Педагогические  науки 2.Проблемы подготовки специалистов

 

Аға оқытушы п.ғ.магистрі Оспанбаева А.Р.,

псх.ғ.магистрі оқытушы Минайдарова М.И. 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

ЖолмағамбетоваБ.Б.

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №29 балабақшасы,Қазақстан

Тәрбиеші - заманауи педагог – шебер

 

       Қазіргі таңдағы мемлекет дамуына өз алдына  мақсат,міндет қоя білетін олардың іске асыру жолдарын білетін ,қандай іс-әрекетте  нәтижеге қол жететінін анықтай алатын ,көптеген ситуациялық жағдайларда  мәселені дұрыс шешетін белсенді субьект керек. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жасын және өзіне тән  ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы  деңгейін» құру талабы алдымызда тұр. Педагог кәсіби іс-әрекетін  іс жүзіне асыруда оның мазмұнын қабілетін,ырғағын  түрлі психофизиологиялық  және әлеуметтік ерекшеліктерді  сезінуіне сәйкес  келуін қарастыру керек[1].

Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса, ал атқарылатын міндеттері:

- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

-мектепке дейінгі білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қамтамасыз ету;

- баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру деңгейін - үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы-тәрбиеші[2].

    Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.

Тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруші де тәрбиеші.

Ы.Алтынсарин "Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі" деп бекер айтпаған. А.Байтұрсынов өзінің "Мектеп керектері" еңбегінде былай деп жазды: ...педагог қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы.  Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім деп жазса, ал балабақшада - тәрбиеші[3].

Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалап, оның қоғамдағы рөлін кұрметті де маңызды деп санаған. Бұл жөнінде К.Д.Ушннский: «...тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін, шындық пен жақсылыктың кұдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісін сырт қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл іспен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсінеді» деп жазды. Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді.

Л.В.Занковтың пікірінше, оқыту-баланың жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет. Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, балада оқуға деген белгілі жағымды бейім-оқу әрекетінің стилі қалыптасады.

       В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді. Тәрбиешілердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, балабақшадағы балалардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан-жақты оқыту тәжірибесіне қарағанда, тәрбиешілердің қызметінде дидактикалық қиындықтардың кездесетіні анықталып отыр[3].

    Тәрбиешілердің тәрбиешілік қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады:

- тәрбиеші қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;

- білімнің мазмұнын игеру ісі;

-балалардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала (диагностикалау) ісі;

- ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;

- балалармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммунативтік әрекет);

-балаларды білімге ынталанды-ру, қызықтыру іс-әрекеті;

- балалардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.

    Тәрбиешілердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:

- оқу үдерісінде  балалардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиыңдықтар;

- балалардың  оқу  әрекетін, дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар.

       Жеке тұлғаға берілген көптеген ғапымдардың анықтамаларын сараптай келе, жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы, әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) атқаруы - деп атап көрсеткен[4].

       Ал жеке тұлғаны қалыптастыру - оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Нақтылай түсетін болсақ, ана тілін ерекше құрметтеп, жетік білетін, басқа тілде де жетік сөйлей алатын, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, саналы еңбек етіп, өз ойын дамыта алатын, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай алатын, салауатты тұлға. Бір сөзбен, жаңа әлеуметтік-экономикалық нарықтық қоғамдағы жеке тұлғаның бойында болуға тиіс бірден-бір қасиеттер: белсенділік, жаңа қоғамдағы қатынастар жүйесінде өз орнын таба алатын шығармашылық іс-әрекет, стратегиялық шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға қабілеттілік.  Жеке тұлғаны қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие - өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үрдіс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы - ата-ана, балабақша - тәрбиеші, мектеп - мұғалім. Сонымен  қорыта келсек   «Тәрбиеші - заманауи педагог - шебер»деген сөзге тоқталдық[5].

Әдебиеттер:

1.Назарбаев Н «Қазақстан  2030» -Алматы, 1998.

2.Құнанбаев Ә. Шығармалары.- Алматы,2013.

3.Жұмабаев М «Педагогика».- Алматы , 1992.

4.Баласағұни Ж «Құтты білік» -Алматы, 1998.

5.Макаренко А.С «Ұстаздық дастан».-Алматы ,2013.