Студенттердің
өздік жұмысындағы мәтіндердің өзекті
ерекшеліктері
Аға оқытушы Коробейникова Л.Я.
Аға оқытушы Мұратбекова С.А.
Оқу жұмысының
мәнісі жайында осы уақытқа дейін белгілі бір мөлшерде
білім, біліктілік және дағдыларды адам бойында сіңіретін
процесс ретінде түсінік кездеседі педагогиканың
санғасырлық тарихы, сондай-ақ өмірдің өзі
де білім алу-оқытудың мен оқушы арасындағы белсенді
өзара әрекеттестік екенін, ал білім алушының бойында
қажетті білім, біліктілік және дағдылардың тиісті
мөлшері тек қана оның өзінің уәжді
белсенділігінің негізінде ғана қалыптасатынын көрсетті
және дәлелдеді. Мұны кезінде француз физигі Паскаль:
«Оқушы-ішін толтыра салатын ыдыс емес, ол-тұтандырылуы тиіс
алау.»-деп дөп басып айтқан.
«Өздік жұмыс» деген ұғымның
құрамында көпеген әр түрлі аспектілер мен
элементтердің тек қана дидактикалық сипаттағысы
ғана емес, сондай-ақ психологиялық әлеуметтік, ұйымдастырушылық сипатағылары
да кіреді. «СӨЖ» ұғымының мәнісін егжей-тегжейлі
қарастыруды мақсат етпей, біз оны жалпы және
өзіміздің оқу орнымызда іс жүзінде қолданылу
орнына қарай белгілейміз әрі оқу-педагогикалық
үдерістің қолданылу орнына қарай белгілейміз әрі
оқу-педагогикалық үдерістің осы түрінің
мазмұны мен практикалық жүзеге асырылуның кейбір
өзекті мәселелерін қарастырмаз.
Шет тілдері кафедрасына қатысты
біздің ЖОО студенттері үшін «өздік жұмыс»
ұғымына үш негізгі міндетті шешу қажеттілігі кіреді.
Бұл біріншіден, шет тіліндегі мәтінді іріктеі немесе іздеп табу
(көлемі оңтайлы және оқитын мамандығының
тақырыбына сәйкес); екіншіден, арнайы әдебиеттен іріктелген
мәтінді орыс тіліне аудару; үшіншіден, өтелген
грамматикалық және лексикалық материалды (жасалған
техникалық аударманың нәтижесі бойынша) студенттердің
меңгеру сапасын ағымдағы бақылауды көздейтін
оқытушының бақылау тапсырмалары. Өз мәнісі
бойынша студенттің өздік жұмысы-шет тілінен орыс тіліне
техникалық мәтіннің аудармасын жасау.
Мұндай жұмыстың
студенттен шет тілін тиісті деңгейде білу қажеттілігін талап
етуөз-өзінен түсінікті. Ол ғана емес. Жеткілікті
дәрежеде кәсіби, техникалық даярлығы, жалпы эрудициясы
болмаса, әрі өз ана тілін жақсы білмесе, аударылатын
материалды баяндауда түпнұсқа мағынасы ауытқуға
ұшырайды. Оқытушы, ең алдымен, СӨЖ-дің
ұйымдастырушы және тікелей жетекші ретінде әр студентке
тапсырма дайындау қажеттілігіне тап болады, ол мүмкіндігінше,
бірден екі міндетті шешуге тырысады: бір жағынан, бағдарлама
және оқу-тақырыптық жоспарда көзделген бірдей талап
қойылуын қамтамасыз ету қажет, екінші жағынан,
оқу-тәрбиелік мақчатта және тілді үйрену
уәждемесін көрсету мақсатында көптеген
жағдайларда саралаған тәсілді қолдаған жөн
(демек, тек қана мамандандыруды ғана еме, АЭжБИ-дің
студенттік ортасына
қосылған талапкерлердің базалық тілдік дайындық
деңгейінің арасандағы алшақтықты да ескеру).
СӨЖ-ді өткізудегі қалыптасқан және
тұрақталған практикасының тағы бір еңбекті
көп қажетсінетін қыры-әр өздік жұмысын тексерудің
қажытатын жұмыс екендігі. Жұмысты тексеру үшін
оқытушы өзіне таныс емес шет тіліндегі мәтінмен, одан
соң осы мәтінің аудармасымен танысуы қажет,
аударманың барабарлығын анықтауы қажет,
лексика-грамматикалық және стилистикалық
сәйкессіздіктерді айқындауы, тиісті ескертулер жасап, тапсырмалардың
орындалу сапасын тексеріп, пікір жазуы керек. Мұндай «операциялар» саны
оқытушыға бекітілген студенттер санына тең.
Соңғы 2-3 жылдағы
оқу және оқу-әдістемелік жұмысының осы
түрін талдау көрсеткендей, студенттердің өздік
жұмысын ұйымдастыру бірқатар
объективті және субъективті факторларға байланысты кейбір
елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Соңғы жылдары
біздің жастарымыздың интеллектуалдық дамуына «әлемдік
тордың» күшті әсер еткендігі айдан анық. Интернет
және біздің студенттеріміздің компьютерлік жоғары
сауаттылығы тек жоғары ғана емес, сонымен қатар
(қаншалықты оғаш болса да) белгілі бір мағынада
жағымсыз рөл атқарады. Студенттердің белгілі бір
категориясының арасында өздік жұмысты орындау барысында
өздерінің ақыл-ойын жұмсауды азайту үрдісі анық
байқалып келеді. Енді студенттің Интернетте бірден екі тілде
берілген мәліметдерді пайдалану мүмкіндігі бар. Егер оқытушы
мұндай әдіске қарсылық білдірсе, студент
автоаудармашыны қосады да, ешбір редакциялық түзетулер
енгізбей-ақ аударманы өткізе салады, ол аудармадан, әрине,
ешнәрсе оқып түсіну мүмкін болмайды.
Қазір кафедра мұндай
айлаларға қарсы шаралар қолдануда және осы
бағытта жұмыс жағдайына талдау жүргізуде. Мұндай
шаралардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1. Студент Интернеттен дайын аудармасы
бар мәтіндерді «аулап алмауы» үшін оқытушылар аударуға
арналған мәтіндерді өздері іріктеп, әр студентке жеке
таратып бере бастады.
2. Орындалған өздік
жұмысын тексеру кезінде лексика және грамматика бойынша берілген
тапсырмалардың сапасына баса көңіл аударады.
3. «Компьютерлік аудармашыны»
пайдаланып орындаған студенттердің жұмыссын тексеруге талап
қойылады.
СӨЖ-ді
ұйымдастырудағы кемшілік ретінде СӨЖ-дердің орындалу
нәтижесінде тиісті дәрежеде талдау жасалынбайтын атауға
болады, бірқатар жағдайларда студенттер өз білімдеріндегі
кешіліктерді пайымдауға қабілетсіз. Кафедрада «қатемен
жұмыс жүгізу» жұмысын өзекті деп санағанмен,
объективті себептердің салдарынан оны әрқашан
ұйымдастыру мүмкін бола бермейді.
Сірә, практикалық
сабақтарды жүргізу барысында (оқу-тақырыптық
жоспарда дәрістермен семинарлар қарастырылмаған)
техникалық аударманың лексика-грамматикалық проблемаларына
көбірек, ал семантикалық проблемаларына азырақ
көңіл бөлген жөн сияқты.
Жоғарыда айтылғандарды
қортындылай келе, шет тілдері кафедрасынның студенттердің
өздік жұмысын оқытудың тиімді, перспективалы түрі
деп санағанын және санайтынын айтқымыз келеді, дегенмен
оқытудың негізгі түрі практикалық сабақтар
болған және болып қала береді, бұл-пәннің
өзіндік ерекшелігі.
Әдебиеттер тізімі:
1.А.Н.Шамов Методика преподавания иностранных
языков//Издательство «Восток-Запад», 2008
2.Я.М.Колкер, Е.С.Устинова, Т.М.Еналиева Практическая
методика обучения иностранному языку//Издательский центр «Академия»,2000
Аннотация
В статье обсуждаются вопросы, связанные
с организацией самостоятельной работы студентов Алматинского Университета
энергетики и связи по переводу технических текстов. Особое внимание уделяется
решению трудностей и выявлению недостатков в организации СРС.
Summary
The article discusses
some problems connected with the students’self-study assignments on technical
translation in Almaty University of Power Engineerig and Telecommunications.
Special attention is drawn to the solution of some difficulties and revelation
of shortcomings in the organization of this type of work.