Педагогические науки 3.Методические
основы воспитательного процесса
Оқытушы п.ғ.магистрі Шынтаева Н.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
Тәрбиешілер Тортаева Э.Н., Ибраева А.Б.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №29
балабақшасы,Қазақстан
Мектеп
жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастыру
Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан
халқына жолдауында: Заманауи білім беру жүйесінің және
кадрларды қайта даярлаудың негізгі бағдарында «Балапан»
бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартуға шешім
қабылданғанын көрсеткен [1].
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің
бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық
қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан
Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларды қолдау
көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті
дамытуға бағытталған білім саласындағы нормативті-құқықтық
құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым
бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке
тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін,
шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын
әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау
қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту
өзекті мәселелердің біріне айналып отыр [2-3б].
Ертегілердің
танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский, Д.Макаренко,
В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса
көрнекті педагог В.Сухомлинский өзінің педагогикалық
қызметінің өн бойында мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды.
Ол ертегілерсіз творчествасыз, қиялсыз толық мәнінде
тәрбие жүзге аспайды деп саналады [3].
А.Байтұрсынов «ертегінің
қадірі қанша деп
сұрағанда, керегіне
қарай жауап беріледі» деп ой қорытады.
Ертегі халықтың қиялынан пайда болған.
Сондықтан оның авторы
халық. Бертін келе ауыздан–ауызға тарап, келешек ұрпаққа
жетіп отырған. Ертек айтушыларды – ертекшілер деп
атаған. Ертегі туралы анықтаманы М.Әуезов былай
деген: Ертегі деп
баяғы замандағы елдің
дүниеге
көзқарасын
білдіретін, я сол
көзқарастың
белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі
салтын білдіретін, арнаулы үлгі
айтатын, жамандықты
жерлеп, жақсылықты
көтеріп айтқан,
ойдан шығарған көтерме әңгімені
айтады. Бұл
анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп
көрсеткен [4].
Қазақ
фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ
М.Әуезов, С.Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар.
Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов,
Қ.Жұмашев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты[5].
Қазақ
ертегілерінің осы педагогикалық мүмкіндіктерін ескере отырып,
мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ ертегілеріне
танымдық қызығушылығын қалыптастыру
мақсатында біз оларға мынадай өлшемдер арқылы
сұрыптау жүргіздік:
1.
Ертегінің танымдық мазмұндылығы.
2. Ертегіде
көрініс тапқан ойлар арқылы берілетін білімнің
балалардың жас ерекшеліктеріне
қарай түсінікті болуы.
3. Ертегідегі
оқиғалардың эмоционалдық мәнерлілігі.
4. Ертегі
мазмұнының қызықтылығы.
Сұрыпталған
ертегілердің педагогикалық мәні мынада:
– мектепалды даярлық тобы
тәрбиешілеріне балалардың жеке басының дамуында осы
ертегілердің қайсысының қандай роль атқаратынын
дұрыс бағалауға көмектеседі;
– балаларды қазақ
халық ертегілерімен терең таныстыруға көмектеседі;
– балаларды қазақ
халық ертегілерінің ерекшеліктерін түсіне білуге, оның
түрлерін ажырата білуге үйретуге көмектеседі;
– қазақ халық
ертегілерінің өзіне тән ерекшелікгеріне сәйкес, оларды
жақсы меңгеруге және эмоционалдық
қабылдауға мүмкіндік туғызады;
– мектепалды даярлық тобы
балаларының қазақ халық ертегілеріне танымдық
қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады.
Бұл
ертегілерді мектепалды даярлық тобы балаларының
оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану үшін ең
алдымен оған бүгінгі таңда қандай деңгейде назар
аударылып жүргенін зерделеп алу қажет.
Балалардың
халық ертегілеріне танымдық қызығушылығының
қалыптасуына отбасы да айтарлықтай ықпал етеді. Балалар
үздіксіз дамиды, соның барысында негізгі үлгіні ата-анасынан,
тәрбиешісінен алады. Қазіргі қазақ отбасының
негізгі міндетінің бірі – еліміздің нағыз азаматын
тәрбиелеу. Осы бір күрделі де маңызды мәселені шешуде
отбасына ақыл-кеңестер беріп, көмектесуде кезек
күттірмейтін міндеттердің бірі.
Халық
ертегілерін әңгімелеу барысында мынадай жұмыс түрлері
жүргізіледі:
- ертегілерді әңгімелеу алдындағы дайындық
жұмысы. Ертегіні әңгімелеуден бұрын алдын-ала
дайындық жұмысы жүргізіледі. Дайындық
әңгіме оқиғасын оқылатын ертегіге байланысты
болуы керек.
Дайындық әңгіменің
ұзақтығы ертегінің ауыр-жеңілдігіне байланысты.
Сонымен ертегіні оқуға дайындау жұмысы, біріншіден,
балаларға таныстыратын ертегінің мазмұны мен ондағы
кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден,
ертегінің мазмұнына қызықтыру мақсатында
жүргізіледі. Бұл айтылғандардан шығаратын
қорытынды–дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты – балаларға
ертегіні толық та саналы қабылдауға мүмкіндік
туғызу.
Балалардың шығармашылығын
қалыптастыру мәселесі бойынша зерттелген
психологиялық-педагогикалық еңбектерді талдай, зерделей келе,
жеке тұлғаның меңгерген білімі балалардың жалпы
дамуының көрсеткіші бола алады деп тұжырым жасауға
мүмкіндік береді. Мұндай қорытынды жасаудың негізі:
- шығармашылық
негізгі іргелі іс-әрекетпен – оқумен, танымдық
іс-әрекетпен байланысты, өйткені олардың адамды
дамытудағы ықпалы зор;
-
шығармашылық адамның белсенділік, дербестілік сияқты
жеке тұлғалық қасиеттерімен әрекеттестікте болады,
өйткені оның ықпалында баланың өзі де дамиды
және осы қасиеттердің дамуына да әсерін тигізеді;
-
шығармашылық баланың оқып-білу мақсатында
таңдаған білім беру саласы немесе
іс-әрекеті мазмұнына деген көзқарасын
айтарлықтай айқын көрсетеді. Бұл көріністен
баланың даму деңгейімен қатар, оның болашағы туралы
да пікір айтуға болады.
Мектепалды
даярлық тобында балалардың қарым-қатынас шеңбері
кеңеюінің маңызы артады. Балалар бойындағы
өзгерістер тәрбиешілердің жұмысын нақты
мақсатқа бағыттауды талап етеді. Бұл жас
балаларының қабылдауы тұрақсыздығымен және
бытыраңқылығымен, сонымен қатар өткірлігімен,
«пайымдап, әуестенуімен» ерекшеленеді.
Мектепалды
даярлық тобы балаларының қазақ халық ертегілеріне
шығармашылығы, біріншіден, қазақ ертегілерін
меңгеруге байланысты балалармен жүргізілетін жүйелі
іс-әрекетке, екіншіден, ұйымдастырылған
іс-әрекеттің мазмұны мен әдістеріне, үшіншіден,
ертегіні эмоционалдық тұрғыда, әсерлі сезіммен
қабылдауына байланысты айқындалатыны айғақталды.
Осы
мақсатқа орай біздің пайдаланған тәрбиелік
жұмысымыз нәтижелі болды, өйткені тәрбие жұмысы
барысындағы берілетін білім балалардың шығармашылығына,
эмоциясына байланысты, меңгерілеуі, тәрбиелік іс-шаралар
олардың рухани қажеггілігіне қарай адамгершілік және
этникалық мәдениетке ықпал ететін құралға
айналады. Қойылған міндеттердің шешімін іздестіру сонымен
бірге қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік
мүмкіндіктеріне байланысты жүзеге асады.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә.
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты жолдауы. – Астана, 15 желтоқсан 2012.
2.Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңы - Астана, Ақорда, 2007
жылғы шілденің 27-сі. №319 ІІІ ҚРЗ. /Егемен
Қазақстан. 15.08.07
3.«Біз мектепке
барамыз» 5-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге
арналған бағдарлама.- Астана,2010.
4.Мектепке дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тәрбиелеу тұжырымдамасы //
Қазақстан мұғалімі, № 11.
5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ
фолькорының тарихы. Оқу құралы. -Алматы, 1991.