Мерхадинова А.Е.
№
3 балалар музыка мектебі
Музыкалық мектептегі заманауи педагогикалық
технологиялар: дәстүр мен жаңашылдық арасында
Жалпы
білім беру жүйесінде түрлі жаңашылдықтың,
соның ішінде педагогикалық технологиялардың кең таралуы
музыкалық мектептің заманауи педагогынан жаңашылдық
өзгеріс тенденциясын және өз тәжірибесінде оны
қолдану мүмкіндігін білуді талап етеді.Музыкалық білім беру
саласы көп уақыт бойы консервативті тұрғыда
қарастырылып келді және технологиялық
жаңашылдықты тәжірибе жүзінде қолданбады. Ол,
өнер педагогикасының нақты ғылымдарға
қарағанда технологиялық сипаттауға келмейтін,
қайталанбас, дамуы әрқашан жеке-дара адамның рухани
әлеміне, сезіміне
бағытталған оқытудың тұлғалық
мінез-құлығымен байланыстырылады.
Бұл
ретте заманауи қажеттілігіне сай педагогикалық технологияларды
қосып оқытуға болатын көзқарастарға
музыкалық-теориялық цикл оқулықтары сәйкес
келеді. Топтық сабақтар заманауи педагогикалық
технологияларды пайдалануға көп мүмкіндік береді.
Музыкалық-теориялық
цикл сабақтарында қолдануға болатын педагогикалық
технологиялар келесілері: ақпараттық технологиялар. Ақпараттық
техналогиялық оқыту ретінде ақпарат жаңғырту
үрдісінің байланыс құрылымы компьютерлік
бағдарламаны қолданумен жүзеге асырылуы түсіндіріледі.
Бұл заманда білімді ақпараттандыру білім жүйесі ақпарат
жүйесімен (компьютермен, аудио-бейне құралдармен),
ақпараттық технология, ақпараттық өнімдермен біте
қайнасқан іс-шаралар кешені іспетті.
-А.С.Границкаяның Бейімделген (бейімдеп) оқыту
жүйесі (БОЖ). Бірінші кезеңде түсіндіру болады,
барлығы жеке жұмыс жасайды. Мұғалім – жеке. Екінші
кезеңде оқушылар бірін-бірі бақылайды. Үшінші
кезеңде түбегейлі жеке жұмыс, әркім өзін-өзі
бақылайды. Мұғалім әр оқушыға
көңіл бөле алатындықтан, бұл жүйе
сольфеджио және музыка теориясы сабақтарындағы
музыкалық-теориялық ұғымдарды оқығанда
өте ыңғайлы.
-Жеке бағытталған технологиялар субъект-субъекттік
оқытудың, тұлғалық өсу
диагностикасының, жағдаяттық жобалаудың, ойындық
үлгілеудің, тұлғаның шынайы,
әлеуметтік-мәдениеттік, білімдік кеңістікте дамуын
қарастыратын оқыту тапсырмаларын өмірлік жағдайлармен
байланыстырудың басымдығын қарастырады.
Біз берілген
технологияларды заманауи деп айта алмаймыз, себебі, музыкалық білім
үшін олар педагогикалық процестің концептуалды негізі
және дәстүрлі болып табылады.
Топта жұмыс жасаса
да, педагог әр оқушының
тұлғалық-психологиялық ерекшелігін және даму
перспективасын ескеруге міндетті.
-Заманауи жалпы білім
беру тәжірибесінде ойындық үлгі, ойын жоспары, рөлдік
позициялар, альтернативті шешімдер мүмкіндігі, болжалды нәтиже,
жұмыс бағасының шешімі, эмоционалдық толқумен
ерекшеленетін ойындық оқыту
технологиялары (А.А.Вербицкий, Н.В.Борисова және т.б.) кең
таралған.
Танымдық,
шұғылдану, театрленген, ойындық, имитациялық,
компьютерлік, ойындық жобалау, жеке тренинг, тәжірибелік
жағдаяттарды және тапсырмаларды шешу және т.б. ойындар
қолданылады. Әр ойын дидактикалық тапсырмаларға сәйкес
келу мүмкіндігімен таңдалады.
-Оқытудың кедергілік-дамыту технологиясы (М.М.Махмутов.,
Н.Г.Мошкина және т.б.). Оқытудың кедергілік-дамыту
технологиясының төл қызметі оқушылардың сыни
ойлауын қалыптастыру; оқушылардың белсенді
қарым-қатынас жасау тәжірибесі мен мүмкіндіктерін
қалыптастыру; оң әсерді қалыптастыру; сұхбат
құрылымы мен оны оқыту барысында жүзеге асырудағы
педагогтің қызметін ұйымдастыру болып табылады.
Бұл технология өте
қызықты, музыкалық әдебиет сабақтарында
кеңінен қолдануға болады. Аталған технология
әдістерінің көбі тәжірибеде көп
қолданғандықтан заманауи деп аталуы екіталай. [1]
Н.В.Ягненкова «БММ теориялық циклды
сабақта кейбір заманауи педагогикалық технологияларды
тәжірибелік қолдану мүмкіндіктері» еңбегінде шынайы
сабақтар жүйсіне негізделген (авторы – А.А.Окунев)
педагогикалық технологияны қарастырады және
сабақтың дәстүрлі емес технологияларының
бірқатарын атап өтеді:
1.пәнаралық
байланысқа негізделген кіріктірілген сабақтар; сайыс пен ойын
түріндегі сабақтар: сайыс, турнир, эстафета, дуэль, іскер немесе
рөлдік ойын, сөзжұмбақ, сұрақ-жауап;
қоғамдық
тәжірибеде танымал түр, жанр, жұмыс әдісіне негізделген
сабақтар: зерттеу, шығармашылық, бастапқы шығуын
талдау, қорытынды пікір, мимен шабуылдау, сұхбат, репортаж,
рецензия; - оқыту материалын дәстүрлі емес негізде
ұйымдастыру сабақтары: даналық сабағы, махаббат
сабағы, сыр ақтару, презентация-сабағы, «қоюшы іске
кіріседі»;
2.қоғамдық
қарым-қатынас түрін көрсететін сабақтар:
пресс-конференция, аукцион, бенефис, митинг, регламенттік пікірталас, панорама,
телебағдарлама, телекөпір, рапорт, «тірі газет», ауызша журнал;
3.қиял
қолданылған сабақтар: ертегі-сабақ,
тосынсый-сабақ, сиқыршының сыйлық-сабағы,
өзге ғаламшарлықтар тақырыбына арналған
сабақ; - мекеме, ұйым қызметіне негізделген сабақтар:
сот, тексеріс, парламенттегі пікірталас, цирк, патенттік бюро, ғалымдар
кеңесі;
4.қоғамдық-мәдени
іс-шараларды көрсететін сабақтар: өткенге сырттай саяхат,
саяхат, әдебиеттік серуен, қонақта, сұхбат, репортаж;
5.сыныптан тыс
жұмыс түрін дәстүрлі емес сабаққа
алмастыру: КТК, «Істі білгірлер жүргізеді», «Не? Қайда?
Қашан?», «Эрудицион», ертеңгілік, спектакль, концерт,
қойылым, «отырыстар», «алғырлар клубы» және т.б.
Аталған
барлық сабақ түрлерін БММ қолдануға болады.
Жобалар
әдісі - қандай да бір
қиын мәселені оқушылардың міндетті түрде нәтижелер презентациясы арқылы
өз бетінше шеше алатын оқу-танымдық әдістер
жиынтығы. Жобалар әдісін қолданудың негізгі талаптары:
1) шығармашылық ізденіс жоспарындағы қиын мәселе
болуы; 2) болжалды нәтиженің тәжірибелік, теориялық
маңыздылығы; 3) оқушылардың өзіндік жұмысы;
жобаның мазмұндық бөлігінің құрылымы
(кезеңдік нәтижені қоса көрсету); 5) зерттеу
әдістерін қолдану. Орындалған жоба нәтижесі материалды
тұрғыда, яғни бір түрде (бейнефильм, альбом, «саяхат»
ботжурналы, компьютерлік газет, баяндама және т.б.) безендірілген болуы
керек.
Берілген технологияны қолдану
музыкалық әдебиет пен музыка тыңдауда кең етек
алған.
-«Оқу және хат арқылы сыни ойлауды дамыту»
технологиясы.
ОХАСОД (critical thinking) технологиясы ХХ
ғасырда АҚШ-та ойлап табылды (Ч.Темпл, Д.Стал, К.Мередит).
Мұнда орыс отандық топтық және ұжымдық
түрде оқыту технологиясы, сондай-ақ дамытып оқыту
бірлестігі идеясы мен әдісі біріктірілген; бұл
жалпыпедагогикалық және оқулықтық технология
болып табылады.
Негізгі міндет оқушыларға
келесілерді үйрету: себеп-салдарлық байланысты ерешелеу; бар
білімдері мен жаңа идеяларды қарастыра білу; керек емес немесе
дұрыс емес ақпараттан бас тарту; ақпараттың түрлі
бөліктерінің қалай байланысқанын түсіну;
талқылаудағы қателерді ерекшелеу; өз ойында
табандылықтан бас тарту; дұрыс емес қорытындыға
апаратын жалған стереотиптерді анықтау; алдыңғы
қарым-қатынасты, ойды және талқыны тауып алу.
Ойлау үдерісінің ең
танымал көрсетілім әдісі графикалық ұйым болып
табылады. Үлгілер, суреттер, сызбалар және т.б. идеялық
байланысты танытып, оқушыларға ой бағытын көрсетеді.
Көзден таса болған ойлау үдерісі көрінетін түрге
айналады. Конспект, хронологиялық және салыстырмалы кесте осы
технология шеңберінде қолданылады. [2]
А.К.Колеченконың «Пеагогикалық
технологиялар энциклопедисы» атты кітабында келтірілген БММ
қолдануға болатын бірқатар педагогикалық
технологияларды мысалға келтіре аламыз.
1.Өзара бақылау.
Мақсаттары: 1)
білімді тексеру; 2) әр оқушыға өз жетістігі жайлы
айтуға мүмкіндік беру; 3) әлсіз оқушылардың
өзіне деген сенімсіздігін сейілту; 4) оқушылардың тіл
байлығын дамыту; 5) сауал интенсификациясы; 6) Мен – концепциясын
тәрбиелеу. Топ мұғалімдер мен оқушыларға
бөлінеді. Оқушылар өз мұғалімдеріне жауап береді.
Педагог сынып жұмысы барысында жеке оқушыларға барып,
жауаптарын нақтылап, оларға көмектесуіне болады.
2.Қатені іздеймін.
Бұл технология
сольфеджио және музыкалық әдебиет сабақтарында
кеңінен қолданылады. Балалардың
қызығушылығын тудырады, шағын топтардағы
жұмыста назар аударғыштығын, бірлесіп жұмыс жасауын
дамытады.
3.Сабақтағы консультанттар (бастықтар).
Берілген қойылым
оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарының мықты
жетістіктерінің бірі болып табылады. Адам өзгеге үйреткенде
өзі де материалды терең түсініп, есіне жақсы сақтайтыны
мәлім. Технология тек қана теориялық цикл сабақтарында
ғана емес, мамандандырылған сабақтарда қолдануда да
нәтижелі.
4.Моншақ (сауалнама)
Мақсаттары: 1)
балалардың білімі мен ептілігін кикілжіңсіз тексеру; 2)
сұрақ құрастыру ептілігін дамыту. Бұл технология
сабақ білімін тексерумен қоса, оқулық бөлімдерін
тексеруде де қолданылады. Педагог өткен тақырып немесе
бөлім бойынша оқушыларға сұрақ
құрастыруды тапсырады. Оқушылар топта сұрақтарды
кезектесіп оқып, өздері бағасын береді. [3]
Ұсынылған әдістер мен
технологиялар, шүбәсіз, қазіргі заманғы білім беру
үдерісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондықтан,
оларды балалар музыкалық мектебінде сабақ өткізу
тәжірибесіне белсенді түрде кірістіру қажет.
Пайдаланған әдебиет:
1. Борытко Н.М., Соловцова И.А., Байбаков А.М.Педагогические технологии.
2006 год.
2. Кукушин
В.С.Педагогические технологии. Учебное пособие. 2004 год.
3. Никишина И.В. Инновационные
педагогические технологии и организация учебно-воспитательного и методического
процессов в школе: использование интерактивных форм и методов в процессе
обучения учащихся и педагогов. 2008год.
4. Ягненкова Н.В. Возможности практического применения некоторых инновационных
педагогических технологий на предметах теоретического цикла в ДШИ. 2012 год.
5. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий.2005год.