Педагогические науки 2.Проблемы подготовки
специалистов
Аға оқытушы п.ғ.магистрі Оспанбаева А.Р.,
псх.ғ.магистрі оқытушы Минайдарова М.И.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
Мектепке дейінгі
білім беру мекемелерінің тәрбиешілерін комуникативті іс-әрекетке даярлау
Қазақстан
Республикасы білім беру мемлекеттік концепциялық саясатында
білім берудің негізгі принципі мен тұжырымдаманың
білім беру моделі анықталған. Білім беру аясындағы
мемлекеттік саясат әлемдік тәжірибе мен отандық білім беру
практикасын ескеретін принципиальдық жағдайға негізделуі
керек. Сондай-ақ, жариялылық, көпсалалық,вариативтік,
аймақтандыру,ұлттық қызығушылықты ескеру,
білім берудің ашықтығы ізгілендіру, білім берудің
үздіксіздігі және т.б. да принциптер
ескертілген.Қазақстан жағдайында экономикада кәсіби
мамандарды дайындау қажеттілігін әлеуметтік түрлі
өзгерістерде жоғарғы жалпы білімділік дағдыларды
қанағаттандыратын жалпылай білім беру моделі ұсынылады [1].
Қазақстан Республикасында жастарды оқыту, тәрбиелеу негізгі мәселелер
тұрғысынан шешімін табуда. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері,
мектептер арнайы орта білім беру мекемелері, жоғары білім беру оқу орындары елімізде экономика мен
мәдениеттің өсуімен дамып келеді. Білім беру жүйесі
сауатсыздықты жоюдан жалпылай міндетті білім беру, жетіжылдық,
сегізжылдық оқытудан жалпы орта білім беруге жолдарынан өтті.
Білім балаларға жаңа әлем ашады. Өркениеттіліктің
тарихи тәжірибесіне сүйене отырып білім беру балалардың
нақты адамгершілік сапаларын-еңбексүйгіштік, ізгілік,
адалдық, шыншылдық, жауапкершілік, ар-ождан, шыдамдылық, үлкендерге
сыйластықпен қарау сияқты қасиеттерін
қалыптастырады. Ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық
психологияны,тарихты салт-дәстүрді білмеу, өткенге
немқұрайдылықпен қарау ұрпақтар арасында
жік ашатынын тарих көрсетіп отыр. Жастарды тәрбиелеуде
халықтық педагогиканың рөлі өте жоғары.
Халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі болып
табылатын қазақтың ұлттық педагогикасы
тәлім-тәрбиенің, білім жиынтығының негізгі
қайнар көзі болып есептеледі. Халықтық педагогика
мәселелерін тарихи-ғылыми тұрғыдан зерттеу өткен
және бүгінгі таңдағы педагогтердің ғылыми
қызығушылық ортасына енеді [2]. Мектепке дейінгі білім
беру мекемелері болашақ педагогтің кәсіби
қарым-қатынастық іс-әрекетке дайындау моделінің
классификациялық мінездемесі:
- қолдану деңгейіне қарай: жоғары мектеп
педагогикасы;
- меңгеру концепциясына қарай:
Дамытушылық:
- Жеке жүйелілік
бағытына қарай:
танымдылық:
-
Мазмұнына қарай: оқу-тәрбиелік
дамытушылық;
- Дамытушылық іс-әрекетін басқаруға байланысты:
топтарда, топшаларда, жекелей
жұмыс жүргізу;
- Ұйымдастыру формалары бойынша: топтық (жоғарғы
оқу орындарында)-жекелей
(үйде).
Оқытуға байланысты:
субъектілік парадигма [3].
Мақсаттың акценті:
- Мектепке дейінгі білім беру мекемелері болашақ педагогтерінің
кәсіби қарым-қатынастық іс-әрекетін
дайындаудың жеке сапа деңгейін анықтау жеке ескеру.
- Мектепке дейінгі білім беру мекмелері болашақ педагогтерін
балалармен, ата-аналармен, әріптестермен жеке әкімшілікпен бірлесе жұмыс
жүргізуде әдістемелік ұсыныстар нұсқауларды
пайдалану.
- Мектепке дейінгі білім беру мекемелері болашақ педагогтерімен жекелей
және топпен тренингтік дәрістер ұйымдастыруға
материалдар өңдеу.
Концептуальдық жағдайлар:
- Кез келген оқу бағдарламасының соңғы
мақсаты болашақ педагогті нәтижелей кәсіби
іс-әрекетке дайындау болып табылады.
- Әр бағдарламаның өзіндік жетістіктері болады, тек
әр бір жаңалықты енгізуде, таңдауда үлкен
шеберлікпен талғай білу керек.
- Жаңалықты енгізудің нәтижелілігі педагогтің
жеке тұлғалылығына, кәсіби деңгейлілігіне,
материалдық және техникалық шарттарына т.б. бірқатар
факторларға байланысты.
- Оқу-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру бұл
педагог пен білімгердің өзара қарым-қатынасы, білімгер
мен балалардың кәсіби практикасы,сондай-ақ,
білімгерлердің өз білімдерін көтеруі мен өзін-
өзі дамытуы.
- Білімгерлердің педагогикалық көзқарасының
белсенді қалыптасуы, олардың педагогикалық
білік-дағдылармен қарулануы, олардың балалар мен,
ата-аналармен, әріптестері және әкімшілікпен
практикалық тұрғыда өзара қатысуы.
-Ұдайы
тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру
қарым-қатынастық білік дағдының қалыптасуына,
мәселелерді ойлана шешуге, білімгерлердің өз бетінше
жұмыс жүргізулеріне ықпал етеді.
-Жаттығу
мен практика және оқудан тыс уақытта жекелей қатынас
жасау білімгердің өзіндік ерекшелігі мен оның
қабілеттілігін арттырады.
-Ақпараттық
білім беру технологиясының дидактикалық қолдану
мүмкіншіліктері.
Ұсынылған
модельдің мазмұны. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері болашақ педагогтердің
кәсіби қарым-қатынас іс-әрекетін дайындау моделі
мемлекеттік стандартқа және жоғарғы оқу
орындарындағы оқу-тәрбие бағдарламаларына
сүйенеді. Ал қосымшалық тұрғыда біздің
жоғарға оқу орны мен мектепке дейінгі мекеменің
өзара іс-әрекетінің мінездемесін ашып көрсететін моделіміз
пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Балбөбек
бағдарламасы. – Алматы, 2012.
2. Методист детского сады. – Буре
Р.С. – М.:АПО, 1994.
3. Андреева В., Стеркина Р. Проблемы обновления системы дошкольного
образования на современном этапе.// Дошкольное воспитание, 1991, № 4.
4. Ахметов А.К. Принципы
технологии и содержание образовательной программы.-Алматы,1995.