Экономические науки/3.Финансовые отношения.

Капанова Ш.А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

 

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ САЛАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазіргі  кезде  елімізде  болып  жатқан  нарықтық  қатынастар  тек   экономиканы  дамыту  үшін  ғана  емес,  бүкіл  қоғамдық   өмір  үшін  зор  маңызға  ие  болып  отыр. Осы  нарықтық  жағдайда  экономикалық  қызметтің  басты  буыны – кәсіпорын.

Нарықтық  қатынастар  экономикасында  кәсіпорындардың  шаруашылық  жүргізуші  субъект  ретінде  құқықтық  жағдайларын  едәуір  нығайтып,  олардың  көптеген  өндірістік  және   қаржылық  жағдайларды  өз  бетінше  шешуіне  мол  мүмкіндік  ашылды.  Атап  айтқанда  ішкі  және  сыртқы  нарықта  білікті  серікті  таңдауға  қол  жетті,  өйткені  болашақтағы  бірлескен  іс-әрекеттің  тиімділігі  соған  байланысты  болады. 

Құрылыс мекемелері (ұйымдарының) қаржысын оқып - тану халық шаруашылығындағы күрделі құрылыс саласындағы қаржы - ақша қатынастарының, яғни негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге, өзінің саласындағы материалдық өндірісті қамтамасыз етуге бағытталған үдерістердің жүзеге асуы.

Құрылыс саласы күрделі қаржы салымын қажет ететін, әртүрлі ұйымдық және шаруашылық нысандарды біріктіретін, өзінің қызметтік деңгейі әртүрлі мақсаттар мен тапсырмалардан, табиғи жағдайда құрылыс өндірісін жүзеге асыруға бағытталған. Құрылыс өндірісіне ережеге сәйкес мыналар қатысады:  инвесторлар, тапсырыс берушілер, жобалаушылар, мердігерлер,  мамандандырылған қосалқы мердігерлерден тұратын ұйымдар. Осылардан өзге құрылыс үдерісін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше ондаған зауаттар, атап айтқанда технологиялық жабдықтарды, құрылыс машиналары мен құрылыс материалдарын өңдеушілер, бұлардың әрқайсысы құрылысқа қатыса отырып жоғары табысқа қол жеткізуге тырысады.

Негізгі қорлардың моралдық және табиғи тозуы халық шаруашылығына жаңа, ғылыми - технологиялық дамыған өндірістік жабдықтар мен машиналарды және өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізуді талап етеді [1].

Осы тапсырманы шешуге күрделі  құрылыстың көмегі көп. Ол материалдық өндіріс саласына саласына жатады. Күрделі құрылыс саласы арқылы негізгі өндірістік қорлар жаңарып, қайта жөндеуден өтіп, жаңару мен қайта қалпына келуге септігін тигізеді. Күрделі құрылыстың негізгі мазмұны кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа технологиялармен қайта құрылымдауға әсерін тигізеді және  ат салысады.

Құрылыс үдерісіне, яғни күрделі жөндеу жұмыстар – құрылыстық және монтаждық жұмыстардан тұрады.  Объектілерді жасау, оларды қайта құрылымдау және ұлғайтудың барлығы құрылыс жұмыстарына жатады. Ал монтаж жұмыстарына машиналар мен жабдықтарды құрастыру, жұмыс жағдайына келтірумен айналысады.

Күрделі құрылыс мемлекеттегі экономикалық стратегияны қалыптастыратын негізгі аспап болып табылады.  Ол қоғамдағы тұрғын үй, әлеуметтік - мәдени ғимараттарды материалдық – техникалық базаны жаңартудың негізі болып саналады. Сонымен қатар күрделі құрылыс халық шаруашылығындағы жаңа ғылыми - техникалық және экономикалық -ұйымдастыру деңгейін, өнімнің жаңа түрлерін игеруге, олардың табыстылығын арттыруға және бәсекеқабілеттілігін артттыру көмектеседі.

Нарық жағдайы күрделі құрылыстың капитал салымындағы тиімділігін, жоба - сметалық жұмыстардың жоғарлауын, құрылыс ұйымдарының өсу қарқынын жылдамдатуға негіз болды. Күрделі құрылыс аяқталмаған құрылыстардың көлемін азайтуға, негізігі құралдардың жаңа түрлерін пайдалануға және қаржыландырудың жаңа жүйесін енгізіуді талап етеді.

Күрделі құрылыс екі тәсілмен жүзеге асырылады – мердігерлік және шаруашылық. Құрылыс жұмыстарында негізінен мердігерлік тәсіл кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл арқылы тұрақты қызмет жасап жатқан құрылыс ұйымдарымен тапсырыс келісім шартын жасасау арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде елімізде мердігерлік тәсілмен айналысатын, құрылыс-монтаж жұмыстарындағы үлес салмағы 87 %  құрайды [1].

Күрделі құрылыс негізінен бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. құрылыс өнімі тауар арқылы ерекшеленеді.

2. құрылыс өнімі қозғалыстағы тауар арқылы ерекшеленеді.

3. құрылыс материалдары мен құрылыс конструкторлары – бұл толығымен құрылыс үдерісіне толығымен пайдаланылатын тауарлар болып табылады. Оған шикізат, жартылай фабрикаттар, құрылыс бұйымдары мен конструкторлары.

Шикізатқа табиғи ресурстар – құм, тас, топырақ, балшық, таудың тастар және т.б., жартылай фабрикаттарға –цемент, щебень, қара қағаздар жатады.

Құрылыс бұйымдары мен конструкторлары құрылыс монтаж ұйымдары құрылысқа қажетті материалдық компонентердің пайдалануы.

4. Дайын ғимараттар мен үй-жайлар, бұлар нарықта шектелген жылжымайтын құрылыс өнімі болып табылады. Қалалық жерлерде бұған көп қабатты бір типтегі, әртүрлі бөлмелері бар тұрғын үйлер жатады. Көп қабатты үйлерде орташа табысы бар тұрғындар қоныстанады. Ал ауылдық жерлерде орташа табысы бар, өзіне бекітіліп берілген жерлереі бар бір қабаттан тұратын үйлер жатады.  Қазіргі кезе тұрғындардың жағдайының жақсаруынан сұраныс жоғары талаптардан тұрады. Яғни әр тұрғынның өзіндік жеке көзқарасы бойынша қалыптасады.

Құрылыстың өзіндік артықшылығы бұл тапсырыс берушілер (инвесторлар) мен мердігерлер арасындағы өзара қарым қатынасы. Құрылыс саласы ұзақ уақытты қажет ететін көп циклді сала болып табылады [4. 24 б].

І. Құрылыс өнімдерінің тауардан ерекшеліктері оның нарықта біртекті және жалпы өнімдер өндірумен өндірістік техникалық үдерістің қатынасымен қарастырылады:

1. Құрылыс өнімдерін өндіру уақытындағы оның  қозғалмайтындығы мен тұрақты жай күйі. Құрылыс өнімдерін өндіру уақытында жер телімінің құны, нарықтағы жер бағасының конъюктурасы, табиғи және климатық жағдайы,  сонымен қатар, конструктурлық және архитекуралық-жоспарлау шешімдері әсер етеді;

2. Құрылыс өнімінің өмірлік циклінің басқа өнімдерге қарағанда ұзақ болуы;

3. Құрылыс өніміне капитал салымының жоғары болуы және жылжымайтын объектіні потанциалды сатып алушылардың шекті көлемінің болуы;

4. Жылжымайтын объектіге жеке дара сұраныстың болуы. Мұнда сатып алушының талғамы, жеке дара шешімі ескеріледі.

5. Сұранымның икемділігіне қарай құрылыс өнімінің жоғары дәрежелі жеке даралығы, мұнда шектеулі тауар өндірушілер арасындағы бәселестіктің аздығы;

6. Стандарттау мен сәйкестендіруге күрделі құрылыс объектілеріне шаралар жасау;

7. Күрделі құрылыстың жоғары деңгелі мамандарын даярлау және өнімнің  тауар қозғалысы мен бөлу арналарын тұрақтандыру.

ІІ. Құрылыс өнімдерінің тауар ретіндегі қозғалыс ерекшеліктері:

1. Жылжымайтын мүліктердің екінші деңгейлі нарығындағы бәселестіктің жоғары болуы, өйткені тұтынушылардың талғамы, бағасы төмен, арзан қол жылжымайтын мүліктерді алуға ұмтылысының болуы;

2. Кейінге қалдырылған тұтынымның төмендігі, яғни тұтынушылардың екінші деңгейлі нарықтағы сапасы төмен, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, бірақ пайдалану мерзімі ұзақ уақытқа берілген мүліктерді пайдалануға ұмтылысының болуы;

3. Құрылыс өнімдеріне жоғары талғамды қажет ететін, яғни жаңа өнім нарығындағы тұтынушылар. Олар жөндеу жұмыстарының жоғары талғаммен жүргізілгенін, үлгісі, қайта жабдықталуын қарастырады.

4. Аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуына мердігерлер нарығының әсері, мұнда жұмыс орнының тиімді жүргізілуі, жұмыскерлерге қолайлы жағдай жасау, тұрақты өнімді қалыптастырумен байланысты болады;

5. Жүргізіп жатқан құрылыс өнімінің өндірістік – коммерциялық циклін қалыптастыру: нақты қаржыландыру процедурасын, уақытпен байланысты факторларды есепке алу, ақпараттардың бар болуы,  объектіні аяқтау мерзімінің мүмкіндігі, жобалық-шешімдерге қажетті өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы, өнімнің моральдық жағынан ескіріп кету қаупі туралы тәуекел.

6. Нарық жағдайына сай келетін құрылыс өнімінің жаңа түрін ойлап табу.

ІІІ. Құрылыс материалдары мен құрылыс өнімдері, мұның құрамына шикізат көздері мен құрастырмалы құрылыс өнімдері жатады.

ІҮ. Дайын ғимараттар мен үй-жайлар, бұл өткізу нарығындағы шектеулі жылжымайтын мүліктердің көлемін білдіреді. Мұндағы ерекшелік қалалық жерлерде көп қабатты тұрғын үйлер болса, ауылдық жерде бір қабатты бір типті үйлер болуы мүмкін.

Құрылыстың ерекшелігі тапсырыс берушілер (инвесторлар) мен мердігерлер арасындағы қарым қатынастардан тұрады.

Қаржы –несие механизмін жақсарту үшін күрделі құрылыс сферасына  салынған айналым қаражатын жеделдетіп, ұзақ мерзімді жұмыс уақытын үнемдеп, сапалы өнім шығара отырып, қажетті тиімділікті алу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.    Семенов В.М., Набиев Р.А. Финансы строительных организаций: Учеб. пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004. -384 с.

2.  Абрютина М.С., Грачев А.В. Анализ финансово – экономической деятельности предприятия: Учебно – практическое пособие – 2. – с изд. Испр – М.: Издательство «Дело и сервис», 2000 – 256с.

3.  Жарковская Е.П. и др. Анализ хозяйственной деятельности строительных организаций. - М.: Стройиздат, 1989.