Экономические науки/3.Финансовые отношения.

Магистрант Дуйсебаева А.Е.

Ө.А. Жолдасбеков атындағыЭкономика және құқық академясы Тaлдықорған, Қазақстан

Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері

 

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорьшың қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың түрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы қүжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.

Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарьшың көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті. Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономика ның бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретіңде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндыд бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымыдда ақша қаражаттарын орталыдтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттьщдыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақы-тында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.

Бөлу функцияның мазмүны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір қүндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп ас-пектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.

Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс қүралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақ аралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кіріс-тер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқы-лы жүргізіледі. Мүндай әдіс әрбір әкімшілік аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.

Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпы мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады.

Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциаддық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде эконо микалық және әлеуметтік сауалдарды шепгуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік  жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.

Бюджетті экономикалық басқарудың қүралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мүқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.

  Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.  Экономикада тауарлы-ақша қатынасс болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды  заттық және құндық (ақшалай). Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық өлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жүмыс үшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай каражаттарды анықтауды қарастырады. Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің қүндық қүрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық ендіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуаналуан бағытында пайдаланады.

Мемлекеттік бюджетті - экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы қүжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық қүрал ретінде пайдалану. Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм - ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің қүрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдістәсілдердің жүйесі.

Бюджеттік механизмнің объективтік негізі мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмүнын қүрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі қүрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм қүрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Бюджеттік механизмнің өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жүмылдыратьш бюджеттік механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және ездерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акциздер, мүлік салығы жәпе т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға бюджеттік  қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы іске асырылады.

Бюджеттік механизмнің әр қүрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән.

Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану форма-ларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық қүжат, экономикалық тұтқа түрлерінде интегралды әсер етеді.

Әдебиеттер:

1.     Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық / А: Экономика, 2005ж. -

2.           Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник. - Алматы: РЖ, 1994. - 268 с.

3.     Ильясов К.К., Исахова Г.Б. «Расходы Государственного бюджета» Алматы 2003ж.- 27-36бб.