Экономические науки/3.Финансовые отношения.

магистрант Садвакас И.

Ө.А. Жолдасбеков атындағыэкономика және құқық академиясы

Тaлдықорған, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасындағы салық саясатын жетілдіру жолдары

Қазіргі таңда салық салу жүйесін жетілдіру әлемдік инвестициялау барысының барлық түрлерін қарқындатуға бағытталуы тиіс. Бұл нарықта құнды қағаздар мен қаржы капиталын дамыту үшін қажетті және нарық шаруашылығында орталық түйіннің реттеліп отыратын түрі болып табылады.

Кәсіпорындарда қаржы ресурстарын көтеру кәсіпорын үшін негізгі қорды қайта бағалауға қажетті және амортизациялық бөліп шығаруды индекстеу, кәсіпорындарды  сауатты акционерлеу мен инвестициялау үшін жақсы база құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ары қарай заңды тұлға үшін мүлік салығы ставкасын көтеру заңға сыйымды болады.

Әзірше, экономикада дағдарыс құбылысын еңсеру кей жағдайларда банк қызметінің «шығару» еріксіз механизмі арқылы табыс салығы автоматты түрде маңызды. Соңғы жылдары салық қызметінің тәжірибеде жұмыс істеуі мемлекеттік емес жеке шаруашылықтану субъектілерінің қарқындау барысы оның тиімділігі мен оңтайлылығындағы жетіспеушіліктерді көрсетті.

Осы уақыттарда салық төлеуден ауытқу жағдайлары да кездесті.

Ең бірінші кезекте салық жүйесінің құқықтық базасын жақсылап өндіру қажет, салықтан ауытқу саласын енгізіп, салық инспекторларының мәртебесі туралы ереже қабылдау қажет.

Мысалы, қосылған құнға салық. Қазақстан Республикасында ол айналым алығы мен сату салығының орнына келді. Бұл салықты ендіруде оны есептеу әдісі, басқаша айтқанда, бағаға қосылған есептеу базасы анық өндірілмеген (бастапқы құнға қосылған бөлім: кіріс немесе төлем ақысы, шикізаттың құны т.б.) болып табылады.

Барлық дамыған елдерде қосылған бағаға бәрі кіреді, атап айтсақ, өндіріс бағасынан жоғары құн, яғни, өнімнің өз бағасы мен үстіне қосылған қосымша баға арасындағы түсім.

Мемлекетаралық  екі жақты экономикалық байланыста екі есе салық салу

мәселесі жиі туындайды, бірінші кезекте тек өз елінің аумағында ғана емес, шет елдерден де табыс алатын жеке және заңдық тұлғалардың мәселесі тұр.

Әлемдік тәжірибеде салық төлеушілерге екі есе салық салуды жеңілдету үшін көбінесе салық ауыртпалығын азайтатын үш мүмкіндік ұсынылады. АҚШ-та салық төлеушіге шет елдегі төлейтін салығынан салынған салық сомасын шегеруге рұқсат береді.

Сонымен қатар мемлекетаралық келісім жағдайы бойынша, АҚШ маңайында табыс алатын жеке және заңдық тұлғалар америкалық салық салулардан (және керісінше, АҚШ-да табыс алатын шетелдік салық төлеуші ол елдің салынған салығынан) босатылады.

Қазақстан Республикасы үшін заманауи жағдайларды қалыптастыру мен экономиканы жаңғырту шетелдік инвестициялар мен озық технологиялардың көмегін қажетсініп отыр. Бірақ шетелдік серіктестіктер екі есе салық салудан сақтанып отыр. Сондықтан Қазақстан Республикасы табыс пен шетелдік инвесторлардың мүліктеріне екі есе салық салудан қашу келісімінің қасында тұр. Осы келісім бойынша шетелдік инвесторлар босатылады немесе Қазақстан Республикасынан алған табыс салығын төмендетілген ставкамен төлейді.

Елдің салықтық тұрақсыздығы – ставкаларды үнемі қайта жасау, салықтар саны, жеңілдіктер және т.б. әсіресе, Қазақстан  экономикасының нарықтық қатынасқа өту кезеңінде, сонымен бірге отандық инвестициялар сияқты шетелдіктерге де тосқауыл болуда жағымсыз рөл ойнайды.

Бүгінгі таңдағы салық жүйесінің тұрақсыздығы – салық салу реформасының ең басты мәселесі.

Салық салу туралы Заңның 154 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында көрсетілген мерзімге дейін салықты төлемесе, салық қызметінің ұйымы салық төлеуші сондай қарызы бар екеніне келісім көрсетсе, салық төлеушінің қарызын өз есебінен ұстап қалуға құқығы бар.Салық төлеушінің келісіміне мыналар жатады: салықтар  бойынша декларация ұсыну, 5 жұмыс күні ішінде салық қызметі ұйымына салық бойынша есептелген қарызы мен қарсылығы жоқ екенін айқындау.

Белгіленген мерзім ішінде төленбеген салық сомасы мен басқа міндетті төлемдер салық тәжірибесінде берешек деп аталады.Берешекті қайтару тәсілі әр елде әр түрлі жүзеге асады: біреулері соттың көмегіне жүгінсе, ал енді бірінде салық ұйымының үкімі негізінде соттан тыс тәртіпте жүзеге асады.

Салық төлеушінің ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептеріне, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізуге;

- салық төлеушіден уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде құжаттар, оларды толтыру жөнінде түсіндірмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдермен, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дұрыс есептелгендігі және дер кезінде төленгендігін растайтын құжаттар беруді талап етуге;

- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен салық тексеруін жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушіден алып қоюға;

- орналасқан жеріне қарамастан табыс табу үшін пайдаланылатын кез келген салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді тексеруге, салық төлеушінің мүліктеріне түгендеу жүргізуге;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен салық төлеушіден электрондық құжаттар түріндегі ақпарат алуға;

- тексерілетін салық төлеушіге – заңды тұлға мен жеке кәсіптерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, жария етуге, банктерден немесе банк операцияларының жекуелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан оның банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен  қозғалысы туралы мәліметтер алуға;

- Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салық төлеушінің салық міндеттемесін жанама әдіспен айқындауға;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға құқылы. Салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген өзге де құқықтары бар. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға – інілері, апа – қарындастары, балалары) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға – інілері, апа – қарындастары, ата – анасы мен балалары) болып табылатын және қаржылық жағынан тікелей жанама мүдделілігі бар салық төлеушіге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.Салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтік қорғау.Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады.

Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметі органдарының қызметкерлерінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, кейін бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлі адамдардан өндіріп алынады.

Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметі органдарының лауазымды адамның денсаулығына кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтін ауыр зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан, бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ, оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшері арасындағы айырма төленеді.

Салықтық қатыныстар үйлестігі мемлекеттің, салық төлеушілердің және өзге мемлекеттердің мүдделерін, ұзақ мерзімді және тұрақты теңдігін, қамтамасыз ететін салықтық қатынастар жүйесін құруды білдіреді. Мемлекеттің қазыналық мүдделері мен шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығы арасындағы қатынасты; салық төлеушілер мен мемлекттік орган міндеттерінің және құқықтарының теңдігін қамтамсыз етуді; барлық деңгейлердің салықтық мүдделерін үйлестіруді; салық салу жүйесін еларалық бірыңғайландыру үшін сәйкес негіздерді қалыптастыруды салықтық қатынастар үйлестіру бағыттары ретінде қарастыруға болады. Алғашқы үш бағытқа салық реформалары негізінде біршама қол жеткізілді.

Қорытындылай келе, ҚР салық саясаты ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуына қызмет етеді. Осы уақытқа дейін салық заңында кездескен кемшіліктер Үкімет тарапынан қайта қаралып, заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Бүгінгі күні салық заңы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға, халық табысын арттыруға және шағын орта бизнестің дауына үлесін қосуда.

Әдебиет:

1.        «Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарда «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халқына жолдауы // «Жетісу» Алматы облыстық қоғамдық – саяси газет. №13.- 28.01.2012

2.   В. Д. Камаев Экономикалық теория негізі бойынша. Оқулық. /М:.- 1995.-188б.

3.   Бекбосынов А.С. Салық жүйесінің негіздері.- Астана, 2007.-120б.

4.        Б.Б. Сұлтанова Салық есебі. Оқу құралы. / А:, 2008.-223б.