Нұрбосынова Жанар Нұрболовна

Ақтау қ. Ш.Есенов ат. КМТжИУ, Экономика және құқық факультеті

Cақтандыру нарығының Қазақстандағы дамуы

 

Сақтандыру – бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.Қоғамдық өндірістің үзіліссіздігі шығындарды жабуды қажет етеді. Осыған байланысты қоғамда бөлістіруге қажетті қаражаттар болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар сақтандыру ұйымында резервті және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады. Қолайсыз табиғи жағдайлармен байланысты шығындардың ақшалай қаражаттармен жабылуы сақтандырудың жеке санатын – сақтандыру категория (санатын ) береді.

 Сақтандыру мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үрдістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады

Бүгінгі уақытта сақтандыру нарығында әр түрлі меншіктегі ұйымдар жетерлік.Олардың қызмет ету аясы тәуекелді сақтандыру аясын қамтиды:  биржалық келісімдерді, жүктерді, несиені сақтандыру және коммерциялық, құқықтық және басқа да арнайы тәуекелдерді сақтандыру. Қазақстанда экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру коперациясы құрылған. Бұл кооперацияның негізгі мақсаты қазақстандық тауар өндірушілерді және тауар экспортын әлемдік нарықта тәуекелден сақтандыру.

Сақтандыру макроэкономикалық тұрақтандыру үшін қажетті қаржылық резервтерді калыптастыра отырып, техногендік және экологиялық оқиғаларда өндірістік күштерді қалпына келтіруге және дамытуға ықпал етеді, инфляциялық фактор әсерін төмендетеді, тауарлар мен қызметтер сұранысы мен ұсынысының ара қатынасын оңтайландырады.Сақтандыру ісінің дамуын тежейтін себептер елдегі жалпы экономикалық және саяси жағдайлардан, әлуетті сақтанушыларда қаржылық құралдардың жетіспеушілігінінен, сақтандыру компанияларына сенімсіздіктен тұрады.

Сақтандыру нарығын дамытудағы негізгі перспективалар Қазақстан Республикасындағы сақтандыру дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламамен анықталған болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты -мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қорғау құралы болып табылатын қазіргі және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру, мемлекеттік әлеуметтік саясатының құраушыларының бірі ретінде тиімді сақтандыру жүйесін қалыптастыру болып табылған. Бағдарламаның орындалуына қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын ретеу мен қадағалау агенттігіне, сонымен қатар құзіретіне сақтандыру мәселерін шешуге кіретін бірқатар министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдарға зор мән берілді.

Қазіргі таңда қазақстандық сақтандыру нарығының даму мүмкіндігіне
кедергі келтіретін факторлар: сұраныс жағында жүрген жеке және заңды
тұлғалардың        төмен         төлемқабілеттілігі,         сақтандырушылар мен сақтанушылардың төмен сақтану мәдениеті, сақтандырушы компаниялар көтеретін тәуекелдің капитал тұрғысынан қарағандағы төмен жеткіліксіз нарықтық сыйымдылығы. Қазақстандық сақтандырушылардың сақтандыру резервтері мен меншік құралдары ірі тәуекелдерге кепілдеме бере алмайды. Егер де олар мұндай тәуекелдерді өз мойындарына алса, олар шетелде қайта сақтандыруға мәжбүр болады. Бұл тәжірибе халықаралық сипаттағы сақтандыруға сай. Дегенмен де, Қазақстан сақтандыру салымдарының бүгінгіден көбірек бөлігі елде қалуына және отандық экономиканың дамуына жұмсалуына қызығушылық танытып отыр.

Осы нарықтың дамуына сақтандырушы компаниялардың да маңыздылығы бар екенін атап кеткен жөн. Әрбір сақтық компанияның міндеті өз клиенттерінің менталитетін өзгертуден және сенімді, адал және тұрақты ұйым бейнесін қалыптастырудан тұруы керек. Сақтандыру қызметін таратудың және жаңа технологияларды пайдаланудың жаңа әдістерін іздестіру керек.

Қаржылық-экономикалық дағдарыс және экономикалық тұрақсыздық жағдайында сақтандыру нарығыы әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруға, елдің экономикасына халықтың қаражатын тарту жолымен экономикалық өсудін, алғы шарттарын қалыптастыруға, азаматар мен ұйымдарды сенімді сақтық қорғаумен қамтамасыз ете отырып, адамдарда сенімділікті қалыптастыруға ықпал ете алатын экономикалық тұтқалардың бірі болып қалады.

Сақтандыру қызметін мемлекетік реттеу механизмі оның нысандары арқылы жүргізіледі. Оларға: сақтық қадағалау, лицензиялау, міндетті сақтандыру, салық салу, төлем қабілеттілігін бақылау, инвестициялық қызметін бақылау, баға тағайындауды бақылау жатады. Әдетте сондай-ақ сақтық қызметті мемлекеттік реттеу нысандарына мемлекеттік қаржыландыру, монополияға қарсы реттеу, мемлекеттік бағдарламалау, мемлекеттік жоспарлаужәне болжау, қайта қаржыландыру ставкасын реттеу, валюталық реттеуді жатқызады.Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметтің рыногін дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттеріне мыналар жатады:

1)                Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен колдау және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру;

2)                Сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметін кадағалау;

3)                Сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін, халықаралық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерін белгілеу;

4)                Сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғау болып табылады.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сақтандыру рыногындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттің өзгеде органдары өз қүзіреті шегінде жүзеге асырады.Өзге де мемлекеттік органдардың осы заңмен реттелмеген өкілеттілігі міндетті сақтандыру түрлері бойынша тиісті заң актілерінде көзделуі мүмкін.

Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс стихиялық апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.

Өмірді сақтандыру индустриясының дамуынсыз, мемлекетімізде жүріп жатқан зейнеттік қамтамасыз ету реформасынан толық қайтарым болады деп айта алмаймыз.

Өмірді сақтандырудың дамымауының бір себебі, потенциалды тұтынушының өзіне қатысты сақтандыру окиғасының болатынын толық сезіне алмау. Кей сақтандырушылардың айтуынша өмірді сақтандырудың дамымауына тағы бір себеп, ол квалификациясы жоғары мамандардың тапшылығы. Сақтандырудың дамуы халықтың табысының өсуіне әсер ете алады, ал ол өз кезегінде ұзақ мерзімді өмірді сақтандырудың дамуына себепші болады. Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей, өмірді сақтандыру сыйақыны жинау мен жоғары даму жағынан алдағы қатарды алады. Мысалға, АҚШ -та жиналатын сыйақылардың 60% - "өмір" саласында. Өмірді сақтандырудың дамуына тағы бір кері әсер етуші фактор - демографиялық. Өзі аз халықтың, тек 20-30% ғана активті халық (еті тірі). Осы фактор, жинап алғанда өмірді сақтандыруда халықтың өте аз бөлігі сақтандырылған. Өмірді сақтандыру бойынша қызмет атқарушы компаниялар нормативтерге сай болу үшін ылғида сырттан ақша қаражаттарын тартуға мәжбүр, себебі меншікті капиталдың жеткіліксіздігі туындайды. Осы себепті, көптеген инвесторлар Бұл сақтандыру түрі бойынша қызмет атқарудан бас тартады. Қазақстан республикасының Қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау мен реттеу агенттігінің ойынша ұзақ мерзімді сақтандырудың дамуына, біріншіден, компаниялар тарапынан халықтың сенімін дамыту. Екіншіден, ұзақ мерзімді сақтандыру экономиканың болашак дамуымен тығыз байланысты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. А. Банасинский. Страхование. Санкт-Петербург. 2003 ж. 7 бет.

2. Рейтман Л.И. Страховое дело. Москва, 1992 ж. 8 бет.

3. ҚР заңы «Сақтандыру қызметі туралы». 18.12.2000 жыл.

4. Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С.Қ Қаржы. Алматы. 2005 жыл.