ӘОЖ 657.372

 

                       С. К.Байдыбекова – э. ғ.к, доцент,

                      А.М.Аскарова – ЖМУ магистранты

                   І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Қазақстан

 

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

 

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен ұйымдарды басқарушылардың талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс ұйымдастырылуы керек.

Ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін, жүргізу, есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сондай-ақ, бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.

Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастырсу жөніндегі ұстанған жалпы бағыт, ұйымдар ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан орнықты болады [1,133б].

Ұйымдардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп әрбір ұйымдардың өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу меы төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу, т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.

Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі мен талдау жүргізу үрдісіне экономика - математикалық әдістері, әртүрлі модельдерді, мақсатты бағдарламалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастыру мен жүргізу кезеңдерінде арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы керек. Ұйымдарда нақтылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тэуелді. Бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі қабылданған шешімді көрсетеді.

Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар ұйымдардың бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне қарай топтастырылады.

Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру, жетілдірілген әдістер мен амалдарды ұтымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.

Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, аналитикалық және синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалған есеп регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде корытынды есеп жасап отыру - бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.

Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүргізілуіне байланысты, бухгалтерлік есеп жұмысының маңызы мен сипаты өзгеріске түседі. Бухгалтерлік есеп объектілерінің көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру, жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке алынатын болды. Бухгалтерлік қорытывды есеп жасаудың құрамы мен маңызы, тапсыру мерзімі, мұның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен атқарылатын көптеген есеп жұмыстарының көлемі азайып, компьютерлік жүйемен атқарылатын болды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп принциптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістер мен амалдар кеңінен қолданылынып келеді.

Мұның барлығын да сапалы даярланаған іс-тәжірибеден өткен кәсіби бухгалтерлер атқаратындығын, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар бухгалтерлік есеп ұйымдастыруды жетілдірудің жолдарын белгілеуді, бақылау мен тексеруді, талдау мен ірешім қабылдауды мақсат тұтатындығы белгілі бола бастады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты -қандай да ұйымдар болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды сақтау болып табылады.

Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі бухгалтерлік есепке тэн ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін төмендегідей кезеңді жұмыстар атқарылуы керек:

1) Бухгалтерлік есеп қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану;

2) Бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданган бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірілген есеп принциптерін бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде сақтау;

3) Қаржылық және басқарушы есеп өрісін ажыратып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің әрбір ұйымдарға тән ұйымдастыру бағытын белгілеу;

4) Бухгалтерлік   есеп   жүйесін   ұйымдастьгрудың   тиімді   бағытын пайымдап, мұның өзін менеджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын  үйлесімді жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысынын бағытын негіздеу;

5) Есеп пен есептеу жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын    шапшаңдату    және пайдаланушылар   талабын қанағаттандыру;

6) Ұйымдардағы бухгалтерлік қызмет атқарушыларды кәсіби даярлау  мен қайта даярлау, бұлардың кәсіби білімін жылдан-жылға жетілдіріп отыру[2,66б].

Ендігі жерде осы жоғарыда айтылған бухгалтерлік есеп жұмысын ары қарай жетілдіруге байланысты қойылған талаптардың маңызына тоқталалық.

Елімізде қабылданған және мұның мазмұны іске асырылып келе жатқан бухгалтерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің заңдылығын негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің жағдайын, есеп үрдісін ұйымдастырудың негізі болып салынатындығын білген жөн. Кімде-кім болмасын есеп-қисап жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлІк есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актілерді күнделікті басшылыққа алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бүлардың жіктелуі, меншіктін түрлері, акционерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң актілерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білу қажет.

Бұл айтылғандарға қосымша: бухгалтерлік есеп стандарттары халыкаралық денғейде қабылданған негізгі әдістер мен есеп жүргізудің бағыттары жөніндегі жинақталған құжат болып табылатындығын білген жөн.

Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мұның маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу объектілері Қазақстан Республикасында орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің жекелеген түрлері өрісінде қолданылады.

Ұйымдарда атқарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық ерекшеліктерге сай, ұйымдар өздеріне тән және ыңғайлы болып танылған есеп саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нұсқаулар енгізуіне болады. Сапалы түрде жасалған ұйымдардың есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізу жолдарын оңтайлы бағытта ұйымдастыруға негіз бола алатындығын есте сақтаған жөн.

Ішкі ереже-нұсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей байланысты болады.

Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдылығы мен коммерциялық құпияның сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде жариялана бастады. Мұндай жағдайларды бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдық тұрғыдан қараған кезде ескерген жөн.

Нарықтық қатынастар заңдылығына тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші ұйымдар базарлы сауданың жеңімпазы болғысы келетіні рас. Сондықтан ұйымдар тұрақты сатып алушыларды іздеп, бұлардың төлем өтеушілік қабілеті мен беделі және атағын зерттейді. Осыған орай әрбір тауар өндірушілер өз еліміздегі және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын қалықтар тобын зерттеп, сату нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлар өндірудің, бұларды саудаға салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалык және старатегиялық шешімдер қабылдау тұрғысында бухгалтерлік акпараттар мен маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін кеңінен пайдаланып, сонын негізінде нәтижелі талдау жұмысын ұйымдастыру, экономикалыіс, шешім қабылдау бухгалтерлік есептің соңғы кезеңіне жатады.

Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықтан ұйымдар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарын, ақпараттарды тіркеуді және оларды механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір ұйымдарда бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі туындайды.

Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби тұрғыда аса жоғары деңгейде болуы, бұлардың ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етуі - нарықтық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.

Ұйымдарда тағайындалған бухгалтерлер өздеріне тапсырылған міндетті жұмыстар атқарып, есеп объектілеріне тән бастапқы құжаттардан туындайтын ақпараттарды жинақтап, қойылған тәртіпке сай қорытынды есеп жасап, мұның өзін тиісті органдарға тапсырады. Аталмыш жұмыстарды атқару үшін кез-келген ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысы жақсы және сапалы ұйымдастырылуы керектігі бұрын да айтылған. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру жауапкершілігі ұйым басшысының құзырында болады.

Ұйым басшысы есеп жұмысының дұрыс жүргізілуін, барлық бөлімшелер мен мұндағы есеп жұмысын атқарушы қызметкерлерге, сондай-ақ есеп-қисап жұмысына қатысты адамдарға, бастапқы құжаттар жасаушы жауапты тұлғаларға жақсы жағдай туғызуы керек.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұйымдар бухгалтериясында іске асырылады. Бухгалтерияның аппаратын бас бухгалтер басқарады. Ұйымның бас бухгалтеріне өз уақытында және сенімді есеп жүргізу, тауарлы-материалдар қорлардың тиімді жұмсалуы, қаржы ресурстарын қалыптастыру, экономикалық және қаржылық талдауды өз мәнінде жүргізу, болашақтағы жағдай үшін ұсыныс   енгізу   т.б.   экономикалык-қаржылық   мәселелерді   ұйымдастыру тапсырылады[3,45б].

Бухгалтерияда атқарылатын жұмыстардың өрісі немесе ұйымның бухгалтерлік аппараты өндірістік бөлімшелер, цехтар, басқа да бөлімшелер мен басқармалар және есеп беруге міндетті адамдармен тығыз байланыста болуы керек. Нарықтық экономикалық қатынастар бағытын жетілдіру мақсатына сай ұйымның бухгалтериясында қызмет атқарушы бухгалтерлер сыртқы қаржы салымшы инвесторлар мен несиелендірушілер, қарыз беруші басқа да ұйымдар, салық органы мен қаржылық басқармалар, т.с.с. ұйымдармен тығыз байланыс құруы қажет. Барлық бөлімшелерден, жауапты адамдардан, сыртқы тұлғалардан т.б. түскен құжаттар, қорытынды мәліметтер, сондай-ақ жоспарлы және сметалық нормативтік материалдар ұйымның бухгалтериясында өңделіп, белгілі нысандарға сай топтастырылып, сапалы деңгейде ақпараттық жүйе қалыптастырудың негізін қалыптастырады. Сапалы жасалған ақпарат көрсеткіштерін терең талдау, жүйелі түрде тексеру, шаруашылық үрдісіне баға беру, орын алған фактілер тиімділігін анықтау арқылы ұйымның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі жөнінде арнайы шешімдер қабылданады.

Бухгалтерлік есеп аппаратының айрықша атқаратын міндетінің ең негізгісі - тексеру мен бақылау міндетін орьшдау болып табылады. Бухгалтерия аппараты орындайтын тексеру жұмысы алдын-ала, ағымдағы жэне келесі тексеру болып үшке бөлінеді.

Алдын-ала тексеру деп - мүмкін болатын шаруашылық операцияларының орындалуына дейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Алдын-ала тексеру жұмысы ақша қаражаттарын кіріске алып, бұларды жұмсау, тауарлы-материалды қорлар қозғалысы, қаржьілық қорытынды нэтижесі, несие алу мен жүмсау, т.б. шаруашылық операцияларының барлығы да ұйым басшысының және бас бухгалтердің қойған қолымен бекітіліп расталады. Сондыктан. ұйымның бас бухгалтері немесе басқа да өкілеттілігі бар жауапты адамдар бастапкы құжаттарға жазылған мәліметтердің зандылығы мен тиімділігін, дұрыстығын алдын-ала мұқият тексеруге міндетті.

Ағымдағы тексеру деп - шаруашылық операциялары орындалған сәтте немесе оның артынан іле-шала жүргізілетін тексеруді айтады. Шаруашылық операциялары тіркелген құжаттардағы мәліметтер заңдылық пен тиімділік жағынан тексеріліп, мұндағы қолданылған арифметикалық есептуелер мен бағалау амалдарының дұрыс қолданылғандығы қадағаланады. Құжаттар ағымдағы тексеруден өткен соң, ондағы мәліметтер бухгалтерлік есеп регистрларына жинақталып жазылады.

Келесі тексеру деп - шаруашылық операцияларының орындалған сәтінен бастап белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Келесі тексеру есепті кезеңге сай жүргізіледі. Тексерудің бұл түрі ұйымның және осы ұйым құрамындағы бөлімшелер мен қаржы-шаруашылық қызметі өрісінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кейбір есеп объектілері бойынша орын алған шаруашылық операцияларының маңызын, он күндік, айлық, тоқсандық, т.с.с. кезеңдер бойынша да тексереді[4,78б].

Ұйымдардағы есеп пен тексеру жұмысын осы ұйым құрамында құрылған бухгалтерия, мұндағы бухгалтерлер атқарады. Бухгалтерия ұйымдық құрылымның ең бастысы болып табылады. Бухгалтерия аппараты ұйым басшысына бағынышты болып, ұйымның атқаратын жұмыстарының көлеміне қарай міндетті қызметтер атқарушы бухгалтерлер тағайындалады. Бухгалтерия жұмысын тиімді қалыптастыру үшін бухгалтерия аппаратын, мұндағы бөлімдерді дэдрыс қарап, есеп қызметкерлерін, бұлардың білімі мен тәжірибесіне қарай орналастырудың маңызы зор.

Ұйымдарда ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп түріне сай бухгалтерлік аппараттың құрылымы деп - өзара байланыста болатын ұйымдық тұрғыдағы бөлімдер мен құрылған топтарды, бұлардың құрамы мен біріне-бірінің бағыныштылығын, сондай-ақ атқаратын кәсіби міндеттерін айтады. Яғш бухгалтерлік аппарат құрылымы жекелеген бөлімдер мен еңбектің бөлінуіне, бухгалтерияда кызмет атқарушы мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесіне қарай калыптасады.

Ұйым көлемі мен атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай есеп жүргізу еңбегі кәсіби түрде белгіленеді. Мысалға, негізгі өндіріске жұмсалатын шығындар есебін бухгалтерияның бір бөлімі жүргізсе, жанама өндіріс шығындары есебін жүргізу бухгалтерияның басқа бөліміне тапсырылуы мүмкін. Яғни бір циклға тән есеп жұмысын басынан аяғына дейін бір адам немесе бір бөлім орындайды.

Сонымен қатар, есеп жұмысын кәсіби тұрғыда орталықтандырып ұйымдастырған жағдайда әрбір бухгалтер бір тектес шаруашылық операциялары жөніндегі есепті жүргізеді. Мысалға, еңбекке ақы төлеу жөніндегі есеп жүргізу үшін бір бухгалтер есептің осы учаскедегі бастапқы құжаттарды қабылдап, мұның дұрыстығын тексерсе, екінші бухгалтер осы құжаттарға сай еңбекақы есептейді, оның мөлшерін көрсетеді, ал үшінші бухгалтер есеп регистрларын жасап, счеттарды корреспонденциялайды. Бухгалтериядағы атқарылатын еңбек пен атқарылатын міндеттерді бөлісу, ұйымның өндірістік немесе қызмет көрсету көлеміне байланысты болады. Бухгалтерлік аппарат құрылымы мен мұның күрделілігі ұйымдағы еңбек етуші адамдар саны мен технологиялық ерекшеліктер, атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен күрделілігіне де байланысты[5,53б].

Көлемі жағынан шағын құрылымдарда бухгалтерлік аппарат құрылымы қарапайым және жеңіл жолдармен қалыптасады. Мұндай құрылымдарда атқарылатын бухгалтерлік есеп жұмыстарын жекелеген бөлімдер құрмай-ақ атқарушы бухгалтерлерге есеп объектілері мен жүргізетін счеттарды бөліп беру мен тапсыру арқылы да орындауға болады.

Көлемі жағынан үлкен және орта ұйымдарда есеп объектілері едәуір күрделі жағдайды қамтамасыз ету үшін құрылады. Ұйым қызметінің көлемділігі мен есеп объектілері өрісіне қарай бухгалтерия аппаратын жекелеген бөлімдер құру арқылы қалыптастырған жөн. Бухгалтерия құрамында арнайы бөлімдер құру ісі есеп объектілерінің негізгі учаскелеріне байлаяысты болады. Ұйым бухгалтериясында жүргізілетін есеп жұмыстарыньщ күрделілігі мен көлеміне қарай жекелеген бөлімдер мен секторлар жүру ісі де тәжірибеге енген.

Мұндай бөлімдер мен секторлар: еңбекақы төлеу, материалдық ресурстар, өндірістік шығындар, дайын өнімдер мен бұларды сату, есеп айырысу операциялары, басқадай операциялар жүргізу үшін құрылады. Сонымен қатар есеп ақпараттарын жинақтаушы және қорытынды есеп жасау жөніндегі бөлім құрылуы да мүмкін.

Еңбекақы төлеу білімі еңбекақыға байланысты есеп-қисап жұмысының басынан бастап соңына дейін жүргізеді. Еңбекақыға байланысты тиісті қорытындылау мен тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық мәліметтер негізінде басқарушылық үрдісіне байланысты талдау жұмыстарын да ұйымдастырады.

Материалдық ресурстар есебін жүргізуші бөлім тауарлы-материалды құндылықтар, негізгі құралдар мен материалды емес активтер, салынган күрделі қаржы қозғалысын, бұларға тән есеп жүргізудің барлық әдістемелік жолдарын пайдаланып, түгендеу мен талдау жұмыстарын тиянақты орыңцауға міндетті. Сонымен қатар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына және есеп саясатына байланысты материалдық принципті сақтауға міндетті.

Өндірістік бөлім - өндіріс шығындары есебін, өндірілген өнімнің өзікдік құнын, еңбек және материалдық шығындарға тексеру мен талдау жүргізу, аяқталмаған ендірістің есебі мен түгендеуге тән есеп жұмысын жүргізеді. Бұл бөлім қорытынды есеп жасап, ақшалай өлшем мен өзіндік құл принципін сақтауы керек.

Дайын өнімдер бөлімі-өндірілген дайын өнімдер есебін, қолда бар дайын өнімдер  қозғалысын, енімдерді  жөнелту мен сату,  сатып алушылармен жасалған   келісім-шарттың,   сондай-ақ   есептесу   принципін,   қоюшы мердігерлермен есеп айырысуды қатаң түрде бақылай отырып, осы бөлімге байланысты есеп-кисап жұмысын толығымен орындауға міндетті.

Егер ұйым бойынша банктермен есеп айырысу, басқалай есеп айырыеу операциялары,  бюджетпен  есеп айырысу,  салық төлеу декларацияларын толтыру, сондай-ақ ақша қаражаттары жөніндегі операциялар көп көлемде орындалатын жағдайда, ұйым бойынша арнайы бөлім құрылуы мүмкін. Мұндай бөлімге қаржы қызметін ұйымдастыру жағы да тапсырылуы мүмкін. Қаржы қызметінің жұмысын бұл бөлімге тапсыру, осы ұйым бойынша қаржылық бөлім ұйымдаспаған жағдайда орындалады.

Меншікті капитал, қорлар мен қаржы қортындысының есебі, еншілес ұйымдар арасындағы қаржылық қатынастар, ішкі шаруашылықтық қатыыастар, қаржы салушы инвесторлардың жағдайы жөніндегі мәліметтердің есебі, ұйым ерекшелігі мен көлеміне қарай басқадай операциялар есебін жүргізуші бөлімге тапсырылады[6,64б].

Бухгалтерлік есеп жөніндегі барлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау, бухгалтерлік баланспен қорытынды есеп жасау, бухгалтерияның барлық бөлімдері арасындағы жұмыстарды үйлестіру, ұйымдағы барлық есеп-қисап жұмысын ұйымдастыру, қажет болған жағдайда бухгалтерлік есеп объектілері бойынша ішкі әдістемелік құжаттар жасап, есеп саясатын жасау жинақтаушы бөлімнің міндетіне жүктеледі.

Жоғарыда келтірілген бухгалтерияның құрылымы міндетті түрде осылайша құрылып, ешқандай өзгеріссіз қалыптасуы мүмкін емес. Бухгалтерия құрылымы ұйымның көлемі мен техтшкалық және технологиялық ерекшеліктерге және нарықтық қатынастар мен ұйымдардың ұйымдық түріне, халықаралық экономикалық қатынастарға байланысты қалыптасады. Ұйым бухгалтериясы қызметін жетілдіріп отыру, осындағы мамандар мен бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы кәсіби мамандарға байланысты.

Ұйымдардың әр жылдары атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай бухгалтерия құрамында басқадай бөлімдер құрылуы мүмкін.

Мысалға, егер осы ұйымға көп көлемде инвестициялық қаржы тартылып, бұл ұйым көп көлемде, ұзақ мерзімді қаржы игеретін жағдайда болса, онла бухгалтерия Кұрамында арнайы бөлім құрылуы мүмкін. Бұл бөлім күрделі құрлыс   салуға, мұны қаржыландыруға,   жұмсалған   шығындар   есебіне байланысты ақпараттар қалыптастырып, қорытынды есеіц жүргізуге міндетті. Сонымен қатар аса ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдар қалыпты жұмыс атқарып, тұрғын халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді өз мідцетіне алған жағдайда ұйым бухгалтериясының құрамында арнайы бөлімдер (әлеуметтік, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық) құрылады. Ірі ұйымдар мен бірлестіктердің жоғары деңгейде халықаралық экономикалық катынастарға түсуіне және жалпы есеп жұмысын барынша автоматтандыруға, сондай-ақ интернет жүйесін кеңінен пайдалануға, ірі-ірі халықаралық бкржалар жөніндегі ақпараттар алу мақсатына байланысты ақпараттарды компьютерлік жүйемен өңдеу жөніндегі бөлім құрылуы да мүмкін[7,73б].

Нарықтық қатынастардың ел экономикасына еніп, ұйымдар арасындағы алыс-беріс операциялары деңгейінің күннен-күнге көбеюіне байлаяыоты, кейбір шағын үйымдар (мүмкін басқадай ұйымдар) бухгалтерлік есеп жұмысын талапқа сай жоғары дәрежеде сапалы жүргізетін ұйымдармен келісім-шартқа отырып, өздеріне тән есеп жұмысын жақсы жолға қоюына болады. Бірнеше шағын ұйымдардан еншілес ұйымдардың бухгалтерлік есебін жүргізуші бухгалтерияны орталықтандырылған бухгалтерия деп атайды. Орталықтандырылған бухгалтерияда есеп жұмысының көпшілігі (есеп мәліметтерін өңдеу мен топтастыру, аналитикалық және синтетикалық счеттарды жүргізу, қорытынды есеп жасау, экономикалық талдау) мамандандырылған бухгалтерияда жүргізіледі.

Орталықтандырылған бухгалтерияның артықшылығы - гсеп техникаларын, компьютерлерді, сондай-ақ еңбек бөлісу, оның өнімділігін арттыру, есептің сенімділігін, тексеру мен бақылау жұмыстарын кәсіби білімі жоғары бухгалтерлік есеп мамандарының қатысуымен іске асырылуьша байланысты болады.

Бухгалтерлік есеп жұмысын қандай бағытта және қандай түрде жүргізуіне қарамастан барлық шаруашылық субъектілері бойынша бас (аға) бухгалтерлер тағайындалады.   Ұйымдардың   бас   бухгалтері   есеп   жұмысының   жақсы ұйымдастырылуына тексеру мен бақылау, жинақтау мендалдау жұмыстарының барлығына жауап береді.

Бас бухгалтердің қызметін атқарушы тұлға қолда бар ақша қаражаттары қозғалысын тексеру мен бақылау, тауарлы-материалды және мүліктік құндылықтардың дұрыс және мақсатты жұмсалуын, қойылған нұсқаулар мен арнайы ережелерге сай жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Сснымен қатар, ол қаржы салымшы инвесторлардың тәуекелшілік талабын орындау, салынған ақша қаражатының тиімді жұмсалуын, дивиденттік төлемдер, пайыздық ставкалардың келісім-шартқа сай есепке алынуын қадағалайды[8,101б].

 

                             ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қаржылық есеп - Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Алматы: Экономика, 2009.-133б.

2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп - Радостовец В.И., Радостовец В.В., Шмид О.И. Алматы:Центраудит-Қазақстан,2002.- 66б.

3. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. - КеулімжаевҚ.К., ТөлегеновЭ.Т.,   Құдайбергенов   М.Б. Алматы: Экономика, 2006.-78б.

4. Бухгалтерлік есеп - БаймұхановС.Б. Алматы: ИздатМаркет, 2005- 27б.

5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Назарова В.П. Алматы: Экономика, 2005.-53б.

6. Аудит. - Байдаулетов М. Байдаулетов С.М. АлматыгЭкономика, 2008.-64б.

7. Бухгалтерлік есеп теориясы жэне принциптері - Әрдіманапов Ә. Алматы: Экономика, 2009.- 73б.

8. Бухгалтерлік  есеп  принциптері.-Кеулімжаев  Қ.К.,   Әжібаева  З.Н., Құдайбергенов Н.Қ. Алматы: Экономика, 2010.- 101б.