Экономические науки/5.Управление трудовыми ресурсами
Талапбаева Гульнар
Едиловна
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Экономика және
менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к
Арапбай Даурен Сейітжанұлы
«Экономика» мамандығының 1 курс студенті
Қазақстан Республикасында жастардың
еңбек нарығын реттеу механизмдері
Еңбек нарығын тиімді реттеу – кез – келген мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық саясатын жүргізу мен жүзеге
асырудағы белгілі бір заңнама көлеміндегі және
жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыс істеуші арасындағы міндетті
келісімшарттың орындалу кепілдемесін қамтамасыз етуге негізделген
аса маңызды бағыттардың бірі.
Еңбек нарығының әлеуметтік – экономикалық
теориясы нарықтық экономиканың дамуының әр
түрлі кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктерімен
сипатталған.
Еңбек нарығын реттеуге байланысты мәселелер, оның
негізгі құраушылары жұмыспен қамту және
жұмыссыздық мәселесін зерттеу көптеген белгілі
экономикалық ғылым өкілдерінің, түрлі
ғылыми мектептер мен бағыттардың қарастыратын негізгі
нысаны болды. Жалпы алғанда, тарихи даму барсында еңбек және
оның мәні туралы алғашқы ғылыми зерттеулер
нарықтық экономиканың реттелмейтін жағдайындағы
оны қолданудың күрделі мәсілелерін жария етті.
Заманауи еңбек нарығының аса маңызды
компоненттерінің бірі еңбек бағасының өзгерістері
түрінде алынған
ақпараттар негізінде
жалданып жұмыс істегісі келетін
еңбекке қабілетті тұрғындар мен жұмыс берушілердің алуан түрлі мүдделерінің
өзара әрекеттестігі мен келісімділігіне тұжырымдалатын
оның өзіні-өзі реттеу механизмі болып табылады.
Аталған механизмнің құрылымы өзіне
еңбекке деген сұранысты, еңбек ұсынысын,
еңбек бағасын және бәсекелестікті кіргізеді.
Сұраныс пен ұсыныс
механизмдерінің жұмыс істеу нәтижесінде еңбек
нарығы келесідей
қызметтерді атқарады:
- еңбек сұранысы мен
ұсынысын реттеу;
- жұмыс күшін
өндіріс құралдарымен (капиталмен) біріктіру мақсатында
шарт жасасу үшін жұмыс
күшін сатушылар мен сатып алушылар (жұмыс берушілер) арасында
кездесуді қамтамасыз ету;
- жұмысшылар арасында жұмыс орны үшін, ал жұмыс
берушілер арасында жұмыс күшін жалдауға бәсекелестікті
қамтамасыз ету;
- тепе-теңдіктегі (басымдықтағы) бағаны белгілеу;
- толық, бірақ экономикалық тиімді жұмыспен
қамтылуды жүзеге асыру.
Еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың
оңтайлану механизмін қарастыра отырып, оны реттеудің басқа да механизмдерін
бөліп көрсетеді, зерттеушілердің ойынша, жұмыспен
қамтылу деңгейін арттыру мақсатында заманауи
жағдайларда ресми мақұлданған болуы мүмкін.
Оларға жататындар:
1) еңбек төлемін қаражаттандырудың түрлі тәсілдері;
2) жұмыс орындарын үлестеу механизмдері;
3) азаматтарды жедел қайта
оқытуды ұйымдастыру;
4) азаматтарды аумақтық
қайта бөлуді ынталандыру;
5) жұмыс уақытының икемді тәртібі
шарттарындағы еңбекке
жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталандыру;
6) қоса атқарушылықты
реттеу;
7) уақытша
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Жастардың еңбек нарығына қатысты мемлекет
жүргізіп отырған саясат мемлекеттік және аймақтық
жастар бағдарламалары аясында әр түрлі заңнамалық актілерді іске асыру арқылы
жүзеге асырылады. Бұл құжаттарды жүзеге
асырудың негізгі мақсаты
жастардың заманауи еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал
ететін механизмдер әрекетінде
жастардың түрлі
проблемаларын шешу болып табылады. Сондықтан аталған кезеңде
институционалдық механизмдердің әрекеті негізгі мәнге
ие деп есептейміз.
Институционалдық механизмнің әрекеті кезінде түрлі заңнамалық актілер
мен жастар бағдарламаларының
негізгі ережелерін жүзеге
асыру, өз кезегінде,
институционалдық мақсат ретінде болатын жастардың
еңбек нарығын реттейтін әлеуметтік және
экономикалық механизмдердің тиімді жұмыс істеуіне ықпал
етуі тиіс.
Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі, біздің
көзқарасымызша, жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету
механизмі мен оның жұмыссыздық деңгейін төмендету
болып табылады. Оның тиімді жұмыс істеуіне келесідей шараларды орындағанда
және сақтағанда қол жеткізілуі мүмкін:
1) жастардың еңбек нарығы проблемаларының
аймақтық ерекшеліктерін шешудегі жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының рөлін күшейту;
2) мемлекеттік бюджет құралдары мен әлеуметтік бюджеттен
тыс қорлар есебінен жастар жұмыссыздығының жоғары
деңгейі бар аймақтарда әлеуметтік және
экономикалық бағдарламаларды басымдылықпен
қаржыландыруды жүзеге
асыру;
3) индустриялық аудандарда, сонымен бірге шағын және орташа қалаларда, моноэкономикалық құрылымды
кенттерде жастардың жаппай жұмыссыз болуының жағымсыз салдарларын барынша азайту;
4) жас қызметкерлердің жаппай жұмыстан
шығарылуының алдын алу, жастар үшін экономикалық
мақсатқа сай бар жұмыс орындарын сақтап қалу
және жаңаларын ашу, жаңа прогерссивті өндіріс
үшін үшін жас мамандарды
қайта даярлаудың озық тәжірибесін жүзеге асыру;
5) жастардың дәрменсіз ұйымдардағы еңбек
құқығын қорғауды, жұмысынан
айрылған кезде жастарға
тиімді қолдауды қамтамасыз
ету;
6) әлеуметтік қорғау және біліктілікті арттыруды
қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым жасай
отырып, ірі «жастар
құрылыстарын» ұйымдастыру.
Аталған механизм әрекет еткенде жастарға қатысты
мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің бірінші кезектегі функцияларын, оның міндеттерінің жастарға
қатынасын анықтау қажет, ол, біздің ойымызша, келесі мәселелерді
қорытындылауы тиіс:
- жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін
дамытудың болжамы және жағдайының бағасы, ал
сондай-ақ еңбек нарығындағы сол немесе басқа бос
орындардың сандары туралы ақпараттандырып отыру;
- жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша
мақсатты бағдарламалар жобасын жасау, оған оның
жұмыстан шығарылу тәуекеліндегі бөлігін, ал
сондай-ақ әлеуметтік қорғауға ерекше
мұқтаж және жұмыс іздеп қиындық көріп
жүргендерді енгізу;
- қолайлы жұмыс іздеуге, ал жұмыс берушілерге жастар
арасынан қажетті жұмыскерлерді іріктеуге жәрдемдесу;
- кәсіптік бағдар, кәсіптік дайындауды ұйымдастыру,
жұмыссыз жастардың қайта даярлау және біліктілігін
жоғарылату;
- жұмыссыздық бойынша жәрдемақы түрінде
әр түрлі әлеуметтік төлемдер, жұмыспен
қамту қызметі органдарының жолдамасы бойынша оқытылуы
кезінде шәкіртақы (степендия) тағайындау, жұмыссыз
жастарға материалдық және басқа да көмектер
көрсету.
Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге байланысты
көрсетілетін қызметтерді жұмыспен қамту қызмет
органдары тегін ұсынуы тиіс.
Белсенді жастарды экономикалық-әлеуметтік қорғау
механизмі мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1) жұмыстың заңмен тыйым салынбаған кез-келген
қызмет саласындағы түрінде жас адамның
құқығын жүзеге асыру;
2) еңбек қызметі үдерісін қамтамасыз ету,
яғни мәжбүрлі еңбекке жібермеу туралы
кепілділіктің қатаң орындалуы, жұмыс
уақытының ұзақтығының бекітілуі
заңдылықтарын сақтау, демалыс және мереке
күндерінің, ақылы демалыстың ұсынылуы,
жұмыс берушілермен қатынастарында
жастардың мүдделерін қорғау үшін
кәсіптік одақтар және
басқа да бірлестіктер
құру;
3) жалдамалы жұмыскерлер үшін мемлекет бекіткен міндеттемені
сақтау мен жалақы мөлшерінің төменгі шегін
және инфляция жағдайында табыстардың индексациялануын
жүргізу;
4) жас жұмыскерлердің сандық қысқаруы,
кәсіпорынның жойылуы, қайта құрылуы немесе
банкротқа ұшырау себептері бойынша еңбек қызметін
жалғастыру мүмкіндіктерінен айырылған жағдайлардың
болуын шектеу.
Жастарды жұмыссыздықтан
және қазіргі
заманның басқа
жағымсыз құбылыстарынан
әлеуметтік қорғау механизмін қарастыра
келе, оның жұмыс
істеуі және жетілдірілуімен қатар жұмыс істейтіндерге әсіресе жас
әйелдерге заңды берілетін құқықтар
мен кепілдіктер жүйесін құру керек деп есептейміз. Жас әйел өміріндегі ең
маңызды кезең бала туып, ана атанғаннан кейін үш
жасқа бала жеткенге дейін баланы күтумен байланысты демалыс алуына
байланысты екенін білеміз. Соңғы уақытта осы өз
еңбек қызметін демалыстан кейін жалғастырғысы
келетіндерге кәсіпкерлер тарапынан кемсітушілік көрсетілу
байқалуда. Бұл осы уақыт аралығында олар
өздерінің кәсіптік дағдыларын жоғалтты,
олардың білімдері ескерді және т.б. деп түсіндірілуде.
Сондықтан көбінесе осындай демалыстан қайтып келген жас
әйелдер қысқартылу тізімінде бірінші тұрады.
Осыған байланысты отбасылық міндеттемелері бар жас
жұмыскерлерге толық емес
жұмыспен қамтылуды қосқанда, жұмыспен
қамтылудың стандартты емес түрлеріне жүгіру
құқығын заңмен бекіткен жөн. Бұл
жағдайда осы жұмыспен қамту түрлері дәстүрлімен тең
дәрежеде ұсынылуы
және кепілдендірілген болуы тиіс.
Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік
механизмдері жүйесінде жастар үшін, бір жағынан,
тұрғын үйді жалға немесе сатып алғанда қол
жетімді бағаны, ал екінші жағынан «тіркелгені үшін» алуан түрлі жергілікті алымдар алумен
тұжырымдалатын проблемалардан және басқа да тұратын жер
таңдауға деген
заңаға қарсы шектеулерден
шешімді түрде бас тартуды талап ететін толыққанды
тұрғын үй нарығын қалыптастыру механизмдерінен
құралуы тиіс. Бұл жерде жастар үшін жекеменшік
және жалдамалы, муниципалды және жеке тұрғын
үйлерді пайдалану, пайыздық мөлшерлемелері жастардың басым бөлігі
үшін қолайлы болатын ипотекалық несиелеуді дамыту жағдайларын жасау аса қажет.
Жастардың еңбек
нарығын реттеудің әлеуметтік механизмдеріне жастардың
көші-қонын реттеу механизмі де жатады. Жастар, әлеуметтік жік
ретінде жалпы көшіп-қонушылар санының үлесін елеулі
көбейтеді және
көші-қонның басым бөлігінің жастар құбылысы ететін белгілі
бір сапалық сипаттамаларды
иеленген. Жастарға ата-аналарынан бөлініп, өз бетімен
тәуелсіз тұру тілегі
тән. Басқа қалаға немесе тіпті басқа елге көшіп-қону
өз бетімен өмір сүруді және тәуелсіздікті
көбейтеді, жас адамның ересектенуін тездетеді.
Қазіргі жастар халықтың басқа көптеген
топтарына қарағанда жоғары бейімделу дәрежесіне ие,
бұл олардың жаңа жердегі өмірді игеруі мен реттеуін
жеңілдетеді. Сондықтан мемлекет жастардың еңбек
нарығындағы көші-қон механизмін реттеу кезінде
аталған үдерісті
әлеуметтік және консулдық қорғауға,
оңтайлы салық салуға, қаржы және көлікпен қамтамасыз етілуіне,
заңдық қолдауға және т.б.
тұжырымдалған қажетті құқықтық және
экономикалық нормалармен
қамтамасыз ету туралы
қамқор болуы тиіс.
Жастардың көші-қон деңгейін төмендету
үшін жас адамдар өздерін
ірі құрылыста, тың жерлерді игеруде, плотиналар салуда,
көпірлер, жолдар, эстакада, мұнай және газ
құбырларын жүргізу құрылысында және т.б.
жерлерд сынап көру мүмкін болу үшін әлеуметтік
жағдайлар жасауы қажет.
Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік
механизмдеріне сондай-ақ кәсіптік білім беру жүйесінің
жұмыс істеуін жатқызу керек. Қазіргі жағдайларда
оқу орындары өздерінің бағдарламаларын еңбек
нарығы талаптарына бейімдеуге
тырысады. Сондықтан бұл жерде негізгі курсқа қосымша оқушылардың
дүниетанымын кеңейтетін немесе
көбіне
кәсіптік-техникалық, орта арнайы және жоғары оқу орындарының бірлескен
күшімен жүзеге
асырылатын біріктірілген
бағдарламалар деп аталатынды
енгізу қажет. Соңғылары түлектерді
«оқып-үйренуге», яғни біртіндеп барлық күрделірек
мамандықтарды игеруге және
өз қабылетінің
деңгейіне байланысты
біліктіліктерін арттыруға
үйретуге бағытталуы
тиіс.
Орта кәсіптік білім беру механизмдерінің жүйесін дамыту қазіргі уақытта орта,
жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік
және соған сәйкес қосымша білім білім беру саласында
бірыңғай саясат жүргізумен байланыстырылған. Орташа
кәсіптік білім беру үздіксіз оқу жүйесінің
баспалдағы және мамандарды көп деңгейлі дайындау
жүйесі болып табылады. Нарықтық экономикаға көшу
жағдайында оның ерекше шарттары мен шаруашылықты жүргізудің жаңа
принциптеріне сәйкес болатын
кәсіптік білім беру жүйесінің әлеуметтік
механизмдерін жасауға
қажеттілік туындады.
Нарық экономикасының дәстүрлі түрде жастарды өндіріс алдында
оқытуға бағдарланған және мәні бойынша қолданбалы міндетке – жұмысшылар
дайындауға саятын кәсіптік
оқыту жүйелерінде елеулі
өзгерістерді талап етті.
Қалыптасқан жағдай мен шарттарға байланысты
кәсіптік оқыту
механизмінің тиімді жұмыс істеуі
жұмыс іздеген немесе
жұмысынан айрылған немесе қайта оқуға
мәжбүр жастарды оқыту
мен қайтаоқытуға
кеңейіп жатқан
мұқтаждықты
ескеруі тиіс. Мұнда
түрлі инновациялар мен
нарық мұқтаждығына бағдарланған
кәсіптік оқуға ынталандыратын жаңа басқару
стратегиясы пайда болуы қажет. Бұл жағдай, біздің
ойымызша, нарықтық
экономикаға көшу
жағдайында кәсіптік оқыту
саясатында орталық болуы
керек.
Әлеуметтік серіктестіктің келесі механизмі жұмыскер мен
жұмыс беруші арасындағы мүдделерді келістірумен және
әлеуметтік-еңбек
қатынастарын реттеумен
тұжырымдалатын әлеуметтік серіктестік болып табылады. Осы
механизмнің жұмыс істеуінің басты міндеті жеке ұйымдар деңгейінде
ұжымдық-келісімшарттық принципті жасау және реттеу
болып табылады. Олардағы жұмыскерлердің түрлі
топтарының, әсіресе кәсіподаққа біріккен, сондай-ақ
бірікпеген жастардың мүдделерін толығырақ ескеретін
ұжымдық шарттарға отыру үшін соған сай
құқықтық жағдайлар жасау
қажет. Кәсіпорынның ұжымдық шартында жұмыскерлердің
еңбегіне ақы төлеу жағдайларына байланысты, жұмыс
істемеген уақыттарына кепілдік пен өтемақыны кіргізе отырып
отырып, салалық және аумақтық келісімдерде
еңбекке ақы төлеу бойынша қабылданған
барлық әлеуметтік және экономкалық мәселелер
бейнеленуі тиіс. Яғни ұжымдық келісімшарт
кәсіпорындағы еңбек
қарым-қатынасын реттейтін негізгі заңды құжат
боллуы тиіс. Анағұрлым жоғары деңгейлердегі әлеуметтік серіктестік (аумақ,
аймақ, сала) екі жақты немесе көпжақты кеңестер
түрінде, оның ішінде институционалданған түрде
дамытылуы мүмкін (үш жақты комиссия,
әлеуметтік-экономикалық кеңестер және т.б.
түрінде).
Бір жағынан, еңбек
нарығын реттеудің әлеуметтік механизмдерінің бірі болып табылатын әлеуметтік
серіктестік, өз кезегінде,
жұмыс күшінің бағасын реттеумен байланысты
болғандықтан, негізгі экономикалық
механизмдердің бірі болады. Көптеген
қарама-қайшылықтарға сәйкес жастарды
жұмыспен қамту мәселесін жүйелікке
жатқызуға болады, себебі ол барлық жүйенің
біртұтас құбылыс элементтерінің дисбалансына тойтарыс
беруге көзделген. Еңбек нарығының қажеттіліктері
жастардың өмір құндылықтарына сәйкес
келмегені диссертацияда көрсетілген, сонымен қатар бұл
сәйкессіздік жастардың белсенді түрде жұмыс іздеуіне
кедергі болады, сондықтан да экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен
қамту мәселесіне сәйкес келетін жүйені
қалыптастыру керек.
Бұл жүйе төмендегідей
қалыптасу кажет:
- кәсіпорында, ұйымда және
мемлекеттік мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде жастарды
жұмыспен қамту және тәжірибелерді ұйымдастыру;
- жастар үшін жұмыс орындарын
үлестіру мақсатымен облыстық арнайы бюджеттік қорлар
жасау;
- білім беру мекемелерінің түлектерін
жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру
жүйесін жетілдіру;
- жастармен мамандыққа
бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;
- жастар жұмыссыздығын алдын-ала
ескерту жөнінде іс-шараларда қалыптастыру және жүзеге
асыру;
- жастарды баспа және электронды ауқымда
ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек
нарығы және жастарды қолдау шаралары туралы
анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік
әдебиеттерді баспаға шығару;
- жас кәсіпкерлікті және жастар
кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың
бизнес-жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз
ету.
Жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы
құрылымында аграрлық, индустриалды, қызмет
көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің
ақпараттық секторларында жастарды жұмыспен қамтамасыз
ету өте төмен, себебі кәсіби білімінің
жоқтығына байланысты. Аграрлық секторда жұмыспен жастардың аз
бөлігі қамтамасыз етілген, себебі еңбек ақысының
төмен болуы. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету
ұйымдасқан - экономикалық қатынастар жиынтығын
көрсетеді деп есептейді, бұл басқару объектісінің
және субъектісінің әлеуметтік және экономикалық
жетістіктеріне бағытталған, жұмыспен қамтамасыз ету
кепілдігін береді.
Қазіргі заманғы жастардың еңбек нарығын реттеудің басқа
экономикалық механизмдеріне барлық азаматтарды жалпымемлекеттік және
аумақтық мұқтаждықтарды
қанағаттандыруға
қатысуын қамтамасыз етуге шақырған, жеке табыстарды
реттеудің салық жүйесін әзірлеп, енгізумен және одан әрі
жетілдірумен байланысты шараларды
жүзеге асыруды жатқызған
жөн.
Қолданыстағыға қарағанда салыстырмалы либералды
принциптерге негізделген салық
салу механизмінің тиімді
жұмыс істеуі көптеген
кәсіпорындардың
шаруашылық қызметін «көлеңкелі» аядан шығаруға ынталандыруы тиіс. Жаңа
коммерциялық сектордың
жұмыс берушілері мен
жұмыскерлері осындай шараларға келісуі мүмкін,
алайда мұндай заңнамаға
бірден көшуді
«дәстүрлі» сектордың
жұмыскерлері олардың
мүдделері мен құқықтарына шек қою
сияқты қабылдауы және
олардың тарапынан әжептәуір қарсылық
туғызуы мүмкін.
Жастардың заманауи еңбек нарығын институционалдық,
әлеуметтік және экономикалық
реттеу механизмдерінің
жұмыс істеу тиімділігін бағалау түрлі
аналитикалық әдістермен жүзеге асырылады, оның нәтижесі оларды пысықтау және
жетілдіру бойынша шешімдер болып
табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Распоряжение Президента Республики Казахстан №73 «О
Концепции государственной молодёжной политики Республики Казахстан». Астана, 28
августа 1999г
2. Решение
Маслихата города Астаны от 12 сентября 2001 года №116/24-II О программе
«Молодёжь Астаны» на 2001-2003 годы.
3.Аналитический доклад «Молодёжь Казахстана 2002:
положение, тенденции, перспективы». Республиканское социологическое исследование
«Молодёжь Казахстана: 2002», Департамент молодёжной политики МКИОС РК, 2002г.