтың, экологиялық немесе басқа да құқықтың жалпы ережелері бойынша өтелуі тиіс екеніне байланысты болатындықтан құқық қолданушы үшін зиян келтірушінің бұзатын ережелері құқықтың қай саласына жататындығы маңызды болып табылады.

Заң әдебиетінде құқық бұзушылық құрамын құрайтын заңды фактілердің жиынтығы келтірілген зияннан (деликттік міндеттемелерден) міндеттемелердің туындау негізі болып табылатын дұрыс танылған. Құқық бұзушылық құрамы серпінді және заңға сәйкес өзгеруі мүмкін, келтірілген зиян үшін азаматтық жауаптылықтың нақты түрі үшін қажетті жаңа (арнайы) элементтермен толықтырылуы мүмкін /3/.

Жеке тұлғаға зиян келтіргені үшін жауаптылықтың негіздерін қарастырайық. Теоретиктер жеке тұлғаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелердің басталуы үшін құқық бұзушылықтың классикалық заңдық құрамын, яғни жауаптылықтың шарттарын анықтау қажеттігін дұрыс атап көрсетеді:

·                        зиянның бар-жоғы, себебі ол болған жағдайда ғана жәбірленушіде зиянның қтелуі үшін негіз туындауы мүмкін;

·                        құқық нормаларын, мінез-құлықтың объективті ережелеріне қайшы келетін тұлғаның мінез-құлқының (заңда белгіленген жағдайларда) құқыққа қарсылығы, соның нәтижесенді жәбірленушінің субъективті мүдделерін қорғау қажеттілігі туындайды. АК ерекше тәртіппен аса қажетті жағдайда зиян келтіргені үшін мүліктік жауаптылықты белгілейді. Мұнымен қоса, АК 920-бабының ережелері сот оны өтеу міндетін зиян келтіруші мүддесіне іс-әрекет жасаған үшінші бір тұлғаға нмнсе үлестік тәртіппен осы үшінші тұлға мен зиян келтірушіге жүктеуі, сондай-ақ осы үшінші тұлғаны да, зиян келтірушіні де зиянды өтеуден толық немесе ішінара босату мүмкіндігін көздейді;

·                        кінәсі (заңда белгіленген жағдайларда), себебі зиян келтіруші өзінің құқыққа қарсы мінез-құлық үшін жауап береді. Мұнымен қоса, заң актілерінде зиянды өтек міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелу, сондай-ақ өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгілену мүмкін. Зиян келтіруші, АК көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзінің кінәсінен келтірмегендігін дәлелдесе, оны өтеуден босатылады. Зағды іс-әрекеттермен келтірілген зиян осы Кодексте және өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда өтелуін көздейтін АК 917-бабының ережелерін ескеру қажет.

Бұдан басқа,  азаматтық заңнама үшінші тұлғалардың /4/ тұлғаға зиян келтіргені үшін жауаптылықты көздейді, демек кінә осы жауаптылыққа тартылатын зиян келтірушінің мінез-құлқы ғана емес, сонымен қатар заңмен белгіленген басұа да адамдар тобының мінез-құлығын қамтуы мүмкін. Бұл ретте, жәбірленуші кінәсінің дәрежесі ескеріліп, ортақ, үлестік жауапкершілік кезінде кінәнің дәрежесі салыстырылады. Талаптардың нақты санаттары бойынша сот тәжірибесінде зиян келтірушінің кінәсінің нысаны ғана емес, сонымен қатар кейде құқыққа қарсы әрекеттердің, мінез-құлықтардың мақсаттары ескеріледі. Заң мысалы, актіні шығарған органдар мен лауазымды тұлғалардың кінәсіне қарамастан, мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес келмейтін актілерді шығару нәтижесінде зиян келтіргені үшін жазықсыз жауапкершіліктң де көздейді /5/.

Зиян мен құқыққа қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктің) нәтижесінде пайда болған зиян салдар арасындағы себепті байланыс келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің болуы нәтижесінде құқық бұзушылық құрамының қажетті элементі болып табылады.

Соттардың зиян келтіруге септігін тигізген жағдайларды анықтауға немқұрацйлы қарамайтындары дұрыс. Кейде сот практикасында үлестік тәртіппен жауапкершілікке зиян келтірушілермен қатар әрекеттері зиян келтіруге септігін тигізген тұлғалар да тартылады. Заң әдебиетінде мынадай мысал келтіріледі: бағдаршамның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етпеген, оған автомобиль инспекциясы бағынысты органды жауапқа тарту мәселесі туындаған. Бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуінің нәтижесінде жол-көлік оқиғасы бірнеше адамның өліміне алып келген. Іс бойынша қауіпсіздік техникасы /4/ бойынша шаралар қабылдамаған лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Заңды тұлғаның өз қызметкері келтірген зиян үшін немесе азамат келтірген зиян үшін жауапкершілікті тұлғаға зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің арнайы негіздеріне жатқызуға болады.

ҚР АК зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері ғана емес, сонымен қатар зиян келтіру қауіпін тудыратын әрекеттерге тыйым салу туралы, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктен босату туралы талап арыздармен сотқа жүгіну мүмкіндіктері көзделіп, аса қажетті жағдайда зиян келтіру және жауапкершілік шектері қарастырылған.

АК 47-тарауында түрлі субъектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерінің түрлері қарастырылған: заңды тұлғаның өз кызметкері келтірген зиян үшін; мемлекеттік органдардың заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығаруының нәтижесінде, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының зиян келтіргені үшін; анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен зиян келтірілгені үшін; өзінің жауаптылығын сақтандырған тұлғаның зиянды өтеуі; ата-аналардың кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілігі; бірлесіп келтірілген зиян үшін жауапкершілік; зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы; зиянды өтеу әдістері қарастырылған. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі; тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксыздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу; моралдық зиянды өтеу жөніндегі жауапкершіліктер жеке қарастырылған.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда оларды сот арқылы қорғаудың неғұрлым тиімді құралы – келтірілген залалды өтеу болып табылатындығын мойындау қажет.

Бірақ мүліктік құқықтар мен мүдделерге байланысты жеке мүліктік емес құқықтар мен мүдделер бұзылған кезде мұндай қорғалу моральдық зиянды өтеу арқылы қамтамасыз етіледі.

АК-те моральдық зиянды өтеу құқығының белгіленуі сот арқылы қорғалуды нақты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін неғұрлым озық норма болып табылады. АК 951-бабы моральдық зиян – жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) регламенттелген.

АК 951-бабына сәйкес моралдық зиян келтірушінің кінәсі болған кезде ғана емес,  сонымен қатар зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда, егер:

1.     зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;

2.     зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиятриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе;

3.     зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;

4.     заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.

Заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсіздік) арқылы келтірілген моральдық зиян өтелуге жатпайды.

Алайда, жекелеген жағдайларда АК 951-бабы 2-тармағының 4) тармақшасының моральдық зиянды өтеудің өзге де жағдайлары жөніндегі ережелерін судьялар жан-жақты түсіндіреді, сотқа жүгінген субъектілер Жоғарғы Соттың аталған мәселе бойынша нормативтік қаулысының ережелерін ескермейді, соның нәтижесінде моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздар беріліп, оларды соттар кейіннен заңда көзделген негіздер бойынша қанағаттандырады. Негізінде мұнда тек мүліктік құқықтың бұзылуы ғана орын алған.

Талаптың негіздерін көрсетіп, зиянды өтеу туралы даулар бойынша арнайы статистика жоқ, бұл негіздер бойынша осындай даулардың үрдісіне талдау жасауға мүмкіндік бермейді.

Берілетін талап арыздар көбінесе негізделген, яғни жауапкерлер тарапынан құқықты жөнсіз пайдалану, теріс пиғылдылық пен әділетсіздік көптеген жағдайларда орын алады.

Қарастырылып отырған істер санаттары бойынша сот практикасын біркелкі қолдануды қалыптастыруда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының маңызы зор. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес қолданылатын құқық құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті және қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Зиянды өтеу мәселесі бойынша Жоғарғы Сот сот практикасына жүргізілген жинақтаудың нәтижелері бойынша бірқатар нормативтік қаулыларды қабылдаған. Оларды дұрыс қолдану, сондай-ақ құқық нормаларын дәлме-дәл түсіндіру құқық қолдану қызметінде қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін болады деп есептейміз.

Соңғы бірнеше жылдар ішінде Жоғарғы Сот қаралып отырған тақырып бойынша мынадай нормативтік қаулыларды:

·        «Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 қаулысын;

·        «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдануы тәжірибесі туралы» 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 16 қаулысын;

·        «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 қаулысын қабылдаған.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.       Смирнов В.Т. Обязательства, возникающие из приченения вреда, - Л. 1973.

2.       Смирнов В.Т., Собчак А.А. Общее учение о деликтных обязательствах в советском гражданском праве. – Л., 1983.

3.       С.Е.Донцов, В.В.Глянцев Возмещение вреда по советскому законодательству. – М., «Юридическая литература», 1990.

4.       Садиков О.Н. Ответственность за действия третьих лиц в гражданском праве, №8. – Сов.государство и право, 1982

5.       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.