Экономические науки/Финансовые отношения
Утегенова К.А.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға
оқытушысы, э.ғ.к.
Жоламанов У.У.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің магистранты
ұлттық пошта операторының
әлеуметтік бағытта жүйелі қаржылық қызмет
көрсетуінің қажеттілігі
Пошталық
қызметтің түрлері және әлеуметтік бағытта
жүйелі қаржылық операциялар жүргізу қажеттілігі
Ел Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – Қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Жолдауында почта-жинақтау
жүйесін қызметтерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттыруды және оларды халықаралық стандарттар бойынша
қызмет көрсетуді қарастыратын сапалы жаңа
деңгейде одан әрi дамыту үшiн – почта-жинақтау қызметтері рыногында
Ұлттық почта операторының тұрақты жұмыс
iстеуiне арналған инвестициялық және экономикалық
қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап көрсетті [1].
Қазақстандағы
почта-жинақтау рыногы тек қана қалалық деңгейдегі
бәсекелестiктің жоғары деңгейiмен сипатталады.
Ауылдық жерлерде Ұлттық почта операторы почталық
және қаржылық қызметтер рыногының iс
жүзiндегi бiрден бiр қатысушысы болып табылады, бірақ
почталық инфрақұрылымның және
телекоммуникациялық технологиялардың жоғары деңгейде
жетілмегендiгi, оларды сапалы түрде көрсетуге мүмкiншiлiк
бермейдi.
Осыған
байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін
әртараптандыруға және Қазақстан
халқының қалың бұқара топтарына
аумақтық және бағалық қол жетiмділiк
қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерiнің
жекелеген түрлерiн көрсетудi көздейтiн почта-жинақтау
жүйесiн қалыптастыруға бағытталған
реформалауға ұшырады.
Қазiргi кезде
Қазақстанда почта-жинақтау жүйесiн
қалыптастыруға арналған
құқықтық және ұйымдастырушылық
негіздер жасалған. Заңнамаға сәйкес Ұлттық
почта операторы почталық қызметтермен қатар Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігі мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиялары негiзiнде
қаржы қызметтерiн жүзеге асыру және қаржы
қызметтерiн көрсету құқығын алды.
Мұндай шешiм мынадай факторлар негізге алына отырып қабылданды:
«Қазпочта» АҚ-да іс жүзiнде елдiң бүкiл
аумағын қанағаттандыратын, 617-i қалаларда және
278-i - ауылдық жерлерде орналасқан 3385 бөлiмшенi
қамтитын ең тармақталған почта бөлiмшелерi
желiсiнiң; ақпараттық және ақша ағымдарының
қалыпқа түскен жүйесінің болуы; мемлекет
Қоғамның бiрден-бiр құрылтайшысы және
қатысушысы болып табылады [2].
Бүгінгі
уақыт пошта үрдістерін түбірімен өзгертіп, жаңа
заманның талабына икемдеп үлгерді. «Қазпочта» АҚ –
кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан
компаниялардың бірі,
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар
мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және
логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін,
Қазақстан Республикасының пошта байланысының
ұлттық операторы.
Кесте 1.
«Қазпошта» АҚ-ның 2009-2012 жж. қызметтің негізгі
түрлері бойынша нарықтағы үлесі, %
|
|
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
|
ҚР –да пошта қызметін көрсету
табысынан «Қазпошта» АҚ нарықтық үлестері |
||||
|
Кезеңдік
басылымдар |
78,4 |
78,3 |
81,5 |
95,6 |
|
Жазбаша
хат-хабар |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
41,0 |
|
Сәлем-сауқат |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
40,4 |
|
EMS-Kazpost |
12,1 |
14,6 |
17,6 |
13,7 |
|
КГПО |
- |
- |
- |
57,3 |
|
Директ-мейл |
- |
- |
- |
86,3 |
|
Арнайы байланыс |
- |
- |
- |
99,4 |
|
ҚР –да қаржылық қызмет
көрсету көлемінде«Қазпошта» АҚ нарықтық
үлестері |
||||
|
Зейнетақы мен жәрдемақы төлемі |
50,9 |
50,9 |
51,1 |
44,8 |
|
Салықтық төлем |
26,5 |
25,2 |
25,4 |
31,5 |
|
Коммуналдық және басқа төлемдер |
24,2 |
42,1 |
36,4 |
41,4 |
|
Аударымдар |
|
|
|
1,6 |
|
Тұрғындардың жедел салымдары |
0,06 |
0,05 |
0,04 |
0,04 |
|
Еңбекақы төлемі |
4,1 |
4,0 |
3,4 |
3,2 |
|
Пайдалануға берілген карточка саны |
- |
- |
0,3 |
0,7 |
|
Банкомат саны |
- |
- |
1,0 |
1,9 |
|
Е с к е р т у – www.kazpost
сайтының мәліметтері негізінде автормен
есептелді |
||||
Қазпоштаның
бәсекелестік нарықтағы басты ерекшелігі – кейбір қызмет
түрлері бойынша аса маңызды, әсіресе әлеуметтік
бағытта жүйелі қаржылық операциялар жүргізуі
болып табылады. Қаржылық қызметті үйлестіру мен
ұйымдастыру мақсатында арнайы қаржылық қызмет
көрсету бөлімдері құрылды. Поштаның
қаржылық қызмет бөлімі клиенттерді
қаржылық, агенттік қызмет көрсету түрлеріне
тартуда ерекше белсенділік танытып, нарық жағдайында жемісті жұмыс жүргізе
алатындығын көрсетті.
Қазіргі
таңда пошта жүйесіндегі ақша аударымдарының ең
көп сұранысқа ие болып отырған түрі – республика
ішіндегі жедел ақша аударымдары болып отыр. Оның басты
артықшылығы – автоматтандырылған пошта бөлімшесінен
жіберілген ақша аударымын небәрі 10-15 минуттың ішінде
алуға болатындығында. Пошталық жедел ақша аударымының
бұл түрімен студенттер, зейнеткерлер, сондай-ақ
еліміздің түкпір-түкпірлерінде іссапармен немесе басқа
да жұмыстарымен жүрген азаматтар жиі пайдаланады.
Микропроцессорлық
карточкаларды пайдалану арқылы бiрыңғай ақысыз
бөлшек төлем жүйесiн құрудың жоспарлануына
сәйкес төлем карточкаларының Ұлттық банкарарлық
жүйесiн дамыту бағдарламасын тарату үшiн Ұлттық
почта операторының аймақтық желiсiн iске қосу
қарастырылуда. Бұл жалақыны, зейнетақы мен
әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу механизмiн жетiлдiруге;
коммуналдық төлемдердi жинау, көлiк және байланыс
қызметтерiн төлеу процесiн оңтайландыруға; ақысыз
есеп айырысу формасында бюджеттiк (салықтық, кедендiк) және
де басқа мiндеттi жиындарды жүзеге асыруға және
нақты ақша эмиссиясына шығынды қысқартуға
мүмкiндiк бередi.
Осы
мақсатта Ұлттық почта операторына төлем карточкаларын
шығаруды, оларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру
және банкоматтар мен электрондық терминалдар желiсiн дамыту
қажет.
Бағдарламаның
ойдағыдай тарауы Интернет - коммерция (Е - commerce), Электрондық
әмиян (Е - саsh) сияқты жаңа қызметтердiң
енгiзiлуiне және дамуына, сондай-ақ микропроцессорлық
карточкалардың көмегiмен ақпараттық ресурстар мен
қызметтердiң әртүрлi түрлерiне (медициналық
сақтандыру карточкалары, электрондық жеке куәлiк,
бонустық карталар және т.б.) қол жеткiзуге мүмкiндiк
туғызады.
Сонымен
қатар, әртүрлi санаттағы салымшылардың талабын
қанағаттандыру мақсатында салым операцияларын қосу
арқылы несиелiк және қолма-қол ақша
төлемiнсiз жүзеге асыру қызметтерi қарастырылуда.
Халықтың басым бөлiгіне бағытталған стандартты
қызметтердi таратумен қатар, Ұлттық почта операторымен
дәулетті клиенттер үшiн жекелей қызметтер ұсынылу
қажет.
Ұлттық
почта операторына почта-жинақтау жүйесiнде де, сондай-ақ
жалпы қаржы рыногында да пайда болатын қауiп-қатердi ескере
отырып, банктік қызметтерге шектеулi қолжетімдiгі бар
тұлғалар үшiн қаржы қызметтерiн көрсету
жүйесiн жетiлдiру қажет.
Осындай
қызметтерге қол жеткiзудi қамтамасыз ету жоспарында
әлеуметтiк маңызды жобалардың ойдағыдай таратылуы,
сондай-ақ әртүрлi деңгейлерде басқару
органдарымен құрылатын, шағын бизнес субъектілерiн және
халықты микронесиелендiру қорларына, банктік ресурстар мен
қызметтерге агенттік бастамаларда почта-жинақтау
жүйесiнiң желілiк инфрақұрылымының қосылу
тиімділігін растайды.
Бағалы
қағаздардың ұлттық рыногының
техникалық инфрақұрылымын дамытудың негiзгі мiндетi
болып, елдiң әртүрлi аймақтарында тұратын,
Қазақстан халқының қаржылық
ұйымдардың қызметтерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз
ету болып табылады. Ұжымдық инвесторлаудың схемасын дамытуды
ынталандыру үшiн брокер-дилерлер бағалы қағаздарды
тарату үшін бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттердiң желiсiн пайдалана алады. Бұл схема
инвестициялық бағдарламаға халықтың басым
бөлігін тарту үшiн барлық мүмкiн ресурстарды
пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Клиенттердi тартуға және
бекiтуге, ұзақ мерзiмдi өзара пайдалы серiктестiк
жүйесiн құру алдыңғы қатарлы
ақпараттық-технологияларды пайдалану, клиенттердiң
қаражаттарын сенiмдi басқару қаржы рыноктарында жеке
операцияларды қолдау бағдарламаларының дамуына ықпалын
тигiзедi.
Ұлттық
почта операторының бөлiмшелерiнiң кең желiсi негiзiнде
Қазақстанның облыс орталықтарында, аудандарында
және қалаларында бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстейтiн, әртүрлi қаржы институттары арасындағы
құжаттарды қабылдап-тапсыруды жүзеге асыратын пункттер
ашылатын болады. Телекоммуникацияның дамуы интернет-коммерция базасы
негiзiнде құрылған қызметтердiң дамуына септiгiн
тигiзедi [3].
Сонымен,
Қазпошта АҚ-ның 2020 жылға дейін стратегиялық
даму бағыттары: «Пошта қызметтері» бейінді бизнесін кеңейту;
логистикалық қызметтерді күшейту және сыртқы
нарыққа шығуға дайындық; сапалы банк бизнесі
болып қалыптасу; «Қазпошта» АҚ-ның
қызметінің тиімділігін арттыру және IT қарымын дамыту;
сенім және сапа брендін дамыту.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдаған «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты
Жолдауы // Сыр бойы – 2012. – 15 желтоқсан. – 1б.
2 Ғаламтор ресурсы: www.kazpost сайтының мәліметтері
3 Гербеков Н.Б. Зарубежный и отечественный опыт в области почтовых услуг //МИТС-НАУКА: международный научный вестник: сетевое электронное научное издание. 2008. №1