Экономические науки/11.Логистика.

Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

Муханова Асем Бисембаевна

«Экономика» мамандығының 2 курс магистранты

 

Сатып алу логистикасының тиімді жұмыс істеу механизмі

 

Өнеркәсібіжақсы дамыған елдерде материалдық-техникалық қамтамасыз етудің азды-көпті жолға қойылған стандартты механизмі бар. Мысалы, Германияның өңдеуші салаларының өндірістік процесін материалдық қамтамасыз ету жеткізуші кәсіпорындар қоймаларының,  орталық қоймалардың және қамтамасыз етілетін кәсіпорындар қоймаларының жүйесіне негізделген.

Материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың  дәстүрлі жүйесі қорларды сақтау қағидасына негізделген. Бұл жағдайда  осы материалдар іріктелетін және алушыға берілетін болмаса тікелей жұмыс орнына жеткізілетін, фирма қоймасында өндіріс үшін қажетті материалдарды алғаны туралы құжат рәсімдеу талап етіледі. Егер кәсіпорын талап еткен материалдар фирма коймасында жоқ болса, сатып алу органы сұрату жасалады. Сұрату негізінде сатып алу органы тапсырыс рәсімдейді және оны жеткізушіге жолдайды. Жеткізуші тапсырысты қабылдап және тауардың жөнелтілуін қамтамасыз етеді. Тапсырыс беруші кәсіпорынға материалдардың ірі партиялары автомобиль немесе теміржол көлігімен жөнелтіледі. Тапсырыс берілген жүктерді олардың келіп түсуі бойынша компанияның  орталық қабылдау пунктінде қабылдайды. Бұл жерде материалдардың сапасын, мөлшерімен номенклатурасы бойынша тапсырысқа сәйкестігін тексереді. Тауарлардың келіп түскені туралы тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін, олар жекеленген өндірістерге жеткізіледі.

Шаруашылық байланыстардың ықтимал нұсқаларының айтарлықтай тармақталуы мен жан-жақтылығына қарай, сондай-ақ компания  басшылығының өз кәсіпорынның материалдық-техникалық жүйесіне қатаң есеп пен бақылау жүргізуге табиғи ниетіне байланысты, келтірілген сызбаның бір құрылымдық элементінен екіншісіне өтуіне сәйкес келетін құжаттар ағыны негізінен арнайы әзірленген формулалардан тұрады. Мысалы, сатып  алу бөлімі немесе делдал жеткізушіге 9-10 құжат береді, ал жеткізуші тапсырысты орындай отырып орталық пунктке 14 құжатқа дейін береді.

Жалпы түрлі бөлімдер мен бөлімшелерге арналған тиісті көшірмелермен көптеген формулалар материалдық жабдықтаудың дәстүрлі жүйесі шеңберінде әкімшілік шығындардың өлшемі туралы түсінік береді. Тапсырыс беруші мен  жеткізуші материалға тапсырыс, оны жеткізу мен алудан бастап, мөлшері бір  жеткізілімді рәсімдеу үшін 50 данаға дейін жетуі мүмкін, құжаттардың шамамен 15 формасын пайдаланады. ЭЕМ мен басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдану кезінде құжат алмасу процедурасы жеңілдетіледі алайда ақпарат ағыны өте көп. Батыс германиялық мамандардың бағалауы бойынша жүйе бөліктерінің саны да өте көп болып табылады.

Толып жатқан бланклерді рәсімдеу мен өңдеу көп уақыт алады, бұл материалды тосып отырған тапсырыс берушілерге айтарлықтай зиян әкеледі. Жеткізілімді ұйымдастыру циклының ұзақтығы тапсырыстарды орындауда мүмкін болатын қателіктерге әкеледі. Кейбір қателіктер материалдар белгіленген орнына жеткізіліп қойғанда анықталады. Формулалардың осы көптеген жыйынтығын өңдеу тиісті мамандардың бар болуын алдын ала болжайды және айтарлықтай шығындар әкеледі.

Сатып алудың дәстүрлі жүйесі кезінде қорларды сақтау оларға өзіне тән әкімшілік шығындары және еңбек шығындарымен қоймалар кешенінің бар болуын алдын ала болжайды. Қоймаларды ұстап тұру жөніндегі шығындардың негізгі баптарын мынадай түрге топтастыруға болады:

1. Қойма жайларын ұстап тұру:

а) қойма ғимараттарының амортизациясы;

б) қойма жабдықтарының амортизациясы;

в) профилактикалық жөндеуге шығындар;

г) жылуға, электрэнергиясына және суға шығындар;

д) ғимараттарды сақтандыру және жер салығы;

е) жалға алу төлемі.

2. Қызмет  көрсетуші мамандар шығыны:

а) қоймалық жұмысшылер мен қызметкерлірдің еңбекақысы;

б) жұмысшылар мен қызметкердардің әлеуметтік мұқтаждықтарының  шығындары;

3. Көлік құралдарына шығындар:

а) амортизация;

б)отын мен энергияға жұмсалатын шығын;

в) профилактикалық және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығыын;

г) сақтандыру және көлік құралдарына салықтар.

4. Қорды сақтаудағы шығындар:

а) қоймаларды күзету және материалдардың ескіруі;

б) мүжілуі және басқа шығындар;

в) инвентаризация нәтижелеріндегі алшақтықтар (есепке алу, жіберу және қабылдау қателіктер);

г) ұрлықтар;

д) бағаның төмендеуі салдарынан шығындар;

е) қорларды сақтандыру.

Қоймаларды ұстап тұру бойынша шығындардың негізгі баптарына батыс экономистері сондай-ақ қойма жайлары құрылысын салу мен оларды тиісті жабдықтармен  жарақтандыруды қаржыландыруға банк есебінен ақша алуға тура келмесе, алуға мүмкін болатын капитал пайызына шығындарды да жатқызады. Шығындардың көрсетілген баптары айтарлықтай сомаға жеткізілуі мүмкін. Сондықтан материалдық техникалық қамтамасыз ету жүйесі ұдайы оңтайландырылады,яғни қоймаларға қажеттілікті қажеттіминимумға дейін азайтатын, тапсырыс беру мен қамтамасыз ету бұйымдарын алу процедурасын жеңілдететін, жүйенің іс-қимылы тездігін жеделдететін жұмыс істеу тетіктерін іздеу жүргізіледі.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы келісім-шарттар жүйесінің дәстүрлінің алдында бір қатар артықшылықтары бар. Бәрінен бұрын бұл іс жүргізуді, тиісінше әкімшілік шығындарды қысқарту. Алайда, тұтынушылар үшін басты пайда – қоймалардың жеке, жиі шашыранқы жүйесінен бас тарту. Келісім шарттар жүйесі қоймаларда сақтаулы тұрған капиталды босатуға мүмкіндік береді.

Келісім-шарттар бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ерекше маңызды кезеңі жедел жеткізілімдерді ұйымдастыру мүмкіншілігі болып табылады. Қажет етілген материал, қоймалардағы үлгілердің ауқымды ассортиментіне ие сауда ұйымы арқылы 24 сағат ішінде тапсырыс берушіге жеткізілуі мүмкін.

Келісім-шарт құжатнамасы мыналардан тұрады: келісім шарттың өзі, тапсырыстарды беру мен жеткізілімді орындау үдерісін ұйымдастыру бойынша келісім, сондай-ақ келісім шарттарын орындауды бақылау мен есеп жүргізу бойынша нұсқаулар. Барлық құжатнама  материалдық-техникалық қамтамасыз ету үдерісінің үш сатысында да ЭЕМ қолдану мүмкін  болатындай етіп  қалыптастырылады. Сатып алу логистикасына айтарлықтай ықпалды өткізу мен сатып алу нарқында ахуалдың тез өзгеруі жағдайында өндіріс үдерісін ұйымдастырудың өзі көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Альбеков А.У., Митько О.А. Коммерческая логистика. Ростов н/Д: Феникс, 2002.

2. Гайдаенко А.А. Логистика: учебник/ А.А.Гайдаенко, О.В.Гайдаенко. – М.: КНОРУС, 2008. – 272 с.

3. Стерлигова А.Н. Управлениезапасами в цепяхпоставок: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2008. – 430 с. – Высшееобразование

4. Зеваков А.М., Петров В.В. Логистика производственных и товарныхзапасов: Учебник. СПб.: Изд – во Михайлова В.А., 2002 .